Көптік жарақаттар. Политравма

Көптік жарақаттар

«Көптік жарақат» деген термин жинақтаушы ұғым болып табылады, себебі, ол механикалык жарақаттың төмендегі түрлерін жинақтайды: көптік, үйлескен, біріктірілген жарақаттар. Көптік – олар бір жүйеде орнықса, үйлескен – әр түрлі жүйелерде және біріктірілген жарақаттар – бір уақытта бірнеше факторлар әсер етсе, ағымы ауыр болады.

Егер де оқшауланған зақымдалуларда жарақаттық шок 1% науқастарда дамыса, онда, көптік сынықтарда ол 21% науқастарда байқалады, ал, үйлескен жарақатта 57% байқалады. Политравманың келесі ерекшеліктері бар:

  1. «Өзара ауырлық салу» деп аталатын синдром кездеседі. Мысалы, қан жоғалту шоктың дамуына әкеледі. Ол жарақаттың ағымы мен болжамын нашарлатады.
  2. Әдетте жарақаттардың үйлесуі көрсетілген емде сәйкессіздік жағдайларын тудырады. Мысалы, БМЖ наркотиктерді енгізу қарсы көрсетілген.
  3. Критикалық жағдайларға әкелетін ауыр асқынулардың дамуы жиіленеді – мысалы, көп көлемде қан жоғалту, шок, токсемия, жедел бүйректік жетіспеушілік, майлы эмболия, тромбоэмболия.
  4. Краниоабдоминалдық жарақатта, омыртқа жотасының зақымдалуында және құрсақ қуысының жарақатында және де басқа үйлескен жарақаттарда клиникалық белгілерінің өшіріңкілігі байқалады. Бұл  қателіктерге және құрсақтың ішкі ағзаларының зақымдалуларын өткізіп алуға әкеліп соғады. Политравманың клиникасы күрделі және де басым зақымдалудың локализациясына сәйкес келе бермейді.
Көптік жарақат, политравма
Политравма көп жағдайда автомобиль қақтығысында пайда болады.

Политравманың анықтамасының ерекшелігі оның сатылық сипатында.

Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың өміріне қауіпті басым зақымдалуды анықтау керек. Өміріне тікелей қауіп-қатерді жойғаннан кейін нақты анықтама жүргізуге мүмкіндік болады.

Шұғыл жәрдем: бірінші орында басым зақымдалуды емдеу керек: қан кетуді тоқтату, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру және сүйемелдеу, шокқа қарсы шаралар. Емдеу барысында басым зақымдалудың сипаты өзгеруі мүмкін.

Ауруханаға жатқызу: Басым синдромға сәйкес науқасты зембілдерге жатқызып, шұғыл түрде арнайы бөлімшелерге жатқызу. Ауыр науқастың түсуі туралы алдын – ала қабылдау бөліміне хабарлама беру керек.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!