Асқазан жуынды суын бактериологиялық себуге алу тәсілі
Құрал – жабдықтар:
- Асқазан зонды;
- Резеңке алжапқыш 2 дана.;
- 35-37°С дейін жылытылған асқазан жууға арналған ерітіндісі бар ыдыс;
- Асқазан жуынды суларын құюға арналған ыдыс;
- Жабдыққа арналған лоток;
- Құрал жабдықтарға арналған лоток;
- өңделген заттарға арналған лоток;
- дәкелі сүлгілер;
- шпатель;
- асқазан жуынды суына арналған залалсыздандырылған ыдыс;
- жолдама іс-парағы;
- заласыздандырушы ерітіндісі бар ыдыс, шүберек;
- резеңке қолғап;
Міндетті шарттар:
– асқазанды жуатын ерітінді өте жылы болмау керек (у тез сіңіріледі) және суық болмау керек (асқазан тырысуына әкелуі мүмкін).
- Іс-шараны өткізуге қарсы көрсеткіштер жоқ екеніне көз жеткізу. Қарсы көрсеткіштер: науқастың жалпы ауыр жағдайы, асқазаннан қан кетуден кейінгі жағдай, өңеш өтімділігінің нашар болуы, жүрек-қан тамыр жүйесінің айқын сырқаттары, асқазанның үлкен немесе пенетрацияланған жаралары.
- Егер науқас есінен танбаған болса, онымен жағымды қарым-қатынас орнату, іс-шараның мақсаты мен жүргізілуін түсіндіру.
- Науқасты дұрыс отырғызу:
- есінен танған жағдайда – сол жақ қырына жатқызып;
- есінен танбаса – басы мен кеудесін алдыға қарай еңкейткізіп отрырғызу.
- Науқасқа медициналық клеенкадан алжапқыш кигізу, оның етегін асқазан жуынды суына арналған ыдысқа түсіру. Қолқап кию.
- Асқазанға дейінгі аралықты зондпен өлшеп алады (құлақ ұшынан мұрын қырына дейін және төстің семсер тәрізді өсіндіге дейін), маркермен белгілеу.
- Егер науқас отырса, оның оң жағынан және артқа қарай тұру. Зондты оң қолға алу. Зондты алдымен суға малып, сол жақ мұрын қуысы арқылы немесе ауыз арқылы белгіге дейін енгізу. Зондты пластырьмен бекіту.
- Зондты мұрын арқылы енгізген жағдайда науқастың басын қарама-қарсы жаққа шалқайту керек, абайлап зондты мұрын қуысына, сосын мұрынжұтқыншаққа артқы қабырғасы бойымен енгізу. Зондты жұтқан соң, науқастың тыныс ала алатына көз жеткізіп, зондты ақырындап белгіленген ұзындыққа дейін енгізу.
- Зондты ауыз арқылы енгізген жағдайда оны артқа қарай жұтқыншаққа енгізу. Зондты тілдің ортаңғы сызығы бойынша баяу және бірқалыпты белгіге дейін енгізу.
- Воронканы асқазан деңгейінен төмен түсіріңкіреп, жууға арналған сұйықтықты құяды. Асқазан сұйықтығы пайда болған кезде, оны пробиркаға анализ жасау үшін жинау. Одан кейін бөлінген сұйықтықты жуындыға арналған ыдысқа төгу.
- Асқазан деңгейінде тұрған воронкаға 37°С дейін жылытылған жылы суды құйып, воронканы жоғары көтеру. Су воронканың тар бөлігінен жоғалмау керек. Сосын воронканы жылдам бастапқы деңгейден төмен түсіріп, асқазан сұйықтығы мен судың жуындыға арналған ыдысқа ағып кетуіне мүмкіндік беру.
- п.10 жуынды сулар тазарғанша көп рет жасалуы тиіс. Енгізілген және төгілген судың мөлшері бірдей болу керек. 6-9 айға дейінгі балаға жалпы енгізілген сұйықтық мөлшері 600-900 мл, 9-12 айлық балаға – 900-1000 мл, 1 жастан асқан балаға – 1 литр, бірақ 10 литрдан көп болмауы тиіс.
- Зондқа белсендірілген көмірді жасына сәйкес мөлшерде енгізу (алдын ала қайнатылған суда еріту, 1 таблетка 10 кг салмаққа) және зондты ақырындап алып шығу.
- Науқастың аузын қайнатылған атаза сумен шайқату, аузын сүлгімен сүрту. Қолданылған құрал-жабдықтарды залалсыздандыратын ерітіндіге салу.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: