Супрастин дәрілік препараты

Супрастин дәрісі

Саудалық атауы: Супрастин®

Халықаралық патенттелмеген атауы: Хлоропирамин

Дәрілік түрі: Таблеткалар

Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 25 мг хлоропирамин гидрохлориді бар,

қосымша затгар: стеарин қышқылы, желатин, натрий карбоксиметилкрахмалы (А түрі), тальк, картоп крахмалы, лактоза моногидраты бар.

Сипатамасы: Бір жағында «51ІРКА5ТІН» ойық жазуы бар, екінші жағында ойыты мен сызаты, иіссіз немесе иіссіз дерлік диск түріндегі ақ немесе сұрғылт-ақшыл таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы: Жүйелік әсері бар гистаминге қарсы препараттар. Айырбасталтған этилендиаминдер.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Ішу арқылы қабылдатаннан кейін хлоропирамин асқазан-ішек жолдарында жеңіл сіңеді. Оның терапиялық әсері ішкеннен кейін 15-30 минут ішінде басталады, қабылдағаннан кейінгі бір сатының ішінде жоғары деңгейіне жетеді және 3-6 сағатқа жалғасады. Орталық жүйке жүйесін қоса алғанда организмге жақсы таралады. Плазма ақуыздарымен байланысы – 7,9%. Ең жоғарты байланысуы рН 7,4 кезінде байқалған. Препарат бауырда метаболизденеді. Көбінесе метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады. Балаларда препараттың шығарылуы, ересек емделушілерге қарағанда тезірек жүреді.

Фармакоцинамикасы. Хлоропирамин – трипеленаминнің (пирибензаминнің) хлорлантан аналогы, бірінші буынның гистаминге қарсы препараты, этилендиамин антигистаминдік препарапар тобына жатады. Аллергиялық реакция дамуының алдын алады және оның өтуін жеңілдетеді. Хлоропираминнің әсері Н,-рецепторлорды бөгеуге негізделген. Препарат сонымен бірге тегіс бүлшық еттерге, қылтамырлар өткізгіштігіне және орталық жүйке жүйесіне де әсер етеді. Орташа шеткергі антихолинергиялық және спазмолитикалық белсенділікке ие.

Қолданылуы

  • аллергиялық аурулар, оның ішінде есекжем, сарысу ауруы, маусымдық ринит, аллергиялық конъюнктивит, тамақ және дәрілік аллергия, поллиноз (сенна қызбасы)
  • жәндіктер шаққан кездегі аллергия
  • жанаспалы дерматит, жедел және созылмалы экзема, дәрілік бөртпе, тері қышымасы
  • жүйелі анафилактикалық реакциялар мен ангионевротикалық ісінудің адъювантық терапиясы
  • жедел респираторлық вирустық жұқпалар (кешенді емдеу)

Қолданылу тәсілдері және дозасы: Таблеткаларды тамақ ішу кезінде, шайнамай қабылдау керек. Ересектерге: әдеттегі дозасы – 25мг (1 таблеткадан) тәулігіне 2-3 рет, қажет болған жағдайда тәуліктік дозаны 150 мг-та дейін арттырады (6 таблетка). Балаларға:

  • 1-12 айдағылар: 1/4 таблеткадан (6,25мг) тәулігіне 2 рет (ұнтақталтғанға дейін үгітілген түрінде, судың аздап қосылуымен)
  • 1 -6 жастағылар: 1/4 таблеткадан (6,25мг) тәулігіне 3 рет немесе 1/2 таблеткадан (12,5мг) тәулігіне 2 рет (ұнтақталғанға дейін үгітілген түрінде, судың аздап қосылуымен)
  • 6-14 жастағылар: 1/2-1 таблеткадан (12,5-25мг) тәулігіне 2-3 рет. Бұдан әрі емдеу және/немесе дозаны арттыру елеулі дәрежесіне қарай байқалған жанама әсерлеріне байланысты анықталады. Егде жастағы және арыған науқастарда Супрастинның қолдану ерекше сақтықты талап етеді, өйткені бүл науқастарда гистаминге қарсы препараттар жағымсыз әсерлерді (бас айналуын, ұйқышылдықты, артериялық қысымның төмендеуін) жиі тудырады.

Бауыр қызметінің бұзылулары кезінде препараттың белсенді компоненті метаболизмінің төмендеуімен байланысты бауыр аурулары кезінде дозаны төмендету қажет болуы мүмкін. Бүйрек қызметінің бұзылулары кезінде белсенді компоненті негізінен бүйрек арқылы шығарылуына байланысты препаратты қабылдау режиміне өзгерістер енгізу және дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Супрастин препараты
Супратсин препаратының сыртқы қаптамадағы түрлері

Жағымсыз әсерлері

  • седативтік әсер, шаршағыштық, бас айналуы, атаксия, діріл, жүйке қозуы, құрысулар, бас ауыруы, эйфория, энцефалопатия, көру өткірлігінің бұзылулары
  • артериалық гипотензия, тахикардия, аритмия
  • асқазан аумағындағы жағымсыз сезінулер немесе ауыру, ауыздың кеберсуі, жүрек айнуы, құсу, іш өту, іш қату, тәбеттің жойылуы немесе артуы
  • фотодерматоз
  • дизурия, несептің іркілуі
  • миопатия
  • көз іші қысымның жоғарылауы, глаукома ұстамалары
  • фотосенсибилизация

Сирек:

  • лейкопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, қан жүйесі тарапынан басқадай бұзылулар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді немесе басқадай компоненттеріне жоғары сезімталдықта, бронхтық демікпенің жедел ұстамасында
  • шала туған мен жаңа туған балаларда
  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Отоуыты препарапармен бірге қолдантанда Супрастин отоуытылықтың ерте белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштері мысалы, моклобемид немесе селегилин Супрастинның антихолинергиялық эсерлерін күшейтеді және ұзартады. Супрастинның седативтік дәрілермен, транквилизаторлармен, седативтік аналгетиктермен, трициклдік антидепрессанттармен, атропинмен, мускаринергиялық парасимпатолитиктермен бір мезгілде қолданған жағдайда аса сақ болу керек (Супрастин мен сол препараттардың кез келгені бір-бірінің әсерлерін күшейтуі мүмкін). Емделу кезінде алкогольдік ішімдіктерді қабылдауга болмайды (алкоголь Супрастинның орталық жүйке жүйесінің қызметін басатын әсерін күшейтеді).

Айырықша нұсқаулар

Антихолинергиялық және тыныштандыратын әсерлерінің болуымен байланысты Супрастинді егде жастағы емделушілерге, сондай-ақ бауыр қызметі бұзылғанда, жүрек-қан тамыр бүзылуларында, жабық бұрышты глаукомада, несеп іркілісінде, қуық түбі безінің гипертрофиясында абайлап тағайындайды.

Супрастинді ұзақ қолданғанда сирек жатдайларда қан түзу жүйесі тарапынан бұзылуларын (лейкопенияны, агранулоцитозды, тромбоцитопенияны, гемолитикалық анемияны) туғызуы мүмкін. Препаратты ұзақ енгізгенде шығу тегі белгісіз қызба, ларингит, ауыз шырышты қабығының ойық-жарасы, бозару, сары ауру, қан қүйылу, әдеттен тыс немесе тоқтатуы қиын қан кетулер пайда болтанда қанның нысандық элеменпер санын анықтау, ал қан түзу жүйесі тарапынан бұзылулар анықталғанда препаратты тоқтату керек. Әр таблетканың құрамында 116 мг лактоза моногидраты бар. Бұл мөлшер лактаза тапшылыты бар, галактоземиясы немесе глюкоза/галактоза сіңірілуінің бұзылу синдромы бар науқастарда жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін. Көлік құралдарын басқару және механизмдердегі жұмыс істеу қабілетіне әсері:  препарат, әсіресе емдеудің бастапқы кезеңінде ұйқышылдықты және психомоторлық қызметтің бұзылуларын туғызуы мүмкін. Супрастинді қолданудың бастапқы, ұзақтығы дербес белгіленетін кезеңінде көлік құралдарын жүргізуге және психомоторлық реакцияның жылдамдығын талап ететін басқадай әлеуметті қауіпті қызметтердің түрлерімен айналысуға рұқсат етілмейді. Әрі қарай шектеу дәрежесі және ұзақтығын дәрігер әрбір емделушіге жекелей белгілеуге тиіс.

Артық мөлшерлеу

Белгілері: атропннмен улануға тән симптомдар мен белгілер өршиді: елестеулер, мазасыздық, атаксия, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, атетоз, құрысулар.

Ерте жастаты балаларда қозу басым байқалады. Кейде ауыздың кеберсуі, көз қарашытының кеңеюі, беттің қызаруы, синустық тахикардия, несептің іркілуі, қызба пайда болады. Ересектерде қызба мен беттің қызаруы тұрақсыз байқалады, ал қозу кезеңінен кейін құрысулар мен құрысудан кейінгі көрініс беретін жабығу байқалады, кома мен кардиореспираторлық жеткіліксіздік дамуы мүмкін, бұл 2-18 сағаттың ішінде емделушінің өлім-жітімін туғызуы мүмкін. Гистаминге қарсы препараттарды артық мөлшерлеу, әсіресе жаңа туғандар мен балаларда өлім-жітімін туғызуы мүмкін.

Емдеу: Антихолинергиялық әсердің өршуіне байланысты асқазандаты астың жүруі іркіледі, сондықтан артық мөлшерлеуден кейін 12 сағаттың ішінде асқазанды шаю мен белсендірілген көмірді қабылдау қажет. Жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алудың көрсеткіштерін мониторинглеу, сондай-ақ симптоматикалық ем жургізу ұсынылады. Арнайы у қайтарғысы белгісіз.

Шығарылу түрі және каптамасы: пластмасса қақпақшасы бар қоңыр шыны құтыда 20 таблеткадан. Құты медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынтан. 10 таблеткадан пішінді үялы қаптамада; 2 пішінді ұялы қаптамада (20 таблетка) медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары: 15-25°Стемпературасында сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі: 5 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануга болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары: Рецепт арқылы

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!