Тарақандар және оларды жою әдістері

Жәндіктер топтамасы

Жәндіктер, немесе бунақденелер немесе шыбын-шіркейлер

Insecta класы –буынаяқтылар ішіндегі ірілерінің бірі. Денесі басынан бөлінген, кеуде және құрсақ бөліктері бар. Көбі ұшуға арналған. Көп жағдайда бұлар белсенді жануарлар түрі. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы 1,5 – 2 млн. түрі болуы мүмкін). Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер).

Медициналық маңызды жәндіктер 4 топқа бөлінеді:

  1. Паразиттік емес синантропты түрлері
  2. Уақытша қан соратын экзопаразиттер
  3. Тұрақты қан соратын паразиттер
  4. Тіндік және іш қуысындағы паразиттер

Адам денсаулығына зиян келтіретін жәндіктер экзопаразиттер деп аталады. Оларға: бит, бүрге, қандала, тарақандар жатады. Паразитті емес синантропты жәндіктер түрлері адамдар мекендейтін орталарда маусымдық табиғат өзгерісіне өзгеріссіз мекендейді.

Тарақандар отряды (Blattodea)

Тарақан. Үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан негізінен түнде шығады, ал күндіз еден мен қабырғалардың саңылауларына, ас үйдегі стол маңына, еденнің ернеу ағашқа ры на, плйталарға, жылу және су өтетін қүбырларға, т. б. қуыстарға жасырынады. Азық-түлік және әртүрлі мата, жібек, жүн, қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Ішкі мүшелердің жалпы орналасу тәртібі өзен шаянына ұқсас, бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар. Тарақандар-дара жынысты бунақденелі жәндік. Аталығының көбею мүшесі- қосалқы бездері бар екі кішкене аталықбез, ал аналығында жұмыртқа қалыптасып, пісіп жетілетін екі аналықбез болады

Тарақандарды жою
Тарақандарды дер кезінде жойып жібермесе, олар үйде көбейе беріп, кейін өз үйіңізде сіз емес, олар қожайын болады.

Тарақанмен күресу жолдары. Тарақанмен күресу үшін олар жұмыртқа салатын барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бекітіл, күн сайын тамақ қалдықтарын жинап, азық-түліктің бетін жауып, бекітіл қою керек. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло-рак», «Хлорофос» таблеткалары, сұйық дәрілер «Дибром», «Метасил», «Хлороль», сондай-ақ аэрозольды препараттар «Неофос», «Прима— 71». Тұрғын, қызмет ететін қоғамдық және қосалқы үйлердегі тарақандарды жою үшін арнайы тұтқыштар шығарылады. Қорапқа 5 картон «үйшіктер», жабысқақ масса жағылған туба және қалақша орнатылады. «Үйшіктің» ішіне шақыртқы жем тастайды. Сондай-ақ бормен немесе бор қышқылымен уландырылған шақыртқы жем тастау да кең таралған. Бураны бірдей мөлшерде ұнмен және құмшекермен араластырған жөн (Бурамақаласын қараңыз). Бор қышқылынан да қоспа дайындауға болады: 1 бөлігі бор қышқылы және 7 бөлігі су. Шақыртқы жемді раковина астына, қалдықтар салатын шелек маңына, ас үйдің бұрыштарына шашып тастайды, үш күннен соң оны жинап алып тастау керек.

Дезинсекциялау. Инсектицидтермен жұмыс істеген кезде сақ болып, тиісті нұсқауларды қатаң басшылыққа алып отыру қажет. Дезинсекциялау алдында бөлмедегі азық-түлікті, ыдыс-аяқты, балығы бар аквариумды, құстар мен үй хайуайдарын шығара тұру керек. Мұрын мен ауызға дәкеден жасалған таңғыш немесе 4 қабатталған дәке байлап алады. Дәріні насекомдар көп жүретін немесе ұя салған жерлерге себеді (плинтустар, қуыстар, мебель, қабырғалардағы саңлау, су құбырларының жолдары, батареялардың арты, суға баратын барлық жолдар және т. б.). Дустты резеңке шашқыштың немесе арнайы жасалған сауыттың көмегімен бүрку керек, сұйық дәріні щеткамен, бояу бүріккішпен және т. б. шашады. Тазарту жұмысы аяқталған соң, беті-қ мұқият сабындан жуады, бөлмені желдетіп алады. Препараттарды тағамдардан алыс, балалар мен үй хайуанаттарынан аулақ сақтау керек.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!