Балалардың ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері

Балалардың ас қорыту жүйесінің анатомо физиологиялық ерекшеліктері

Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы , өңеш, асқазан және ішек жатады. Асқорытуда ұйқы безі және бауыр қатысады. Ұрықтық дамудың бастапқы 4 аптасында асқорыту мүшелері қалыптасады, жүктіліктің 8 аптасында барлық асқорыту мүшелері анықталады. Жүктіліктің 16-20 аптасында ұрық қағанақ суын жұта бастайды. Асқорыту үрдісі ұрықтың ішектерінде жүріп, біріншілік нәжіс мекония жинақталады.

Балалардағы ауыз қуысының ерекшеліктері

Туылғаннан кейін баланың ауыз қуысының негізгі функциясы сору актісін қамтамасыз ету болып табылады. Ауыз қуысының кішкентай өлшемдері, тілінің үлкен болуы, ерін бұлшық еттерінің және шайнау бұлшық еттерінің жақсы дамуы, еріннің шырышты қабатында көлденең қатпарлар, қызыл иектің валик тәрізді қалыңдауы, беттерінде майдың томпаюлары бар (Биш томпаюлары) олар беттерге серпімділік береді. Балалардың сілекей бездері туылғанда кейін жеткілікті дамымаған;сілекейлер алғашқы 3 айда өте аз бөлінеді. Сілекей бездерінің дамуы өмірдің 3 айында аяқталады.    

Балалардағы өңештің ерекшеліктері

Сәбилерде өңеш ұршық тәрізді болып келеді , ол жіңішке және қысқа болып табылады. Оның ұзындығын жаңа туылған балаларда 10 см ғана, балаларда өмірінің бірінші жылында – 12 см, 10 жаста -18 мм. Оның ені тиісінше 7 жаста – 8 мм, 12 жаста – 15 мм.

Өңештің шырышты қабатында бездер жоқ. Ол жұқа қабырғаларға ие, эластикалық және бұлшықеттік серпімділігі нашар дамыған және қанмен жақсы қамтамасыз етіледі. Өңештің кіреберісі жоғары орналасқан. Оның физиологиялық тарылуы жоқ.

Балаларда асқазанның ерекшеліктері

Нәрестеде асқазан горизонталді орналасқан. Баланың өсуімен дамуына сай, бала жүре бастаған кезде, асқазан біртіндеп вертикалді орналаса бастайды, 7 -10 жаста ересектермен бірдей болып табылады. Асқазанның сиымдылығы біртіндеп артып: туылғанда ол 7 мл, 10-шы күнде – 80 мл, 1 жаста – 250 мл, 3 жаста – 400-500 мл, 10 жаста – 1500 мл.

Н. Ф. Филатов формуласы бойынша өмірінің бірінші жылында нәрестенің бір реттік тамақтануын есептеуге болады:

V = 30 мл + 30 x n,

Соның ішінде n — жасы ай бойынша

Балалардағы асқазанның ерекшелігі пилорикалық бөлімінің жақсы даму аясында оның түбінің және кардиалді сфинктерінің нашар дамуы. Бұл емізу кезінде асқазанға ауа енсе ,жиі құсуға әсер етеді.

Асқазанның шырышты қабаты салыстырмалы түрде қалың болуы фонында онда асқазан бездерінің нашар дамуы байқалады. Ересектердегідей балаларда да шырышты қабаттың бездері баланың өсуі барысында 25 рет қалыптасады және көбейеді. Осы ерекшеліктерге байланысты нәрестелердің өмірінің бірінші жылында секреторлы аппарат жеткілікті дамымаған. Балалардағы асқазан сөлінің құрамы ересектердікіне ұқсас, бірақ қышқылдылығы және оның ферменттік белсенділігі айтарлықтай төмен болып табылады. Асқазан сөлінің барьерлік белсенділігі төмен болып табылады.

Асқазан сөлінің басты ферменті іріткі ферменті (лабфермент), ол асқорытудың бірінші кезеңін сүттің ұюын қамтамасыз етеді.

Омыраудағы нәрестенің асқазанында өте аз липаза бөлінеді. Бұл кемшілік ана сүтіндегі липазаның болуымен, сондай-ақ баланың панкреатикалық шырышында болуымен өтеледі. Егер бала сиыр сүтін қабылдаса, онда оның майлары асқазанда ыдырамайды.

Мұндай тұз, су, глюкоза, тек ішінара жұтып ақуыз ыдырататын өнімдер ретінде асқазан және шағын алаңдаушылық заттардың сіңіруі.

Тұздар, су, глюкоза сияқты заттардың асқазанда сіңірілуі білінер білінбес, соның ішінде ақуыздың ыдырау заттары ғана жартылай сіңірілуі жүреді. Асқазаннан тамақтың шығарылуы тамақтандыру түріне байланысты. Ана сүті асқазанда 2-3 сағат кідіреді.

Балалардың ұйқы безінің ерекшеліктері

Ұйқы безі үлкен емес мөлшерлі болып келеді. Жаңа туылған балада оның ұзындығы 5-6 см құрайды, ал 10 жасқа келгенде ол екі есе ұлғаяды.Ұйқы безі іш қуысында Х кеуде омыртқасы деңгейінде терең орналасады , ал егде жастағыларда І бел омыртқа деңгейінде орналасады. Оның қарқынды өсу 14 жасқа дейін жүреді.

Өмірінің бірінші жылы балалардың ұйқы безінің өлшемдері (см):

  1. жаңа туған — 6,0 x 1,3 x 0,5;
  2. 5 айлық — 7,0 x 1,5 x 0,8;

Балалардағы ас қорыту жүйесі

Балалардағы өттің ерекешеліктері

Өт – бауырдың оң жақ бөлігінде орналасатын, ұзындығы 3 см құрайтын мүше болып табылады. Қалыпты күйдегі алмұрт пішінге 7 айлық кезінде ие болады, ал 2 жаста бауыр шетіне дейін жетеді.

Өттің негізгі қызметіне: өт сұйықтығын бөлу жатады. Бала мен ересек адамның өт құрамының өзге тән ерекшелік болуы тән. Бала өтінің құрамында: өт қышқылы, холестерин, тұз аз мөлшерде, ал су, муцин, пигмент керісінше көп мөлшерде болады. Туылған кездегі өт мочевинаға бай болады. Баланың өтіндегі гликохол қышқылы бактериацидтік және ұйқы безі сөлінің бөлінуін жеделдету қасиеттеріне ие. Өт майды эмульгирлеу, май қышқылын еріту, перистатиканы жақсарту қызметтерін атқарады.

Жас өскен сайын, өт қабы ұлғайып, құрамы өзгерген өт сұйықтығы бөліне бастайды. Өт өзегінің ұзындығы да,сәйкесінше, ұзара түседі.

Балалардағы өттің көлемі (Чапова О. И., 2005 ж.):

жаңа туылған нәресте- 3,5 x 1,0 x 0,68 см;

  1. 1 жас – 5,0 x 1,6 x 1,0 см;
  2. 5 жас – 7,0 x 1,8 x 1,2 см;
  3. 12 жас – 7,7 x 3,7 x 1,5 см.

Балалардағы жіңішке ішектің ерекшеліктері

Ересек адамға қарағанда, балалардың жіңішке ішегі ұзынырақ болады.

Жаңа туылған нәрестенің жіңішке ішегінің ұзындығы мен денесінің ұзындығы 8,3 : 1 қатынасын құраса, 1 жаста- 7,6 : 1, 16 жаста – 6,6 : 1.

Жаңа туылған нәрестенің жіңішке ішегінің ұзындығы 1,2- 2,8 м тең. Жіңішке ішектің ішкі қабатының жоғары бөлігінің аумағы 85 см2,ересек адамда— 3,3 x 103 см2. Жіңішке ішектің аумағы эпителий мен микроворсин есебінен ұлғая түседі.

Жіңішке ішек анатомиялық тұрғыдан үш бөлікке бөлінеді.

Бірінші бөлімі –ол 12 елі ішек, жаңа туылған нәрестеде оның ұзындығы не бәрі 10 см құраса, ересек адамда 30 см. Оның 3 сфинктері бар, олардың ең басты қызметі тамақ пен ұйқы безінің қатынасуы барысында қысымды төмен деңгейде ұстап тұру.

Екінші және үшінші бөлімдеріне жіңішке және мықын ішектері жатқызылады, оның 2/5жіңішке ішек, ал қалған 3/5 мықын ішек құрайды.

Астың құрамындағы заттардың сіңірілуі жіңішке ішекте жүзеге асырылады. Жіңішке ішектің шырышты қабаты қантамырларға бай, ал эпителий қабаты тез жаңаруға бейім. Балалардағы ішек бездері көлемдірек, лимфоидты тіні ішекте шашыранды орналасқан. Баланың бой өсіміне байланысты Пейер қатпарлары (бляшка) қалыптасады.

Балалардағы жуан ішектің ерекшеліктері

Жуан ішек туылғаннан кейін жетілетін түрлі бөлімдерден тұрады. 4 жасқа дейінгі балаларда жуан ішектің жоғарылаған бөлімі төмендеген бөліміне қарағанда ұзынырақ болады. Сигма тәрізді ішек аталған бөлімдерден де ұзынырақ болады. Біртіндеп аталмыш қасиеттер жоғала бастайды. Соқыр ішек пен аппендикс қозғалмалы, аппендикс атипиялық түрде жиірек орналасады.

Туылғанына 1-2ай болған сәбиде тік ішек ұзынырақ. Жаңа туылған нәрестеде тік ішектің ампуласы және айналмалы орналасқан май жасушалары нашар жетілген.

5 жасқа дейінгі балаларда шарбы қысқарақ.

Жуан ішекте сөл аз бөлінеді, бірақ механикалық тітіркену кезеңінде тез арада көбейе бастайды. Сонымен қатар, жуан ішекте судың сіңірілуі мен нәжістің түзілуі жүреді.

Бала ішегінің микрофлоралық ерекшеліктері

Ұрықтық даму барысында асқазан ішек жолы стерильді. Балалар қоршаған ортамен қатынасы арқылы асқазан ішек жолында микрофлораның дамуына қалыптасуына әсер етеді. Асқазан мен 12 елі ішектің микрофлорасы жуан және жіңішке ішектің микрофлорасына қарағанда азырақ, бұл тамақтануға тікелей байланысты болып келеді. Микрофлораның негізін B. Bifidum құрайды, ол ана сүті құрамындағы лактозаны белсендіреді. Жасанды тамақтану кезінде ішекте шартты – патогенді грамм – теріс ішек таяқшасы басым болады. Қалыпты жағдайда ішек микрофлорасы екі маңызды қызмет атқарады. Оларға:

  1. Иммунологиялық барьер құру;
  2. Витамин мен фермент синтездеу жатады.

Ерте жастағы балалардың асқорыту үрдісінің ерекшеліктері

Өмірінің алғашқы айлары кезінде сәбидің қабылдайтын қоректік заттары маңызды орынға ие, ол ана сүті арқылы түсіп, сол ана сүті құрамындағы заттар арқылы қорытылады. Қосымша қорек арқылы ферменттік жүйе механизмі ынталандырады. Түскен тағамды қорытудың балаларда өзіндік ерекшеліктері бар. Казеин жіңішке ішекте аминқышқылдарына дейін ыдырап, белсенді түрде сіңіріле бастайды.

Майдың сіңірілуі тамақтандыру түріне байланысты. Сиыр сүті құрамында ұзын тізбекті май қышқылы болады, ол май қышқылы әсерінен панкреатикалық липазаға дейін ыдырайды. Майдың сіңірілуі жіңішке ішектің соңғы және ортаңғы бөлімдерінде жүреді. Сүттегі қанттың ыдырауы ішек эпителийінде жүреді. Ана сүті мен сиыр сүті құрамында лактоза болады. Осыған байланысты жасанды тамақтандыру барысында көмірсудың құрамы өзгереді. Жіңішке ішекте дәрумендер де сіңіріледі.

Ұқсас материалдарды да қарай кетіңіз:

  1. Балалардың зәр шығару жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.
  2. Балалардағы тыныс алу жүйелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
  3. Жаңа туғаннан 2 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!