Сезімталдықты тексеру әдістері

Қарапайым сезімталдықты тексеру тәсілдері

  • Сезімталдықтың барлық түрлерін зерттеу кезінде сырқаттың көзі жұмулы болуы керек.
  • Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді
  • Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гапе-ралгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады.

қарапайым сезімталдық

  • Температура сезімталдығын тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға 18-20 градус шамасыңда су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тексерілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Егер тигізген тұсында ыстық немесе суықты сезбесе (термогиперестезия), күштірек сезінсе (термогиперестезия), сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу
  2. Неврологиядағы терең сезімталдықты тексеру
  3. Сезімталдық бұзылыстары

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!