Неврологиядағы терең сезімталдықты тексеру

Терең сезімталдыкты тексеру

Бұлшық ет – буын сезімталдығы. Дәрігер сырқаттың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады, соңынан жоғары буындарды қозғалтуға кіріседі де сырқаттан «қай саусағыңды немесе қай буынды ұстап отырмын», «қай жаққа қарай қозғап (қимылдатып) отырмын» деп сұрайды. Егер сырқаттың нерв жүйесінің сезімталдыққа қатысты құрылымдары зақымданбаса ол дәрігердің әрекеттерін дұрыс бағалайды. Ал жауап дұрыс болмаса тексерілушінің  сезімталдыққа қатысы бар нерв жүйесін, белгілі бір құрылымдары зақымданған болып есептеледі. Тексеру арқылы алынған деректерге сүйене отырып, дәрігер сырқатта бұлшықет –буын сезімталдығы  қол немесе аяқ ұшы саусақтарында немесе иық, жамбас- сан буынында т.б дейін бұзылғандығы туралы тұжырым жасайды.

Дене бөліктерінін орналасу сезімі:

  • сынама науқастың көзін жұмып жасалады
  • дәрігер науқастың  қол аяқтарын әр түрлі жағдайда  қояды
  • науқас дене бөліктерінін орналасуын анықтап айтады

Кинестетикалық сезім (сезімталдық). Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары- төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқат тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата білуге тиіс.

Батыру – сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ- қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.

Салмақты сезіну. Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 15-20 г шамасында айырмашылығы анықталады.

Терең сезіталдықты анықтау

Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесіндегі қақ сүйектерге (толарсақ, тізе тобығы, жамбас сүйегінің қыры, омыртқалардың қылқанды бұтақтары тармақтары, өсінділері, біз тәрізді есінділер, шынтақ өсіндісі, бұғана, бас сүйектегі еміздік тәрізді өсінді жанастырады да сырқаттан дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін симметриялық екі жағын сұрап біліп отырады. Осындай жерде тексерістер кезінде сырқат камертонның дірілін сезбеуі (апаллестезия) немесе оны болар-болмас қана сезінуі (гипопаллестезия) мүмкін.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!