Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу

Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу

Қабылдау бөлiмi арқылы науқастар стационардың түрлi бөлiмдерiне бағытталады. Қабылдау бөлiмiнде науқастар тiркеледi, дәрiгерлiк қараудан, санитарлық өңдеуден өтедi.

Қабылдау бөлiмiнiң құрылымы: кiреберiс, тосып күту бөлмесi, гардероб және тiркеу бөлiмi мен сұрау бөлiмiмен бiрге, қарап тексеру бөлмелері, изоляторлар (бокстар), диагностикалық палаталар мен санитарлы өткiзу бөлiмi. Қабылдау бөлiмiнiң жұмысы осы кезектiлiкке сәйкес. Санитарлы өткiзу бөлiмi 3 бөлмеден тұрады: науқасты шешiндiру бөлмесiнен, ванна – душ және науқасты киiндiру бөлмелерi. Қабылдау бөлiмiнде егу кабинетi, кiшi операциялық бөлме, таңу бөлмесi, рентген – кабинеті, лаборатория, кезекшi дәрiгер кабинетi, әжетхана және қабылдау бөлiмiнiң тәулiк бойы жұмысын қамтамасыз ететiн бөлмелер бар.

Қабылдау бөлiмiнде науқастар жедел және жоспарлы кезекте түседi. Жедел медициналық көмектi қажет ететiн науқастар жедел кезекте қабылданады. Оларды жедел медициналық көмек машинасымен жеткiзедi, не басқа емдеу мекемелерiнен ауыстырады немесе стационарға бағыттама парағынсыз қабылдайды. Науқас жағдайының ауырлығына байланысты сырқатнаманы толтыруға қажеттi ақпаратты науқастың өзiнен, ал егер ол ессiз болса, жанындағы адамдардан не туысқандардан алады.

Егер науқас құжатсыз түссе және жанында адамдар болмаса, онда милиция бөлiмдерiне ‘белгiсiз адам’  түскенi жайлы хабар беру қажет.

Егер науқас үйден тыс жерде ауырып жедел көмек машинасымен жеткiзiлген болса, онда қабылдау бөлiмiнiң қызметкерлерi бұл жайында науқастың туысқандарына хабарлау қажет.

Жоспарлы науқастар аймақтық поликлиника дәрігерiнiң бағыттауымен түседi.

Тiркеуден кейiн науқас дәрiгер қарауынан өту үшiн және диагнозы қойылу үшiн қарау-кабинетiне бағытталады. Егер диагноз анық қойылмаса, дәрiгер қосымша зерттеулердi (лабораторлы, эндаскопиялық, УДЗ) немесе басқа дәрiгердiң консультациясын тағайындайды. Кезекшi дәрiгер науқас қай бөлiмге бағытталатынын шешедi. Егер диагноз әлi анық болмаса науқасты санитарлық өңдеуден кейiн қабылдау бөлiмiнiң диагностикалық палатасына орналастырады. Онда науқасты тексередi, бақылайды және диагностика жүргiзедi. Содан кейiн ғана сәйкес бөлiмге бағыттайды. Стационарлық емдi қажет етпейтiн науқастарға көмек көрсетiлгеннен кейiн, оларды мекен-жайы бойынша емханаға бағыттайды. Қарау, зерттеу нәтижелерi дәрiгердiң тағайындаулары және санитарлы өңдеу сипаты, науқасты тасымалдау жолы сырқатнамаға дәрiгермен жазылады. Науқас дәрiгердiң қарауынан кейiн және оның жағдайы бағаланғаннан кейiн, науқасқа басқа санитарлы өңдеу жүргiзiледi: педикулезғе бастың шашты бөлiгiн қарау, терiде iрiңдi бөртпе бар-жоғын, аяқтарында саңырауқұлақ аурулары бар-жоғын тексеру. Науқастың жағдайына байланысты гигиеналық ванна, душ және сүртiнудi тағайындайды. Онымен қоса функционалды жаңдайды бағалау үшiн және ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу үшiн дене температурасының антропометриялық өлшемдерi тексерiледi.

Науқастың жағдайына байланысты санитарлық өңдеу толық не жартылай болу мүмкiн санитарлы өңдеу сипатын дәрiгер анықтайды. Толық санитарлық өңдеуге ванна мен душ жатады. Жартылайға – шайыну, сүртiну. Педикулездi анықтау үшiн санитарлы өңдеу алдында қабылдау бөлiмiнiң медбикесi науқас денесiнiң шашты бөлiктерiн қарау керек.

науқасты қабылдау

Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу

Мақсаты: Бастың шашты бөлiгiнде биттер мен сiркелердi жою (бөртпе сүзегiнің алдын алу)

Жабдықтану: Бикстегi қорғаушы киiм жинағы- медициналық халат, бас орамалы, маска, клеенкалы алжапқыш, перчаткалар. Екi полиэтилен бас орамалдары, клеенкалы жайалық, екi қол-орамалы, мақта тампондары, өзек (стержень), шампунь, 6% уксус ертiндiсi (30С қыздырылған), клеенкалы қап, қайшы, таза тарақ.

Шашты өртеу үшiн леген (таз), сiрiңке.

Кез-келген дезинсекциялы ертiндi (педикулездi):

  • 20% бензилбензоат немесе ниттифор эмульсияларының ертiндiсi
  • бiрдей көлемде 0,5% метилацетафос ертiндiсi мен 6% сiрке қышқылы ертiндiсi
  •  0,25% дикрезил ертiндiсi

Бұлардан басқа  таза iшкi- киiмдер болу керек, сырқатнама немесе амбулаторлы карта және педикулезға қарауға арналған журнал, инфекциялық ауру жайлы жедел хабарлама үлгісі.

Қажеттi шарт: Қарсы көрсеткiштердi ескерту. Оларға бас терiсiнiң аурулары бар, жүктi, босанған және омыраумен қоректендiретiн әйелдер, бес жасқа дейiнгi балалар жатады.

Өңдеудi арнайы, жақсы желдетiлетiн бөлмеде жүргiзу.

Науқастың құқығын, инфекционды қауіпсіздігін, конфеденциалдылықты сақтау.

Шараға дайындық:

  • Науқасқа онда педикулез бар екенiн хабарлап, өңдеудi өткiзуге рұқсат алу.
  • Қосымша халатты, бас орамалын, аяқ-киiмдер, перчаткаларды, маска, алжапқышты кию.
  • Науқасты клеенкамен жабылған кушеткаға отырғызу.
  • Науқастың иықтарын клеенкамен жайылықпен жабу.

Шараны орындау:

  • инструкцияға сәйкес дезинсекциялы ерiтiндiнiң бiрiмен шашты өңдеу.
  • науқастың шашын полиэтиленді байлауышымен жауып, орамалмен орау (20мин)
  • шашты алдымен жылы сумен жуу, содан кейiн жуғыш ерiтiндiмен, орамалмен құрғату.
  • науқастың жылытылған 6% ас сiрке ерiтiндiсiмен өңдеу.
  • шашты полиэтиленмен байлаушымен жауып, 20 минутқа орамалмен орау.
  • шашты жылы ағынды сумен жуып, орамалмен құрғату.
  • басты ақ қағаз бетiне еңкейтiп, жиi тiстi тарақпен тарау.
  • науқастың шашын қайтадан қарау, биттер мен сiркелердiң жоқтығына көз жеткiзу.

Шараның аяқталуы:

  • қағазды өртеу.
  • науқастың киiмiн және iш киiмiн, медбикенiң арнайы киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу.
  • қапты дезкамераға жiберу, тарақты 70% спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.
  • сырқатнаманың сыртқы бетiнде, амбулаторлы картада, не педикулезге тексеру журналында анықталған педикулез жайлы белгi қою (Р).
  • МОСЭБ-ға инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама жiберу, науқастың мекен-жайы бойынша педикулездiң анықталуын тiркеу.
  • жетi күннен кейiн науқас басының шашты бөлiгiн қайтадан тексеру. Керек болса санитарлы өңдеу жүргiзу.

Ескерту: Егер шашты қию қажет болса, астына елеуiш қойып қияды және қиылған шашты өртейдi. Педикулезде бастың шашты бөлiгiн механикалық әдiспен өңдеу.

Мақсаты: Бастерiсiнiң аурулары бар жүктi, босанған және омыраумен қоректендiретiн әйелдер, бес жасқа дейiнгi балалар басының шашты бөлiгiнде биттер мен сiркелердi жою (бөртпе сүзегiн алдын алу)

Жабдықтану:

1  Бикстегi қорғаушы киiм жинағы- медициналық халат, бас орамалы, маска, клеенкалы алжапқыш, перчаткалар. Екi полиэтилен бас орамалдары, клеенкалы жайалық, екi қол-орамалы, мақта тампондары, өзек (стержень), шампунь, 6% уксус ерiтiндiсi (30С қыздырылған), клеенкалы қап, қайшы, таза тарақ, мақта тампондары немесе жiктерi.

Шашты өртеу үшiн леген (таз), сiріңке.

Дезинсекциялы (педикулидтi) ерiтiндiлердiң бiрi:

  • 20% бензилбензоат немесе ниттифит эмульсияларының ерiтiндiсi;
  • бiрдей көлемдегi 0,5% метилацитофос ерiтiндiсiмен 6% сiрке қышқылы ертiндiсi.
  • 0,25% дикрезил ертiндiсi

Таза iшкi киiм.

Сырқатнама немесе амбулаторлы карта және педикулезді қарауға арналған журнал

Инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама.

Қажеттi шарт:

  • өңдеудi арнайы, жақсы желдетiлетiн бөлмеде жүргiзу
  • науқастың құқығын, инфекционды қауіпсіздiгiн, конфеденциалдықты сақтау

Шараға дайындық:

  1. науқасқа онда педикулез бар екенiн хабарлап, өңдеу өткiзуге рұқсат алу
  2. қосымша халат, бас орамал, аяқ-киiм, перчатка, маска, алжапқыш кию.
  3. науқасты клеенкамен жабылған кушеткаға отырғызу.
  4. науқастың иықтарын клеенкалы жайалықпен жабу.

Шараны орындау:

Бастың терiсiн емес, шаштарды жылы ас сiрке қышқылымен өңдеп, механикалық жолмен биттiң тiрiлерiн алып жою.

Ескерту:

  1. Сiрке қышқылы науқастың көзiне түспеуiн бақылау, ал шаштар бiркелкi сулану керек.
  2. Науқастың шашын полиэтилен байлаушымен жауып, орамалмен 20 минутқа орау.
  3. Сiрке қышқылында матырылған тарақтың тiстерiнiң арасына мақта талшықтарын немесе жiптi өткiзу және сiрке қышқылына сулау.
  4. Шашты алдымен жылы сумен жуу, содан кейiн жуғыш ерiтiндiмен, орамалмен құрғату.
  5. Басты ақ қағаз бетiне еңкейтiп, жиi тiстi тарақпен тарау. Тарақты 70% спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.
  6. Шашты жылы ағынды сумен жуып, орамалмен құрғату.

Шараның аяқталуы:

  • науқастың киiмiн және iш киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу.
  • науқастың киiмiн және iш киiмiн медбике арнайы киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу
  • қапты дезкамераға жiберу, тарақты 70С спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.
  • сырқатнаманын сыртқы бетiнде, амбулаторлы картада педикулез жайлы белгi қою (Р)
  • МОСЭБ-ға инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама жiберу, науқастың мекен-жайы бойынша педикулездың анықталуын тiркеу.
  • жетi күннен кейiн науқас басының шашты бөлiгiн қайтадан тексеру керек болса санитарлы өңдеу жүргiзу

Ескерту: Егер шашты қию қажет болса, астына елеуiш қойып қияды және қиылған шашты өртейдi.

Гигиеналық ванна

Мақсаты: Ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу.

Жабдықтану: су термометрi, қайшы, орамал, сабын және жеке жөке, таза iш-киiм мен төсек орны, клеенкалы алжапқыш.

Қажеттi шарт: жел соғуды (сквозняк) болдырмау, ванна бөлмесiнде ауа температурасы 25С-дан төмен болмау керек, еденде резиналы кiлемше болу керек, су температурасы 35-370С –ден төмен болмау керек.

Шараға дайындық:

  • науқасқа жасалатын шараның орындалу барысын түсiндiрiп, рұқсат алу
  • ваннаны ортасына дейiн сумен толтыру, температура 35-37С тең болу керек.
  • науқасқа болуы мүмкiн жаман сезiнулер жайлы айту (жүрек қағу, ентiгу және т.б) және ол жайлы медбикеге хабарлау.
  • науқасты шынтағынан ұстап ваннаға отырғызу, аяқтары тақтайшаға тiрелу керек, ал су деңгейi төстiң семсер тәрiздi өсiндiсiне дейiн болу керек.
  • жағдайы келсе науқас өзi жуынады.

Шараны орындау:

  • алжапқыш кию.
  • келесi кезектiлiкте науқасты жуу (жағдайы келсе өзi жуынады): бас, тұлға, қолдар, аяқтар, шап аймағы, шапаралығы. Жеке жөке және душ қолдану.
  • науқастың ваннадан шығуына көмектесу
  • науқастың қолдарындағы, аяқтарындағы тырнақтарды қию
  • науқастың тарануына, киiм мен аяқ-киiм киюiне болысу.
  • науқасқа таза iш-киiм кигiзу
  • қолданылған заттарды, ваннаны дезинфекциялау.

Ескерту: ванна  алу ұзақтығы – 25минуттан аспау керек.

Гигиеналық душ

Мақсаты: ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу.

Жабдықтану: су термометрi, қайшы, орамал, жеке сабын және жөке, таза iш-киiм және төсек орын, клеенкалы алжапқыш, жаялық.

Қажеттi шарт: жел соғуы (сквозняк) болмауы керек, еденде резина кiлемшесi, су температурасы 35-37С.

Шараға дайындық:

  • науқасқа жасалатын шараның орындалу барысын түсiндiрiп, рұқсат алу.
  • ваннаның iшiне орындық қойып науқасты отырғызу.
  • науқастың ваннаға кiруге көмектесу, шынтағынан ұстап орындыққа отырғызу.
  • науқасты жуынуға ынталандыру. Қажет жағдайда көмек көрсету.

Шараны орындау:

  • алжапқышты киiп, науқастың басын жуу:
  • жайалықпен бiрнеше рет науқастың көзiн жабуға өтiну;
  • душтағы сумен шашын суландыру;
  • науқастың шашына шампуньдi аздап құю;
  • басын екi қолмен жуу
  • сабынды көпiрген сумен шаю;
  • науқастың шашын сүрту.
  • қажет болса науқасқа денесiн гигиеналық ванна қабылдаған кезекте сияқты жууға көмектесу.
  • науқастың орындықтан тұруына көмектесу.

Шараның аяқталуы:

  • науқастың ваннадан шығуына көмектесу;
  • дененi сондай кезектiлiкте сүрту;
  • науқастың тарануына, киiм мен аяқ-киiм киюiне болысу;
  • науқастың қолдарындағы, аяқтарындағы тырнақтарды қию.
  • науқастың iш-киiмі мен сырт киiмiн киюiне көмектесу
  • алжапқышты шешiп, оны су өтпейтiн қапқа салу, қолды жуып кептiру.
  • орындалған шара және науқас реакциясы жайлы жазу.

Медициналық құжаттардың негiзгi түрлерi:

  • Амбулаторлы науқастың медициналық картасы (ф-025-У)
  • Аурухана науқасының медициналық картасы (ф-005-У)
  • Диспансерлi бақылаудың тексеру картасы (ф-030-У);
  • Дәрiгердiң қабылдауына берiлетiн талон (ф-025-4У);
  • Нақтылы диагноздарды тiркеуге арналған статистикалық талон (ф-025-2У);
  • Стационардан шыққан статистикалық картасы (Ф-066-У);
  • Төсекте жатқан науқастарды тiркеу кiтабы (Ф-001-У);
  • Дәрiгер жұмысының күнделiгi (Ф-039-У);
  • Медбике жұмысының күнделігі (ф-016-У);
  • Инфекциялық ауру, тағаммен улану, және тағаммен жіті улану жайлы жедел хабарлама (Ф-05-У).

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Аурухананың қабылдау бөлімі
  2. Науқасты тексеру жоспары
  3. Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы
  4. Балалардағы ауру тарихын толтыыру. Науқасты курациялау

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!