Ауыз аймағының топографиясы
Ауыз аймағы (Regio oralis)
Шекаралары:
- Жоғарғы жағынан – мұрын пердесінің негізі арқылы жүргізілген горизонталь сызық
- Төменгі жағынан – иек–ерін қатпары арқылы жүргізілген горизонталь сызық
- Бүйірлерінен -мұрын еріндік қатпарлармен.
Ауыз қуысы (Cavitas oris)
- Vestibulum oris. Бір жағынан еріндер мен ұрт, екінші жағынан тістер мен қызыл иек арасында орналасқан қуысты кеңістік
- Cavitas oris propria. Жоғары жағынан қатты және жұмсақ таңдаймен, алды мен бүйір жақтарынан тістер, қызыл иек және жақ сүйегінің альвеолярлы өсіндісімен, төменгі жағынан тіл мен ауыз диафрагмасымен , артынан аранмен шектелген.
Ауыз қуысының кіреберісі.
Ерін мен ұрттың шырышты қабатының альвеолярлы өсіндіге ауысатын аймағында ауыз қуысының кіреберісінің жоғарғы және төменгі күмбездері ( formix superior et inferior ) қалыптасады. Күмбездер арқылы түзілген шырышты қатпарды кіреберістің өтпелі қатпары деп атайды. Әдетте жоғарғы күмбез жақ үсті қойнауынан төмендеу орналасады. Мұның синусит кезіндегі операцияда маңызы зор.
- Arcus palatopharyngeus;
- Tonsilla palatina (таңдай бадамшасы);
- Arcus palatoglossus;
- Dorsum linguae;
- Isthmus faucium;
- Uvula (тілше);
- Palatum molle;
- Raphe palati (жік)
- Palatum durum;
- Philtrum;
Еріндер –( labia oris). Жоғарғы және төменгі еріндер – ауыз қуысының алдыңғы жағын құрайды. Ерін сыртынан терімен, ішінен шырышты қабықшамен жабылған. Екі еріннің қосылатын жерін – comissura labiorum деп атайды. Шырышты қабықша жоғарғы еріннен қызылиек (gingiva) бетіне созылып, орта сызық бойымен – жүгеншік (frenuli labii superioris et inferioris) түзеді.
Бұлшық еттері:
Жиырғыш: Ауызды жабуға, ерінді бір-біріне тигізуге,еріндерді алдыға қарай жылжытуға қатысады. m.orbicularis oris: pars marginalis ,pars labialis
Жазғыш: Ауыз бұрыштарын және жоғарғы ерінді көтеруге, төменгі ерінді түсіруге қатысады:
- m.levator anguli oris et m.levator labii superior;
- m.depressor anguli oris et m. depressor labii inferior;
- m.zygomaticus minor et major.
Қанмен қамтамасыз етілуі:
- a. Communis externa: a. Facialis (a.Labialis superior, a. Labialis inerior)
- a. maxillaris (a. Palatina descendens)
Нервтенуі
- n.trigeminus- шайнау және ауыз қуыс бұлшықеттерін нервтендіреді
- n.maxillaris – жоғарғы ерін бұлшықеттерін және таңдайдың шырышты қабықшасын нервтендіреді
- n.mandibularis – төменгі ерін бұлшықеттерін және ауыз қуысының төменгі артқы бөлігін нервтендіреді
- n.nasopalatini – мұрын-таңдай нерві:
- n.palatinus major
- n.palatinus minor
Таңдай
Жұмсақ таңдай құрамына кіретін бұлшық еттері:
- M. Palatopharyngeus жұмсақ таңдай мен hamulus pterigoideus- тен басталып, төмен жұтқыншаққа arcus palatopharyngeus қабатына келіп, қалқанша шеміршектің артқы жиегі мен жұтқыншақ қабырғасында аяқталады.
- M. Palatoglossus
- M. Levator veli palatini
- M. Tenzor veli palatini
- M. Uvulae
Пирогов – Вальдейер сақинасы: Жұтқыншақта лимфаденоидты түзіліс сақина түрінде орналасады: екі таңдай бадамшалары, екі түтікті, бір жұтқыншақты (мұрын жұтқыншақты), бір тіл және лимфаденоидты тіннің ұсақ жинақталуы. Осының бәрі қосылып лимфаденоидты жұтқыншақты, яғни Вальдейер-Пирогов сақинасын құрайды.