Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз
Iшек микрофлорасы. Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы сағаттарда ішек-қарын жолдары стерильді болады. 3-4күннің ішінде кездейсоқ микробтар түсе бастайды. 4-6 күннен кейін ішек жолының спецификалық микрофлорасы грам оң сүтқышқылды бактериялар мекендей бастайды. Бұл бактериялар E.coli мен шіріткіш микробтарға антагонистік әсер етеді. Ана сүтінен басқа қосымша қоректенуден , тісі шыққаннан кейін микробтардың неше түрлері қосылып ересек адамдардың қалыпты микрофлорасына теңделеді.
Ішек жолының микрофлорасының көрсеткіші
Микроорганизмдер | Қалыпты жағдайдағы мөлшері |
1. Патогенді (энтеробактериялар тұқымдастығындағы)бактериялар | жоқ |
2. Ішек таяқшасының бір грам нәжістегі жалпы саны | 300-400млн |
3. Ферменттік қасиеті шамалы ішек таяқшасы % | 10ға дейін |
4. Гемолитикалық қасиеті бар ішек таяқшасы % | жоқ |
5. Лактозанегативті және лактозанегативсіз энтеробактериялар% | 5ке дейін |
6. Коккты түрлері (шар тәрізділер%) | 25ке дейін |
7. Гемолитикалық стафилококк | жоқ |
8. Бифидумбактериялар% | 10 және көп |
9. Протеи таяқшалары% | Жоқ |
10. Кандида саңырауқұлақтары | Жоқ |
Ауыз қуысының микрофлорасы. Нәресте туылған кезде стерильді. 4-12 сағаттан кейін көкшіл стрептококк , сонан кейін стафилококктар, нейссериялар, лактобактериялар, бранхамеллалар, дифтероидтар, лептотрикс, кандидалар пайда бола бастайды. Тісі шыққаннан кейін спирохетталар, актиномицеттер, фузобактериялар, вейлонеллалар,т.б. кездесе бастайды. Тісі бұзылған қарттардың аузында қарапайымдыларды, ішек таяқшасын, псевдоманаларды табуға болады.
Жоғарғы тыныс жолдарының микрофлорасы. Кеңірдек пен трахеяда альфа гемолитикалық, пневмококк, нейссериялар, гемофильді таяқшалар, бранхамелла, маракселла т.б болады. Бронхада микробтар (стрептококк, нейссериялар) аз болады, ол майда бронхатар мен альвеолаларда микроб болмауы керек. Мұрын қуысында стафилококктар, дифтероидтар т.б. болады.
Тері микрофлорасы. Күтіміне, қай жерде екеніне, денсаулығына түрі және саны әртүрлі болады. Қалыпты жағдайда теріде мынадай микробтар кездеседі: St. epidermicis, str veridans, str fekalis, corinobakterium, kleibsiella, pseudomanos және т.б. Патологиялық жағдайларда: микоплазмалар, шешек және ұшық вирустары.
Қынап микрофлорасы. Нәресте дүниеге келген кезде стерильді болады. Сонан соң Додерлеин таяқшалары лактобактериялар пайда болады. Бірнеше аптадан кейін қынап ортасы бейтарапты болып аралас флоралы болады.
Кәмелетке жеткеннен кейін орта қайтадан қышқылданып Додерлеин таяқшасының саны көбейе бастайды. Етеккірі тоқтаған әйелде қынап микрофлорасы қайтадан аралас болып әртүрлі микробтар кездесе бастайды.
Дисбактериоз
Әртүрлі факторлардың әсерінен (ағзаның иммундық жүйесінің қызметі бұзылғанда, антибиотикпен емдеу тәртібі бұзылғанда, әртүрлі ауыр физикалық, психологиялық зардапқа ұшырағанда т.б.) қалыпты микрофлораның өзара қатынасы өзгеріп патологиялық жағдай туғызуы мүмкін. Қалыпты микрофлора түрлерінің және олардың өзара қатынасының нәтижесінде сандық және сапалық сипттамасының өзгеруін дисбактериоз деп атайды. Даму барысының ауырлығы және клиникалық белгілерінің айқындалу дәрежесіне байланысты дисбактериоз бірнеше фазада өтеді. Бұл фазалар әсіресе ішек жолында болатын дисбактериозда жиі байқалады. Дисбактериоз фазалары:
- Басталуы. Табиғи мекендеу орындарында қалыпты симбионттардың саны жылдам көбейе бастайды
- Қалыпты микрофлораның бір түрінің немесе бөтен микробтардың өсіп өніп көбеюінің нәтижесінде қалыпты микрофлораның кейбір түрі жойыла бастайды.
- Қалыпты микрофлораның, яғни аутофлораның өкілдері бұрын қалыпты жағдайда болмайтын жерлерінде пайда болады.
- Қалыпты микрофлора және олардың ассоциаттардың патогенділігі өзгереді
Дисбактериоз сатылары
- Айқынсыз. Облигатты және факультативті микроорганизмдер арасында белгілі дәрежеде ауытқулар байқалады.
- Микроорганизмдердің екі тобындағы өзгерістер ұзақ мерзімге созылады-айқындала басталған дисбактериоз
Өте айқын дисбактериоз
- Асқынулар пайда болады. Қосымша патологиялық процесстер басталады, микробтар басқа ағзаларда қанда, несепте т.б. кездесе бастайды.
Егер де бөлінген микробтар арасында төрттен бір бөлігінен азы ШПМ ға жатпаса немесе ШПМ болмас дисбактериоз жоқ деген тұжырым беріледі
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Бактериялар қоректену және тыныс алуы. Қоректік орталар
- Микробиологиядағы материалды алу және тасымалдау