Жоғарғы және төменгі жақ анатомиясы

Жоғарғы және төменгі жақ

Тіл: нервтенуі  қамтамассыз етілуі, лимфа айналымы. Ауыз  қуысының түбі, бұлшықеттері, шандырлары, шелді кеңістіктері. Ауыз қуысындағы іріңді қабынудың таралу жолдары.

  • Жоғарғы жақ, maxilla, құрылысы күрделі келген жұпты сүйек.

Жоғарғы жақ денеден және 4 өсіндіден тұрады.

А. Дене, corpus maxillae, құрамында үлкен ауалы қойнау болады, sinus maxillaris, ол кең тесігімен мұрын қуысына, hiatus maxillaris-қа ашылады. Денесінде 4 түрлі беткейлерді ажыратады:

  1. Алдыңғы беткейі, facies anterior, көз шарасының төменгі жиегінің астында сәл ойыстау болып келген.
  2. Төменгі самайлық беткейі, facies infratemporalis, ол төменгі самайлық ойыс, fossa infratemporalis, пен қанат-таңдай ойысына, fossa pterygopalatina, қараған, дөңестеу және бұдырлау болып орналасқан.
  3. Мұрындық беткейі, facies nasalis. Онда төменгі мұрын раковинасына арналған жүлге орналасады (crista conchalis). Маңдай өсіндісінің артында жастық жүлге sulcus lacrimalis, ол жас сүйегімен және төменгі раковинамен жас мұрындық каналға — canalis nasolacrimalis-қа ауысады.
  4. Көз шарасына қараған беті, facies orbitalis тегістеу және сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізді болып, алға, төмен және латеральды бағытта ойыса келіп орналасқан.

жоғарғы және төменгі жақ анатомиясы

Б. Өсінділері.

  1. маңдайлық өсінді, processus frontalis, ол жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы беті мен мұрын бетінің тікелей жалғасы болып саналады. Бұл өсіндінің латеральдық және медиалді бетін ажыратады.
  2. Альвеолярлы өсінді, processus alveolaris, ол жоғарғы жақ сүйегі денесінің таңдайлық өсіндісімен қиылысқан жерінен төмен қарай бағыт алып орналасқан.
  3. Таңдай өсіндісі, processus palatinus, ол жоғарғы жақ сүйегінің мұрын қуысына қараған бетінің төмегі бөлігінен, горизонтальді бағытта бір-біріне бағытталып орналасқан
  4. Шықшыт өсінді, processus zygomaticus, ол бұл сүйектің сыртқы беті мен көз шарасына қараған бетінің қиылысқан бұрышында орнасласқан.

Төменгі жақ –бассүйек сүйектерінің ішіндегі жалғыз қозғалмалы, жұпсыз сүйек.

Топографиялық орналасуына қарай денесінен, өсінділерінен және денесінің артқы қапталынан жоғары бағытталған бұтақтарынан тұрады.

Ауыз қуысы түбінің, шырышты қабаттың, бұлшықеттердің астында клеткалық кеңістіктер орналасады:

  1. Бүйірлік клеткалық кеңістік;
  2. Ішкі бұлшықетаралық кеңістік;
  3. Сыртқы бұлшықетаралық кеңістік;
  4. Төменгі жақасты клеткалық кеңістік;
  5. Жұпсыз бұлшықеттаралық кеңістік.

Бұлшықетаралық кеңістіктерде пайда болатын іріңді қабынулар, ауыз түбіне және көршілес ағзаларға өтеді.

  • Жұтқыншақ маңына (тілжұтқыншақ нерві және m.stylohyoideus жолы арқылы);
  • Беттің терең аймақтарына (тіл нервісінің жолы арқылы);
  • Тіласты аймаққа (тіласты нерві және тіл артерияларының жолы арқылы).

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Төменгі жақ сүйегінің сынығы
  2. Бет сүйегінің сынықтары

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!