Плеврит

Плеврит 

Плеврит- плевра беттерінің қабынып, олардың беттерінде фибриннің түзілуі немесе плевра қуысында сипаты әртүрлі экссудаттардың жиналуы.

Этиологиясы:

  • Инфекциялық:
  • Бактериялық ( пневмококк, стафилококк, грам- таяқшалар т.б)
  • Туберкулез, мерез, бруцеллез, іш сүзегі, бөртпелі сүзек, туляремия( өте сирек);
  • Вирустық инфекциялар;
  • Саңылауқұлақтар (коксидоидоз, бластомикоз т.б);
  • Инфекциялық емес плевриттер себептері:
  • Қатерлі ісіктер;
  • Өкпе рагі;
  • Лимфома;
  • Мезотелиома;
  • Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары:
  • ЖҚЖ, Ревматоидты артрит;
  • Басқа себептер:
  • Өкпе инфарктісі; Панкреатит; Диафрагмалық іріңдік; Асбестоз; Жарақат; Дәрі қабылдау (бром криптин); Торакомиядан кейнгі күй

Патогенезі: Инфекциялық плеврит инфекцияның тікелей енуінен дамиды;

Микроорганизмдердің плевраға түсу жолдары:

  • Тікелей жанасу арқылы – инфекцияның плевраасты ошақтардан плевраға өтуі ( пневмония, абсцес,бронхоэктаз, іріңдеген киста, туберкулез т.б)
  • Лимфогенді жолмен – тін сұйықтығының ретроградты ағуында;
  • Гематогенді жолмен тарауы ( онша маңызы жоқ)
  • Сыртқы ортадан тікелей енуі ( жарақаттар, операциялар)
  • Осы себептермен қатар плевра зақымдануына мына жағдайлар септігін тигізеді;
  • Қан және лимфа тамырларының өткізгіштігін арттыратын улы заттардың бөлінуі (эндотоксиндер);
  • васкулиттер;
  • лимфа айналымын бұзатын ісіктік процестер;
  • жергілікті және жалпы аллергиялық процесстер;
  • организм реактивтілігінің өзгеруі.

Патоморфологиясы

  • Плевра ісінген;
  • Плевра бетінде фибринді экссудат;
  • Фибринді экссудат не сіңеді, не фиброзды тінге айналады;
  • Плевра тыртықтанған;
  • Экссудатты плевритте – плевра қуысында экссудат болады.

Плевриттер классификациясы:

І. Этиологиясына қарай:

  • Инфекциялық плевриттер( қоздырғышты көрсету керек);
  • Бейинфекциялық плевриттер ( басты себеп ауруды көрсету керек);
  • Идиопатиялық плеврит ( себебі белгісіз)

ІІ. Экссудаттың сипаты:

  • Фибринді;
  • Сарысулық;
  • Іріңді;
  • Сарысулық-фибриндік;
  • Шіріктік;
  • Геморрагиялық;
  • Эозинофильдік;
  • Холестериндік;
  • Хилездік.

ІІІ. Даму барысы:

  • Жедел;
  • Қатал;
  • Созылмалы.

ІV.Экссудаттың орналасуы:

  1. Жайылмалы;
  2. Қалталанған: а) өкпе ұшында (апикальды)

б) қабырғалық (паракостальдық)

в) костадиафрагмалық

г) диафрагмалық (базальдық)

д) парамедиастенальдық

е) бөлік аралық (интерлобарлық)

Клиникасы:

Плевра беттерінің қабыну процесімен зақымдануының клиникасында 3 басты синдромды ажыратады:

  • Фибринді (құрғақ) плеврит синдромы;
  • Экссудатты плеврит синдромы;
  • Іріңді  плеврит синдромы (плевра эмпиемасы).

Құрғақ плеврит:

  • кеуде торының ауырсынуы (зақымдаған жағына байланысты ауырсынуы;
  • құрғақ жөтел;
  • ықылық;
  • мойын ауруы;
  • тыныс алуы үстірт және жиі;

Экссудатты плеврит:

  • Кеуденің зақымдалған жағына салмақ сезіну;
  • Ауырсыну;
  • Ентікпе;
  • дене қызуының болуы;
  • Құрғақ жөтел;
  • Сұйықтық көп жиналса – цианоз, мойын веналарының ісінуі байқалады.

Плевра эмпиемасы:

  • Интоксикация симптомдары;
  • жүдеу;
  • плевра қуысына сұйықтық жиналу симптомдары.

Диагностикасы:

  • Негізгі тексерулер:

Құрғақ плеврит:

  • пальпацияда ауырсынудың болуы;
  • перкуссияда: өкпенің төменгі шетінің қозғалысының шектелгені;
  • аускультацияда: тыныс әлсіреген, плевра үйкелісінің шуы естіледі.

Экссудатты плеврит:

  • палпацияда – қабырғааралықтарының қарсыластығының жоғары болуы( Потенжер оң белгісі), дауыс дірілінің болмауы немесе өте әлсіз болуы;
  • перкуссияда – сұйықтық үстінде перкуссиялық тұйық дыбыс, жиналған сұйықтық көлемі 400-500 мм кем болмаса  анықтауға болады ;
  • аускультацияда – тұйықтық аймағының бетінен әлсіз тыныс естіледі немесе естілмейді, кейде тұйықтық шегінен жоғары, фонендоскоппен немесе алақанмен басып тұрып демді терең алдырғанда, плевра үйкеліс шуы және ылғалды сырылдар естілуі мүмкін.
  • ҚЖА, ЗЖА;

Аспаптық тексерулер:

  • Рентгенологиялық әдіс:

Құрғақ плевритте – диафрагма күмбезінің жоғары тұрғаны, тынысты терең ішке алғанда оның қалыңқы болуы, өкпенің төменгі шеттері қозғалысының шектелгені көрінеді.

Эксудатты плевритте – жоғарғы жағының қия шекарасы бар гомогенді қарайғандық, көкірекаралығының сау жаққа қарай ығысуы.

  • УДЗ – шектелген сұйықтықтарды анықтауда басты әдіс болып есептеледі, ол бар сұйықтықтың көлемін және сипатын ( серозды және іріңді) анықтауға мүмкіндік береді.
  • Плевра пункциясы – плевра қуысында сұйықтықтың барын және оның сипатын анықтауға, сұйықтықтың сипатына қарап потологиялық процесстің себебін анықтауға мүмкіндік береді
  • Тұнбаны цитологиялық зерттеу маңызды.

плеврит қазақша

Плеврит ауруы
Рентген түсірілімі

Плевриттің рентген түсіріліміндегі көрінісі: 

Емі:

  • Режим (ауыр жағдайда) төсектік;
  • Диета 10 – 15 стол;
  • Этиотропты ем – негізгі себебін жою;
  • Патогенетикалық ем:
  • қабынуға қарсы,десенсибилизация емі ( ацетилсалицил қышқылы 1,0 тәулігіне 3-4 рет, вольторен, индометацин, бутадион, кальций хлориды т.б)
  • Симптоматикалық ем:
  • ауырсындыратын құрғақ жөтел болса – дионин, кодеин, либексин, тусупрекс.
  • Экссудатты алу;
  • организмнің реактивтілігін күшейту мақсатында:
  • құнарлы тамақтану, витаминдер комплексі, плазма кұю т.б.
  • Физиотерапия, емдік дене шынықтыру және массаж.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!