Әдеттегі өздігінен түсік

Түсік – ұрықтанудан жүктіліктің 22 аптасына дейін жүктіліктің үзілуі.

БДҰ бойынша (1992 ж.): Түсік – 22 аптаға дейін жүктіліктің үзілуі, ұрық салмағы 500гр дейін.

Әдеттегі өздігенен пайда болан түсік табиғи себептерден пайда болған түсікті атайды.

 Түсік:

  1. Ерте. Жүктіліктің 16 аптасына дейінгі түсік
  2. Кеш. Жүктіліктің 16-22 апта мерзіміндегі түсік.

Түсіктің себептері:

Генетикалық проблемалар: Түсіткің пайда болуының ең жиі кездесетін себебі. Барлық түсіктің 50 % на жуығы сәйкес келеді. Бұл топқа ұрықтағы хромосоманың құрылымының өзгеруінен туындайтын патологиялар жатады. Соның әсерінен ұрық өмір сүруге, ары дамуға қабілеті болмай, өледі. Сирек жағдайда бала тірі қалып, бірақ ата анасынан бұзылған хромосомаларды алады. Сырттай балада еш өзгеріс көрінбегенімен уақыт өте келеді патология өз орнын табады. Хромосома мутациясы жатыр ішілік дамуында да туындауы мүмкін. Оның себептеріне радиация, иондаушы сәуле, дәрілік заттар және т.б. жатады. Қазіргі уақытта осы генетикалық бұзылыстардың пайда болу, дамуы жайлы толыққанды зерттелу жүргізілмегендіктен алдын алу, және емдеу аса қиынға соғады.

Инфекциялық аурулар: Әсіресе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар түсіктің себептерінің ішінен алғашқы орындарында тұр. Микроорганизімдер шырышты қабатта орналасып, жатырдың плацента, эмбрион қабының қабынуы тәрізді патологияларды шақырады. Инфекцияға байланысты түсік жүктіліктің кез келген кезінде пайда болуы мүмкін.  Әсіресе созылмалы қабыну аурулары аса қауіпті.  Сондықтан гинекологиялық анамнез жинағанда науқастан бұрын аурыған аурулары, созылмалы аурулары жайлы сұрау аса қажет ақпарат. 

Гинекологиялық проблемалар: Жыныс органдарының дамуының бұзылуы (жатыр, жатыр мойыны) да түсіктің бірден бір себебі болып табылады. Бұл көбінесе жүктіліктің екінші триместрінде түсіктің пайда болуына алып келеді. Олар:

  • Ертоқым тәрізді (седловидная);
  • Екі мүйізді (двурогая);
  • Қосарланған (двойная);
  • инфантильді (недоразвитая) жатыр;
  • Жатырішілік перде болуы (внутриматочная перегородка.)

Жоғарыда аталған патологиялардың бәрі де, жатыр қуысына ұрық жұмыртқасы дұрыс жабыса алмағандықтан дұрыс плацента қалыптаспайды. Нәтижесінде ұрық өледі.

Гормональді бұзылыс: Әйел ағзасындағы қалқанша безі, бүйрекүсті безі гормоны және т.б эндокринді бездердің бұзылысы да ағзадағы дисбалансты туғызып, патологиялық жағдай туындауына алып келеді. Қазіргі уақытта бұл жағдайда гормональді бұзылыстарды дәрілік препараттармен корекциялап, түзетуге болады. Соның арқасында жүкті әйел, жүктілікті қалыпты өткізіп, баланы дүниеге әкеле алады.

Болашақ ана жасы: Қазіргі медицина бойынша жүктілікті 18-35 жас аралығына жоспарлау керек. Соның ішінде, алғашқы баланы 28-30 жастан кеш емес дүниеге әкелген дұрыс. Бұдан ерте немесе кеш жүктіліктің болуы, жүктілік өту ағымына әртүрлі өзгерістерімен болуы мүмкін. 

Әдеттегі өздігінен жүретін түсіктің жіктелуінде 3 түрін көрсетуге болады:

•Қауіп төндіретін түсік (угрожающий выкидыш);
•Кенеттен пайда болған түсік (выкидыш в ходу);
•Болмай қалған түсік (несостоявшийся выкидыш).

Клиникалық көріністері:

Қауіп төндіретін түсікте ұрық тірі қалып, жатыр мойыны жабық болады. Кей кезде қынаптық қан кетулер байқалуы мүмкін. Мұндай жүктілік көп жағдайда сақталады. Ұрық қалыпты дамып, босану шамамен 40 аптада болады. Бірақ соған қарамастан бұл түсіктің қауіпті түрі басқа түріне аусуы әбден мүмкін.

Кенеттен пайда болған түсік ұрықтың өлуімен, жатыр мойынының ашылуымен көрінеді. Бұл түсік түрі көп жағдайда жатырдың жиырылуымен көрінетін ауырсынумен бірге жүреді. Сол жатыр жиырылу арқасында ұрық жатыр қуысынан шығарылады. Ауырсыну түрі әлсізден (менструация кезіндегі ауырсыну тәрізді) ден айқын қатты ауруға дейін көрінеді. Сонымен қоса, вагинальді қан кету байқалады. Мұндай түсік толық (жатыр қуысындағы барлығы шығады), толық емес (жатырда ұрық бөліктері қалып қояды) болады.

Аяқталмаған түсікте ұрық өледі. Бірақ соған қарамастан бұл кезде қан ағу да, ауырсыну да болмайды. Жатыр жиырылмайды. Жатыр мойына жабық қалыпында қалады.ү Яғни өлген ұрық жатыр қуысында қалады.

Түсік кезіндегі медициналық көмек: Қажет болған жағдайда жатыр мойынын қарау қажет. Егер жатыр мойына жабық болса, келесі болып ұрық тірі не өлі екенін тексеру керек. Егер тірі болса, жүктілікті сақтауға шаралар қолданылады. Ұрықтың тірі екеніне көз жеткізу үшін науқас УДЗ ге жіберіледі. Ал егер жатыр мойыны ашық және ұрық өлген болса да УДЗ-ге жіберу керек. Себебі жатыр қуысында ұрықтың басқа бөліктері қалып қалды ма соны білу керек.

Егер әйелде қауіп төндіуші түсікті анықтаса, онда бірнеше күнге төсектік режим тағайындалып, қан кету тоқтағанша дейін. Сонымен қатар, дәрігер осы кезде осы қауіп төндіріп тұрған жағдайды жоюға бағытталған ем жүргізу керек. Мысалы: инфекциямен күресу.

Өздегінен түсік болған жағдайда, дәрігер тактикасы түсіктің толық немесе толық емес болуына байланысты болады. Негізгінде жатырдан ұрық қалдықтарын немесе толықтай ұрықты шығаруға бағытталған медикаментозды терапия жүргізіледі. Сонымен қатар қатты ауырсыну белгілері болғанда, анальгетик тағайындалады.

Егер толық емес түсік болса, науқасқа госпитализация қажет. Жатыр қуысының инфекцияланбауы үшін стационарда жатыр қуысынан ұрық қалдықтарын алу хирургиялық жолмен жасалады.

 

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!