Инъекциядан кейiнгi абсцесс

Постинъекционды абсцесс

Қалың еттiң егуден кейiнгi шоғырланған iрiңдiгi (инъекциядан кейiнгi абсцесс). Кейде жамбасқа укол салғанан кейін ол ауырып абсцесске айналып кетуі мүмкін.Себебі қалың етке ине арқылы дәрі жібергенде, ол бiрден қанға сiңiп кетпей, шоғырланған iрiңдiктiң (абсцесс) пайда болуына әкеліп соғады. Мұндай жағдай постинъекционды абсцесс деп аталады. Бұл iрiңдiктер, қалың еттiң iшiне орналасуына байланысты өздiгiнен тіндердi жарып шыға алмайды.

Инъекциядан кейінгі абсцесс әртүрлі себептерде болады:

  1. Ине салу кезінде ине тамырға түсіп, нәтижесінде гематома пайда болып, инфекция түсті.
  2. Ине бұлшықетке емес, теріасты клечаткаға түсті. Сонымен қатар бұл кезде тітіркендіргіш әсері бар дәрілер енгізілген. Мысалы Анальгин, магний сульфаты, Кофеин және т.б.
  3. Ұзақ төсектік жағдайдағы ойылулар (пролежнь)
  4. Әлсіз иммунды жүйе.
  5. Ине салғанан кейін науқастың жамбасын қайта қайта ұстап, инфекция түсіруі;
  6. Бір жерге қайта қайта ине салу. Мұндай жағдай ұзақ уақыт емдеу кезінде байқалады. Сондықтан инені бір салған жерге қайта салмаған дұрыс, оның орнына жамбастың екінші бөлігіне салған дұрыс.
  7. Ине салу кезінде асептика және антисептиканы дұрыс сақтамау нәтижесінде инфекция түсуі.
  8. Бұлшықетке салуға арналмаған шпицтерді жамбасқа ине салуға пайдалану. Вена ішіне, немесе инсулиндік шприцтерді жамбасқа ине салу үшін пайдануға болмайды.

уколдан кейінгі абсцесс

Қабыну үрдісі өте ұзаққа созылады, өйткенi iрiңдiктiң айналасын бiрнеша қабатты сiңiрлiктер қоршап тұрады. Абсцестiң ауданы бiрте-бiрте қызарып, бiлеуленiп iсiнедi, қолмен ұстағанда қатты қызады. Баланың дене қызуы көтерiлiп, тамаққа тәбетi азаяды. Ұйқысы бұзылып, мазасы қашады. Қолмен басып қарағанда шоғырланған іріңдік ауданның шекарасы анықталып, флюктуация аңғарылады. Инемен тесiп, пункция жасағанда қою iрiң алынады. Қан талдамасында лейкоцитоздың шамадан тыс көбейгенi, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылағаны анықталады.

Емдеу – алғашында консервативтiк тәсiлдермен жүргiзiледi. Ол үшiн iсiнген ауданға жылы компресс (майлы, жартылай спиртпен), УВЧ жасалынады. Егер жылумен емдеу тәсiлдерi өз нәтижесiн бермей, қабынудың жергiлiктi белгiлерi айқындала берсе, онда операция жасалып абсцесс жарылуы керек.

Шоғырланған iрiңдiктiң iшiн жуып-шайып, қалталарын бiр-бiрiне қосып, өткiр қасықшалармен өлi тiндердi сылып тастастау процедурасы ауруханада жүргізіледі. Содан кейiн, іріңдіктiң iшiне жұмсақ резина енгiзiп, гипертониялық ерiтiндiлермен байланады. Iрiң азайған кезде УВЧ тәсiлiмен қыздырып майлы дәрiлермен таңады.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!