Созылмалы пиелонефрит ауру тарихы
Т.А.Ж:
Жынысы: әйел
Туылған күні: 21.11.1949 (66 жаста)
Ұлты: Қазақ
Мекен жайы: Қарағанды қаласы, Абай ауд.Агрогородок Дружбы көш.10-2
Жұмыс орны: Зейнеткер
Түскен күні: 16.09.2016ж сағ 11:45
Алғашқы диагноз: Созылмалы пиелонефрит, латентті ағым, өршу сатысы,белсенділік дәрежесі II.и Екі жақтың нефроптоз. Екі жақтың пиелоэктазия СБЖ 0.
(СКФ-17мл/мин) АГ 3, қауіп 4.
Соңғы клиникалық диагнозы: Созылмалы пиелонефрит, латентті ағым, өршу сатысы,белсенділік дәрежесі II.и Екі жақтың нефроптоз. Екі жақтың пиелоэктазия СБЖ 0.
(СКФ-17мл/мин) АГ 3, қауіп 4.
Шағымдар:Дене температурасының 38 С –қа дейін жоғарлауы,әлсіздік,тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, бел аймағында екі жақтық ауырсыну,иррадиациясыз,тұрақты емес,спазмолитиктермен басылатын,жиі зәр шығару,ауырсынусыз аз порциямен, 2 рет никтурия.
Anamnesis morbi: Науқасты белдегі ауырсыну 2 жылдан бері мазалайды. 2014 жылы қарашада бүйректі УДЗ-ға түсірген кезде екі жақтың нефроптоз анықталған. Науқас осы 2 жыл ішінде дәрігерге қаралмаған. Ешқандай ем қабылдамаған. Бұл жолғы жағдайының нашарлауы 4 күн бойы дене температурасының 38 С-қа дейін көтерілуі, тәбетінің төмендеуі, бел аймағындағы ауырсыну, жиі зәр шығарумен көрінген. Науқас үйінде температураны түсіру үшін парацетамол, ауырсынуды басу үшін спазмолитик но-шпа қабылдаған. Дәрілерден кейін науқастың жағдайы жақсармағаннан кейін жедел жәрдем шақырған. Қазыргі кезде ОКА –да емделу мақсатымен нефрологиялық бөлімшеде жатыр.
Anamnes vitae: туберкулез, вирусты гепатит, тері-венерологиялық ауруларын жоққа шығарады. Менструалды цикл 14 жастан басталып ,28 күнде 3 күннен келген. Гинекологиялық аурулары жоқ.
Аллергоанамнез: тыныш, жоқ. Гемотрансфузия жоққа шығарады.
Зиянды әдеттері: Зиянды әдеттері жоқ
Тұқымқуалаушылық: жоқ.
Экспертті анамнез: зейнеткер.
Status praesens: Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде интоксикациялық ауырсыну, дизуриялық синдромдар әсерінен. Есі анық, есте сақтау төмендеген, сұрақтарға біркелкі жауап береді. Менингиальды белгілер мен парездер жоқ. Дене температурасы 37С. Тері жамылғысы таза, ылғалды, перифериялық ісінулер жоқ. Тырнақ пластинкалары деформациясы жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз. Бұлшықет тонусы сақталған,пальпация кезінде ауырсыну жоқ.
Конституция типі: Нормастеник.
Тері жамылғысы: физиологиялық түсі құрғақ. Беті ісінген. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсыну жоқ.
Тыныс алу жүйесі: Қарау кезінде кеуде торы цилиндрлік формада, екі өкпе де тыныс алу актіне симметриялы қатысады, перкуторлы-ашық өкпелік тыныс, аускультативті өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Ентігу жоқ. ТАЖ: 17
Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі, эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі екі жақ өкпесіне біркелкі таралады.
Салыстырмалы перкуссияда: өкпе үстінде анық өкпелік дыбыс.
Топографиялық перкуссия:
Оң жақ | Сол жақ | |||||||||||||
Алдыңғы аймақ | Бұғанадан 3 см жоғары | Бұғанадан 4 см жоғары
| ||||||||||||
Артқы аймақ
| VII мойын омыртқасының сүйір өсін-ң тұсында. | VII мойын омыртқасының сүйір өсін-ң тұсында. | ||||||||||||
Кренинг алаңының аймағы. | 6 см
| 7 см
| ||||||||||||
Өкпе экскурсиясы.
| ||||||||||||||
Өкпенің төменгі шекарасы. | ||||||||||||||
оң жақ. | сол жақ. | |||||||||||||
l.parasternalis. l.med.ciavic-s. l.axil. anterior. l.axil. media. l.axil. poster-r. l.scapularis. l.paraverteb-s. | VI қабырға аралық VII қабырғаның жоғарғы қыры. VIII қабырға аралық. IX қабырға аралық. X қабырға аралық. XI қабырға аралық. XII кеуде омыр- ның сүйір өсіндісі. |
Аускультацияда: Өкпе үстінен тыныс барлық алаңында везикулярлы, сырыл жоқ.
Жүрек-қантамыр жүйесі:
Жалпы қарағанда: жүрек тұсында ешқандай өзгерістер жоқ. Мойын тамырларының тұсында ісіну, патологиялық соғу байқалмайды.
Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралығында, бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай пальпацияланады. Ені 2 см, көлемі 2 см, орташа күшті
Жүрек шекаралары.
Шекаралары | Оң жақ | Сол жақ | Жоғарғы |
Салыстырмалы тұйық шекарасы | IV қ.а. төстің оң жағынан 1 см сыртқа | V қ.а. сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке. | Сол жақ төс маңы сызығы бойынша III қ.а. |
Абсолюттік шекарасы | Төстің оң жақ қырынан IV қ.а. | V қ.а. сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке | Сол жақ төс маңы сызығы бойынша IV қ.а. |
Тамыр шоғырының шекарасы.
- Оң жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде
- Сол жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде
- Қан тамыр шоғырының ені-6 см.
Аускультацияда: жүрек ырғағы дұрыс, жүрек тондары жеткілікті дыбысты, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет. Артериялық қан қысымы 120/80 мм сынап бағанасында. Екі қолының білек артериясында пульс жиілігі бірдей, 80 рет.
Ас қорыту жүйесі.
Жалпы қарағанда: тәбеті жақсы, жұтыну актісі сақталған. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылт түсті, қабыну процесстері байқалмайды. Тілі ылғалды, тіл түбірінде ақ өңезбен жабылған. Кариозды тістері бар. Қызыл иегі қалыпты.
Ішінің пішіні теріасты май қабаты есебінен көлемі ұлғайған, симметриялы, тыныс алуға іш бұлшықеттері қатысады.
Беткей пальпацияда: іші жұмсақ, эпигастрий, оң жақ қабырға доғасы аймағында ауырсыну бар.
Терең пальпацияда:Образцов-Стражеско бойынша терең жылжымалы пальпацияда: сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек сезіледі, беті тегіс, жылжымалы, ауырсынусыз, шұрқұрамайды, d-3 см; соқыр ішек оң жақ мықын аймағында пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз, d-4-5 см; тоқ
ішектің көлденең бөлігі кіндік маңында пальпацияланады, d-3 см, ауырсынусыз;Тоқ ішектің өрлемелі және төмендеген бөлігі пальпацияланады, ауырсынусыз.
Бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды.
Курлов бойынша бауыр перкуссия:
- media clavicularis – 10 см.
- media anterior – 9 см.
- arkus costalis – 7 см.
Курлов бойынша көкбауыр өлшемі 6*4 см.
Нәжісі қалыптасқан,күніне 1 рет.
Зәр шығару жүйесі. Бел аймағын қарағанда ісіну және басқа патологиялық процесстер көрінбейді, екі бүйрек те пальпацияланбайды. Соққылау симптомы және Пастернацкий симптомы 2 жақ бөлігінде оң нәтижелі. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Зәр шығару жиілеген,никтурия 2 рет.
Жүйке – эндокриндік жүйесі.Санасы ашық, есі дұрыс, адекватты,уақыт пен кеңістікке бағдарланған.Эмоционалды сферасы:шаршағыштық.Ромберг позасы тұрақты.Қалқанша безі ұлғаймаған,ауырсынусыз,қозғалмалы.көз симптомдары теріс. Менингиальді және бас милық жүйкелердің зақымдалу симптомдары жоқ. Ұйқысы қалыпты, көңіл-күйі біркелкі. «Саусақ мұрын» сынамасын дұрыс орындайды. Есту, иіс, дәм сезу мүшелерінде өзгерістер жоқ. Есте сақтау қабілеті сақталған.
Аяқта тері жамылғысы қалыпты түсті,гидрофильділігі қалыпты.Өкшесі өзгермеген,жарылу жоқ. A.tibialis posterior et dorsalis pedis dex et sin. Пульсация сақталған. Тері сезімталдығы сақталған.Тізе рефлекс,ахилл рефлексі сақталған.
Жетекші синдромды таңдау және оны негіздеу
Синдром | Симптомдар |
Дизуриялық | Жиі ауырсынусыз аз порциямен зәр шығару Никтурия 2 рет |
Ауырсыну | Бел аймағында екі жақтық ауырсыну,иррадияциясыз, тұрақты емес, спазмолитиктермен басылатын. |
Интоксикациялық | Дене температурасы 38 С дейін жоғарлауы Тершеңдік Тәбет төмендеуі Әлсіздік |
Жетекші синдром
Менің науқасымда жетекші синдром –Дизуриялық. Жиі зәр шығарумен, ауырсынусыз, аз порциямен, никтуриямен көрінеді. Осы синдром науқасымның жағдайының нашарлауына және медициналық көмекке жүгінуге алып келді.
Ажыратпалы диагноз I кезең ауру тобын анықтау
Жетекші синдром –дизуриялық
Дизуриялық синдром бойынша ажыратпалы диагноз I
- Бүйрек туберкулезі
- Созылмалы гломерулонефрит
- Жедел пиелонефрит
- Созылмалы пиелонефрит
Бүйрек туберкулезі. Бүйрек туберкулезімен науқастарда; жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, дене температурасы субфебрильді көтерілуі,шаршағыштық, бел аймағында ауырсыну, жиі ауырсынумен аз порциямен зәр шығару шағымдары болады.
Менің науқасымда жалпы әлсіздік, шаршағыштық,дене салмағы төмендеуі жоқ. Ауырсынусыз зәр шығару бар.Келесі шағымдар анық; 38С дене температура, бел аймағындағы иррадиациясыз,тұрақсыз, екі жақтық ауырсыну, жиі ауырсынусыз зәр шығару.
Ауру тарихы; Ең алғашқы кезеңдерінде науқасты жеңіл шаршағыштық мазалайды,субфебрильді температура болады. Кейіннен оған белдегі ауырсыну зақымданған жақта, жиі ауырсынумен аз порциядағы зәр шығару қосылады.Менің науқасымда белдегі ауырсыну оны 2 жылдан бері мазалайды. Оған дизуриялық және интоксикациялық көріністер қосылған.
Өмір тарихы; Өкпе туберкулезі немесе басқа ағзалардың туберкулезі, туберкулезбен ауырған науқастармен контактта болуы.
Менің науқасым туберкулезбен ауырмаған. Туберкулезбен ауырғандармен контакт жоқ.
Зәр шығару жүйесі анық; арық науқастарда пальпация кезінде бүйректің дөңесті жерін сезу мүмкін.Соққылау және Постернацкий симптомдары оң.
Менің науқасымда қарау кезінде бел аймағы өзгерусіз Соққылау және Постернацкий симптомы оң. Жиі зәр шығару ауырсынусыз,аз порциямен никтурия 2 рет.Жоғарыда көрсетілген салыстырулардан мен науқасымда бүйрек туберкулезін теріске шығара алмаймын. Теріске шығару үшін маған лабораториялық-аспаптық зерттеу әдістері қажет.
ЖҚА; ЖЗА; БҚА;Коагулограмма;Бүйрек УДЗ; Рентген; Зәрді бактериологиялық зерттеу;
Созылмалы гломерулонефрит;
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда әлсіздік, бас ауруы, АҚ,ісінулер , жұмысқа қабілетінің төмендеуі. Тәбеттің төмендеуі болады.
Менің науқасымда бас ауруы, ісінулер, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, АҚ жоқ.Науқаста әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бел аймағында ауырсыну,жиі ауырсынусызаз-аздап зәр шығару, никтурия шағымдары бар.
Ауру тарихы; аурудың басталуы баяу, көбінесе бәсекелес аурулардан кейін дамиды.
Менің науқасымда белдегі ауырсыну 2 жылдан бері мазалайды.Оған дизуриялық және интоксикациялық көріністер қосылған.
Өмір тарихы; Көбінесе бұл ауру тұқымқуалайтын немесе тума бүйрек дисплазиясыда, стрептококкты ангинада, созылмалы инфекцияда болады.
Менің науқасымда; Тұқымқуалайтын немесе тума бүйрек дисплазиясы, стрептококкты ангина, созылмалы инфекциялары жоқ.Ешқандай тұқымқуалайтын аурулармен ауырмайды.
Зәр шығару жүйесі анық; арық науқастарда пальпация кезінде бүйректің дөңесті жерін сезу мүмкін.Соққылау және Постернацкий симптомдары оң.
Менің науқасымда қарау кезінде бел аймағы өзгерусіз Соққылау және Постернацкий симптомы оң. Жиі зәр шығару ауырсынусыз,аз порциямен никтурия 2 рет.
Жоғарыда көрсетілген салыстыруларда, мен науқасымнан созылмалы гломерулонефитті жоққа шығара алмаймын. Маған Теріске шығару үшін лабораториялық-аспаптық зерттеу әдістері қажет.
ЖҚА; ЖЗА; БҚА;Коагулограмма;Бүйрек УДЗ;
Нечипоренко бойынша зәр анализі; Зимницкий бойынша зәр анализі; Бүйрек биопсиясы;
Жедел пиелонефрит;
Жедел пиелонефритпен науқастарда интоксикациялық және диспепсиялық бұзылыстар, тұрақты белдегі ауырсыну жүрген кезде күшейеді.Соққылау және Постернацкий симптомы оң.
Менің науқасымда жалпы әлсіздік, шаршағыштық,дене салмағы төмендеуі жоқ. Ауырсынусыз зәр шығару бар.Келесі шағымдар анық; 38С дене температура, белдегі екі жақтан тартып ауырсынуиррадиациясыз, Спазмолитиктермен басылатын, жиі зәр шығару ауырсынусыз аз порциямен . Никтурия 2 рет.
Ауру тарихы;Көбіне бір бүйректің зақымдануы болады. Жедел басталады ошақты инфекциядан кейін ангина, тонзилит, ларингит.
Менің науқасымда 2 жылдан бері ауырсыну синдромымен көрінеді. Оған дизуриялық интоксикациялық синдромдар қосылған.
Өмір тарихы; Инфекциялық аурулармен ауруы.
Менің науқасымда инфекциялық аурулары жоқ.
Зәр шығару жүйесі; жедел пиелонефритте Соққылау және Постернацкий симптомы оң болады. Бүйректі пальпациялау кезінде ауырсыну болады.
Менің науқасымда қарау кезінде бел аймағы өзгерусіз Соққылау және Постернацкий симптомы оң. Жиі зәр шығару ауырсынусыз,аз порциямен никтурия 2 рет.
Жоғарыда көрсетілген салыстыруларда, мен науқасымнан жедел пиелонефритті жоққа шығара алмаймын. Маған Теріске шығару үшін лабораториялық-аспаптық зерттеу әдістері қажет.
ЖҚА; ЖЗА; БҚА;Коагулограмма;Бүйрек УДЗ;
Нечипоренко бойынша зәр анализі; Зимницкий бойынша зәр анализі; Зәрді бактериологиялық зеттеу.
Созылмалы пиелонефрит;
Созылмалы пиелонефритпен науқастарда асқыну сатысында жалпы әлсіздікке, белдегі тартып ауырсынуға, тершеңдікке, дене температурасының 38 С қа дейін көтерілуіне, жиі ауырсынумен ,аз-аздап зәр шығаруға, никтурияға шағымданады.
Менің науқасымда жалпы әлсіздік, шаршағыштық,дене салмағы төмендеуі жоқ. Ауырсынусыз зәр шығару бар.Келесі шағымдар анық; 38С дене температура, белдегі екі жақтан тартып ауырсынуиррадиациясыз, Спазмолитиктермен басылатын, жиі зәр шығару ауырсынусыз аз порциямен . Никтурия көрінеді.
Ауру тарихы; созылмалы пиелонефрит пен науқастардың ауруы жедел пиелонефриттен кейін, немесе суықтаудан кейін дизуриялық көріністермен көрінеді.Бұл ауруда симптомдар көрінуіде мүмкін, көрінбеуіде жасырын болуыда мүмкін .
Менің науқасымда 2 жылдан бері ауырсыну синдромымен көрінеді.Оған дизуриялық, интоксикациялық синдромдар қосылған.
Өмір тарихы; жас кезінде бүйрек немесе зәр шығару жолының ауруымен ауруы, зәр шығару жүйесінің бұзылыс.
Менің науқасымда бүйрек немесе зәр шығару жолдарының аурулары, зәр шығару жүйесінің бұзылысы анықталмайды.
Зәр шығару жүйесі; созылмалы пиелонефрит асқыну сатысында Соққылау симптомы оң. Бүйректі пальпациялау кезінде ауырсыну.
Менің науқасымда қарау кезінде бел аймағы өзгерусіз Соққылау және Постернацкий симптомы оң. Жиі зәр шығару ауырсынусыз,аз порциямен никтурия 2 рет.
Осы аурудағы дизуриялық, ауырсыну,интоксикациялық синдромдар, менің науқасымдағы көріністерге ұқсас. Бұл ауруды болжауыма болады. Бірақ анық диагноз қою үшін маған лабораториялық –аспаптық зерттеу әдістері қажет.
ЖҚА; ЖЗА; БҚА;Коагулограмма;Бүйрек УДЗ;
Нечипоренко бойынша зәр анализі; Зимницкий бойынша зәр анализі; Зәрді бактериологиялық зеттеу.
Алғашқы диагноз;
Созылмалы пиелонефрит,латентті ағым, өршу сатысы,белсенділік дәрежесі II.
Алғашқы диагнозды негіздеу;
Менің науқасымда көрінетін интоксикациялық, дене температурасы 38 С қа дейін жоғарлауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, ауырсыну – бел аймағындағы екі жақтық ауырсыну, иррадиациясыз,тұрақты емес, спазмолитиктермен басылатын;
Дизуриялық-жиі зәр шығару, ауырсынусыз, аз порциямен көрінетін көріністерге негіздеп алғашқы диагнозды қойдым.
Лабораториялық-аспаптық зерттеу жоспары.
ЖҚА;ЖЗА; БҚА; Қан микрореакциясы; Коагулограмма;Нечипоренко бойынша зәр анализі; Зимницкий бойынша зәр анализі; Зәрді бактериологиялық зеттеу. ЭКГ; Кеуде қуысы ағзаларға шолу рентгенограмма; УДЗ бүйрек:
Жалпы қан анализ
Көрсеткіштер | Нәтиже | Қалыпты | Бірлік |
Гемоглобин Эритроциттер Түстік көрсеткіш Тромбоциттер Лейкоциттер Эозинофилдер Таяқша.нейтроф Сегмент.нейтроф Моноциттер ЭТЖ Лимфоциттер | 118 4,7 0,9 208 11 1 2 43 4 17 26 | 120-140 3,5-5,5 0,85-1,05 180-320 4-9 1-5 1-5 42-72 1-8 1-10 25-40 | г/л 10 *12/л
10*9/л 10*9/л % % % % мм/мин % |
Қорытынды | ЭТЖ жоғарлауы; Лейкоцитоз; |
Жалпы зәр анализ
Көрсеткіш | Нәтиже | Қалыпты |
Көлемі Түсі Мөлдірлігі Салыс.тығ, Ақуыз Глюкоза Жалпақ эпит. Лейкоциттер Кетондық ден | 100 Сары Мөлдір 1010 Жоқ Жоқ 3-4 6-8 жоқ | Сары Мөлдір 1012-1020 Жоқ Жоқ 3-5 0-5 Жоқ |
Қорытынды | Лейкоцитурия; | Гипостенурия |
БҚА
Көрсеткіш | Нәтиже | Қалыпты |
Жалпы белок Креатинин Несеп нәр Калий АЛТ АСТ Билирубин ГГТП Альбумин | 76г/л 81 ммоль/л 5,0ммоль/л 4,5ммоль/л 26 24 10,0 ммоль/л 14 37г/л
| 64-85 40-90 2,8-8,3 3,5-5,5 38 40 2-20 0-50 25-37 |
Қорытынды | Барлығы қалыпты; |
Коагулограмма
Көрсеткіш | Нәтиже | Қалыпты |
ПТИ Фибриноген Тромбин уақыты | 92 % 3,4г/л 16,3 сек | 90-120 % 2-4г/л 14-17 сек |
Қорытынды; | Қалыпты; |
Лабораториялық-аспаптық зерттеу жоспары
Қан микрореакциясы. Қорытынды: Теріс реакция
Нечипоренко бойынша зәр анализі:
Көрсеткіш | Нәтиже | Қалыпты |
Лейкоциттер Эритроциттер | 3,3*10*6/л 0,35*10*6/л | 2*10*6/л көп емес 1*10*6/л көп емес |
Қорытынды: | Лейкоцитурия |
Зимницкий бойынша зәр анализі:
№ | Уақыт | Салыс.тығыздығы | Мөлшері/мл |
1 2 3 4 5 6 7 8 | 6:00-9:00 9:00-12:00 12:00-15:00 15:00-18:00 18:00-21:00 21:00-24:00 24:00-3:00 3:00-6:00
| 1009 1010 1010 1010 1012 1009 1010 1008 | 100 мл 100 мл 120 мл 130 мл 100 мл 90 мл 100 мл 90 мл |
Қорытынды: Гипостенурия ; Никтурия; |
Зәрді бактериологиялық зерттеу. Қорытынды; Ішек таяқшасы (Е. Coli) анықталды.
ЭКГ: Қорытынды: Ритм дұрыс, синусты, ЖЖЖ -80 рет/мин Нормаграмма
Кеуде қуысы ағзаларға шолу рентгенограмма: Қорытынды: Өзгерусіз, Қалыпты.
Бүйрек УДЗ: Қорытынды; Екі бүйректің де паренхимасының жұқаруы және олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі.
Ажыратпалы диагноз II кезең
Бүйрек туберкулезі
Бүйрек туберкулезбен науқастарда ЖҚА-де ликоцитоз, лейкопения, лимфопения ,ЭТЖ жоғарлауы болады.
Менің науқасымда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы бар. Ал лейкопения, лимфопения анықталмайды.
Бүйрек туберкулезі науқастарда ЖЗА –де лейкоцитурия, гематурия, протейнурия, пиурия, анықталады.
Менің науқасымда ЖЗА-де лейкоцитурия,гипостенурия, өзгерістер бар. Гематурия, пиурия жоқ.
Бүйрек туберкулезі науқастарда БҚА-де жедел және үдемелі түрінде альбумин-глобулин коэффиценті төмендейді, креатинин жоғарлайды, жалпы ақуыз төмендейді.
Менің науқасымда БҚА-да өзгерістер анықталмайды. Барлық көрсеткіштер қалыпты.
Бүйрек туберкулезі науқастарда коагулограммада ПТИ және Каолин кефалин уақыты төмендейді.
Менің науқасымда коагулограммада барлық көрсеткіштер қалыпты.
Бүйрек туберкулезі науқастарды зәрді бактериологиялық зерттегенде МКБ табылады.
Менің науқасымда E.Coli анықталды.
Бүйрек туберкулезі науқастарда УДЗ-да ошақты ізбестену анықталды.
Менің науқасымның бүйрек УДЗ да екі бүйректің да паренхимасының жұқаруы және олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі байқалады.
Бүйрек туберкулезі науқастарда МКБ ға зәрді бактериологиялық зерттеуде – зәрдің құрамында туберкулез микобактериясы анықталады.
Менің науқасымда зәрде МКБ анықталмайды.
Жоғарыда көрсетілген салыстыруларға негіздеп, мен науқасымнан осы ауруды теріске шығара аламын.
Созылмалы гломерулнефрит
Созылмалы Гломерулонефритпен науқастардың ЖҚА- де орташа лейкоцитоз анықталады.
Менің науқасымда ЖҚА-де лейкоцитоз (9,7*10/9/л), ЭТЖ жоғарлауы анықталды.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда ЖЗА-де протейнурия, цилиндурия, эритроцитурия, лейкоцитурия байқалады.
Менің нпуқасымда ЖЗА-де Лейкоцитурия, гипостенурия, өзгерістер бар. Протейнурия, цилиндурия, эритроцитурия анықталмайды.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда БҚА де гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, креатинин, мөлшері төмендейді, мочевина төмендейді, Ig G мөлшері жоғарлайды.
Менің науқасымда БҚА ешқандай өзгерістер анықталмайды.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда коагулограммада гиперкоагуляционды синдром анықталынады.
Менің науқасымда коагулограмада бүкіл көрсеткіштер қалыпты.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда Нечипоренко бойынша зәр анализінде гематурия анықталады.
Менің науқасымда Нечипоренко бойынша зәр анализінде лейкоцитурия анықталды.
Созылмалы гломерулонефритпен науқастарда Зимницкий бойынша зәр анализінде гипостенурия, олигурия анықталады.
Менің науқасымда гипостенурия және никтурия анықталды.
Созылмалы гломерулонефритте бүйрек УДЗ да бүйрек паренхимасының склероздануының әсерінен бүйрек көлемінің кішіреюі анықталады.
Менің науқасымда бүйрек УДЗ да екі бүйректе паренхимасы жұқаруы, олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі байқалады.
Жоғарыда көрсетілген лабораторлық – аспаптың зерттеулерге негіздеп, мен науқасымнан осы ауруды жоққа шығарамын.
Жедел пиелонефрит
Жедел пиелонефритпен науқастарда ЖҚА-де нейтрофильді лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарлауы болады.
Менің науқасымда ЖҚА –де лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы анықталды.
Жедел пиелонефритпен науқастарда ЖЗА- де пиурия, протейнурия, кейде микрогематурия байқалады.
Менің науқасымда ЖЗА –де лейкоцитурия, гипостенурия өзгерістер бар. Протеинурия, микрогематурия жоқ.
Жедел пиелонефритпен науқастардың БҚА- гаммаглобулин жоғарлауы көрінеді.
Менің науқасымда БҚА де ешқандай өзгерістер жоқ. Барлығы қалыпты.
Жедел пиелонефритпен науқастардың коагулограммасы өзгеріссіз.
Менің науқасымда коагулограмма қалыпты.
Жедел пиелонефритпен науқастардың Нечипоренко бойынша зәр анализінде лейкоцитурия анықталады. Кейде бактериурия, эритроцитурия анықталады.
Менің науқасымда лейкоцитурия анықталды.
Жедел пиелонефритпен науқастардың Зимницкийзәр анализінде гипостенурия, кейде полурия, кей жағдайларда олигурия анықталады.
Менің науқасымда Зимницкий зәр анализінде гипостенурия, никтурия анықталды.
Жедел пиелонефритпен науқастардың бүйрек УДЗ да түбекшелердің кеңеюі, бүйрек тіндерінің бірдей емес тығыздалуын көреміз.
Менің науқасымда бүйрек УДЗ да екі бүйрек паренхимасы жұқаруы, олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі бар.
Жоғарыда көрсетілген лабораториялық аспаптың салыстыруларға негіздеп, мен науқасымнан бұл ауруды теріске шығарамын.
Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы пиелонефритпен науқастардың ЖҚА-де ЭТЖ жоғарлауы, лейкоцитоз байқалады.
Менің науқасымда ЖҚА-де лейкоцитоз (9,7*10\9л), ЭТЖ жоғарлауы (27мм) анықталды.
Созылмалы пиелонефритпен науқастарда ЖЗА-де лейкоцитурия, протейнурия, бактериурия болады.
Менің науқасымда ЖЗА-де лейкоцитурия, гипостенурия өзгерістер бар.
Созылмалы пиелонефритте науқастардың БҚА-де ешқандай өзгерістер болмайды.
Менің науқасымда БҚА-де барлық көрсеткіштер қалыпты.
Созылмалы пиелонефритте науқастардың коагулограммасында көрсеткіштер қалыпты.
Менің науқасымда коагулограмма қалыпты.
Созылмалы пиелонефритте науқастардың Нечипоренко зәр анализінде лейкоцитурия анықталады.
Менің науқасымда Нечипоренко зәр анализінде лейкоцитурия анықталды.
Созылмалы пиелонефрит науқастарында Зимницкий зәр анализінде гипостенурия, никтурия болады.
Менің науқасымда Зимницкий зәр анализінде гипостенурия, никтурия анықталды.
Созылмалы пиелонефрит бүйрек УДЗ –да бүйректегі паренхимасы жұқаруы, оның тығыздалуы, бүйректегі пиелоэктазия көрінісі байқалады.
Менің науқасымда бүйрек УДЗ –да екі бүйректе паренхимасы жұқаруы, олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісі бар.
Жоғарыда салыстырылған лабораториялық аспаптық салыстыруларға негіздеп мен науқасымға созылмалы пиелонефрит диагнозын қойдым.
Клиникалық диагноз
Екіншілік созылмалы екі жақтық пиелонефрит,латентті ағымды, өршу фазасы, белсенділігі II.Екі жақтық нефроптоз СБЖ 0. Екі жақтық пиелоэктазия.
Диагнозды негіздеу
Созылмалы пиелонефрит;
Дизуриялық синдром – жиі зәр шығару, ауырсынусыз аз порциямен, никтурия көріністерімен ;
Ауырсыну синдромы- бел аймағындағы ауырсыну, тұрақты емес, иррадиациясыз,
Созылмалы пиелонефрит- дизуриялық синдром-жиі зәр шығару, ауырсынусыз, аз порциямен, никтурия көріністерімен; ауырсыну синдромы- бел аймағындағы ауырсыну, тұрақты емес, иррадиациясыз, спазмолитиктермен басылатын; интоксикациялық синдром- дене температурасы 38 С-қа дейін жоғарлауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік; ауру тарихына байланысты – 2 жыл белдегі ауырсыну; лабороториялық зерттеу: ЖҚА де-ЭТЖ жоғарлауы, лейкоцитоз; ЖЗА де-лейкоцитурия, гипостенурия; Нечипоренко зәр анализінде лейкоцитурия; Зимницкий зәр анализінде никтурия, гипостенурия; аспаптың зерттеу-бүйрек УДЗ да-бүйрек паренхимасы жұқаруы, олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия көрінісіне негіздеп қойдым.
Диагнозды негіздеу.
Екіншілік– өйткені менің науқасымда екі жақтың нефроптоздан кейін дамып тұр.
Екі жақтық пиелонефрит- бел аймағындағы екі жақтың ауырсынуға негіздеп. «Соққылау» және Постернацкий симптомы екі жақтада да оң.
Латентті ағым-интоксикациялық синдромға байланысты. Симптомдар оң. Ауырсыну тұрақты емес.
Өрлеу сатысы– дизуриялық синдром жиі зәр шығару, аз порциямен, никтурия; ауырсыну синдромы- бел аймағындағы екі жақтық ауырсыну, тұрақты емес, иррадиациясыз; интоксикациялық синдром- дене температуасы 38 С-қа дейін жоғарлауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдікке негіздеп.
Белсенділігі 2– дизуриялық синдром, ауырсыну, интоксикациялық синдром, ЖЗА де- лейкоцитурия, гипостенурия, Нечипоренко зәр анализі- лейкоцитурия; Зимницкий бойынша зәр анализі- гипостенурия, никтурияға негіздеп қойдым.
СБЖО– креатинин деңгейі қалыпты.
Екі жақтық нефроптоз– бүйректі УДЗ-ға түсірген кезде бүйректің төмендеуі анықталған.
Екі жақтық пиелоэктазия- бүйректі УДЗ-ға түсірген кезде анықталды.
Науқасты қарау күнделігі
3.09.15. Курация кезінде шағымдары: жалпы әлсіздік, дене температурасы 38 С-қа дейін жоғарлауы. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Есі анық. Сұрақтарға ақырын жауап береді. Тері жамылғысы физиологиялық боялған, таза, ісінулер жоқ. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары әлсіз, ритм дұрыс. ЖЖЖ 18 рет минутына. АҚ 110/7 мм. с. б..Іші жұмсақ, ауырсынусыз. «Соққылау» және Постернацкий симптомы екі жақта оң. Жиі зәр шығару.
07.09. 15. Шағымы: бел аймағында ауырсыну. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене температурасы36,6 С. Есі анық. Тері жамылғысы физиологиялық боялған, таза, ылғалды, ісінулер жоқ. Өкпе бүкіл жерінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 18 рет/мин.ЖҮрек тондары анық, ритм дұрыс. ЖЖЖ 78 рет/мин. АҚ 120/80 мм.с.б.. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. «Соққылау» және Постернацкий симптомы әлсіз оң. Зәр шығару қалыпты.
10.09.15. Науқастың шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы физиологиялық боялған, таза, перифериялық ісінулер жоқ. Өкпеде барлық аймақтарында везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 16 рет/мин. Жүрек тондары әлсіз, ритм дұрыс. ЖЖЖ 78 рет/мин. АҚ 120/80 мм. с.б.. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. «Соққылау» және Постернацкий симптомы екі жақта теріс.Стул қалыпты. Зәр шығару ауырсынусыз.
-Режим 2
Жартылай төсектік.
-Диета № 7
– Sol No-spa 80көктамырға 2 рет.
– Sol. Acidi
Ascorbinici 5% 6 ml
Sol. Glucosae 5% 200,0 ml
Көктамырға тамшылатып.
-Ciprofloxacini 500 mg-100.0
Көктамырға тамшылатып 3 рет/күніне.
Емдеу жоспары
- Режим 2. Жартылай төсектік.
- Диета №7. Тамақтану рационынан алынып тасталынады: етті, балықты, саңырауқұлақты сорпа, шұжық, консервалар, қатты ащы және тұзды тағамдар, пияз, сарымсақ, редиска, сыр, какао.Ұсынылады: дрожсыз және тұзсыз заттар, жұмыртқа, жеміс-жидектер, күріш, макарон, сүзбелер, сәбіз, картофель.
- Медикаментозды ем.Антибактериальды терапия. Ципрофлоксацин
Фармакологиялық әсері: кең спекторлі антибактериальді әсер етеді. Бактериялық топоизомераза II мен IV ферменттерін тежейді, бұл ДНҚ репликациясын және оған сәйкес РНҚ түзілуін бұзады. Бұның бәрі бактерияның өсіп көбеюіне кедергі жасайды. Фармакокинетикасы: препараттың әсер етуі 30 минутта көктамырға енгізгенде ішке қабылдағанда ПИК 1-2 сағатта көрінеді. Тіндерде жақсы сіңіріледі. ГЭТ жақсы өтеді. Бүйрек арқылы шығарылады. Қан сарысуы белогымен байланысуы 20-40 %. Биожеткіліктігі 50-80 %. Тәулігіне енгізу жиілігі 2 рет.
Емдеу жолдары
Дозасы: асқынбаған жұқпалы ауруларда (зәр шығару) 0,5 г 2 рет күніне. Ауыр жағдайларда 0,75 г 2 рет күніне.
Көрсеткіші: тыныс алу жолдары зақымданулары, сүйек-буын аурулары, зәр шығару аурулары-цистит, пиелонефрит, перитонит.
Қарсы көрсеткіштер: Эпилепсия, жоғары сезімталдылық.
Аяғы ауыр әйелдерге жағымсыз әсерлері: Аллергиялық реакциялар іштегі ауырсыну, диспепсиялық бұзылыстар, бас ауруы, лейкопения, тромбоцитопения.
Емдеу жолдары
Инъекцияға арналған ерітінді + Аскорбин қышқылы. Витаминді препарат.
Фармакологиялық әсері. Аскорьин қышқылының әсер етуі тотығу-тотықсыздану
үрдістеріне қатысуына байланысты. Дәнекер тіннің негізгі заттары мукополисахаридтер-гиалурон және хондроитин күкірт қышқылы түзілуінде регенерация үрдістерін бояулайтын коллаген синтезіне қатысады. Кортикостероидтар түзілуіне, тирозин алмасуына, фоль қышқылының белсенді түрі тетрагидрофоль қышқылына айналуына қатысады.
Фармакокинетика: Аскорбин қышқылы парентеральді енгізгенде жақсы сіңеді. Аш ішекте жақсы сіңеді. Жартылай тіндерде (әсіресе бүйрек үсті безінде ) қорға жиналады. Зәр арқылы жартылай өзгермеген түрде шығарылады.
Дозасы. Бұлшықетке және көктамырға, ерітінді 5%-6,0 көктамырға тамшылатып енгізеді. Емнің ұзақтығы аурудың дәрежесіне байланысты
Емдеу жолдары
Инъекцияға арналған ерітінді + Аскорбин қышқылы.
Көрсеткіші:
Жұқпалы аурулар, қан кетулерде, гипо- және авитаминоз С, бауыр ауруларында, АІЖ ауруларында, күйік, үсік, сынықтарда, бүйрек ауруларында және т.б.;
Қарсы көрсеткіші:
Аскорбин қышқылына аллергия болса, тромбофлебит.
Жағымсыз әсерлері:
Аллергиялық реакция: гиперемия
Жүрек қантамыр жүйесі: тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз.
Нерв жүйесі: бас айналу, әлсіздік, АІЖ жүрек айну, құсу, диарея т.б.
Емдеу жоспары
- Спазмолитикалық препарат Но-Шпа.
Фармакологиялық әсері: миотропты әсерлі спазмолитик. Ішкі органдардың тегіс бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді, оларды жиырылуын төмендетеді, соның салдарынан қантамырлар кеңейеді.
Фармакокинетикасы: Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысы 95-98 %. ГЭТ жақсы өтпейді. 72 сағатта организмнен толықтай шығарылады.
Дозасы. Тәуліктік дозасы 80 мг. Максимальді тәуліктік доза-240 мг.
Көрсеткіші: холецистит, холангит, папиллит, цистит, пиелонефрит, ойық жаралар және т.б.
Қарсы көрсеткіші: Жоғарғы сезімталдық, бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі.
Жағымсыз әсерлері.
АІЖ бұзылыстары: құсу, лоқсу.
Жүйке жүйесі бұзылыстары; Жүрек қантамыр жүйесі бұзылысы.
Емдеу жоспары
- Rp: Sol. Acidi Ascorbinici 5%- 6 ml
Sol. Glucosae 5 %-200.0 ml
Signa: көктамырға 1 рет күніне
- Rp: Ciprofloxacini 500 mg-100.0
Signa: көктамырға 3 рет күніне тамшылатып.
- Rp: Sol. No-Spa 80 mg
Signa: көктамырға 2 рет.
- Rp: Sol. Ketotopi 2.0 ml
Signa: T- 39 С бұлшықетке.
Эпикриз
Науқас ________ 97 жаста. Жалпы терапия бөлімшесінде 17.08.15. дан 11.09.15. аралығында емделді.
Диагнозы: Екіншілік созылмалы екі жақтық пиелонефрит, латентті ағымды, өршу сатысы, белсенділігі 2. Екі жақтық нефроптоз СБЖО. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 38 С-қа дейін жоғарлауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, бел аймағындағы екі жақтық ауырсыну, иррадиациясыз, тұрақты емес, спазмолитиктермен басылатын; жиі зәр шығару, ауырсынусыз, аз порциямен, 2 рет никтурия.
Ауру тарихы: 2 жылдан бері белдегі ауырсыну. Оны базарда жұмыс істегеніне байланыстырады. Осы аралықта ешқандай ем қабылдамаған. Өмір тарихы жұқпалы аурулармен ауырлаған.
17.08.15. Науқастың жағдайы жақсармағаннан кейін жедел жәрдеммен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде лабороториялық тексеруде: ЖҚА- леккоцитоз (17,7*109 г/л) , ЭТЖ- жоғарлауы (27 мин/сағ) , ЖЗА де- лейкоцитурия 6-8 к/а, микрогематурия 0-1 к/а анықталды. Науқасты жедел түрде 2 терапия бөлімшесіне жатқызды.
Эпикриз
Лабороториялық зерттеу нәтижелері :
ЖҚА 18.08.2015. Hb-120 г/л, эр-4,7*1012 л, ле-9,7*109л, ЭТЖ- 27 мин/сағ, т/я нейтрофильдер -2% , с/я нейтрофильдер-43с/я %, тр-208*109 /л, м-4 %, л-26 %, э-1% , түстік көрсеткіш-0,9.
ЖЗА мол-100, түсі-сары, мол-мөлдір, сал. Тығыздығы-1010, ақуыз-жоқ, глюкоза- жоқ, кетондық дене жоқ.
БҚА 18.08.15. Жалпы белок -76 г/л, креатин 81 мкмоль/л, несеп нәрі-5,0 ммоль/л, калий-4,5 ммоль/л, АПТ-26, АСТ-24, билирубин-10,0 мкмоль, ГГТП-14, альбумин-37 г/л.
Коагулограмма 19.08.15. ПТИ-92 %, РФМК-жоқ, фибриноген-3,4 г/л, каолин кефалин уақыты-34 сек, тромбин уақыты-16,3 сек. Э
Нечипоренко бойынша зәр анализі: лей-3,3*106/л, эритроцит-0,35*106/л.
Зимницкий бойынша зәр анализі: гипостенурия, никтурия.
МКБ ға зәрді бактерологиялық егу. МҚБ теріс, анықталмайды.
Аспаптық зерттеу нәтижелері. Бүйрек УДЗ – екі бүйректіңде паренхимасының жұқаруы және олардың тығыздалуы, екі бүйректегі пиелоэктазия.
ЭКГ: Ритм дұрыс, синусты. ЖЖЖ-80 рет/мин. Нормограмма.
Кеуде қуысы ағзаларға шолу рентгенограмма: ағзалар қалыпты, өзгерістер жоқ.
Эпикриз
Жүргізілген емі. Режим 2. Диета № 7.
Sol. Fcidi Ascorbinici 3% -6 ml + Sol. Glucosae 5%-200.0 ml көктамырға тамшылатып күніне 1 рет.
Sol. No-Spa 80 mg көктамырға 2 рет.
Ciprofloxani 500 mg-100.0 көктамырға 3 рет күніне тамшылатып.
Шығару кезіндегі жағдайы: ауырсыну, дизуриялық, интоксикациялықсиндромдар басылды, лабороториялық көрсеткіштер қалпына келді. Жағдайының жақсаруымен ауруханадан шығарылды.
Ұсыныстар
- Диетаны сақтау: тұзды, ащы тамақтарды аз қабылдап, ақуызды, витаминды тағамдарды көп қолдану.
- Суықтаудан және физикалық жүктемелерден өзін сақтау.
- ЖҚА тексертіп тұру.
- Участкелік терапевттің көрінуінен өтіп тұру