Эндокринді жүйе ауруларына шалдыққан науқастарды сұрастыру

Эндокринді жүйе ауруларына шалдыққан науқастарды сұрастыру әдістері

Шағымдарын анықтау: Эндокринды жүйесі ауырған науқастардың шағымдары басым жағдайда жалпылама болып келеді: жүрек соғуы, қағуы, ашуланшақтық, қалтырау, ыстықтау, терлегіштік, тоңғақтық,терінің қышуы, бастың ысуын сезіну, айқын жүдеулік, іш өтуі, әлсіздік, бас ауруы, құлақ шуылы, бұлшықет қимылсыздығы, назарының төмендеуі, ұйқышылдық және жадының нашарлауы, шөлдегіштік, тәбетінің жоғарлауы, шашының түсуі, дене дамуының бұзылысы.

Осы дерттің даму тарихын ( дерттің анамнезі) анықтау –

  • дерттің басталу ерекшіліктері (себебі, қандай шағымнан), қалай (кенеттен, бірте-бірте), әрі қарай ағымы (шағымдар даму реттілігі, бәсеңсуі, өршуі) оның айқын көрінісіне дейін нақтыланады.
  • Сонымен қатар жасалған емдік шаралар – өздігінше, дәрігер көмегі, оның тиімділігі.

Өмір тарихы – негізгі алынатын мәліметтер – өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет:

Бала кезіндегі дамуы мен өсуі (жасына сәйкес дамып өсті ме), оқуы (мектепте оқуы, қалыс қалған жоқ па?); еңбек жолын бастауы, әскер қатарында болуы, спортпен шұғылдануы.

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы: тұрған жерінің жағдайы – бала кезінде, осы күндері; қаржылық жағдайы.

Тағамдану жағдайы: реттілігі мен тәртібі, құнарлығы, емдәм, ащыны, тәттіні, қышқылды, тұзды тағамдарды және т.б. жақсы көруі.

Жұмыс жағдайы: қызметінің түрі, жұмыс уақытының тәртібі, кәсіпшілік зиянды жайттар.

Зиянды әдеттері: темекі шегу – қанша жастан, қандай мөлшерде, арақ, анаша, қою шәйды пайдалану, кейбір дәрілік заттарға (кофеин, фенацетин, транквилизаторлар және т.б.) әуестенуі.

Болған дерттер – балалық және ересек кезінде кезінде. Оталар, жарақаттар. Қан және оның қоспаларын құю.

Аллергиялық әсерленулер -тағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге, вакциналарға, қан сарысуына. Аллергиялық дерттердің болуы (ринит, есек жемі, Квинке ісігі, поллиноздар).

Жанұялық анамнезі –жанұясы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары, аға-іні, әпке – қарындастары, немерелері) жасы мен денсаулығы немесе жасы мен өлу себебін анықтау қажет. Әжелері мен аталары туралы да мәлімет алған дұрыс; жанұя мүшелері мен жақын туғандарының денсаулығы – оларда диабет, жүрек дерттері, гиперхолестеринемия, артериалдық гипертензия, инсульт, бүйрек аурулары, туберкулез, артрит, рак, анемия, аллергия, астма, бас ауруы, қояншық, психиқалық аурулар, алкоголизм, нашақорлық және осы жайттар белгісінің өзінде бар болуын анықтау.

Отбасындағы жағдайы. «Сізбен бірге кім тұрады?», «Ауырғаныңызда немесе қажеттік жағдайда Сізге кім көмек көрсетеді?».

Күнделікті тіршілігі. Оянғаннан ұйықтағанға дейін күні қалай өтетінін сұрау керек. («Күніңіз қалай өтеді?»). («Алдымен қандай тіршілік жасайсыз, сосын не істейсіз?»)

Жұмыс жасау мен демалысы.

Әлеуметтік – психологиялық анамнезі

Соңғы 6 айдағы еңбекке қабылеттілігі. Мүгедектік.

 Эндокринді жүйесі ауруларын сұрап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі

Науқаспен танысу (сәлемдесу, өзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау) Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау.“Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау. Эндокринды жүйесі ауырған науқастардың шағымдары басым жағдайда жалпылама болып келеді: жүрек соғуы, қағуы, ашуланшақтық, қалтырау, ыстықтау, терлегіштік, тоңғақтық, терінің қышуы, бастың ысуын сезіну, айқын жүдеулік, іш өтуі, әлсіздік, бас ауруы, құлақ шуылы, бұлшықет қимылсыздығы, назарының төмендеуі, ұйқышылдық және жадының нашарлауы, шөлдегіштік, тәбетінің жоғарлауы, шашының түсуі, дене дамуының бұзылысы.

Негізгі шағымдарын айырып алу. Шағымдар жалпылама болғандықтан, олар сұрау барысында айқындалатын эндокриндік жүйенің әртүрлі дерттеріне тән маңызды жүйке мен психикалық өзгерістер арқылы нақтыланады.

Клиникалық жағдайда дәрігер негізгі мына синдромдармен жиі кездеседі:

  1. Қалқанша безі қызметінің жоғарлауы немесе төмендеуі
  2. Гипер- және гипогликемия синдромы
  3. Семіздік синдромы.
  4. Гипер – және гипокортицизм синдромы

Шағымдар жалпылама болғандықтан олар сұрау барысында айқындалатын эндокриндік жүйенің әртүрлі дерттеріне тән маңызды жүйке мен психикалық өзгерістер арқылы нақтыланады. Клиникалық жағдайда дәрігер негізгі мына синдромдармен жиі кездеседі:

  1. Қалқанша безі қызметінің жоғарлауы немесе төмендеуі (ретсіз қимылдар, әбігерлік, асығып сөйлеу, дімкәстік, немқұрайлық, дауысың төмендеуі, жүрек соғуы, діріл, ұйқысыздық, зейінің төмендеуі, ашуланшақтық немесе көңіл-күйінің тұрақсыздығы, жүдеулік, ыстықты жақтырмау, жүктемеде ентігу, шаршағыштық, іш өту, етек кірі жүру уақытының қысқаруы, шашының сыңғыштығы; айқын шаршағыштық, тұрақты тоңғақтық, уайымшылдық, ұйқышылдық, семіздік, қара күшінің азаюы, буындардың сырқырауы, терінің құрғақтығы, іштің қатуы, нәсібінің төмендеуі, жыныс қызметінің бұзылысы, дауысының өзгерісі – жуан, біркелкі; тілінің үлкеюін сезіну, шашының түсуі және етек кір айналымының бұзылысы.
  2. Гипер – және гипогликемия синдромы (шөлдегіштік, – шөлдегіштік (сусақтық – полидипсия), кіші дәреттің көбеюі (полиурия), ашқарақтық (булемия), әлсіздік, терінің қышуы, жүдеу; терлегіштік, жүректің жиі соғуы, үрейлену, қорқыныш, бас ауруы, “көз алдының қараутуы”.
  3. Семіздік синдромы. Шағымдар семіздіктің ІІІ – ІУ деңгейінде мазалай бастайды – ентігу басында үлкен әрі қарай кіші жүктемелерден кейін пайда болады; шаршағыштық, жадының нашарлауы, жалпы дімкәстік, терлегіштік, іш қатуы, етек кірі айналымының бұзылысы.
  4. Гипер – және гипокортицизм синдромы. Семіздік, әлсіздік, бұлшықет әлсіздігі, әсіресе шеткі бұлшықеттердің әлсіздігі мен семуі; етек кірі айналымының бұзылысы; ерлерде жыныстық әлсіздігі, жүйке бұзылыстары- уайымшылдық, көңіл-күйінің тұрақсыздығы, ашуланшықтық пен ұйқы бұзылысы; диспепсиялық бұзылыстар.

Негізгі шағымдарды талдау, сараптау. Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау. Әр дертті сипаттайтын белгілердің тәндік қасиеттерін (сипатын, пайда болу уақыты мен қандай жағдайда мазалайтынын, бәсеңсу себептерін, ұзақтығын, тұрақтылығын, таралуын және т.б.) әртүрлі сұрақтар арқылы сарапталады.

Дерттің басталуын анықтау. «Бірінші рет аурып тұрсыз бе әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ме?» Немесе қалай басталды?» – дерттің басталуын анықтау.

Кенеттен немесе бірте-бірте әртүрлі эндокриндік жүйесі ауруларына тән шағымдармен басталуы мүмкін:

  • кенеттен басталуы – кенеттен, күрт әлсіздік пайда болды, жүректің жиі соғуы, мазасыздық, тиышсыздық, терлегіштік, қол-аяғының дірілі , жүрек айнуы, сирек – құсық болуы – жіті тиреотоксикоз;
  • бірте-бірте басталуы – шөлдегіштік, зәрге жиі шығу, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, әрі қарай тынышсыздық, тартылулар ішкі қан кетулер, ішкі ағзалардың созылмалы дерттері (асқазан-ішек жолдары, бауыр, бүйрек – анемия белгілерінің бірте-бірте күшеюі)
  • бірнеше айдан бері көзінің асты домбығып, бел аймағында сыздаған ауру сезім, анда-санда дене қызуы аздап көтерілгенін байқады.

бұрыннан бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсеретеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы).

Дерттің дамуын анықтау.

а) Қандай шағымдармен басталды; әрі қарай қандай шағымдар қосылды немесе қандай шағым қалай өзгерді»?

Мысалы: а) басында жәй бір шама әлсіздік, дімкәстік, шаршағыштық, әрі қарай ентігу, жүректің соғуы қосылды” және т.б».

б) кенеттен қалтырау, ағып терлеу; тоңғақтық, айқын әлсіздік, дімкәстік сосын сүйек сырқырауын байқад.,

Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе нақты себебі)

а) Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін? б) Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін пайда болды деп ойлайсыз?

  • Дерттің басталуына әсер ететін себептер болуы мүмкін (кенеттен басталуы):
  • жіті қанағыштық – өздігінше немесе сәл жарақаттан ( жырып кету және т.б.)
  • алдында болған жоғарғы тыныс жолдарының жіті жұқпалары, тұмау,баспалар;
  • уланулар – жіті (тұрмыстық немесе кәсіпшілік);
  • алдында болған кіші операциялар (тіс жұлу, инъекциялар);
  • кездейсоқ анықталды (профилактикалық қарауларда, басқа жағдаймен дәрігерге келгенде);
  • өткізген аллергиялық әсерленулер.

Жасалған шараларды анықтау

Келесі сұрақтарды беріп науқастан осы дерттіне байланысты жүргізілген шараларын анықтау:

  • дәрігерге қаралдыма?
  • қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы);
  • емі (өздігінше – үйде, медициналық көмекке жүгінді – емханада);
  • қандай дәрілер немесе басқа түрі;
  • емнің тиімділігі қандай болды? Болмады?
  • емделмеген;
  • ауруханаға түсу себебі?

қаралады; қаралмады; жедел-жәрдем көмегімен келіп тұр;

  • қаралдытексерістер жүргізілген жоқ; жүргізілді –жалпы қан аналізі, биопсия және т.б. Олардың қорытындысы бар, қолында;

ем жүргізілді;

  • емнің тиімділігі – бар, жоқ; емделмеген.
  • ауруханаға түсу себебі – емделу, ауруы өршіді; тексерілу және т.б.

ІІІ. Өмір тарихы – осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар.

Өмір тарихы – осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайларды анықтау.

Өмірінің әр кезеңінде-туылғанынан бүгінгі күнге дейін:

  • балалық шағы;
  • жасөспірім- мектепке бару, үлгерімі, қалыс қалуы;
  • мамандық алу
  • үйлену

болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрақ қойып анықтау

нешінші бала; туылған жері; анасының денсаулығы; әлеуметтік жағдайы; тұрмысы, басынан өткізген аурулары; жарақаттары; кәсібіне байланысты қатерлі жайттар; тұқымқуалаушылық дерттері; психо–эмоционалдық пен айналасындағы; жанұясындағы рухани, адамгершілік жағдайы; аллергиялық әсерленулер; мүгедектік.

Осы дерттің дамуына ықпал ететін жағдайлар болуы мүмкін:

  1. Тіршілік әдеті (таза ауада жеткілікті болу, үй жағдайы – желдету мүмкіншілігі, күн жарығының қажетті түсуі, дымқылдық, ылғалдылық; жұмыс жағдайы – үзіліссіз, басқарушылық міндеті, шиеленістер);
  2. Психикалық тежеулер жиілігі– уайым, шиеленістер, қобалжулар
  3. Тағамдану ерекшіліктері (тәтті, ұнды, майлы тағамдар);
  4. Кәсіптік және тіршіліктік уланулар ( ауыр металлдар – сынап, қорғасын, фосфор, мышьяк, бензол булары, пестицидтер, гербицидтер);
  5. Радиоактивті сәулелер – кәсібіне байланысты немесе ем түрінде қабылдаған;
  6. Семіздік, басқа эндокриндық ағзалар бұзылысы; вирустық жұқпалар
  7. Жүктілік, туы (асқынулары), емізу, климакс кезеңі,
  8. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) аурулары (ісіктер, жарақаттар, жұқпалар),
  9. Бұрын болған қалқанша безі ауруына байланысты радиоактивті йод қолданудан дамыған гипотиреоз;
  10. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарындағы қан жүйесі аурулары
  11. Ас қорыту ағзалары аурулары (панкреатит)
  12. Ер азаматтарда – әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі; қолайсыз әсерлер; болған дерттері – жарықтар; несеп жолынан дертті бөлінділер немесе аталық мүшесінде ойылулар; ата безінде ауру сезімі немесе ісіктер; бұрын болған жұқпалы жыныс дерттері; жыныстық қатынасқа ықыласы; қанағаттанарлығы; жыныстық бұзылыстар.
  13. Әйел кісілерде – етек кірінің басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, қанша күннен, мөлшері – көп, аз; ауырсынулы немесе онсыз, айналымының ұзақтығы); жыныстық қатынастың басталуы; етек кірі айналымы арасында немесе жыныстық қатынастан кейін қан кетулер; соңғы етек кірінің уақыты тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай өтті – ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары – өздігінше, операциялар арқылы, асқынулар; түсікте – жасанды немесе медициналық аборттар); етек кірінің тоқтауы: неше жасында, қандай көріністер – қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б. Меноауза кезіндегі қан кетулер.
  14. Қатерлі әдеттері: темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық, уланулар

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Эндокринді жүйені тексеру
  2. Эндокринді бездердің дамуы. Жүйке жүйесімен байланысы
  3. Науқасты тексеру жоспары

 

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!