Беродуал дәрілік препараты
Саудалық атауы: БЕРОДУАЛ
Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ
Дәрілік түрі: Ингаляцияға арналған 20 мл ерітінді
Құрамы: Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: 261 мкг (0,261 мг) ипратропий бромиді моногидраты, 250 мкг (0,250 мг) ипратропий бромидіне сәйкес, 500 мкг (0,5 мг) фенотерол гидробромиді, қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий ЭДТА, натрий хлориді, хлорлы сутек 1М қышқылы, тазартылған су.
Сипаттамасы: мөлдір, түссіз немесе суспензияланған бөлшектері жоқ түссіз дерлік ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған препараттар.Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен біріктірілген симпатомиметиктер. Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен біріктірілген фенотерол.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ипратропий бромидпен фенотерол гидробромидін біріктіргенде емдеу әсері тыныс алу жолдарында жергілікті түрде жүзеге асады. Бронходилатацияның фармакодинамикасы препараттағы белсенді заттардың фармако-кинетикасымен байланыссыз.
Ингаляциядан кейін дозаның 10 дан 39%-ға дейін тыныс жолдарында қонады. Өкпеде қонған мөлшердің бір бөлігі қан айналымға жылдам сіңеді (бірнеше минуттан соң), ал ауыз қуысындағы қалған әсер етуші заттың мөлшері – біртіндеп АІЖ арқылы ішке сіңіріледі. Сонымен, жүйелік әсері пероральді және өкпелік биожетімділікпен қамтамасыз етіледі. Әсер етуші заттардың екеуінің де бүйрек экскрециясы 24 сағ құрайды. Комбинациядағы екі компоненттердің фармакокинетикасы әрбір компоненттің жеке фармакокинетикасынан айьфмашылығы болатын туралы расталған мәліметтер жоқ.
Фенотерол гидробромиді
Ішке сіңген препараттың мөлшері сульфат-конъюгаттар түзумен метаболизденеді. Абсолютті биожетімділігі төмен, шамамен 1.5 %. Ингаляциядан кейінгі деммен ішке тартылған дозаның шамамен 1 %-ы бос фенотерол ретінде несепте 24 сағатта шығарылады. Жалпы жүйелік биожетімділігі – 7 %. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы – 40 %. Фенотеролдың жалпы клиренсі 1.8 л/мин құрайды, бүйрек клиренсі – 0.27 л/мин. Фенотерол және оның метаболиттері гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Несеппен жалпы экскрециясы 48 сағ. ішінде – дозаның 39 %, АІЖ арқылы – дозаның 40.2 %.
Ипратропий бромиді
Ипратропий бромидінің бүйректік жиынтық экскрециясы тәулігіне 3 %-дан 13 %-ға дейін. Жалпы жүйелік биожетімділігі – 7 %-дан 28 %-ға дейін. Плазма ақуыздарымен байланысы 20 %-дан кем. Ипратропий бромиді гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Жартылай шығарылу уақыты 1.6 сағ. Жалпы клиренс – 2.3 л/мин, бүйрек клиренсі – 0.9 л/мин. Бүйректік жиынтық экскрециясы 6 күнде – 3.2 %, АІЖ арқылы- 69.4 %.
Фармакодинамикасы
БЕРОДУАЛ – бронхолитикалық белсенділікке ие екі компонентті біріктірген препарат: ипратропий бромиді – М-холинобөгегіш және фенотерол гидробромиді – бета2-адреномиметик.
Ипратропий бромиді аммонийдің төрттік қосылысы болып табылады, антихолинергиялық (парасимпатолитикалық) қасиеттерге ие. Ипратропий кезбе жүйке жүргізетін рефлекстерді бөгейді, осы кезбе жүйкеден босатылған нейромедиатор – ацетилхолиннің әсерін қарсы әсер етеді.
Антихолинергиялық препараттар ацетилхолин мускаринді рецепторларымен өзара әрекеттескенде бронхтардағы тегіс бұлшықеттерінде циклдық гуанезин монофосфаттың жасушаішілік концентрациясының (циклдық ГМФ) көбеюін болдырмайды. Ипратропий бромидін ингаляциялық енгізумен қолданғанда бронходилатация жүйелі емес жергілікті антихолинергиялық әсері арқылы жүзеге асады.
Ипратропий бромиді тыныс жолдары шырышының секрециясына, мукоцилиарлық клиренске және газ алмасуына жағымсыз ықпал етпейді.
Фенотерол гидробромиді тікелей симпатомиметикалық әсер етеді, емдік дозада бета-2-адренорецепторларын іріктеп ынталандырады. Бета2-адренорецепторларын ынталандыру жоғары дозаларды қолданған кезде болды. Бета2-адренорецепторларымен байланысуы демегіш GS-ақуыздың қатысуымен аденилатциклазаны белсендіреді. Циклдық АМФ-тің жоғарылауы А протеинкиназаны белсендіреді, кейіннен А протеинкиназа тегіс бұлшықеттердегі ақуыз- нысаналарды фосфорлайды. Бұл өз кезегінде миозинкиназаның жеңіл тізбегінің фосфорлануына, фосфоинозитид гидролизінің тежелуіне және кальциймен белсендірілген калий каналдардың ашылуына әкеледі.
Фенотерол гидробромиді бронхтардың тегіс бұлшықеттер мен тамырларын босаңсытады және бронхтардың гистамин, метахолин әсерінен, салқын ауа, аллергендер (жоғары сезімталдықтың жедел түрі) әсерінің нәтижесінде пайда болатын тарылуынын дамуын басады.
Фенотерол плазмадағы жоғары деңгейде жатырдың жиырылуын тежейді. Сонымен қатар жоғары дозаларды қолданған кезде келесі метаболикалық әсерлер байқалады: липолиз, гликогенолиз, гипергликемия және гипокалиемия. Гипокалиемия негізінен қанқалық бұлшықеттермен калий иондарын жоғары тұтынуымен шартталған. Жүрек қағуының жиілігі мен күшінің жоғарылауы сияқты жүрекке бета-адренергиялық әсерлері фенотеролдың тамырларға тарайтын ықпалымен байланысты, миокардтың бета2-адренорецепторларын ынталандырумен, ал емдік дозадан жоғары дозаларды пайдаланғанда – бета2–адренорецепторларды көтермелеумен байланысты. Басқа да бета-адренергиялық препараттарды қолданғандағыдай QТ интервалы жоғары дозаларды пайдаланғанда ұзарады. Бета2-агонисттердің ең жиі байқалған әсері – дірілдеү. Бронхтардың тегіс бүлшықеттеріне тарайтын ықпалына қарағанда айырмашылығы бета2-агонисттердің жүйелі әсерлеріне төзімділік дамуы мүмкін.
Осы белсенді заттарды бірге қолданған кезде әр түрлі фармакологиялық нысанаға әсер ету арқылы бронхты кеңейткіш әсерге қол жетеді. Көрсетілген заттар бірін-бірі толықтырады, нәтижесінде бронхолитикалық әсері күшейеді және тыныс жолдарының қысылуымен кабаттасатын брох өкпе аурулары кезінде емдік әсердің ауқымының үлкен болуын қамтамасыз етеді. Өзара толықтыру әсері сол, тиімді әсерге қол жеткізу үшін бета- адренергиялық компоненттің төмен дозасы қажет, бұл жағымсыз әсерлерді мүлдем азайтуға және тиімді дозаны әр адамға жекелей таңдауға мүмкіндік береді.
Өкпенің бронх түйілуі ұстамалары бар созылмалы обструктивті ауруымен науқастарда өкпе қызметінің едәуір жақсаруы (1 секунд ішінде қарқынды тыныс шығару көлемі (ҚТК1 мен қарқынды тыныс шығарудың орташа жылдамдығының 15 % және одан да артық ұлғаюы) 15 минут ішінде басталады, ең жоғарғы әсеріне1-2 сағаттан соң жетеді және емделушілердің көпшілігінде енгізгеннен кейін 6 сағатқа дейін созылады. Бронх демікпесімен байланысты бронх түйілуі бар емделушілердің 40 %-нда өкпе қызметінің едәуір жақсарғаны білінеді (ҚТК1 15 %-ға және одан да көбірекке артады).
Қолданылуы. бронх түйілуі қайтымды тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларының (өкпенің созылмалы обструктивті ауруларында, бронх демікпесінде, созылмалы обструктивті бронхит, эмфиземамен асқынған немесе асқынусыз) алдын алуда және оны белгілеріне қарай емдеүде
Қолдану тәсілі және дозалары.
Доза жеке таңдалуы тиіс. Дәрігердің басқа да ұсынымы болмаса, келесі дозаны қолдану ұсынылады:
Ересектер (егде адамдарды қосқанда) және 12жастан асқан жасөспірімдер
Бронх демікпесінің жедел ұстамаларында
Жеңіл және орташа ұстамалар кезінде көп жағдайларда 1 мл ,(20 тамшы) ұсынылады.
Ерекше ауыр жағдайларда, мысалы, қарқынды емдеу бөліміндегі емделушілерде жоғарыда көрсетілген дозалар тиімсіз болғанда, өте жоғары, 2,5 мл ге дейінгі (50 тамшы) дозалар қажет етілуі мүмкін, бұдан басқа 4.0 мл-ге (80 тамшы) жететін ең жоғары доза медициналық бақылау жасайтын жағдайда қолданылуы мүмкін. Орташа бронх түйілуі жағдайында немесе өкпелерді желдеткен кезде қосымша дәрі ретінде төменгі деңгейі 0,5 мл (10 тамшы) болатын доза ұсынылады.
6-12 жастағы балаларға
Бронх демікпесінін жедел ұстамаларында
Симптомдарды тез басу үшін 0,5-1 мл (10-20 тамшы) ұсынылады. Ауыр жағдайларда 2 мл-ге дейінгі (40 тамшы) жоғары дозалар қажет етілуі мүмкін. Ерекше ауыр жағдайларда 3,0 мл-ге (60 тамшы) жететін ең жоғары доза қолданылуы мүмкін (медициналық бақылау болған жағдайда). Орташа бронх түйілуі жағдайында немесе өкпені желдеткен кезде қосымша дәрі ретінде ұсынылатын доза – 0,5 мл (10 тамшы).
6 жасқа толмаған балаларға (олардың дене салмағы 22 кг-нан кем)
Препаратты осы жас тобындағыларға қолдану туралы ақпараттың шектеулі болуына байланысты, келесі дозаны қолдану ұсынылады (медициналық бақылау болған жағдайда):
Дене салмағының әр келісіне шаққанда 25 мкг-ға жуық ипратропиум бромиді мен 50 мкг фенотерол гидробромиді (бір дозаға) = 0,5 мл-ге дейін (10 тамшы) тәулігіне 3 ретке дейін. Ең жоғары тәуліктік доза -1,5 мл. Ингаляцияға арналған ерітіндіні тек ингаляция үшін ғана пайдаланған (сәйкес келетін небулайзермен) және пероральді қолданбаған жөн. Емдеуді әдетте ең кіші тиісті дозадан бастаған жөн. Ұсынылатын доза физиологиялық ерітіндімен 3-4 мл-ді құрайтын ақтық көлемге дейін сұйылтылуға және небулайзердің көмегімен (толық) қолданылуға тиіс. Ингаляцияға арналған БЕРОДУАЛ ерітіндісі дистилденген сумен сұйылтылмауға тиіс. Ерітіндіні әрбір қолдану алдында сұйылту қажет; сұйылтылған ерітіндінің қалдығын төгіп тастау керек. Сұйылтылған ерітіндіні әзірлеп болысымен ингаляция жүргізген жөн. Дозалау ингаляция әдісіне және бүрку сапасына байланысты болуы мүмкін. Ингаляцияның ұзақтығы сұйылтылған көлемнің жұмсалуы арқылы бақылануы керек. Ингаляцияға арналған БЕРОДУАЛ ерітіндісі бүріккіш құрылғылардың (небулайзерлердің) әр түрлі үлгілерін пайдалану арқылы қолданылады. Қабырғада тыныс алу оттегісі болған жағдайларда ерітіндіні минутына 6-8 литр жылдамдықтағы ағыспен қолданған жөн. Небулайзермен бірге өндірілетін жабдықтың қолданылуы, қызмет етуі және тазалануы жөніндегі нұсқаулықты орындау керек. Препараттың осы дозасын қолдану қажет болған кезде 4 сағаттан кем емес аралықпен қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері.
Тыныс алу және кеуде қуысының мүшелері:
- Жиі >1%: жөтел, тамақтың тітіркенуі
- Сирек 0,1% -1%: ауыздың және тамақтың кеберсуі, фарингит, дисфония, ларингит
- Өте сирек < 0,1%: бронх түйілуі, оның ішінде парадоксальді бронх түйілуі, ларингоспазм
Асқазан-ішектік бұзылулар және гепатобилиарлы жүйенің зақымдануы: Сирек 0,1% -1%: ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуі, стоматит, тілдің қабынуы, жүрек айнуы, құсу, асқазан-ішек жолдарының моторикасының бұзылуы, диарея, іш қатуы
Жүрек-қантамырлар жүйесі:
- Жиі >1%: тахикардия
- Сирек 0,1% -1%: аритмия, оның ішінде жыпылықтау аритмиясы, суправентрикулярлы тахикардия
- Өте сирек < 0,1%: миокард ишемиясы, систолалық қан қысымының жоғарылауы, диастолалық қан қысымының төмендеуі
Тері және тері асты шел майы
- Сирек 0,1% -1%: есекжем, тері бөртпесі, қышыну, гипергидроз
- Өте сирек < 0,1%: Квинке ісінуі
Зертханалык көрсеткіштердің өзгерулері: Сирек 0,1% -1%: гипокалиемия, допинг-тесттерден өткен кезде фенотеролға оң реакция (спорттық дайындықтың нәтижесін жоғарылату)
Иммундык жүйе тарапынан бұзылулар: Сирек 0,1% -1%: препаратқа жоғары сезімталдық, оның ішінде анафилактикалық реакциялар (есекжем, бөртпе, қышыну), ангионевротикалық ісіну (Квинке ісінуі), бронх түйілуі, анафилактикалық шок
Жүйке жүйесі және көру мушелері тарапынан бұзылулар:
- Сирек 0,1% -1%: бас ауыруы, бас айналуы, қарашықтың үлкеюі, коньюнктиваның гиперемиясы
- Өте сирек < 0,1%: көзішілік қысымның жоғарылауы, көз аккомодациясының бұзылуы, көру жітілігінің нашарлауы, көз алмасының ауыруы, мөлдір қабықтың ісінуі, гало (көру аясындағы жарық көзінің айналасында нұрлы шеңберлердің болуы), жоғары қозушылық, ашушаңдық, үрейленіп қозушылық, ашушаңдық, психикалық бұзылыстар
Сүйек-бүлшыкет жүйесі: Сирек 0,1% -1%: қаңқа бұлшықетінің жеңіл дірілдеуі, құрысулар, бұлшықет әлсіздігі, түйілу, миалгия
Несеп шығару жүйесі: Сирек 0,1% -1%: несеп шығарудың іркілуі, ісіну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- фенотерол гидробромидіне, атропинге ұқсас заттарға немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
- гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия
- тахиаритмия
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бета-адренергиялык және антихолинергиялық дәрілер, ксантин туындылары (мысалы теофиллин) БЕРОДУАЛдың бронхты кеңейткіш әсерін күшейтуі мумкін. Жүйелік ағысқа түсетін басқа антихолинергиялык препараттармен, бета-адреномиметикалық дәрілермен немесе ксантин туындыларымен (мысалы теофиллинмен) бір мезгілде колдану жағымсыз әсерлердің күшеюіне әкелуі мумкін.
Бета-бөгегіштермен бір мезгілде қолданған кезде БЕРОДУАЛдын бронхты кеңейтетін әсері едәуір әлсіреуі мүмкін. Бета-адреномиметиктерді қолдануға байланысты болатын гипокалиемия ксантин туындыларын, глюкокортикостероидтарды және диуретиктерді бір мезгілде тағайындаған кезде күшеюі мүмкін. Осы жайтқа орай тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларының ауыр түрлеріне шалдыққан емделушілерді емдеген кезде ерекше көңіл бөлген жөн.
Гипокалиемия дигоксин қабылдап жүрген емделушілерде аритмияның даму қаупін арттыруы мүмкін. Бұдан басқа, гипоксия гипокалиемияның жүрек ырғағына жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін. Осыған ұқсас жағдайларда қан сарысуындағы калий концентрациясына мониторинг жүргізу керек. Бета-адренергиялық дәрілерді моноаминооксидаза тежегіштерін және үш циклды антидепрессанттарды қабылдаған емделушілерге абайлап тағайындаған жөн, өйткені бұл препараттар бета- адренергиялық дәрілердің әсерін күшейтеді. Галогенделген көмірсутек анестетиктерімен, мысалы галотанмен, трихлорэтиленмен немесе энфлуранмен ингаляция жасау бета- адренергиялық дәрілердің жүрек-қан тамыр жүйесіне әсерін күшейтуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар:
Ентігу күтпеген жерден пайда болып жылдам күшейгенде ( тыныс алу қиындағанда) тез арада дәрігерге қаралу керек.
Ұзақ уақыт қолдану:
- бронх демікпесі немесе жеңіл түрдегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен зардап шегетін емделушілерде үнемі қабылдауға қарағанда симптоматикалық емдеу дұрыс деп саналады.
- бронх демікпесі немесе ӨСОА – ның стероидқа тәуелді түрімен емделушілерде тыныс алу жолдарының қабыну үдерісін және ауру ағымын бақылау үшін қабынуға қарсы емді жүргізу немесе күшейту қажеттігін ұмытпау керек.
Емделушілерге Беродуалдың ингаляциялық ерітіндісін қолдану ережесі жөнінде мұқият тексеру керек және көзді қорғау шаралары жөнінде ескерту керек.
Бүркілетін ерітіндіні мундштук арқылы енгізу ұсынылады. Мундштук жоқ болған кезде тиісінше таңдап алынған небулайзерге арналған маска қолданылуы керек. Конъюнктивальді немесе корнеальді инъекция түрінде көздің қызаруымен қосарлана, көздің ауруы, бұлдырауы, көз алдында түрлі түсті таңбалар мен шеңбердің пайда болу сезімі жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасының белгісі болып табылады. Аталған симптомдар кез келген біріктірілімінде пайда болғанда емді көз қарашығының тарылуын туындататын көз тамшыларынан бастау және дереу арнайы медициналық көмекке жүгіну керек. Сыртартқысында муковисцидоз бар емделушілерде, асқазан-ішек жолдарының моторикасы бұзылуы мүмкін.
БЕРОДУАЛ препаратын қолдану психикалық белсенді дәрілерді (мысалы допинг қолданумен спорттық дайындықтың нәтижесін жоғарылату) клиникалық емес шамадан тыс қолдануда тест өткен кезде фенотеролға оң реакция беруі мүмкін.
Препараттың құрамында бензалконий хлориді консерванты және динатрий ЭДТА тұрақтандырғышы бар. Осы компоненттермен дем алу гиперреактивті тыныс жолдарымен сезімтал науқастарда бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Фертильділік жүктілік және лактация кезеңі.
Клиникалық тәжірибе көрсеткендей, фенотерол және ипратропий бромиді жүктілікке теріс әсер етпейді. Әйтсе де, жүктілік кезінде дәрілік препаратты қолдануға байланысты әдеттегі сақтық шараларын сақтау қажет. БЕРОДУАЛдың жатырдың жиырылуын тежейтін әсерін есте сақтау керек.
Босану кезінде БЕРОДУАЛ дәрігер бақылауымен қолданылады. Фенотерол гидробромиді емшек сүтіне өтуі мүмкін, ипратропийге қатысты осындай деректер алынған жоқ. Көптеген дәрілік препараттардың емшек сүтіне өтуге қабілеттілігін ескере отырып, БЕРОДУАЛды емшекпен емізетін әйелдерге тағайындағанда сақтық шараларын сақтау қажет.
Фенотерол гидробромидін және ипратропий бромидін біріктіріп қолданған кезде адамның фертильділігіне әсерін зерттеу жүргізілген жоқ. Фенотерол гидробромиді мен ипратропий бромидін жекелей қолданғанда адамның фертильділігіне әсеріне зерттеу жүргізілмеген. Алайда клиникалық зерттеу деректері фенотерол гидробромиді мен ипратропий бромидін жекелей алғанда адамның фертильділігіне теріс әсерінің жоқтығын көрсетті.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.
Препараттың автокөлік жүргізуге және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы зерттелген жоқ. Сонда да емделушіні БЕРОДУАЛды қабылдау барысында бас айналуы, діріл, аккомодация бұзылуы, көз қарашығының үлкеюі және көру жітілігінің нашарлауы секілді мүмкін жағымсыз әсерлер туралы хабардар ету керек және автокөлік жүргізуде немесе қауіпті механизмдерді басқару барысында сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Емделушілерде жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, көлік құралын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару секілді, қауіптілігі зор қызметтерден аулақ болған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: дозалану симптомдары әдетте көбінесе фенотеролдың әсеріне байланысты болады. Бета-адренорецепторлардың шамадан тыс стимуляциясына байланысты симптомдар пайда болуы мүмкін. Тахикардияның, жүрек қағуының, дірілдің, артериялық гипертензтияның немесе артериялық гипотензияның, пульстік қысымның жоғарылауы, стенокардиялық ауырудың аритмиянын және бетке қан тебудің пайда болуы көбірек. Ауыздың құрғауы, көз аккомодациясының бұзылуы сияқты ипратропий бромидінің артық дозалану белгілері, препараттың емдік әсерінің кең ауқымдылығын және жергілікті қолданылу тәсілін ескере отырып, әдетте әлсіз айқындалады және өтпелі сипатта болады.
Емдеу: тыныштандырғыш дәрілер, транквилизаторлар қолданылады, ауыр жағдайларда – қарқынды ем. Арнайы у қайтарғысы ретінде бета- адреноблокаторлар, дұрысы іріктелген бета1- адреноблокаторлар қолданылуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы.
Тамшылатқыш – тығынмен тығыздап жабылған және бұралатын қақпағы бар янтарь түсті шыны құтыда 20 мл-ден. 1 құты мемлекеттік және орыс тілінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шаралары: 30 С – ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
Сақтау мерзімі: 3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткен соң препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары: Дәрігердің рецептісі арқылы.