Балаға жүректің тура емес массажын жасау

Балаға жүректің тура емес массажын жасау алгоритімі

  1. Баланы тегіс, қатты беткейге арқасымен жатқызу.
  2. Оның оң жағынан орналасу.
  3. Қысып тұрған киімдерді босату.
  4. Қолдың сәйкес жерін (немесе екі қолды) төстің төменгі 3/1 бөлігіне, бірақ семсер тәрізді өсіндінің үстіне емес, орналастыру:
  • а) жаңа туған нәрестеге – бас бармақтың бірінші фалангасының алақан жағын (немесе екі қолдың да бас бармақтарын), ал қалған саусақтарын нәрестенің арқасының астына;
  • б) 1 айдан 12 айға дейінгі балаларға – сұқ және ортаңғы саусақты;
  • в) 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаға – білектің проксимальды бөлігін (бірақ саусақтарды емес);
  • г) 7 жастан – көбелек сияқты екі қолды бірінің үстіне бірін орналастыру.
  1. Қолды шынтақ тұсында жазу. Шынтақтар максимальды жазылу керек. Кеудені қолдың емес, дененің салмағымен басу керек. Науқас көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкерінің бел деңгейінде орналасу керек.
  2. Төс тұсын:
  • жаңа туған нәрестелерде 1-1,5 см-ге
  • омырау жастағы сәбилерге 1-2,5 см
  • ересек балаларда – 3-3,5 см тереңдікте басу керек

 

  1. Төс тұсын басу жиілігі әр жасқа сай жүрек соғу жиілігіне тең болу керек:
  • 1 ай – 120-140;
  • 6 ай – 130;
  • 1 жас – 120;
  • 5 жас – 100;
  • 10 жас – 80;
  • 14 жас – 70 рет.

Бала жүрегіне жасанды массаж жасау

  1. «жоғары – төмен» ырғағымен үздіксіз қимыл жасап отыру.
  2. Жүрекке тура емес массаж жасаумен жасанды өкпе желдету – дем берумен қатар жасалған кезде төс тұсын басу 1:5 қатынасында, егер реанимация жарасын екі адам жасаса, ал бір ғана адам болса, 2:10, 3:15 қатынасына жасауға болады.
  3. Жүрекке тура емес массажды 1-2 минуттан кейін ұйқы артериясында пульсті анықтап және қарашық реакциясын бақылап, пульс пен тыныс алу пайда болғанша немесе биологиялық өлім пайда болғанға дейін әсерлілігін бақылайды. Массаждың әсері кеңейген қарашықтың тарылуы, жүрек фибрилляциясының пайда болуы одан кейін жүректің сирек соғуы мен өздігінен тыныс алудың пайда болуынан байқалады.
  4. Реанимация шаралары өмір сүру белгілері қалпына келгенше, немесе «жедел жәрдем» жеткенше, не өлік дақтары пайда болғанша жасала берді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Өкпеге жасанды тыныс алдыру
  2. Балалық жастағы реанимация

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!