Фиброзды тиреоидит (Ридель тиреоидиті)
Өте сирек кездесетін қалқанша безінің ауруы болып табылады.
Фиброзды тиреоидит – қалқанша безі деструкцияланып фиброзды тіндерге айналып және жанындаға тіндерге зақым келтіруімен (инвазия) сипатталатын ауру болып табылады.
Этиологиясы анықталмаған ауру; Фиброзды тиреоидитте процесс негізі болып жанындағы тіндер, қан тамырлар, бұлшықеттерді де зақымдайды; Дәнекер тінінің өсуі локальді немесе тотальді жайылып өседі. Бұл үрдіс гипотиреоздың дамуына әкеледі.
Клиникасы. Науқастардың жағдайы көп уақытқа дейін жақсы болады. Аурудың басталуы біртіндеп жұтынудың ауырсынуымен,жұтқан кезде тамағында бір нәрсе тұрғандай сезімдердің пайда болуымен сипатталады. Тыныс алуы да осыған байланысты өзгереді;
Кейде құрғақ жөтел,дауыс өзгеруі болады. Уақыт өте келе бұл көріністер асқынады. Көзге көрінетіндей айқын белгілірге дейін барады. Кеңірдек, асқорыту, дауыс байламдары, фиброзды процесс қалқанша маңы бездеріне де берілуі мүмкін. Гипопаратирозбен бірге болса қалтыраудың пайда болуы да бірге жүреді.
Көбінесе 50 ден асқан әйелдер екі есе жиі ауырады. Фиброзды тиреоидит кезінде қалқанша безі тығыз болғандықтан кейде оны “тасты зоб”депте атайды. Фибринозды трансфармация бір немесе екі бездің бөліктері ұшырауы мүмкін. Ридель тиреоидиті өте сирек болады, ол қалқанша безінің қатерлі ісіктерінің 200 жағдайында 1 жағдай Ридель тиреоидиті кездеседі деген ұғым бар;
Фиброзды тиреоидит келесі аурулармен бірге жүреді:
- Склерозды холангит
- Ретробульбарлы фиброз
- Медиастенальды фиброз
- Ретроперитонеальды фиброз
- Такаясу артериті
Патоморфологиясы Жайылған фиброздар мойын бұдшықеттері арқылы ірі талшықты дәнекер тіндерге енеді, ауыр жағдайларда фибросаркомаға алып келуі мүмкін. Паренхиманың атрофиясы: фиброзды тінде фолликулярлы элементтер жекелеген аралшықтар түзеді;
Фолликулдардың формалары өзгерген. Коллойдтардың жиналуы; Макроскопия: қалқанша безі ұлғайған, капсулаланған, кесіп қараған кезде ақ-сұр түсті болады.
Диагностикасы:
- Пункция жасап биопсия алу;
- гистологиялық зерттеу жүргізу;
- патогенді жасушаларды анықтайды
Көбінесе бұл аурумен ауратын адамдар онкологқа қаралады, өйткені клиникасында жаншылу симптомы болады.
Емі:
- Тиреоидинмен емдеу. 6-12 ай бойы;
- Фиброзды тиреоидит кезінде ең маңыздысы ол хирургиялық ем болып табылады;
- Гипотиреоз болса L – тироксинмен;
- операциядан кейн глюкокортикоидтарда тағайындалады.