Өкпе аускультациясы. Өкпені тыңдау
Өкпе аускультациясы – өкпедегі негізгі және қосымша тыныс шуларын анықтау.
Аускультация үшін келесідей шарттар қойылады:
- Аускультациясы жүргізілетін орын жылы болуы қажет
- Мүмкіншілігіне байланысты науқас тік тұруы қажет;
- Стетоскоп немесе фонендоскоп денеге жақсы жанасуы керек;
- Әр тыңдау нүктесінде 2-3 тыныс айналымын тыңдау қажет;
- Науқас адам ауызымен тыныс алады;
Аускультация әр қашанда симметриялық аймақтарға салыстырмалы түрде жасалады, яғни салыстырмалы перкуссия нүктелері бойынша!
Өкпе аускультациясын жүргізудегі іс-әрекеттерінің реттілігі
Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу (бел аймағына дейін шешінуін, науқастың жағдайына байланысты түрегеліп тұруын әлде тік отыруын және сонымен қатар еркін жағдайда болуын, қолдарын тізесіне қоюын сұрау);
Кеуденің алдыңғы аймағына аускультация жасау реттілігі:
- дәрігер науқастың оң жағына орналасады;
- оң өкпеден бастап жасалады;
- бұғана үсті шұңқырларының симметриялық аймақтарына тыңдалады;
- аускультация 1,2,3 қабырғаралықтарға бұғана ортаңғы сызығы бойымен оң және сол бөліктердің симметриялық аймақтары тыңдалады.
Кеуде алдынан сол жақта аускультация жүрек тұсына дейін жүргізіледі (IV қабырға дейін)
- қалыптыда бұл аймақтарда везикулярлық тыныс есітіледі;
- дерттік жағдайда: (қатаң немесе әлсіреген везикулярлық тыныс, орта- ірі көпіршікті сырылдыр немесе гүрілдеген әлде ызыңдаған құрғақ сырылдар)
Кеуде бүйірлері аймақтары аускультациясы:
- дәрігер науқастың алдына орналасады;
- науқасқа қолдарын көтеріп желкесіне қоюды сұрау;
- қолтық ортаңғы сызығы бойымен біртіндеп төмен түсіп оң және сол жақ бөліктерде әр қабырға аралықты салыстыра отырып аускультация жүргізіледі
қалыптыда бұл аймақтарда везикулярлық тыныс есітіледі;
дерттік жағдайда (қатаң немесе әлсіреген везикулярлық тыныс, сырылдар, сықырлар, плевра үйкеліс шуылы тыңдалады)
Кеуде артқы аймағынан аускультация жасау:
- жауырын үсті аймақтарынан бастайды – жауырын үсті симметриялық аймақтарын екі жақты салыстырып тыңдайды;
- жауырын ортасы аймағының аускультациясы
Науқасқа қолдарын алдына айқастырып өзін құшақтап тұруын сұрау – жауырын арасы ашылады;
Дәрігер омыртқаның екі жағын –жауырынға жақын аймақтарын салыстыра отырып – алдымен жоғарғы бөліктерінің, сосын төменгі бөліктері тыңдалады;
3. жауырын астына аймақтары аускультациясы: – науқас қолдарын түсіреді; – аускультация жауырын сызығы бойымен екі жақта салыстырылып жасалады – 1-2 қабырға аралық тексеріледі (кеуде пішініне байланысты).
- қалыптыда бұл аймақтарда везикулярлық тыныс есітіледі;
- дерттік жағдайда (қатаң немесе әлсіреген везикулярлық тыныс, сырылдар,майда көпіршікті сырылдар)
Бронхиалды тыныс тыңдалатын жерлер:
- мойынның алдыңғы беткейінен – мойылдырық шұңқыры;
- мойынның артқы беткейінен – УІІ мойын омыртқаның қылқанды өсіндісі немесе аймағы;
Ірі бронх пен оның айырығын тыңдау
- кеуденің алдыңғы беткейінен – төс тұтқасы мен денесінің жанасқан жері;
- кеуденің артқы беткейінен – 2-4 кеуде омыртқалар деңгейі
Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.
- Өкпенің барлық беткейінен везикулярлы тыныс естіледі.
- Оң жақтан жауырын бұрышы астынан қатаң тыныс естіледі.
- Сол жақтан арты жағында және қолтық асты аймағында везикулярлы тыныс әлсіреген, өкпенің қалған беткейінде – везикулярлы тыныс.
- Оң жақ жауырын астынан ұсақ көпіршікті, дыбысты ылғалды сырылдар естіледі.
- Екі жауырын астынан өте көп құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі.
- Екі жақтың бүйір аймағының төменгі жағынан өте көп ысқырықты сырылдар естіледі.
- Екі жақтың артқы – бүйір аймағының төменгі жағынан плевраның әлсіз үйкеліс шуы естіледі.
Өкпе аускультациясы кезіндегі тыңдалатын дыбыс түрлері
Везикулярлы тыныс
- Пайда болу механизмі: альвеолалардың эластикалық қабырғаларының тербелісіне, әсіресе дем алу кезімен байланысты.
- Мінездемесі: жұмсақ, үрлемелі, «ф-ф» дыбысына ұқсас болып келеді.
- Диагностикалық мағынасы: нормада болады. Өкпенің көп аумағында естіледі, әсіресе аксиллярлы және жауырын асты аймағында.
Ларинготрахеальды тыныс.
- Пайда болу механизмі: дауыс саңылауы вибрациясы әсерінен және көмей мен трахеяның физиологиялық тарылған жерлерінен ауа өткен кезде пайда болады.
- Мінездемесі: қатаң және жоғары жиілікті тембр, «х –х» дыбысына ұқсас болып келеді, дем алу кезінде жақсы естіледі.
Диагностикалық мағынасы: нормада болады
- көмей, трахея, трахея бифуркациясы аймағында ( алдыңғы жағынан төстің үстінен, ал артынан IV кеуде омыртқасының жауырын ортасы тұсынан естіледі) Өкпенің басқа бөліктерінен қалыпты кезде естілмейді.
- көмейдің қалқанша безі шеміршегінің үстінде жақсы естіледі.
Тыныстың патологиялық әлсіреуі.
Пайда болу механизмі: кеуде торына тыныс шуы өтуінің әлсіреуі, альвеола қабырғаларының эластикалық қабілетінің төмендеуі, бронх бітелуі (ісік)
Мінездемесі:тыныс шуының өкпенің бір бөлігінде немесе бүкіл өкпе алаңында әлсіреуі.
Диагностикалық мағынасы:
- тыныстың локальды әлсіреуі: гидроторакс, жабық пневмоторакс, фиброторакс, обтурациялық ателектаз, бронхопневмония
- тыныстың диффузды әлсіреуі: өкпе эмфиземасы, сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі альвеола қабырғаларының ісінуі
Патологиялық бронхиальды тыныс.
Пайда болу механизмі: кеуде торында ларинготрахеальды тыныстың таралуы.
Мінездемесі: қатаң, жоғары жиілікті тембр, «х –х» дыбысына ұқсас болады. Тыныс шығар кезде естіледі.
Диагностикалық мағынасы:
- массивті түрде өкпе тіннің тығыздалуы: қабыну ( екінші сатыдағы крупозды пневмония) немесе қабынулы емес (компрессионды ателектаз)
- ашық пневмоторакс
- бронхпен қатынастағы өкпедегі қуыс
Қатаң тыныс
Пайда болу механизмі: аралас дыбыс, альвеола қабырғаларының ырғағына байланысты пайда болады, бронхтардың бірдей емес тарылуына байланысты ауа ағымының дұрыс өтпеуіне байланысты туындайды.
Мінездемесі: везикулярлы тынысқа қарағанда қатаңдау
Диагностикалық мағынасы:
- бронхтардың қабыну аурулары (әртүрлі генезді бронхиттер)
- бронхиальды астма
- сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі (өкпенің интерстициальды тінінің ісігі)
Саккадирленген тыныс
Пайда болу механизмі: ауа ағымының өкпенің аумағына толықтай енбеуі ұсақ бронхтардың бірдей емес тарылуына немесе тыныс бұлшықеттерінің толықтай жиырылмауына байланысты.
Мінездемесі: тыныс алу бірнеше үзікті шулардан тұрады, ал тыныс шығару өзгеріссіз
Диагностикалық мағынасы:
- локальды саккадирленген тыныс: өкпе туберкулезы, кеуде қуысының травмасы
- диффузды саккадирленген тыныс: тыныс бұлшықеттерінің немесе тыныстың нервті регуляциясының патологиясы.
- нервті діріл және суық бөлмеде болған кезде ( норма)
Құрғақ ысқырықты сырылдар
Пайда болу механизмі: созылмалы секрет болуына байланысты, шырышты қабатының ісінуі және бронхоспазм әсеріне байланысты ұсақ бронхтардың саңылауының бірдей емес тарылуы
Мінездемесі: жоғары жиілікті «музыкалық тембрлі», ысқырыққа ұқсас дыбыстар.Тыныс шығару кезінде жақсы естіледі, жөтел кезінде аз өзгереді.
Диагностикалық мағынасы:
- бронхообструктивті синдром (обструктивті бронхит, бронхиальды астма, сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі өкпе ісігінің интерстициальды сатысы)
Құрғақ басты (орысша-басовый) сырылдар
Пайда болу механизмі: созылмалы секрет болуына байланысты, шырышты қабатының ісінуі және бронхоспазм әсеріне байланысты ірі бронхтардың саңылауының бірдей емес тарылуы
Мінездемесі: «музыкалық сипаттамалы» ысқырықты реңкпен болады. Тыныс алған кезде жақсы естіледі, үнемі болмайды ( әсіресе жөтелден соң)
Диагностикалық мағынасы: қабыну және ірі бронхтарда созылмалы қақырықтың болуы.
Ылғалды ұсақ көпіршікті сырыл
Пайда болу механизмі: ұсақ бронхтарда орналасқан сұйық секрет транссудат немесе қабынбалы экссудаттың ауа өткен кезде көпіруі.
Мінездемесі: сұйықтықтан ауа өткен кезде жарылған ұсақ көпіршіктердің дыбысы, тыныс алудың екі фазасында да естіледі, әсіресе тыныс алу кезінде. Жөтелден соң өзгереді.
Диагностикалық мағынасы:
- бронх саңылауында транссудат: жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі, пневмосклероз,
- бронх саңылауында қабынбалы экссудат: бронхопневмония, бронхит (сирек)
Ылғалды ірі көпіршікті сырыл
Пайда болу механизмі: трахея және ірі, ұсақ бронхтардағы, бронхпен қатынастағы аумақтарда сұйық секреттің (қан, плазма, қабынбалы экссудат) ауа өткен кезде көпіруі
Мінездемесі: ауа көпіршіктерінің жарылуы тәрізді дыбыстар, екі фазада да жақсы естіледі, әсіресе тыныс алу кезінде. Жөтелден соң өзгереді.
Диагностикалық мағынасы:
- бронх саңылауында транссудат: жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі ( өкпедегі альвеолярлы ісіну фазасы)
- бронх саңылауында қабынбалы экссудат: бронхоэктаз, бронхит
- бронхпен жалғасқан қуыста сұйық секреттің болуы: абсцесс, tbs – каверна.
Крепитация
Пайда болу механизмі: жабысқыш секретпен жабылған (экссудат, транссудат) альвеолалардың тыныс алу кезінде жабысуы
Мінездемесі: тыныс алудың жоғары шыңында пайда болатын және ауаның ұсақ көпіршіктерінің жарылуы мен сатыр – сұтыр (треск) еткен дыбысқа ұқсайды. Фонедоскоппен басқан кезде және жөтелден соң өзгермейді.
Диагностикалық мағынасы:
- қабыну процессі: крупозды пневмония (аурудың бастапқы және соңғы сатысында)
- бронхопневмония (сирек)
- қабынулы емес процесс: компрессионды ателектаз, пневмосклероз, өкпе инфарктісі
Плевра үйкеліс шуы
Пайда болу механизмі: плевраның өзгерген жапырақтарының бір біріне үйкелісінен болады
Мінездемесі: тыныс алудың екі фазасында да естіледі, қардың сықырына ұқсас болады.Тембр мен дыбыс қаттылығы өзгермелі, жөтелуге байланысты емес және фонедоскоппен басқан кезде өзгереді.
Диагностикалық мағынасы:
- плевраның қабынбалы зақымдалуы: құрғақ плеврит (сонымен қоса пневмония, туберкулез және өкпе рагі)
- плевраның қабынулы емес зақымдалуы: плевраның ісікпен өсуі, плеврада мочевина кристаллдарының шөгуі (уремия кезінде)
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Өкпе перкуссиясы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия
- Тыныс алу ағзаларын тексеру әдістері
- Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары, шулары
- Жүрек перкуссиясы. Жүрек пішінін анықтау