Табан сүйегінің сынықтары
Сынық түрлері: мәліметтер бойынша барлық сүйек сынықтарының ішінде табан сүйектерінің сынықтары 20% құрайды.
Анатомо-биомеханикалық ерекшеліктері: Адамда табан 3 негізгі қызмет атқарады: серіппелі (рессорлы), тепе-теңдік сақтаушы және қозғалыс тудырушы. Табанда 40-тан астам буын құрайтын 28 сүйектен тұрады . Табанның 3 бөлімін ажыратады:
- Артқы: топай және өкше сүйектері
- Ортаңғы: қайық, текше, сынатәрізді сүйектер
- Алдыңғы: табан және бақай фалангалары
Сонымен қатар топай қайықтәрізді текше өкше буынын (Шопар) және табансүйектері- табансүйектеріалды буынын (Лисфранк) ажыратады.
Топай сүйегінің сынықтары
Жіктелуі: Мойнының, денесінің және топай сүйегінің артқы өсіндісінің сынығын ажыратады.
Жарақат механизмі: табанға осі бойынша күш түсу және табанның жедел сыртқа бүгілуі(мысалы: биіктіктен аяқпен құлау не автомашинаның басқыштарын табанмен басып аяқ астынан тежеу) . Аяққа осьтік күш түскенде топай сүйегі үлкен жілікпен өкше сүйегінің арасында қысылады. Шамадан тыс табанның сыртқа бүгілуі оның мойнының сынуына әкеледі. Бұл сынық топай сүйегінің ең жиі кездесетін сынығы болып табылады. Бұл сынық ығысусыз және топай сүйегінің басының сыртқа қарай ығысуымен, топай сүйегінің денесінің артқа шығуымен болуы мүмкін.
Диагностикасы: Сирақ-табан буынының көлемі ұлғайған, онда белсенді қозғалыстар біршама шектелген не қатты ауырсынудан мүлдем шектелген. Табанның жоғарғы бөлігінде және сирақ-табан буынында деформация, табан табандық бүгілу қалпында болады. Деформация сипаты сынық жазықтығына және жарықшақтардың ығысу көлеміне байланысты. Сирақ-табан буыны аймағын пальпациялағанда ауырсынумен. Табанда сыртқа қарай бүкпекші болғанда, ось бойынша күш түсіргенде және өкшеден соққанда ауырсыну күшейеді.
Радиологиялық зерттеу: Рентгенограмманы тікелей және бүйірлік проекцияда түсіреді. Бүйірлік проекция нақты мәлімет береді, онда топай және өкше буынының артқы бөлімінің буындық беткейлеріне көңіл бөлу керек. Күманданған жағдайда табанның 20 0 ішкі ротациясында қиғаш проекциямен түсіреді.
Ауруханаға дейінгі көмек: жалпы жансыздандыру және сbрақтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін тасымалдаушы шина салынады. Иммобилизация үшін сатылы, пневматикалық шиналар қолдануға болады.
Емі: Артқы өсінді сынғанда гипсті таңу не 2-3 аптаға тұйық дәкемен таңу қолданылады. Топай сүйегі ығысусыз сынса 8-10 аптаға сирақтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін гипсті таңумен консервативті түрде емдейді. Топай сүйегінің мойны сынса репозицияны сирақ осі бойынша шеттік эквиус жағдайында табаннан тартады және табан бұл кезде 90 0 бүгілген болады. Гипсті иммобилизация уақыты 2.5-3.5 ай.
Топай сүйегінің денесі және мойны сынғанда оның қан айналымы бұзылады, нәтижесінде аваскулярлы некроз дамиды.
Сынықтармен шығуларды емдегенде табанның күмбезінің қалпына келуіне көңіл бөлу керек. Гипсті таңу салғанда табан күмбезін жақсылап қалпына келтіреді(модельдейді). Физиотерапиялық емді науқас гипспен жүргенде тағайындайды. Механотерапия, массаж, ЕДШ және физиоемнің басты мақсаты табан буындарында қозғалысты жақсарту және оның күмбезін қалпына келтіру. Травмадан кейінгі жалпақ табандылықтың алдын алу үшін жарақаттан кейін бір жыл бойы супинаторларды кию керек.
Егер жабық репозиция нәтиже бермесе ерте мерзімде (тиімді бірінші тәуліктерде)ашық репозиция және металлоостеосинтез қолданылады.
Асқынулары: аваскулярлы некроз және травмадан кейінгі артроз.
Топай сүйегінің шығуы
Келесі түрлерін ажыратады:
- Топай сүйегінің шығуы: топай сүйегінің шығуы сирақ-табан, топай-қайықтәрізді, топай-өкше буындарында шығады.
- Топайасты шығу: шығу топай-өкше және топайқ-айықтәрізді буындарда болады, бұл кезде сирақ-табан буынының конгурэнттілігі сақталады.
Емі: Шығу сипатына байланысты жалпы және жергілікті жансыздандырғаннан кейін топай сүйегін орнына салған соң бізбен трансартикулярлы не гипсті таңумен бекітеді. Алғашында артқы U-тәрізді лонгета, сосын ісік қайтқан соң циркулярлы гипсті таңу салынады.
Асқынулар: топай сүйегінің сынығындай.
Өкше сүйегінің сынықтары
Өкше сүйегінің сынықтары табан сүйектері сынықтары ішінде 50%, жалпы сынықтар ішінде 3% құрайды.
Жіктелуі: Өкше сүйектері сынықтарының ерекшелігі сынық типі әр түрлі және соның ішінде жиі буынішілік сынықтар (90%)
Өкше сүйектері сынықтары:
- Буыннан тыс жиектік вертикальді сынық (а сурет)
- Буыннан тыс жиектік горизонтальді сынық («үйрек тұмсығы» б сурет)
- Буынішілік сынық (ығысусыз, буын бетінің басылуымен в сурет)
- Компрессиялық сынық (г сурет)
- Жарықшалы сынық (д сурет)
Буыннан тыс, ығысусыз сынықтар-жеңіл; ал буыннан тыс, ығысумен және буын ішілік, ығысусыз-орташа ауырлықтағы; буынішілік, ығысумен және жарықшақты-ауыр сынықтар қатарына жатады.
Жарақат механизмі: тура соққы. Негізгі себебі биіктіктен аяпен құлау
Диагностикасы: Табанда ауырсыну және ісіну. Жеңіл және орташа ауырлықтағы сынықтар кезінде науқас зақымданған аяғына басып жүре алады, бірақ ауырсынумен жүреді, ал ауыр сынықтар кезінде жүру мүмкін емес. Өкше сүйегінің сынығына өкшенің бүйір аймағында және табанның табандық бетінде қан құйылу ошақтары тән. Және осы аймақтарды пальпациялағанда ауырсыну (теріасты клетчатканың мыжылуынан) Сирақтабан буынында белсенді қозғалыстар біршама шектелген, ал топайасты буынында мүлдем шектелген.
Егер ығысумен болса:
- Өкше аймағында вальгусты не варусы деформация, оның енінің кеңеюі
- Сыртқы толарсақ ұшынан табандық бетке дейінгі аралықтың қысқаруы
- Табанның бойлық күмбезінің кеңеюі және ісінуі
Радиологиялық зерттеу: бүйірлік және аксиальді проекцияда түсіріледі. Бүйірлік проекция табанды башпай ұшына дейін түгелдей қамту керек, себебі ол арқылы сынықты және ығысуды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар топайасты және өкше-текше буынын және Белер бұрышының(6-сурет) өзгерісін анықтайды.
Ауруханаға дейінгі көмек: Б\і анальгетик, сатылы шинамен тасымалдаушылық иммобилизация және науқасты ауруханаға жеткізу. Зақымдалған аяққа күш түсірмеу керек.
Емі: зақымдалған аймақта анатомиялық құрылымдарды қалпына келтіру, бірақ өкше сынықтарын емдегенде негізгі мақсат табанның көлденең күмбезін қалпына келтіру. Емдеу әдістері консервативті, жартылай белсенді (қаңқадан тарту) және белсенді (оперативті ем)
Консервативті ем. Функциональді әдіс ығысусыз сынықтар кезінде қолданылады. Ол кезде аяқ жоғары көтерілген жағдайда болады және табанмен ерте пассивті қозғалыстарды бастау керек. 1.5-2 аптадан кейін(ісік қайтып, ауырсыну басылғаннан соң) біртіндеп үдемелі жүктеме түсіруге болады.
Жабық репозиция сынық түрі және ығысу сипатына байланысты жүргізіеді. Егер сүйек сынығы проксимальді бағытта ығысса осы фрагмент арқылы не одан жоғары біз өткізіп таға тәрізді темірге (скоба) тартып қояды. Бұдан кейін табан күмбезін жақсылап қалпына келтіріп 4-6 аптаға гипсті таңу салады Иммобилизация уақыты 1-2 апта.
Қаңққадан тарту өкше сүйегінің ығысумен сынығы кезінде қолданылады. Бізді өкше сүйегінің төмпегі арқылы өткізеді, егер керек болса өкше сүйегінің төмпегі төмен және артқа ығысатындай етіп үлкенжіліктенде өткізеді. Қаңқадан тартуды сонымен қатар Г.С.Юмашев бойынша жұмсақ тіндер арқылы өткен біз арқылы жүргізуге де болады (өкше төмпегіне ахилов сіңірінің беку алдында) Тарту 3-4 апта бойы жүргізіледі, сосын аяқты жарақат алған уақыттан бастап 2.5-3 ай бойы гипсті таңумен иммобилизациялайды.
Оперативті ем. Ашық әдіс-енгіш фиксаторлардың көмегімен жүргізіледі (біз, винт, сүйек трансплантаттары, моделдеуші пластиналар) Жақсы нәтижені сыртқы бекітуші аппараттар береді, себебі оның көмегімен ығысуды қалпына келтіреді және аяққа ерте күш түсіруге болады.
Бекіту уақыты мұндай аппаратпен 1-2 айға созылады. Ауыр травма кезінде (көп жарықшалы буынішілік сынықтар), яғни қалыпты анатомиялық құрылымдарды қалпына келтіре алмағанда топайасты буынының біріншілік артродезі қолданылады.
Табанның ортаңғы бөлімінің сынықтары
Жіктелуі және жарақат механизмі:
Табаналды сүйектерінің зақымдалулары:
- Қайықтәрізді сүйектің сынығы
- Текше сүйектің сынығы
- Сынатәрізді сүйектің сынығы
Табанның ортаңғы бөлімі қозғалмалы болып келеді. Бірнеше сүйектің сынығымен шығуы қатар жүреді. Жиі қайықтәрізді сүйектің сынығы және бірінші сынатәрізді сүйектің сынығы кездеседі. Текше және сынатәрізді сүйектің сынығы бірге кездеседі және ол тура соққының әсерінен дамиды. Бұл топтағы сынықтарда айқын ығысу болмайды, бірақ табан күмбезінің беріктігі бұзылады, яғни емдеген кезде мұны есепке алу керек.
Диагностикасы: Зақымдалған аймақта ауырсыну және ісіну анықталады. Максимальді пальпаторлы ауырсыну зақымдалған сүйек проекциясында анықталады. Табанның ротациялық және бүйірлік қозғалыстары ауырсынумен жүреді.
Радиологиялық зерттеу: стандартты проекцияда рентгенограмма жүргізу жеткілікті(бұл бөлімнің рентгеноанатомиясын білу маңызды), бірақ керек жағдайда салыстырмалы түрде басқа проекцияда түсіруге болады.
Емі: Қайықтәрізді, текше, сынатәрізді сүйектер ығысусыз сынғанда не аздап ығысумен сынғанда консервативті ем: табанның күмбезін жақсылап моодельдеп 6-7 аптаға гипсті етікше кигізіеді. Гипсті таңуды алғаннан соң 6-8 аптаға супинатор киеді. Ығысумен және орнына келмейтін сынық-шығулар ашық репозиция және металлоостеосинтез жүргізіледі.
Табан сүйектері және бақай фалангаларының жарақаттанулары
Шығулар:
1.Лисфранк буыны-сынатәрізді, текше, табан сүйектерінің арасындағы буын
- Толық емес- 1 табан сүйегінің сынығы
- Толық
а)біржақты
б)шашыраңқы
2.Шопар буыны-топай-қайықтәрізді және өкше-текше сүйектерінің арасындағы буын текше сүйектерінің арасындағы буын
3.Табан-фалангалық буынның
4.Проксимальді фалангааралық буынның
5.Дистальді фалангааралық буынның
Сынықтары:
Табан сүйектерінің
- 2.3.4.5 табан сүйектерінің
- Негізінің, диафизі, мойны не басының сынықтары
Бақай фалангаларының
- Дистальді фаланга
- Ортаңғы фаланга
- Проксимальді фаланга
Жарақат механизмі: тура (табанның алдыңғы бөліміне соққы не құлау) Табан сүйектерінің жекеленген сынықтары үшін ығысу аса тән емес, көптеген сынықтар ығысумен жиі жүреді.
Диагностикасы: табанның сыртқы бетінде ауырсыну және ісіну. Табан сүйектеріне осьті жүктеме және жергілікті пальпация ауырсынумен жүреді. Якобсон симптомы-табан сүйегі басын басқанда сынған жерде ауырсыну.
Радиологиялық зерттеу: Екі проекцияда жүргізіледі
Емі: Табан сүйектерінің ығысусыз сынықтарында консервативті ем: 4-6 аптаға сирақтың төменгі үштен біріне дейін гипсті таңу салу.
Ығысумен болған сынықтар кезінде Черкес-Заде рамасында қаңқадан тарту, яғни сәйкес тырнақ фалангасынан тракция жасау. Бұл кезде жансыздандырғаннан кейін тырнақ фалангасына біз өткізіп рамаға бекітіледі және рама гипсті таңуға бекітіліп тұрады. Клапп бойынша тарту тырнақтық фалангадан арнайы шоттың (цапка) көмегімен жүргізіледі. Қаңқадан таруды 3-4 аптадан соң шешеді.
Жабық қолмен репозиция және қаңқадан тарту нәтижесіз болса оперативті ем қолданылады. Ашық фиксация үшін біздер, Богданов стержені, сүйекүстілік пластиналар және формасын қайталайтын титан никелидінен конструкциялар қолданылады.
Маршты сынық (Дейчлендер ауруы)
Табан сүйектерінің мұндай сынықтары әдебиеттерде «қажыған» не «маршты» деген атпен белгілі. Бұл үнемі жүктеме түскеннен көптеген микорсынықтардың нәтижесінде дамиды(жиі солдаттарда кездеседі)
Науқастар табанның алдыңғы бөлігінде әр түрлі дәрежедегі ауырсынуға шағымданады. Аятың ұшымен тұра алмайды, табанның алдыңғы бөлімінің сыртқы бетінде ауырсыну және сүйектей тығыз 2 см ісіну. Осьті жүктемеде қатты ауырсыну. Алғашқы рнтгенограммада патологиялық өзгерістер айтарлықтай емес, яғни уақытында анықталмай науқас басқа ауру бойынша ем қабылдайды (миозит, созылмалы тендинит) Қосымша мәліметті КТ және остеотропты радиофармпрепарат енгізу арқылы гамма-сцинтиграфия жасау арқылы алуға болады.
Емі: негізгі емі консервативті. 4-5 аптаға гипсті лонгета салады. Оны алғаннан соң физиоем, бұлшықеттердің электростимуляциясы, ЕДШ тағайындалады. Реабилитациялық кезеңде арнайы аяқ киім кию керек (кроссовкалар, табанның көлденең күмбезін ұстап тұру үшін манжеталар). Реабилитациялық кезең жарты жылға созылады.