Гонококктар

Гонококктар

Гонококкты инфекция – ол адамның жедел және созылмалы жұқпалы ауруы, оны Neisseria  gonorrhoeae (гонококктар) шақырады. Neisseria  gonorrhoeae (гонококктар) жынысты жолмен жұғып несеп, жыныс жолдарының (гонорея), көз конъюнктивасының (бленорея), басқа да ағзалардың шырышты қабатының іріңді қабынуымен және интоксикациясымен сипатталады. Гонореяның қоздырғышын 1879 жылы Нейссер ашқан.

Гонококктардың морфологиялық және дақылдық белгiлерi. Гонококктар тудыратын адамдардағы инфекциялық ауру, ол зәр шығару және жыныс мүшелерiнiң шырышты қабатындағы қабыну процессiмен сипатталады. Қоздырғыш кофе дәнiне ұқсас кокктар, жұп болып орналасады, жасушаның ойық беткейлерi бiр-бiрiне қараған, өлшемi 0,7-1,0 мкм, талшықтары, капсуласы жоқ. Спор түзбейді.  ЕПА-да нашар өседi, ал қан сарысуы мен қаны бар қоректiк ортада жақсы көбейедi. Гемолиз тудыртпайды тығыз қоректiк ортада ұсақ, тамшыға ұқсас, жылтыр колония түзедi. Сұйық қоректiк ортада диффузды өсiп беткейлiк қабықша түзедi және бiрнеше күннен кейiн ыдыстың түбiне шөгедi.

Гонококктардың биохимиялық қасиеттерi және антигендiк құрылымы

Гонококктар тек глюкозаны қышқыл түзіп ыдыратады, каталазаны және цитохромоксидазаны түзеді.  Протеолиттiк қасиеттері жоқ. Гонококктар арасында түрлi антигендiк популяция болады. Сыртқы мембранасындағы ақуыздың антигендерi бойынша гонококктар 16 серотипке бөлiнедi. Сондай-ақ гонококктар липополисахаридтiк (ЛПС) антигендерi бойынша да бөлiнедi.

Гонококктардың резистенттiлiгi және эпидемиологиясы

Гонококктардың сыртқы ортаның әсерiне тұрақтылығы әлсiз: олар күн сәулесiнiң тiкелей әсерiнен, УК: (ультракүлгiн) жарықтың, құрғатудан, жоғары температурының әсерiнен тез жойылады. Түрлi химиялық заттар мысалы: күмiс тұздары, сынап және дезинфектанттар оларды қысқа уақытта өлтiредi.

Жануарлар үшiн гонококктар патогендi емес. Инфекция көзi залалданған адам. Залалдану негiзiнен жынысты жолмен, кейде тұрмыстық тұтыну заттары арқылы да жұғады.

Гонореяның патогендiк факторлары, патогенезi, клиникасы және инфекциядан кейiнгi иммунитет. Гонококктардан экзотоксин табылған жоқ. Негiзгi патогендiк факторлар: пили (кірпікшелер), капсула, эндотоксин, сыртқы мембрананың бетіндегі белоктар, протеазалар.  Пилидің (кірпікшелер) көмегiмен гонококктар эпителиальды жасушаға жабысып, колонизацияланады және бұзылған гонококктар эндотоксин түрiнде босанып шығады. Бірінші классқа жататын беткейлік белок  шырышты қабаттың бактериоцидтты әсеріне қарсы тұрады, екінші классқа жататын беткейлік белок эпителияға жабысуды қамтамасыз етіп, фагоцитозды тежейді, протеазалар секреторлық IgA, антиденеге бөгет жасап, фагоцитозды тежейді. Ер адамдарда гонококктар бiрiншi кезекте уретраны залалдайды, ал әйелдерде қынаптан мойынынан, сондай-ақ iрiң бөлiне бастағаннан уретраны, клитормен тiк iшектi зақымдауы мүмкiн. Гонококктар фибриллерiнiң көмегiмен зәр шығару, жыныс трактiсiнiң эпителиальды жасушасына жабысады. Негiзiнен гонококктар цилиндрлi эпителилердiң микроворсинкаларымен байланысу қабілетiне ие. Фагоцитоз кезiнде гонококктар жасуша iшiне енедi. Жалпақ эпителиге олар енбейдi, бұның өзi жедел гонореяның алғашқы клиникалық суретiн айқындайды уретра мен қынап мойны цилиндрлi эпителиймен қапталған. Гонореяның генерализациялануы сирек, бiрақ гонококктар гонореяның, сепсистiң себепкерi болады. Экстрагенитальды қабыну процесстерiн (артриттi) тудыруы мүмкiн. Гонококктар көз коньюктивасын зақымдап бленнорея ауруын тудырады. Ауруды өткерген соң иммунитет қалмайды, қайта залалдану мүмкiн.

гонококтар қазақша

Гонореяның лабораториялық диагностикасы

Негiзгi диагностикалау әдiсi бактериоскопиялық зерттеу. Ерлерде уретрадан, әйелдерде уретрадан, қынаптан және тiк iшектен зерттелетiн материал алынады. Жұғындыны екi шыныда дайындап, Грам және метилендi көкпен бояйды. Лейкоциттердiң iшiнде орналасқан Грам терiс диплококтарда (аяқталмаған фагоцитоз)  табу диагнозы дұрыстайды. Бактериоскопиялық зерттеу күмән келтiргенде қосымша бактериологиялық зерттеу арқылы лабораториялық диагнозды толықтырылады. Материалды арнайы қоректiк ортасы бар  Петри табақшасына егедi. Таза дақылын алған соң сахаролитикалық қасиетiн тексередi. Созылмалы гонореяда және асқынғанда серодиагностика жүргiзiледi. КБР (гонококтың антигеннен Борде-Жангу реакциясын) қояды.

Гонореяны алдын алуы және емдеуі. Жаңа туылған нәрестелердiң гонорея және бленнорея ауруының алдын алу.

Арнайы алдын алу жолы жоқ, себебі гонококктардың антигендiк өзгергiштiгi тым жоғары болғандықтан, гонококкқа қарсы вакцина алу эффективтi болмады. Қазiргi кезде гонококктық вакцина аурулалардың асқынған түрiн емдеу және диагностикалық мақсатта (провакционды сынақ) қолданады. Жаңадан туылған нәрестелерде бленнореяның алдын алу үшiн коньюктивальды қалтаға 1-2 тамшы 2%-тiк күмiс нитраты ерiтiндiсiн немесе 30%-тiк пенициллиннiң майлы ерiтiндiсiн тамызады. Гонореяны емдеу үшiн антибиотиктер мен сульфаниламидтi препараттар қолданады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Стрептококктар
  2. Стафилококктар
  3. Шіру инфекциясы
  4. Жедел іріңді хирургиялық инфекция

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!