Инфузионды терапия кезіндегі ертінділер

Инфузионды ерітінділер

Қан тамырлары арқылы ағзаға енгізілетін сұйық ерітінділер инфузионды ерітінділер деп аталады. Инфузионды ерітінділер үшін міндетті шарттар:

  • ағуы
  • қан құрамы мен ағзалар үшін терапевтикалық дозада токсикалық емес болуы
  • жеңіл дозалануы
  • инфузиялық ортаның нейтральдығы, әсіресе әр түрлі препараттар үшін
  • салыстырмалы тұрақтылық

Инфузиялық ерітінділердің жіктелуі және тағайындалуы

Инфузионды ортаның  басты мінездемелері бойынша бірнеше сұйықтық орталарын қарастырады. Әртүрлі жіктемелер бойынша 4 тен 6 дейін топтамалар бар. Басты жіктеме “жұмысшы”, бұнда мынадай түрде жіктелген. Бұл жіктеме негізінде органикалық және бейорганикалық заттарға жатуына, сонымен қоса онкотикалық қасиетке ие болуына байланысты жіктелген.

  • кристаллоид
  • коллоид
  • қан компоненттерінің препараттары

Демеуші – энтеральды тамақтану мүмкін болмаған жағдайда сұйықтық пен электролиттермен физиологиялық ағзаны қамтамасыз ету.

Корригирлеуші

  • сұйықтық пен электролиттердің жеткіліксіздігін қамтамасыз ету
  • патологиялық жоғалтуды қалпына келтіру
  • сұйықтықтың патологиялық таралуын қалпына келтіру
  • осмолярлық және онкотикалық қысымды қалпына келтіру
Ағзаға енетін сұйықтықАғзадан шығатын сұйықтық
Сұйықтық және сұйық тағам – 1,0-1,4Бүйрек арқылы-1,3-1,5
Қатты тағамдар -1,0Нәжіс арқылы – 0,1-0,2
Эндогенді метаболикалық су -0,3Тері арқылы – 0,5- 0,6
 Өкпе арқылы – 0,4
Барлығы – 2,3- 2,7Барлығы 2,3 – 2,7
  • Изоосмолярлы эффект – изосомолярлы ерітіндімен енгізілген су ( мысалы, Рингер ерітіндісі, Рингер – ацетат) тамыр арасы және тамырдан тыс кеңістікке таралады 1:3, яғни 25 % волемиялық эффект және 30 минутқа созылады. Бұл ерітінділер изотониялық дегидратацияны емдеуге көрсетілген.
  • Гипоосмолярлы эффект- электролитті ерітіндімен бірге енгізілген 75% су (дисоль, ацесоль, глюкоза ерітіндісі 5 %) тамырдан тыс кеңістікке барады. Гипертониялық дегидратация кезінде көрсетілген.
  • Гиперосмолярлы эффект – тамырдан тыс кеңістіктен, су тамыр торына түседі, яғни гиперосмолярлы ерітіндіні қанның осмолярлығына жеткізгенше жүргізіледі. Бұл ерітінділер гипотониялық дегидратация кезінде ( натрий хлорид 10 % ) және гипергидратация кезінде (маннитол 10 % және 20 %) көрсетілген.

Ерітіндідегі электролиттердің құрамына байланысты жіктеме:

  • изотониялық (натрий хлорид 0,9 % ерітіндісі, глюкоза 5 % ерітіндісі)
  • гипотониялық (дисоль, ацесоль)
  • гипертониялық (4% калий хлорид ерітіндісі, 10 % натрий хлорид ерітіндісі, 4,2% және 8,4% натрий гидрокарбонат ерітіндісі) электорлиттік концентрат болып табылады және инфузиялық ерітінділерге (глюкоза 5 %, Рингер – ацетат ерітіндісіне) қосынды ретінде пайдаланылады.

Ион санына байланысты жіктеме:

  • моноионды ( натрий хлорид ерітіндісі)
  • полиионды (Рингер ерітіндісі)

Кристаллоидтар (электролит ерітінділері мен қант)

  • Тұзды ерітінділер органикалық анионсыз (изотоникалық ерітінді  NaCl, Рингер ерітіндісі,  Рингера-Локк ерітіндісі, Трисоль);
  • Тұзды ерітінділер, құрамында органикалық аниондар бар (Рингер-лактат, күрделі лактат, Лактосол, Дисоль, Ацесоль, Хлосоль, Квартсоль, Ионостерил және т.б);
  • Көмірсулар (глюкоза ерітіндісі);
  • Көп атомды спирт негізіндегі препараттар:
    – алты атомды спирт  (Маннитол, Сорбитол, Маннитол + Сорбитол, Реосорбилакт, Сорбилакт);
    – бес атомды спирт (Лактосил, Ксилат, Глюксил);
  • Амин тобы бар заттар (Трисамин, Трометамол композитум);
  • Аминқышқылдар:
    – ақуызды гидролизат(Гидролизат казеин, Аминокровин, Гидролизин, Гидролизин-2, Фибриносол, Амикин және т.б.);
    –  кристалдық  амин қышқылдардың синтетикалық құрамасы (Аминол, Аминосол, Аминон, Инфезол, Полиамин, Панамин, Вамин, Левамин, Аминоплазмаль және т.б).

инфузионды терапия ертінділер

Коллоидтар

  • поливинилпирролидон негізіндегі препараттар (Гемодез, Гемодез Н, Неогемодез, Перистон-Н, Неокомпенсан);
  • полиспирт негізіндегі препараттар (Полидез, Полиоксидин);
  • Декстрандар:
    – орташа молекулярлы (Полиглюкин, Неорондекс, Макродекс, Интрадекс, Декстран, Плазмодекс, Лонгастерил 70;
    – төмен молекулярлы(Реополиглюкин, Реомакродекс, Ломодекс, Лонгастерил 40, Декстран-40 000, Гемодекс);
    –  декстран негізіндегі басқа препараттар  (Антеглюкин, Декстран-1000, Гаптен-декстран, Лонгастерил 70 электролиттармен бірге, Полиглюсоль, Рондеферрин, Рондекс, Рондекс-М, Полифер, Реоглюман);
  • гидроксиэтилкрахмал (ГЭК) негізіндегі препараттар:
    – тетракрахмал (Волютенз, Волювен, Волекам);
    – пентакрахмал (Гекодез, Рефортан, Рефортан Плюс, Хаэс-Стерил, Инфукол, 6- HES, Полигидроксиэтилкрахмал);
    – Хетакрахмал (Плазмастерил, Стабизол, Гемохез).
  • Ақуызды препараттар:
    –  желатин препараттары(Желатиноль, Геможель, Плазможель, декальцинирленген Желатиноль, Гелифундол, Желофузал, Желофузин, Физиожель );
    – нативті ақуыздар (Протеин, Альбумин);
    –  гемоглобин негізіндегі препараттар  (Эригем, Геленпол).

Инфузионды ерітінділер: кристаллоидтар

Барлық ерітінділердің негізі NaCL болып саналады. Ол еріткіш және өзі белгілі әсер көрсетеді. Қан плазмасы мен клетка аралық сұйықтықта хлор мен натрийдың 0,9% шамасында концентрацисы болады, яғни 100 мл-де 1мг тұз (900мкг). Нәтижесінде 0,9% концентрациялы тұзы бар инфузонды ерітінділерге қанның буферлі жүйесіне нейтральды болуына әсер етеді. Басқаша бұндай ерітінділер изотоникалық болып саналады.

Оларға жатады: физиологиялық ерітінді және  Рингера-Лок ерітіндісі. Сонымен қоса,  хлосоль, дисоль, трисолды да жатқызуға болады. Себебі натрий  хлорид ерітіндісі бойынша олар изотоникалық болып саналады. Бірақ, басқа жағынан оған басқа тұздар қосылған, яғни үлкен көлемде енгізген кезде электролитті баланстың араласуына әкеледі. Сонымен қоса кристаллоидтарға электролит ерітінділері жатады, олар физиологиялық қалыптан жоғары сондықтан гипертониялық  және тұз концентрациясы бойынша төмен ерітінділер – гипотониялық деп аталады. Гипертониялық ерітінділерге глюкоза ерітінділері жатады (5%, 25% и 40%), сода ерітінділері, қайнатылған тұз ерітінділері (10% және 20%). Органикалық қышқылдардан жасалған ерітінділер бөлек қарастырылады: янтарлы, уксустық және т.б. Еріткіш ретінде физиологиялық ерітінді қолданылады. Ең танымал түрі реамберин.

Сапалық құрамы бойынша өзгешеліктер болғанмен кристаллоидтармен  ұқсас көрсеткіштері бар

  • Біріншілік айналымдағы қан көлемін толтыру. Мысалы, 10-15% қан жоғалту және аз жылдамдықтағы қан кетуде, бұл кезде физиологиялық ерітінді және  Рингер ерітіндісін қолданады.
  • Көптеген дәрілік заттарға еріткіш ретінде. Бұл мақсатта изотоникалық және әлсіз гипертоникалық  (5-10% дейінгі) ерітінділер қолданылады: физиологиялық ерітінді, стерофундин, глюкоза 5%, Рингер ерітіндісі.
  • электролиттердің жетімсіздігін қалпына келтіру: стерофундин, трисоль, хлосоль, глюкозо-инсулин-калий қоспасы (“полярка”).
  • Қан тоқтатқыш зат: аминокапрон қышқылының ерітіндісі.
  • Энергия дефициті болса қалпына келтіру: реамберин.

Инфузионды ерітінділер: коллоидтар

Олардың негізінде полимерлі органикалық қосылыстар жатыр. Олар  “белсенді” осмос қасиетіне ие. Яғни, кристаллоидтарға қарағанда,олардың осмотикалық белсенділігі  градиент кезінде көрініс береді, ал коллоидтар өздері осы белсенділікті көрсетеді. Сондықтан бұл топтағы ерітінділер бірінші орында қан тамырларындағы осмотикалық қысымды қалпына келтіруге негізделген. Нәтижесінде айналымдағы қан көлемі, жасуша аралық сұйықтық және толықтай гемодинамика қалпына келеді. Басқаша айтқанда, коллоидты ерітінділер артериялық қан қысымын оптимальды деңгейде ұстап тұрады.

Бұндай ерітінділерге жатады: полиглюкин, реополиглюкин, стабизол, гелофузин, рефортан, волювен, венозол. Жеке перфторан қарастырылады, себебі бұл препарат өзіндік колоидтық ерітінді қасиетінен басқа “оттегі тасымалдай алады”, сондықтан ол массивті қан кетуде пайдалы.

Қарсы көрсеткіштер: гиперволемия, гипергидратация, ауыр жүрек тоқыраулы жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, геморрагиялық диатез, крахмалға сезімталдық.

Инфузионды ерітінділер: қан препараттары

Алдағы екі топқа қарағанда бұл топ препараттары “тірі” өнімнен, яғни адам мен жануарлардың қанынан жасалады. Сондықтан олар құрамы бойынша қанға ұқсас болады. Басқа жағынан, олар белгілі антигенді жүктемеге ие, яғни аллергиялық әсер көрсетуі мүмкін соған байланысты аз көлемде қолданылады. Қалыптыда  500, сирек кезде 1000 мл/тәулігіне тағайындалады.

Бұл топқа кіреді:

  • Альбуминдер. Гипопротеинемия – қандағы жалпы ақуыздың азаюы кезінде қолданылады.
  • Плазма. Қанның барлық жасушалық компоненттерінен тазартылған: детоксикация, ағымдылығының коррекциясы және айналымдағы қан көлемінің  рео- және волюмокоррекциясы.
  • Тромбоцитарлы масса. Қан құрамындағы тромбоцит жеткіліксіздігінде қолданылады.
  • Эритроцитарлы масса. Тек қан эритроциттерінен тұрады. Гемоглобиннің төмен көрсеткіштері болған кезде қолданылады.
  • Лейкоцитарлы масса. Жиі нейтрофил және  моноцит ерітінділері қолданылады.Туа пайда болған  иммунодефицит кезінде қолданылады.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!