Нечипоренко бойынша зәр анализі
Нечипоренко бойынша зәр анализі – зәрдің құрамын тексерудің бір тәсілі. Бұл зерттеу жедел және созылмалы бүйректің және зәр шығару жолдарының қабыну ауруларын анықтау үшін жүргізіледі. Анализде лейкоцит, эритроцит және цилиндрлердің дәл мөлшері анықталады. Егер қан анализінде лейкоцит, эритроцит деңгейі жоғарылаған болса немесе зәрде цилиндрлер анықталса қосымша зерттеу Нечипоренко бойынша зәр анализі тағайындалады.
Нечипоренко анализі бойынша зәрде не анықталады?
Лейкоциттер – біздің ағзамызда қан арқылы ағыста болатын тірі жасушалар. Бұл жасушалар иммунды бақылауды жүзеге асырады. Инфекция анықталғанда, ағзаның токсикалық немесе бөгде заттармен зақымдалғанында, бұл жасушалар зақымдаушы фактормен күреседі. Зәрде лейкоциттердің қалыптыдан жоғары болуы бүйректе немесе зәр шығару жолдарында (бүйрек түбекшелері, несепағар, қуық, уретра немесе ерлерде простата) қабыну үрдісінің барын көретеді. Эритроциттер – кіші көлемдегі қызыл қан денешіктері. Оның басты қызметі оттегіні қажетті мүшелер мен тіндерге тасымалдау. Қалыпты жағдайда зәрде эритроциттер болмайды, болған жағдайда да аз көлемде болуы тиіс. (көру алаңында 3). Эритроциттердің үлкен көлемде болуы бүйрек пен зәр шығару жолдарының патологиясын көрсетеді. Цилиндрлер – ақуызды денешіктер, патология кезінде бүйрек тіндерінде (бүйрек каналшаларында) түзіледі. Цилиндрлер құрамы бойынша әртүрлі болуы мүмкін, кіретін элементтер: эритроцит, бүйрек каналшаларының жабысқан жасушалары, ақуыз. Сыртқы көрінісі бойынша олар әртүрлі болып келеді: дәнді (құрамында эритроцит және бүйрек каналшаларының жасушалары), гиалинді (бүйрек каналшалары мен ақуыздар), эритроцитарлы (эритроциттер).
Зәрді Нечипоренко талдауына қалай жинау қажет?
Зәрді дұрыс жинау үшін келесідей ережелерді сақтау қажет:
- Зерттеу алдында жыныс мүшесін таза сумен сабынсыз, басқа да жуғыш заттарсыз жуу. Сыртқы жыныс мүшелерінің таза болмауынан неше – түрлі бактериялар зәрге түсуі мүмкін. Сабын және басқа да дезинфицирлеуші заттарды қолданбаған дұрыс, олар зәр ағысымен зәр құрамына түсіп, оның сандық құрамына әсер етеді.
- Таза ыдыс алу қажет. ( толық ауызы жабылатын, арнайы өлшеуіші бар лабораторлы стакан немесе контейнер болғаны дұрыс)
- Әйел адамдар менструация кезінде анализ тапсырмағаны дұрыс. Бөлінетін менструальды қан лабораторияда зәр жолдарынан шыққан қан ретінде анықталады.
- Зәрді жинайтын кезде антибиотиктер немесе зәрді басқа түске бояйтын заттарды пайдаланбау қажет.
- Зәр шығару кезінде алғашқы зәр көлемін унитазға ағызу қажет, келесі зәр көлемін контейнерге жинау керек.
- Анализ үшін таңғы зәр жиналады.
- Жиналған зәр лабораторияға бірнеше сағат ішінде жеткізілуі тиіс. Зәрді ұзақ уақыт сақтау кезінде онда бактерия көбеюі басталады.
Нечипоренко анализі бойынша зәрдегі қалыпты лейкоцит, эритроцит және цилиндр көрсеткіштері:
- Лейкоциттер: 1 мл-де 2000
- Эритроциттер: 1 мл-де 1000
- Цилиндрлер: 1 мл-де 20 гиалинділер, цилиндрлердің басқа түрін анықтау патология болып табылады.
Нечипоренко бойынша зәр анализін талдау:
Лейкоциттердің (1 мл-де 2000 жоғары) жоғарылауы:
- Цистит
- Пиелонефрит
- Простатит
- Зәр – тас ауруы
- Бүйрек инфарктісі
Эритроциттердің (1 мл-де 1000 жоғары) жоғарылауы:
- Жедел гломерулонефрит
- Нефротикалық синдром
- Бүйрек инфарктісі
Цилиндрлер – гиалинділер >20, немесе басқа түрлі цилиндрлердің әртүрлі көлемде болуы бүйректік патологияны көрсетеді. Бұл цилиндрлер реабсорбирленіп үлгермеген (біріншілік зәр құрамынан қанға өтіп үлгермеген), ақуыздан түзіледі.
- Пиелонефрит
- Созылмалы гломерулонефрит немесе жедел гломерулонефрит
- Гипертоникалық ауру
- Зәр айдағыш дәрілерді қабылдау
Дәнді цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология) Бүйрек каналдарын астарлайтын жасушалардың бұзылысы әсерінен пайда болады.
- Гломерулонефрит
- Пиелонефрит
- Сынаппен улану
- Вирусты инфекциялар
Балауыз тәрізді цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология). Балауыз тәрізді цилиндрлер канал аймағында гиалинді немесе дәнді цилиндрлердің ұзақ уақыт болуынан түзіледі.
- Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- Бүйрек амилоидозы
- Нефротикалық синдром
Эритроцитарлы цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология). Қалыпты жағдайда қызыл қан жасушалары бүйрек каналшаларында анықталмауы тиіс. Бірақ, бүйрек тостағаншасының қан тамыр қабырғасының бұзылысы әсерінен бүйрек каналшасына өтуі мүмкін. Бүйрек каналшасына өткен эритроциттер зәр арқылы шығады. Бірақ массивті түрде эритроциттердің бүйрек каналшасына өтуі кезінде, оның кеңістігін эритроцитарлы цилиндр түзілу арқылы бітеп тастауы мүмкін.
- жедел гломерулонефрит
- бүйрек инфарктісі
- бүйрек веналарының тромбозы
- қатерлі гипертензия
Эпителиальды цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология). Бүйрек каналшасының эпителиінің ыдырауы әсерінен пайда болады. Бұл цилиндрлер бүйректің аса ауқымды патологиясын көрсетеді. ·Жедел каналшалық некроз
- Жедел вирусты инфекция
- Ауыр металл тұздарымен және нефротикалық заттармен улану кезінде (этиленгликоль, фенол)
- Бүйрекке токсикалық әсер ететін дәрілермен улану (салицилаттар)
Зимницкий бойынша зәр анализі
Диагноз қою үшін кей жағдайда жалғыз зәр анализі жеткіліксіз болады. Осы кезде дәрігер арқылы зәрдің спецификалық талдауы жүргізіледі. Бұл сынаманы орындау үшін дәрігер айтқан нұсқаулықты дұрыс орындау қажет, яғни ыдыстың ретті тізімі, сақтау жағдайы және лабораторияға жіберілетін уақыты. Зимницкий бойынша сынама – бүйректің жұмысын анықтауға көмектеседі. Зерттеу кезінде тәуліктік зәрдің жалпы көлемі, зәр тығыздығы, тәулік бойы бөлінетін зәрді ыдыстарға бөлу дұрыс жүргізілуі қажет. Осы көрсеткіштерге байланысты бүйрек жұмысының бұзылысын анықтауға болады.
Зимницкий сынамасы бойынша зәрді дұрыс жинау.
Зимницкий сынамасы бойынша зәр тәулік ішінде белгілі уақыт аралығында жиналады. Қажетті материалды дұрыс жинау үшін қажет:
- 8 таза ыдыс
- сағат (зәрді белгілі уақыт аралығында жинау қажет)
- күнделікті қабылданатын сұйықтықты жазатын блокнот (көже, сүт тағы басқа да сұйықтық көлемі жазылуы қажет)
Зерттеу үшін зәрді қалай жинау қажет?
- Таңғы алтыда қуықты унитазға босату қажет.
- Тәулік бойы әрбір 3 сағат сайын қуықты арнайы ыдыстарға босатып отыру қажет.
- Қуықты босататын уақыт тізімі 9:00, 12:00, 15:00, 18:00, 21:00, 24:00, 03:00, 06:00.
- Толтырылған ыдыстарды суық жерде жабық күйде сақтау қажет (тоңазытқышта).
- Келесі күні таңертең барлық ыдыстарды лабораторияға апару қажет және күнделікті пайдаланған сұйықтық көлемі жазылған қағазды беру.
Зимницкий сынамасын не үшін жүргізеді?
Зимницкий сынамасының басты мақсаты зәрде еріген заттардың концентрациясын анықтау. Зәр тәулік бойы түсі, иісі және көлемі бойынша ерекшеленеді. Зәрдің тығыздығын өлшеу арқылы зәрдегі жалпы заттардың концентрациясын анықтауға мүмкіндік бар. Қалыпты зәр тығыздығы 1003-1035 г/л. Зәр тығыздығының өсуі ондағы еріген заттардың өскенін көрсетеді, төмендеуі – азайғандығын. Зәрдің құрамына негізінен азотты қосылыстар кіреді – ағзадағы ақуызды заттардың алмасуы (мочевина, мочевина қышқылы), органикалық заттар, тұздар. Зәрде глюкоза, белок және басқа да органикалық заттардың пайда болуы бүйрек патологиясын немесе басқа мүшелердің патологиясын көрсетеді.
Зимницкий сынамасының қалыпты көрсеткіштері:
- Тәуліктік зәрдің жалпы көлемі 1500-2000 мл.
- Пайдаланылған сұйықтық пен шығарылған зәр көлемінің ара қатынасы 65-80%
- Тәулік бойы шығарылған зәр көлемі 2/3, түнгі – 1/3
- Зәрдің тығыздығы бір немесе бірнеше ыдыста 1020 г/л жоғары
- Зәрдің тығыздығы 1035 г/л барлық ыдыста
Зәрдің төмен тығыздығы (гипостенурия). Егер зәрдің тығыздығы 1012 г/л төмен болса, оны гипостенурия деп атайды. Ол келесідей жағдайларды көрініс береді:
- Бүйрек жеткіліксіздігі (бүйректің созылмалы амилоидозы, гломерулонефрит, пиелонефрит, гидронефроз)
- Пиелонефрит өршуі
- Жүрек жеткіліксіздігі кезінде (3-4 саты)
- Қантты емес диабет
Зәрдің жоғары тығыздығы (гиперстенурия).
Зәрдің жоғары тығыздығы, егер 1035 г/л- ден жоғары болса. Бұл жағдайды гиперстенурия деп атайды. Келесідей жағдайларды көрініс береді:
- Қант диабеті
- Эритроциттердің жоғары ыдырауы (серповидті жасушалы анемия, гемолиз, қан құю)
- Жүктілік токсикозы
- Жедел гломерулонефрит немесе созылмалы гломерулонефрит
Тәуліктік зәрдің жоғарылауы (полиурия). Зәрдің көлемі 1500-2000 литрдан асса немесе пайдаланылған сұйықтықтан 80% болса. Шығарылған зәр көлемінің жоғарылауы полиурия деп аталады және келесідей жағдайларда көрініс береді:
- Қант диабеті
- Қантты емес диабет
- Бүйрек жеткіліксіздігі
Тәуліктік зәр көлемінің азаюы (олигурия)
Тәуліктік зәр көлемі 1500 мл (қалыпты сұйықтық пайдаланған кезде) немесе тәулік бойы пайдаланылған сұйықтықтың 65% құраса төмендегенін көрсетеді. Бұл жағдай келесідей кезде байқалады:
- жүрек патологиясы (жүрек жеткіліксіздігі)
- бүйрек қызметінің бұзылысы (бүйрек жеткіліксіздігінің кеш сатысы )
Түнгі уақытта бөлінетін зәр көлемінің жоғарылауы (никтурия)
Қалыпты жағдайда күндіз бөлінетін зәр көлемі 2/3, ал түні уақытта – 1/3 құрайды. Бұл көлемнің түнгі уақытқа қарай жоғарылауы жүрек жеткіліксіздігін және бүйрек концентрациялық қабілетінің төмендегенін көрсетеді.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Жалпы зәр анализі. Қалыпты көрсеткіші
- Жалпы қан анализі мен жалпы зәр анализіне дайындық ережелері.
- Балалардағы зәршығару жүйесін тексеру