Жедел гастроэнтероколит

Жедел гастроэнтероколит ауруы

Жедел гастроэнтероколит этиологиялық жағынан асқазан – ішек жолы қуысының микробты инфицирленуімен байланысты ауру. Диарея, жедел бастамалы қысқа кезеңді абдоминальды ауырсыну, жиі жағдайда құсу, әлсіздік, бас ауыру, қызбамен қатар жүреді. Аурудың жедел сатысында қоздырғышты анықтау қиын, бірақ кейінгі зерттеу кезінде анықтау маңызды.

Этиология.

Жедел гастроэнтероколиттің бүкіл әлемде басты себебі болып табылады:  Вирус (Rotavirus, Echovirus, Norvalk agent); Бактерия (Salmonella spp, Shigella spp, Campylobacter spp,Yersisnia enterocolitica, Сl. Perfringens, E. coli, Aeromonas spp.); Токсиндер (E. coli, Staphylococcus aureus, Vibrio cholerae, Cl. Botulinum); Басқа инфекциялар (Giardia lamblia, Criptosporidium spp, Isospora belli); сонымен қоса алкоголь және ауыр металлдар.

Клиникалық көрінісі.

Инкубациялық кезең этиологиялық себебіне байланысты болады және бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Қан аралас  диарея, (Shigella spp, Campylobacter spp; энтероинвазивті E.coli), іштегі колика тәрізді ауырсыну (Campylobacter spp), құсу (B.cereus), басқа көріністер (қызба, бас ауруы, миалгия) Shigella spp, Campylobacter spp, Yersinia enterolitica арқылы шақырылған жедел гастроэнтероколит үшін тән. Ауру басталған соң, 24- 96 сағат ішінде симптомдары баяулайды. Көп жағдайда гастроэнтероколитпен қарт адамдар ауырады,  егер асқазан секрециясы төмен болса, ахилия, АИВ – инфекциясы кезіндегі иммунодефицит кезінде, химиотерапия, спленэктомия, гипогаммаглобулинемия қатар жүрсе.

Диагностика.

Клиникалық көріністерімен қатар, ауру анамнезіне де мән беру қажет (өзгеше және бөтен тағамдарды қолдану), себебі бұл топтағы аурулар тағамдық токсикоинфекциямен және тағамдық интоксикациямен байланысты, мысалы ботулизм. Тағамдық токсикоинфекция тағам құрамында жоғары көлемде болған протей, энтеротоксин, стафилококк және басқа микроорганизмдермен байланысты. Болжам диагноз қойылады: тағамдық токсикоинфекция, жедел гастрит, гастроэнтероколит. Фекалия, құсық бөлінділері, қолданылған тамақ қалдықтарынан қоздырғышты анықтаған соң, болжам диагноз сәйкесінше нозологиялық (этиологиялық) форма диагнозына ауыстырылады. Бірақ себінді кезінде теріс деректер 50% жағдайда байқалады  – «бейспецификалық қоздырғыштар»). Сондықтан диагноз эпидемиологиялық деректерге, клиникалық көрінісіне және лабораторлы зерттеулерге негізделеді.

Зерттеу әдістері.

Асқынбаған жедел гастроэнтероколит кезінде нәжістің бактериологиялық зерттеуі және микроскопия арқылы  мүмкін болатын қоздырғыш Jiardia lamblia, немесе циста және трофазойд, Entamoeba histolitica анықтауға негізделеді. Мүмкіндігінше басқа да зерттеу әдістері жүргізіледі. Нәжіс қалпына келген соң, онда патогенді бактериалды микрофлора барына күмән туындайды.

Жедел гастроэнтероколит кезінде міндетті зерттеуге қарт адамдар жатады, егер топтық ауру, ауру симптомдары төрт күннен артық болса, қанды бөліністер байқалса. Егер бірінші зерттеу теріс болса, ал ауру симптомдары сақталса нәжістің бактериологиялық зерттеуі қайталама жасалады. Бұл жағдайда нәжісте токсин Cl.difficile анықталады. Екі апта бойы емге көнбейтін диарея анықталса ректороманоскопия өткізуге, биопсия және болжама диагнозға байланысты қосымша зерттеулер жүргізуге көрсеткіш болып табылады.

Гастроэнтероколит қазақша

Аурудың соңы.

Жедел гастроэнтероколит жиі толық сауығумен аяқталады. Кейбір науқастарда байқалады:

  1. Екіншілік лактатты жеткіліксіздікпен байланысты үнемі диарея, әсіресе вирустармен немесе персистирлеуші инфекциямен инфицирленген кезде (Salmonella spp, Lamblia, иммунодефицит). Мынадай ауруларды да естен шығармау қажет жаралы колит, целиакия, тоқ ішектің қоздырма ауруы
  2. Жедел сальмонеллезды гастроэнтериттің симптомсыз байқалуы
  3. Синдром Рейтерға ұқсас реактивті артрит (ассиметриялық полиартрит, коньюктивит)
  4. Иерсениозды және кампилобактерлы жедел гастроэнтероколит кезіндегі түйінді эритема
  5. Септицемия. Оның дамуына қарт адамдардағы иммунологиялық бұзылыстар, гипоспленизм себеп болады ( серповид тәрізді анемия, целиакия, спленэктомия), қан аурулары. Септицемия әсіресе сальмонеллезды инфекция кезінде летальды жағдайға әкелуі мүмкін.
  6. Инфекционды колит, шырышты қабаттардың диффузды қабынбалы өзгерістерімен, кейде жаралы колитке ұқсас болады, бірақ одан айырмашылығы шырышты қабаттың темір сияқты құрылымы байқалады. Бұл колиттер Campylobacter spp, Yersinia enterocolitica, Salmonella spp, E.coli 0157enteritis – пен шақырылады.
  7. Тоқ ішектің токсикалық дилатациясы. Бірақ ол жиі бұрын анықталмаған жаралы колит кезінде кездеседі. Токсикалық дилатация жиі Campylobacter spp, Yersinia enterocolitica, E.coli 0157enteritis-пен инфицирленген кезде кездеседі.
  8. Нейропатия, Cl.botulinum кезінде дамыған (инфицирленуден 12-72 сағаттан соң)

Жедел гастроэнтероколит емі.

  1. Гидратациялық терапия.

Диарея және дегидратация симптомдарын ескере отырып, қажетті сұйықтық мөлшерін енгізу. Тағайындалады: натрий хлорид ерітіндісі 3,5г + натрий цитрат 2,9г + калий хлорил 1,5г + глюкоза 1 л ішетін содаға 20г. Алдын ала тұз және глюкозаны 40-42С суда пайдаланар алдында жасаған дұрыс. «Глюкосан», «Регидрон» және «Цитраглюкосолан» препараттары қолданылады. Сонымен қоса, «Квартасоль», «Трисоль», «Ацесоль» ерітінділерін қолдануға болады. Бұл ерітінділер сусыздану дәрежесіне байланысты тамыр ішілік тамшылап немесе тез жіберілуі мүмкін.

  1. Дизентериясы бар науқастарға индивидуалды тағам және сұйықтық қабылдау маңызды. Жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау қажет. (қол жуу, жеке бас орамалы және т.б.).
  2. Диареяға қарсы препараттарды жедел гастроэнтероколит кезінде қолдану ұсынылмайды, себебі бұл топ дәрілері сауығу және ағзадан инфекция шығарылу кезеңін ұзартады. Кейбір ескермелі жағдайларда ғана кейде лоперамид (имодиум), 4 мг ішке қабылдауға болады, әрбір диареялық нәжістен соң, ал кейін 2 мг-нан қабылдау қажет. Ұзақ уақыт қабылдауға болмайды.
  3. Құсу кезінде Метоклопрамид (реглан, церукал) 10 мг күніне 3 рет бұлшық етке иньекция ретінде жасалады.
  4. Қарттар мен бойжеткендерде кездесетін айқын астения кезінде ректальды Домперидон (мотилиум) 30-60мг күніне 3 рет қолданылады, препарат осы жағдайдың профилактикасы ретінде де қолданылуы мүмкін.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Балалардағы гастрит, жара ауруы
  2. Созылмалы гастрит
  3. Балалардағы асқазан ойық жара ауруы
  4. Балалардағы асқазан ішек жолынан қан кету
  5. Асқазан өңеш рефлюкс ауруы, рефлюкс эзофагит
  6. Асқазан обыры
  7. Асқазан ішек жолдары ауруларын сұрап, тексеру

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!