НейроСПИД

НейроСПИД

НейроСПИД — ЖИТС және АИВ – пен ауыратын науқастарда дамитын неврологиялық жүйенің зақымдалуының ортақ клиникалық көрінісі. Екіншілік  нейроинфекция  – ағзада бұрын  болған  инфекциялық әсерден  дамитын  неврологиялық  ауру  болып  табылады. Ол  біртіндеп  дами  отырып   қан,  лимфа  жолдары  арқылы  басқа  мүшелерге тарайды.

ЖИТС (СПИД) – адамның иммунды жетіспеушілігімен көрінетін синдром. XX ғасырдың аяғында жеке нозологиялық бірлік болып бөлінді. Ең алғаш 1981 жылы АҚШ та идентификацияланған. 1983 жылы француз ғалымы Люк Монтанье, америка ғалымы Роберт Гало ЖИТСты шақыратын вирусты бөліп алды. Бұл вирус “адамның иммунды жетіспеушілік вирусы” деп аталды (АИВ).

АИВ инфекцияның жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромының қоздырғышы – ретровирустар тұқымдасына жататын вирус. Ол – фермент кері транскриптазаның (ревертазаның) көмегімен дезоксинуклеин қышқылын (ДНҚ) қайтадан синтездейтін адамдағы иммунитет тапшылығы (ЖИТС) немесе АИВ.

Патогенезі:

АИВ инфекциясы кезіндегі иммунды жүйенің зақымдануы жасушадағы Т-хелперлерге вирустың тікелей және жанама цитотоксикалық әсеріне және иммунды жауаптың реттелуінің бұзылысына  байланысты болады. Т –лимфоциттер, яғни Т-хелперлер иммунды жүйенің барлық жасушаларының жіктелуі мен  пролиферациялық белсенділігін қамтамасыз етеді. Иммунды жүйені реттейтін көптеген цитокиндер бөледі және В-жасушалардан антиденелердің бөлінуіне жағдай жасайды.

Т-хелпердің жетіспеушілігі немесе олардың белсенділігінің төмендеуі  көптеген  вирустарға, бактерияларға, қарапайымдарға, қарсы иммунды жауап төмендейді немесе бұзылады. Иммунды жүйенің  дисрегуляцияның  кесірінен, мысалы АИВ кезінде, адамда аутоиммунды антиденелер пайда болады. ЖИТС-тің аутоиммунды әсер етуін полиневропатиядан және асептикалық менингиттен көруге болады.

ЖИТС вирусын жұқтырған соң адамда бірнеше жылдар бойы ешқандай симптомдар байқалмайды. Кейбір науқастарда қысқа мерзімде дене температурасының көтерілуі, лимфалық түйіндердің шошуы, әлсіздік, кейде бөртпелер болуы мүмкін. Әдетте бұл вирусты жұқтырған соң 2 аптадан – 3 ай арлығында байқалады. 8 – 9жылдан кейін бұл науқастарда ЖИТС дамиды. ЖИТС АИВ инфекциясының соңғы сатысы, адамның иммунды жетіспеушілігі салдарынан пайда болатын паталогиялық көріністермен сипатталады. ЖИТСке шалдыққан науқастар арасындағы летальділік 100% ке жетеді.

Орталық және перифериялық нерв жүйесінің зақымдалуы клиникалық 30—40 % ЖИТС -пен ауыратын науқаста анықталады, патоморфологиялық  — 90—100 % науқаста анықталады. Кейде неврологиялық асқынулар осы инфекция түрінің алғашқы көрінісі болып табылады. АИВ  гематоэнцефалиялық бөгеттен өтеді (макрофаг арқылы), бірақ, нейрон ішіне ене алмайды. Көптеген неврологиялық асқынулар келесі факторлар әсерінен болады:

  • АИВ өндіретін нейротоксикалық заттар мен макрофагтар әсерінен;
  • оппортунисттік инфекциялар (оппортунисттік инфекция тек иммунитет төмендеген кезде ауру шақыратын инфекция түрі);
  • ісіктік процесстермен (орталық нерв жүйесінің біріншілік лимфомасы);
  • алиментарлы немесе метаболикалық бұзылыстармен;
  • тамырлар зақымдалуы мен қан ұюының бұзылысы.

Орталық нерв жүйесінің зақымдалуы

Инфицирленген соң алғашқы 2—4 аптада анти АИВ-антиденелер өндіріле бастайды және  серологиялық реакциялар оң болады (сероконверсия), жедел серозды менингит, менингоэнцефалит немесе миелит дамиды. Бірнеше ай, жылдар өткен соң үдемелі асқынулар туындайды.
АИВ-энцефалопатия — ЖИТС- тың ең жиі кездесетін неврологиялық асқынуларының бірі. Ол бас миының сұр және ақ затының дегенерациясымен көрініс береді. Науқастарда қозғалыс бәсеңдеуі, ұмытшақтық, көңіл – күйдің төмендеуі, апатия дамиды. Ақырындап  деменция дамиды, ол атаксия және екі жақты пирамидті белгілермен (патологиялық өкшелік рефлекстер), кешірек — төменгі спастикалық парапарез арқылы көрініс береді. Деменция дамыған соң, летальды жағдай жарты жылдан соң дамиды. Ақырғы жылдары вирус дамуын тежейтін заттар шығарылуда (тимизид, хивид, инвираз), оларды біріктіріп қолдану энцефалопатия алдын алады және кейде аурудың кейбір көріністерін тежейді. Бас миының тез дамитын зақымдалуы оппортунистикалық инфекциямен (токсоплазмоз, цитомегаловирусты инфекция, криптококкоз) немесе бас миының біріншілік лимфомасы арқылы шақырылады.
Токсоплазмоз — ауру жасуша ішілік паразит Toxoplasma gondii арқылы шақырылады, ЖИТС- пен ауыратын науқастарда ми затында жеке немесе көптеген абсцесс дамуына әсер етеді. Клиникалық тұрғыда ол жалпы милық және симптоматикалық көріністермен байқалады — бас ауруы, естің жоғалуы, гемипарез, афазия. Диагностикасында шешуші болып пириметамин және сульфадиазин қолданылады, бұл дәрілерді токсоплазмоз кезінде қолдану симптомдардың кері дамуына әкеледі.
Бас миының біріншілік лимфомасы  клиникалық көрінісі бойынша токсоплазмозға ұқсайды, бірақ қызбасыз өтеді. КТ және МРТ кезінде жеке немесе көптеген ошақтар анықталады.  Сондықтан лимфоманы токсоплазмозға қарсы ем әсер бермеген соң ғана диагностикалайды. Сәулелік ем және кортикостероид қолдану кезінде уақытша тұрақтану байқалады.
Криптококкоз — саңырауқұлақтық инфекция, ЖИТС – пен ауыратын науқастарда ауыр  менингит себебі болады және летальды жағдайға әкеледі. Криптококкты менингит жедел немесе жеделдеу дамиды, бас ауруы, қызба, естің бұзылысы арқылы көрініс береді. Менингеальды синдром әлсіз байқалады, ал жұлын – ми сұйықтығын зерттеген кезде қабыну көрінісі болмайды.  Саңырауқұлаққа қарсы ем қолдану (амфотерицин В, флуконазол) науқас жағдайын жақсартады, бірақ инфекциядан толықтай емдемейді.
Жедел және жеделдеу энцефалит  ЖИТС- пен ауыратын науқастарда цитомегаловирус немесе жай герпес  вирусы арқылы шақырылады. Диагноз ПЦР немесе серологиялық зерттеу арқылы анықталады. Цитомегаловирусты  инфекция кезінде  ганцикловир және фоскарнет, ал герпестік инфекция кезінде — ацикловир қолданылады.

Нейроспид казакша реферат

Перифериялық нерв жүйесінің зақымдалуы

Сероконверсия кезеңінде әлсіз тетрапарез және арефлексия немесе бет нервісінің невропатиясымен жедел полирадикулоневропатия (Гийена—Барре синдромы) дамиды. Бұл бұзылыстар бірнеше күн және апта ішінде үдеді. Соңында созылмалы қабынулық демиелинизирлеуші  полирадикулоневропатия дамиды.
Иммунды жетіспеушілік пайда болуынан науқастарда полиневропатия дамиды, нәтижесінде айқын ауырсыну, талу байқалады. Перифериялық нерв жүйесінің зақымдалуы  цитомегаловирусты инфекция әсерінен болуы ықтимал, нәтижесінде өрлемелі белдік – сегізкөздік радикулопатия дамиды. Вирусқа қарсы дәрілер пайдалану біршама жақсаруға әкеледі.  Неврологиялық асқынулар пайда болған кезде науқастарды ауруханаға жатқызу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі.

Диагностика:

  • Серологиялық реакция
  • Жұлын ми сұйықтығын зерттеу (плеоцитоз,белоктың жоғарлауы)
  • КТ (церебральды атрофия), балаларда базальды ядрода кальцификаттарды анықтауға болады.
  • МРТ (перивентрикулярлы аймақта ақ заттың өзгеруі)
  • ЭЭГ (ырғақтың баяулауы 1с – 7-8-ге дейін)

Емі:

  • Симптоматикалык ем (нерв жүйесінің бұзылысы, оппортунистік инфекцияның емі)
  • Кеңес беру
  • Санитарлық- ағарту жұмыстары
  • Арнайы емі – вирусқа қарсы және иммунотерапия.

Вирусқа қарсы препарат – ретровирус (зидовудин, АZТ, азидотимидин) виростатикалық әсер көрсетеді. Препарат ЖИТС –тің барлық кезеңінде, АИВ-ассоциотивті деменциясы, АИВ-ассоциотивті миелопатиясы, АИВ-ассоциотивті полиневропатиясында қолданылады. Препарат ГЭТ (гемотоэнцефалды тосқауыл) арқылы енгізеді. Оның цереброспинальды сұйықтықтағы мөлшері  плазмалық өлшемнің 50% құрайды. Бастапқы дозасы 70 кг дене салмағындағы науқасқа  200 мг әрбір 4 сағат сайын  (1200 мг тәул) тағайындалады.

Препараттың кері әсері: Анорексия, астения, жүрек айну, іш өту, бас айналу, бас ауру,  қызба, ұйқысының бұзылысы, бөртпе, психикалық белсенділігінің төмендеуі, зәр шығарудың жиілеуі, қалтырау, жөтел, тұншығу.

ЖИТС –тан сақтану жолы:

  • Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу.
  • кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану
  • стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
  • қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу
  • маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
  • СПИД вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті   түрде дәрігерге көріну.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Иммунды статус
  2. АИТВ-инфекциясының жұғу механизмі, берілу жолы, профилактикасы
  3. ЖИТС және АИТВ

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!