Қынап топографиясы, анатомиясы
Қынап, Vagina– алдыңғы, артқы бағытта созылған түтікті орган болып табылады, ұзындығы 8-10 см, ол кіші жамбастың алдыңғы бөлігінде қуық пен тік ішек арасында орналасқан.
Қынап жоғарғы ұшымен жатыр мойнын қоршайды, ал төменгі ұшы жағымен кіші жыныс еріндеріне ашылады. Қынаптың алдыңғы қабырғасына қуықтың түбі жақын жатады, олар қуық қынап пердесімен тығыз жанасып жатады.
Босану кезінде немесе әр түрлі жарақаттар кезінде қынап жыртылуы болғанда, бұл қуық -қынап пердесі орналасқан жерде жыланкөздер түзіледі.
Қынаптың алдыңғы қабырғасына зәр шығару түтігі байланысқандықтан, артқы қабырғасы қалыңырақ болып келеді. Қынаптың артқы қабырғасына тік ішек жақын жатады. Қынаптың жоғарғы бөлігі мен жатыр мойны арасында соқыр қалта – қынап күмбезі fornix vaginae түзіледі.
Қынап күмбезі алдыңғы және артқы болып бөлінеді. Қынаптың артқы күмбезі терең болып келеді. Кіші таз жағынан іш астар жатыр мойыны бойымен қынаптың артқы күмбезін 2 см бойы жауып жатады. Кіші таздың ортаңғы іш астар асты бөлігінде қынап тік ішек қынап пердесін septum recto-vaginale арқылы бөлініп жатады.
Қынап екі қабаттан тұрады:
- Бұлшықетті қабат –”tunica muscularis” 2 қабаттан тұрады:
- Сыртқы –көлденең,ішкі –домалақ.
Сондай-ақ бұл екі қабат бір-бірімен өзара айқасып жатады. Көлденең бұлшықет шоғыры үстіге көтеріле жатыр мойны бұлшықеттеріне айналады. Жыныс зәр шығару диафрагмасы аймағында қынап қабырғасында көлденең жолақты бұлшықеттер шоғыры орналасып, жамбас түбі бұлшықеттерімен байланысады, ал жатырдың жоғарғы бөлігінде тегіс бұлшықеттер шоғыры ғана орналасады.
Шырышты қабат-”tunica mucosa”, өзінің пластинкалары арқылы қынаптың бұлшықет қабатымен тығыз байланысқан, ол бұлшықет қабатына қарағанда қалыңырақ келеді, кей жерлерде оның қалыңдығы 2 мм-ге жетеді. Шырышты қабат қабырғасының, әсіресе төменгі бөлігінде көлденең қатпарлар rugae vaginalis орналасқан.
Қынаптың ортаңғы бөлігінің алдыңғы және артқы қабырғаларында қатпарлар көбірек байқалады. Шеттеріне қарағанда және көлденең шығыңқы қатпарлар алдыңғы және артқы бағандарды columnae rugarum anterior et posterior түзеді. Қынаптың жоғарғы бөлігіне қарағанда бұл қатпарлар төменгі бөлігінде жақсы дамыған.
Алдыңғы бағанның төменгі ұшы қынаптың зәр шығару килі carina urethralis vaginae деп аталады. Бұл қатпарлар қынап және оның қабырғасының шырышты қабатының едәуір созылуын көрсетеді және ұрықтың босану жолдары арқылы жеңіл шығуын қамтамасыз етеді.
Қынаптың алдыңғы бүйір бөлігіне жақын зәр шығару түтігі орналасқан. Жыныстық қатынасқа түспеген әйел адамдарда ostium vaginae бөлігінің артқы және бүйір жиегінде жартыай пішінді шырышты қабаттың жұқа қатпарының дупликатурасы қыздық перде carunculae hymenalis орналасқан. Ол пішінсіз емізікке ұқсас болады және бұл емізіктің орналасуы қынаптың төменгі шекарасы болып табылады.
Қынаптың қанмен қамтамассыз етілуі. Қынаптың a.uterinae және a. puden da interna – ның қынаптық бұтақтарымен қоректенеді. Қынап веналары венозды тор plexus venosus vaginalis түзеді. Веналық қанның және лимфаның ағуы және иннервациясы жатырдікіндей болып келеді. Қынаптың төменгі бөлігін n. pudendus нервтендіреді және жатыр – қынаптық нерв торы plexus utero vaginalis –пен иннервациялайды.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Қыздық перде
- Жатыр және қосалқылары. Анатомиясы
- Әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының жіктелуі
- Акушерия және гинекологиядағы жедел жағдайлар