Қышқылға төзімді бактерияларды бояу

Қышқылға төзімді бактерияларды бояу әдістері

Қышқылға төзімді микроорганизмдер бейорганикалық қышқылдарға, спиртке, сілтіге айтарлықтай тұрақтылық байқатады. Олардың осындай қасиеті жасуша қабырғасында және цитоплазмасында липидтердің көп болуымен (май балауызды заттар) байланысты. Микобактериялар қарапайым бояуларды дұрыс қабылдамайды, сондықтан жылытылған концентрирленген бояулар ертінділері қолданалады. Бояу барысында микробтық жасушаларды қышқылмен өңдегенде, олар алғашқы бояуын жоймайды. Осы қасиеті бойынша басқа қышқылға тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға төзімді бактерияларды Циль-Нельсен әдісімен бояйды .

Циль-Нельсен әдісімен бояу

Әдістемесі:

  1. бекітілген жұғын-препаратқа карбол фуксинінің бірнеше тамшысын тамызады, сүзгі қағазбен жауып бу шыққанға дейін қыздырады, тағы 1-2 рет бояу тамызып қыздырады (3-5 мин);
  2. сүзгі қағазын алып тастап, жұғын-препаратты салқындатады, 5% күкірт қышқылы ертіндісі немесе 3% тұз қышқылды спиртпен 2-4 с.) түссіздендіреді;
  3. жақсылап сумен шаяды
  4. Леффлер сия көгімен бояу (3-5 мин); сумен жақсылап шайып, кептіру керек

Қышқылға төзімді бактериялар рубинді-қызыл түске, ал қышқылға төзімдіемес бактериялар – сия көк түске боялады.

Қышқылға төзімді бактериялар
Циль-Нельсен әдісі бойынша боялған препарат

Микроорганизмдерді тірі күйінде зерттеу

Микроорганизмдерді тірі күйінде олардың пішінін, қозғалғыштығын немесе тірі күйіндегі ішкі құрылысын анықтау үшін зерттейді. «Езілген тамшы» немесе «ілінген тамшы» әдісін қолдана отырып нативті және боялған препараттарды зерттеуге болады.

Тірі күйінде (витальді) бояу.

0,001% метилен көгінің немесе бейтарап қызылдың ерітіндісінің тамшысына микроорганизмдердің қоспасын енгіземіз. Содан соң «езілген» немесе «ілінген» тамшы препаратын дайындаймыз және микроскопиялаймыз.

«Езілген тамшы» препаратын дайындау: Майсыздандырылған заттық шынының ортасына сұйық сорпа дақылының 1 тамшысын тамызамыз. Егерде дақыл тығыз қоректік ортада өсірілген болса, онда 1тамшы стерильді натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тамызып, сосын ілмекпен дақылдан алып, ілінген бактерияны тамшымен араластырамыз. Немесе изотоникалық ерітіндіде микроорганизмдер қоспасын дайындап,содан 1 тамшы алуға болады. Зерттелетін материалға жабын шыныны жабамыз, ауа тамшыларын қалдырмай. Тамшы алғанда оның көлемі заттық шыны мен жабын шынының ортасын ғана толтырып, жиегінен аспауы керек. Препаратты  құрғақ жүйемен де иммерсиондық жүйемен де көруге болады. 40х және 90х объективті қолдана отырып, микроскоптайды. Қараңғы аймақтық немесе фазалы – контрасты құрылымдарды қолдану  арқылы өте жақсы нәтижелерді  алады. Препараттар жылдам кеуіп кетеді,  егер оларды біршама уақыттан кейін қарайтын болса, онда оны ылғал камераға (Петри ыдысына ) түбіне 2-3 ылғал дөңгелек сүзгіі қағазы, оның  бетін екі құрғақ қағазбен жауып орналастырамыз. Препарат кеуіп кетпес үшін және сұйықтықтың турбулентті қозғалысының конвекциясын тудырмас үшін оны герметизациялауға болады. Бұл мақсатта парафин майын, парафин мен вазелиннің тең көлемін немесе тырнаққа арналған лакты қолдануға болады. Қозғалғыш микроорганизмдер кейде шыныға жабыспайды, сондықтан қозғалғыштықты «ілінген тамшыда» оңай көруге болады.

«Ілінген тамшы» препаратын дайындау: Заттық шыныға зерттелетін материалдың аз мөлшерін тамызып, ойшығы бар заттық шынының ойшығының айналасына алдын ала вазелин майы жағып алады да,заттық шыныны төңкеріп жабады, сол кезде екі шыны беттесіп жабысады. Герметикалық жабылған камера пйда болып,тамшы ұзақ уақыт кеуіп кетпей сақталады.Алғашында препараттағы тамшының жиектерін кішкентай үлкейткішпен, қысылған диафрагмамен тауып қарап, кейіннен неғұрлым күшті құрғақ жүйенің көмегімен зерттейді.Көптеген қозғалғыш микроорганизмдер жылдам қозғалады да зерттеуге қиындық туызады. Суспензияға метилцеллюлоза қосу арқылы олардың қозғалысын баяулатып, олардың қозғалысын көретіндей жағдай жасауға болады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз

  1. Бактериялардың идентификациясы
  2. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз
  3. Бактериялардың құрылысы
  4. Кампилобактериялалар

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 3 часа

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 975Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: