Жыныстық жолмен берілетін аурулар

Жыныс жолымен берілетін аурулар

Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар – бұл жыныс жолдарымен берілетін аурулар тобы. Бұл ұғымға көптеген ауруларды енгізуге болады. Қазіргі кезде жыныстық жолмен берілетін 20-25-ке жуықтай ауру бар.

 Жіктелуі:

  • «Классикалық»  венерологиялық аурулар
  • «Жаңа» венерологиялық немесе жыныстық мүшелерді зақымдаумен жүретін аурулар
  • Жыныстық жолмен берілетін тері аурулары
  • Жыныстық жолмен беріліп, басқа органдарды зақымдайтын аурулар

«Классикалық» венерологиялық аурулар

  1. Гонорея (Gonorrhea, қоздырғышы – Neisseria gonorrhea);
  2. Донованоз немесе шап гранулемасы (Donovanosis, қозд. – Calymmatobacterium granulomatis);
  3. Мерез (Syphilis,  – Treponema pallidum);
  4. Жұмсақ шанкр немесе шанкроид (Chancroid, қозд. – Haemophilus ducreyi);
  5. Венерологиялық лимфогранулематоз (Lymphogranuloma venereum,  – Chlamidia trahomatis).

«Жаңа» венерологиялық аурулар

  1. Бактериальды вагиноз (гарднереллез);
  2. Генитальды герпес (Genital herpes, қозд.- Herpes simplex virus);
  3. Кандидоз;
  4. Микоплазмоз;
  5. Папиллома (Genital warts, қозд.- Papillomovirus hominis);
  6. Трихомониаз (Trichomoniasis, қозд.- Trichomonas vaginalis);
  7. Уреаплазмоз;
  8. Гомосексуалисттердің урогенитальды шигеллезі;
  9. Хламидиоз (Genital Chlamydia trochomatis infection, қозд.- Chlamydia trochomatis);
  10. Бейспецификалық уретрит;
  11. Цитомегаловирус.

Жыныс жолдарымен берілетін тері аурулары

  1. Қышыма;
  2. Педикулез, қасаға биті (фтириаз);
  3. Контагиозды моллюск

Жыныстық жолмен беріліп, басқа органдарды зақымдайтын аурулар:

  1. АИТВ/ЖИТС;
  2. Амебиаз;
  3. Вирусты гепатит В және С;
  4. Лямблиоз

Трихомониаз (Trichomoniasis)

Қынап трихоманадасымен шақырылатын инфекциялық ауру. Кездесу жиілігі – 40%.

Клиникасы. Инкубациялық кезең 3-5-тен 20-30 күнге дейін. Жедел жай, гранулезды және макулезды трихомонадалы кольпит, жеделдеу және созылмалы түрлері бар.

Зақымдайтын жерлері: қынап, зәр шығару өзегі, қуық, қынап кіреберіс үлкен бездерінің шығару өзектері, кіреберіс, жатыр мойны шырышты қабаты, жатыр қосалқылары.

Жедел жай трихомонадалы кольпитте сыртқы жыныс мүшелерінің қышуы, вульва мен қынаптың ісінуі байқалады. Қынаптың шырышты қабаты гиперемирленген, іріңді жабынмен жабылған. Қынап бөліндісі іріңді және жағымсыз иісті.

Жедел гранулезді кольпитте қынап және жатыр мойнының шырышты қабаты түйіршікті сипатқа ие. Гранулезді нүктелер басқан кезде жоғалмайды. Макулезді  кольпитте қынап және жатыр мойнының шырышты қабатынан шығып тұратын қызыл дақтар пайда болады. Бұл кеңейген қан тамырлары, тисе қанайды.

Диагностикасы:

  • Клиникалық көрініс мәліметтері;
  • Бактериоскопиялық зерттеу;
  • Бактериологиялық зерттеу;
  • Кольпоскопия.

Емі 

  • Метронидазолмен (трихопол) емдеу схемасы: 1-күні – 0,5 г трихопол күніне 2 рет; 2-күні – 0,25 г трихопол 3 рет/тәул.; келесі 4 күн 0,25 г-нан 2 рет/тәул.
  • Жергілікті ем: алдымен – сыртқы жыныс мүшелерін 1:2000 калий перманганат ерітіндісімен мұқият жуу, содан соң қынапқа 5%-тік осарсол н/е 30% альбуцид ерітіндісін енгізеді. Ал трихомонад тік ішекте табылса – ішекті тазартқан соң тік ішекке свеча (0,3 г осарсол +бор қышқылы) 10 күн бойы қойылады.
  • Ем 2-3 менструальды цикл бойы жүргізіледі, соңғы етеккірден 1-3 күн өткен соң жағынды алынады.

Жыныстық аурулар

Гонорея (Gonorrhoea)

Гонококктармен шақырылатын әйел жыныс мүшелерінің спецификалық қабыну ауруы. Кездесу жиілігі 5-25%. Көбінесе 21-40 жас аралықтарында кездеседі.

Жіктелуі:

Топографоанатомиясына байланысты:

  • Жоғары өрлейтін гонорея;
  • Зәр шығару жүйесінің гонореясы;
  • Тік ішек гонореясы;
  • Метастатикалық гонорея.

Клиникалық ағымына сай:

  • Жаңа пайда болған гонорея: жедел (2 аптаға дейін п.б.), жеделдеу (2-8 аптада п.б.) және торпидті.
  • Созылмалы гонорея (2 ай).

Гонореялы уретрит – 71-96%-да кездеседі, көбінесе босанбаған әйелдерде. Инкубациялық кезеңі 3-5 күннен 3-4 аптаға дейін. Белгілері: дизуриялық көріністер, уретра аймағында күйдіріп ашу, зәр шығаруда ауырсыну; уретраның шырышты қабатының қызаруы, ісінуі, іріңді бөліністердің бөлінуі.
Гонореялы парауретрит – 3-15% әйелдерде кездеседі. Белгілері: парауретральды өзек ісінген, қызарған, зерттегенде ауырсынады. Қынапты басқанда өзектен іріңді бөлініс бөлінеді, ал егер осы өзек бітелсе, жалған абсцесс дамиды.

Гонореялы бартолинит  – үлкен жыныс ернінің ортаңғы және төменгі 1/3-де орналасқан сыртқы тесік маңындағы өзек ісінген және қызарған, гонореялы дақтар пайда болған.

Гонореялы эндоцервицит  – 80% әйелдерде кездеседі. Белгілері: бел мен сегізкөз аймағында ауырсыну, жатыр мойнының шырышты қабаты қызарған, ісінген, қатайған, шырышты-іріңді бөлініс бөлінеді. Созылмалы түрінде Набот кисталары, жедел түрінде – эрозия түзіледі.

Гонореялы проктит – 40-45% науқастарда кездеседі. Белгілері: тенезмдер, дефекация кезінде артқы тесік аймағында ауырсыну, күйдіріп ашу байқалады. Шырышты қабаты қызарған, ісінген, эрозияға ұшыраған.

Гонореялы эндометрит – жатыр шырышты қабатының зақымдалуы. Дене температурасының жоғарлауы, іштің төмен жағында ауырсыну, сұйық шырышты-іріңді бөлініс бөлінеді, жатыр ұлғайған.

Гонореялы сальпингоофорит – жатыр қосалқыларының зақымдалуы. Белгілері: дене температурасының жоғарлауы, іштің төмен жағында ауырсыну, қалтырау. Гидро- немесе пиосалпинкс дамуы мүмкін. Түтік қалыңдаған және иілген.

Гонореялы пельвиоперитонит – ашық және жабық түрлері бар. Белгілері: лоқсу, құсу, іштің ауырсынуы, іш қату, метеоризм, гипертермия, пульс жиілеген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң.

Диагностикасы:

  • Клиникалық көрініс мәліметтері;
  • Алынған жағындыда гонококктарды анықтау.
  • Бактериоскопиялық және бактериологиялық әдістер.

Емі.

  • Төсектік тәртіп, ішке суық басу (3 күн), диета, сыртқы жыныс мүшелерінің туалеті.
  • Дезинтоксикациялық ем.
  • Қабыну процесі басылған кезде физиоем
  • Иммунды терапия
  • Жергілікті ем (ауру түріне байланысты протаргол ерітіндісін қолдану).
  • Пельвиоперитонит, пиосальпинкс, пиовар кезінде хирургиялық ем.

Кандидоз (Candidosis)

Ашытқы саңырауқұлақтарымен шақырылатын жыныс мүшелерінің арнайы қабыну аурулары. Вульва, қынап, жатыр және оның қосалқыларының кандидамикозы болады.

Белгілері: зақымдалған жердің шырышты қабатының қызаруы, ісінуі, қышуы, ауырсынуы, ақ түсті бөліністер байқалады және эрозиялар дамиды.

Диагностикасы: жарадан алынған жағындыдан қоздырғышты анықтау.

Емі:

  • жергілікті ем: 1% генциан көгі ерітіндісі, кейде Люголь ерітіндісі қолданылады. Зақымдалған жерді 5% нистатин ерітіндісімен өңдеу.
  • леворин (50000Ед 3-4 рет/тәул. 3 апта);
  • Антигистаминді препараттар;
  • поливитаминдер;
  • иммунитетті көтеретін ем.

Урогенилтальды герпес  – герпес вирусымен шақырылатын инфекциялық ауру. Белгілері: жатыр мойнының өзегі, уретра қызарған, ісінген, шырышты-іріңді бөлініс түзіледі. Зақымдалған жерде алғашында көптеген везикулалар пайда болады, кейіннен олар жарылып, сұр-сары түсті жаралы жабын түзіледі. Сонымен қатар конъюктива, буындар зақымдалады.

Диагностикасы: вирусты анықтау, КБР, ГАТР, вирусологиялық зерттеу жүргізу.

Емі: интерферон майын қолдану.

Микоплазмоз – микоплазмалармен шақырылатын қабыну ауруы. Белгілері әйел жыныс мүшелерінің  басқа этиологиялы қабыну ауруларының белгілеріне ұқсас.

Емі: жалпы және жергілікті антибактериальды ем (тетрациклин , канамицин, линкомицин.т.б.).

Урогенитальды хламидиоз – уретрадан аз мөлшерде бөлініс, зәр шығару каналының қышуы, ауырсыну.

Емі: тетрациклин 1-1,2 г/тәул. 7-14 күн.

Ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Әйелдің ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары
  2. Сыртқы жыныс ағзаларының рагі (вульва рагі)

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!