Бактериялардың идентификациясы

Бактерияларды анықтау. Бактериялардың биохимиялық белгілері. Ферментативті белсенділіктері

Бактерия жасушаның барлық метаболиттік реакциялары негізінде 6 сыныпқа жататын ферменттер арқылы атқарылады: оксиредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, лигазалар, лиазалар, изомеразалар. Бактерия жасушасы түзетін ферменттер жасуша ішілік эндоферменттер немесе қоршаған ортаға бөліп шығарылатын экзоферменттер деп бөлінеді. Экзоферменттер жасуша ішіне келіп түсетін көміртегі мен энергияны сырттан тасымалдауда үлкен орын алады. Гидролазалардың көпшілігі экзоферменттер болып табылады, олар қоршаған ортаға бөлініп ірі молекулалы пептидтерді, полисахарид пен майларды жасуша ішіне енуге қабілетті мономерлер мен димерлерге дейін ыдыратады. Экзоферменттердің бірқатары мысалы гиалуронидаза, коллагеназа және басқалары агрессиялық ферменттер болып келеді. Ферменттердің кейбіреулері бактерия жасушасының периплазматикалық кеңістігінде орналасады. Олар заттарды бактерия жасушасына тасымалдауға қатысады. Бактерияның ферментативтік спектрі тұқымдастық пен туыстастықты  және кейбір жағдайларда түрді көрсететін таксономиялық белгіге жатады. Сондықтан ферментативтік белсенділік спектрін анықтауды бактерияның таксономиясын белгілеуде қолданады. Экзоферменттерді диференциалдық-диагностикалық орталарда анықтауға болады, сондықтан бактерияларды идентификациялау үшін дифференциалдық-диагностикалық орталар жиынтықтарынан тұратын арнайы тест-жүйелер жасалынған.

Кампилобактериялар казакша
Кампилобактериялардың қоректік ортада өсуі

Бактерия идентификациясына арналған негізгі биохимиялық тесттер.

ТестӘсер ету принципіҚолдану варианты
1Каталазды белсенділіккеФермент  Н2О2 ыдыратады және оттегінің түзілуін тудырады (-)стрептококктарды және(+)стафилококк-тарды дифференциялау үшін
2Коагулазды белсенділіккеФермент плазма коагуляциясын тудырады.Коагулаза оң және коагулаза теріс стафилококктарды дифференциялау үшін
3Хеддельсонның бактериостатикалық әдісіӘртүрлі бруцеллалардың өсуі ортаға негізгі фуксиннің немесе тиониннің  енуін тежейді.Brucella түрлерін дифференциялау үшін
4 Гисс ортасына егуҚышқыл немесе газдың түзілуімен жүретін көмірсу-лардың әртүрлі ферментация-сын және өсуге деген қабілет-тілігін анықтайдыБактериялардың барлық түрінің ферментативті белсенділігін идентификациалау үшін
5Индол түзілуіне тестТриптофанның ортада ыдырауы индолдың түзілуіне әкеледі, ол ортаға Ковач реактивін енгізгеннен кейін қызылға боялғанда анықталады.Энтеробактериялардың дифференциясы үшін
6Козердің цитратты әдісіЦитраты бар ортада өсу рН сілтілі жаққа жылжуына және алдында жасыл болған ортаның көгеруіне әкеледі.Көмірсудың көзі ретінде цитратты жою қасиеті бар бактерияны анықтау.
7 Лецитиназды белсенділікке тестПреципитация аймағын анықтайды (лецитоветиллазды ферментпен жұмыртқа сары-сының лецитиннің  ыдырау өнімі)S.aureus,Сlostridium sp. туысындағы бактериялар  үшін
8Лакмусты сүтпен сынамаФерментация  лакмустық сүттің қалпына келуіне және түссізденуіне әкеледіЭнтерококтар (+), клостридиялар (+) индикациясы үшін
9Глюкозадан қышқыл түзілу интенсивтілігін анықтауға арналған метил қызылмен реакция   (Метилрот реакциасы)Күшті қышқыл түзілуде (рН 3,0) индикаторды қосқаннан кейін орта қызыл түске боялады, сәл қышқыл түзгенде (рН 6,0) орта сары түске боялады.Энтеробактерия индикациясы үшін
10Нитраттардың қалпына келуіНитратредуктаза ферменті қалпына келтіреді NO3 – ті NO2   Энтеробактерияларды басқа грам теріс бактериялардан дифференциялау үшін.
11Оксидазаға тестОксидаза көк түске боялуға әкелетін фенилендиаминді тотықтырадыОксидаза(+) – вибриондарды, нейссерияларды, псевдомонадаларды, кампилобактерияларды және басқаларды  оксидаза(-) бактериалардан бөліп алу үшін
12 Хью-Лейфсон тесті(глюкоза ферментациясы және тотығуына )Бактериялар глюкозасы бар екі пробиркадағы ортада  дақылданады: 1-аэробты жағдайда (қышқылдануды анықтауға), 2 –  анаэробты (ферментация)Ортаның алғашқы түсі- жасыл, (+) реакциада – сары, энтеробактерияларды басқа  грам теріс бактериялардан ажырату үшін
13Фенилаланинге тестФенилаланиннің ыдырауы темір хлоридін қосқаннан кейін ортаны жасыл түске бояйтын фенилпирожүзім қышқылының түзілуіне әкеледі.Протейларды басқа энтеробактериялардан  ажырату үшін (оң)
14Уреазды  тестУреаза оң  бактериялар   мочевинаны ыдыратып аммонийдің түзілуімен жүреді,  құрамында фенол қызылы бар ортаның қызылға боялуына әкеледіПротейаларды басқа энтеробактериялардан ажырату үшін
15Фогес-Проскауэр реакциясыКейбір  энтеробактериялар  глюкозаның  ферментациясы кезінде , креатинмен әсерлескенде ортаны қызыл түске бояитын ацетилметилкарбинол түзеді (ацетоин)Оң энтеробактериаларды ажырату үшін

Бактерияның тыныс алуына қатысатын (каталаза,  нитратредуктаза, цитохромоксидаза) ферменттерді анықтау.

А)Каталазаны анықтау: аэробты және факультативті анаэробты бактерияларда каталаза активтілігі жоғары. Бұл фермент сутегінің қос тотығын оттегі мен суға ыдыратады. Н2О2 – улы қосылыс, бактериальды торшаның тыныс алу тізбегінде оттегі тотыққанда флавопротеид түзеді. Облигатты анаэробтарда каталаза ферменті жоқ, сондықтан Н2Ожиналады және торшаға кері әсерін тигізеді.

Әдісті қою: Пробиркаға тәуліктік сорпадағы зерттеу дақылынан 1-2 мл және бірнеше тамшы 3% сутегі қос тотығын тамызамыз. Каталаза болғанда О2 газы көпіршіктер бөлінеді, реакция оң болады, көпіршік болмағанда теріс.

Б)Нитратредуктазаны анықтау. Нитратредуктаза ферменті арқылы бактерияның нитрат пен нитритті қалпына келтіру қабілеті анықталады. Анаэробты тыныс алуда нитрат электронның соңғы акцепторы болып табылады («нитратты» тыныс алу негізінен факультативті анаэробтарға тән). Ортада нитрит болғанда крахмал-йодты реакция болады, себебі нитрат қышқыл ортада калий йодына дейін ыдырап, йод түзеді. Соңында крахмалмен әрекеттесіп көк түс түзеді.

Әдісті қою. Пробиркаға 2-3 мл зерттеу дақылын құямыз, ортада өсіреміз, НNО3 құрамды және 1 мл реактив қосамыз, 10% Н24 тең көлемді қосылыс және ерітінді, 0,5г КJ құрамды, 1г крахмал және 100 мл су. Реакция оң болғанда көгеру пайда болады.

В)Цитохромоксидаза реакциясы. Цитохромоксидаза аэробты тыныс алатын бактерияларда кездеседі

Әдісті қою. Пробиркаға зерттеу дақылын құямыз, үстіне  1% спиртті ерітінді α-нафтолын және 1% сулы ерітінді диметилпарафенилендиаминді құямыз. Реакция нәтижесі оң болғанда ақшыл көк түс пайда болады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Бактериялар қоректену және тыныс алуы. Қоректік орталар
  2. Бактериялардың құрылысы
  3. Кампилобактериялалар
  4. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!