Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқыларын тексеру
Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).
Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, бөртпелер, құрғақтығы, түлеуі; шаш өзгерістері –түсуі, жұқалануы).
Буындар мен сүйектерді қарау, сипап тексеру – көлемі, үйлесімі, қозғалу деңгейі, ауырсынуы. Бұлшықеттерді қарау, сипап тексеру, күші, кернелуі
Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқылары жүйесі ауруларын қарап тексеру іс-әрекеттерінің реттілігі
- Науқасты жалпы қарау. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай хәлін, есін, төсектегі қалпын бағалау.
- жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім халінде);
- есі – сақталған (анық), өзгерген
- төсектегі қалпы (белсенді, қимылсыз –сұлық түсіп жатыр, мәжбүрлі –қимылдары шектелген
Жалпы қарау:
- дене бітімін, терісі мен оның қосалқыларын және кілегей қабаттарын қарау;
- жалпы дене бітімін, тері асты шел майының дамуын бағалау;
- науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып
- тері асты шел майының дамуын бағалау – жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру – 2см аспау қажет
Дене бітімі қалыпты; өзгерген; тері асты шел майының дамуы сақталған; төмен (жүдеу, азған,); шамадан тыс дамыған (толық).
Жергілікті қарау:
- Омыртқа бағанасын
- тік тұрғызып омыртқа бағанасын қарап – түзулігі, жауырын бұрыштары мен иықтары және жамбас қырларының орналасу деңгейін қарау;
- иықтары мен жамбас қырларының және бір деңгейде орналаспауы (сколиоз)
- жаурын бұрыштарының бір деңгейде орналаспауы (сколиоз) «садақа сұраушы» келбеті – Бехтерев дерті;
Буындарды қарау:
Кейпі:
- бүгілген (жіті артрит);
- бұлшықет қимылының шектелуіне (контрактурасы) байланысты буынның мәжбүрлі кейпі (созылмалы артропатия);
Көлемі:
- біркелкі домбығуы (домалақтануы, жіті артрит)
- үйлесімінің бұзылысы (созылмалы артрит)
- буынның анатомиялық орналасуына сәйкес емес шектелген ісіну (киста, гигрома, тендинит, тендовагинит, бурсит);
Пішіні – тегістелуі (жіті артрит)
Өзгеріс түрі – домалақтанған(жіті артрит)
үйлесімінің бұзылысы – буын пішінінің айқын бұзылысы (остеартроздардағы остеофиттер, буынның толық және толық емес шығып кетуі, анкилозы)
Үйлесімінің бұзылыс түрлері:
- Білезік буыны пішінінің найза тәріздес өзгерісі (РА алақан сүйектері қимылсыздығы мен білезік буынының шығып кетуі);
- Қол ұшының жүзбеқанат тәріздес өзгерісі – ульнарлық девиация – (алақан-бунақтар буындарының жартылай шығып кетуі мен саусақтардың шынтақ жілігі жағына қисаюы;
- «Қаз мойыны»- алақан – бунақтар буындарының жазылмауы, шеткі бунақтар аралық буындарының шамадан тыс жазылуы мен ішкі бунақтар аралық буындарының бүгілуі;
- «Түймелік топса»- шеткі бунақтар аралық буындарының айқын бүгілуі мен ішкі бунақтар аралық буындарының шамадан тыс жазылуы;
Буын аймағындағы тері өзгеріс түрлері:
- Кернелген, жылтырақ (жіті артрит);
- Қызарған(жіті артрит);
- Шектеліп домбыққан аймақтарының қызаруы (тендовагинит, бурсит);
Бұлшықеттерді қарау:
- симметриялық бұлшықеттердің пішінің сақталуы (көлемі)
Тері, буындар, бұлшықет пальпациясы. Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы;
Тері пальпациясын жасау:
- серпінділігін (құрсақ бетінің немесе қолдың ішкі бетінің терісін екі саусақпен жинап, қатпар жасайды, қатпарды босатады) тез жазылады; жәй жазылады
- ылғалдылығын (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау) ылғалды; құрғақ;
- қызуын (қол сыртымен майын сипау) бар, жоқ;
- ісінуі, қалыңдауы (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау) ісінуі, қалыңдауы
Буындар пальпациясы: алақан және саусақ ұштарымен буындарды сипап келесі мәліметтерді анықтау:
- қызуы
- аурусыңғыштығы
- өзгерген буынның тығыздығы
- жұмсақтығы;
Өлшегіш лентамен симметриялық жағдайда буындар шеңберін анықтады. Қозғалыс көлемін тексеру:
- науқасқа нақты бір буынын қозғалтуды сұрау – әкету, жазу, бүгу ( өзі қозғалту);
- дәрігер науқастың буындарын өзі қозғатады – осы буынға тән қимылдарын жасайды;
- қозғалыстағы сықыр
Буындар пальпациясын жасау:
- буын аймағын сипап тексеру;
- буын шеңберін анықтау
- қозғалыс көлемін тексеру
Бұлшықет пальпациясы:
- симметриялық жағдайда буындар көлемін өлшегіш лента қолданып салыстыра отырып анықтады
- алақан және саусақ ұштарымен бұлшықеттерді сипап анықтау;
- шынтақ немесе тізе буындар бұлшықеттері бүгілген жағдайындағы қарсыластығында дәрігер жазуға тырысады
Келесідей көріністер қаралады:
- бұлшықеттер шеңберінің айырмашылығы бар (өзгерген), жоқ
- ауырсыңғыштығығы бар, жоқ;
- бұлшықет тығыз, жұмсақ, бос;
- қарсыластығы төмен, бұлшықет кернелмеген, жұмсақ, оңай тез жазылады, яғни күші төмен –
- қарсыластығы жоғары, жазу қиын, бұлшық
Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
«Науқастың шағымдары: біраздан бері әлсіздік, бас айналу, көзі алдының қарауытуы, құлақ шуылы, ентігу,жүрек қағуы, жүрек айнуы мазалайды. Анамнезінде – бірнеше жылдардан бері асқазан ойық жарасы бар. Соңғы уақытта бірнеше рет үлкен дәретінің қоңырланғанын байқады, бірақ оған мән бермеді. Қарап тексеруде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. РS – минутына 104; АҚ – 90/60 мм.сын.бағ. Жүрек шекаралары сәл солға ығысқан; аускультацияда –тондары бәсеңсіген, жүрек ұшында- систоликалық шуыл. Көк бауыр пальпацияда анықталмайды; өлшемдері -4×6см.
Науқастың шағымдары: Біраздан бері әлсіздік, дімкәстік, дене қызуының жоғарлауы, терлегіштік мазалайды. Анамнезі – бұл шағымдар осыдан 3-4 ай бұрын пайда болды; бірақ оған мән бермеген. Соңғы уақытта көп және жиі мазалайды, қоса жұмысқа қабылеті төмендеді, терлегіштігі көбейді, дене қызуы 39˚-қа дейін жоғарлайтын болды. Анамнезі: ғылыми зертеу институтында аға лаборант болып 15 жылдан бері жұмыс істейді – лабораториялық зерттеулерде химиялық реактивтерді қолданады. Қарап тексеруде: жалпы дағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. Мойын аймақтары лимфа түйіндері ұлғайған, жұмсақ, қозғалғыш, терімен жанаспаған, аурусынусыз, көлемі бөдене жұмыртқалары тәріздес. Бауыр мен көкбауыр ұлғайған, пальпацияда –тығыз; өлшемдері: бауыр – 11 ×10×9см; көкбауыр – 8 ×12см. РS – минутына 98; АҚ – 90/60 мм.сын.бағ
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: