Кардиологиялық науқастарды емдеу тәсілдері

Кардиологиядағы заманауи емдеу тәсілдері

Кардиологияда қолданылатын емдеу тәсілдері: инвазивті, хирургиялық, эфферентті. Электрлік кардиоверсия.

Хирургиялық ем

Қазіргі таңда дамыған елдерде  жүрек – қан тамыр аурулары өлімділіктің басты себебі болып табылады.  Кейде жүрек ауруларын емдеуде медикаментозды ем толықтай көмек көрсете алмайды, сондықтан хирургиялық  және интервенционды ем қолданылады.

Коронарография –  коронарлы артериялардың тарылған аймағын, дәрежесін дәл анықтайтын  рентгеноконтрастты әдіс. Коронарлы артерияларды стентирлеу –  жүрек ишемиялық ауруын емдеудің бір әдісі, нәтижесінде атеросклероз әсерінен тарылған артерия аймағы кеңейтіледі. Коронарлы стенттеу негізінде қажетті диаметрдегі баллонды  катетерді тарылған артерия аймағына рентгеноскопия арқылы енгізу болып табылады. Нәтижесінде атеросклеротикалық түйін «жаншылып»  артерия саңылауы кеңейеді. Тамыр кеңейтілген соң, оның саңылауына стент – металликалық каркас орнатылады.

Коронарография және коронарлы артерияны стентирлеудің асқынуы:

  • Летальды жағдай –  0,1% науқастарда;
  • Жедел миокард инфарктісі – 0,05-0,1% науқастарда;
  • Инсульт – 0,07-0,2% науқастарда;
  • Жүрек қабырғасының зақымдалуы
  • Контрастты заттарға аллергиялық реакция
  • Артерияның тесілген аймағында қан кету, тромбоз, аневризма

Аорто – коронарлы шунттау.

Аорто – коронарлы шунттау операциясы  кезінде қосымша коронарлы артерия жасалады, ол зақымдалған аймаққа қанды жеткізу қызметін атқарады.  Яғни, қан жеткіліксіздігі байқалатын  зақымдалған жүректің аймағы қосымша қанмен қамтамасыз етіледі. Аяқтан алынған вена коронарлы артерияның кесіндісіне тігіледі, ал екінші ұшы аортаға тігіледі.  Операция  соғып тұрған жүрекке де немесе жасанды қан айналым жағдайында да жасалады.

Электрокардиостимулятор.

Жүрек ритмын жүргізуші (немесе жүрек автоматизмінің ошағы)  дегеніміз –  табиғи ритмды импульс қоздырғыштарын генерациялайтын кейінен жүрек жиырылуын шақыратын  миокардтың бөлігі. Оның жұмысы бұзылған кезде қарынша электростимуляциясы үшін  арнайы электрокардиостимулятор және  универсалды кардиостимулятор қолданылады ол жүрекшенің де қарыншаның да стимуляциясын шақырады.  Екі жағдайда да, электрод оң жақ қарыншаға енгізіледі, екінші жағдайда оң жақ жүрекшеге қосымша электрод енгізіледі.

Жүрек қақпақшаларын протездеу. 

Жүрек қақпақшаларын протездеу  –  жүректің бір немесе бірнеше қақпақшасын хирургиялық жолмен протезге ауыстыру. Зақымдалған жүрек қақпақшасын протезбен ауыстыру туа пайда болған және жүре пайда болған структуралы және функциялы бұзылысына байланысты пластикалық коррекцияға келмейтін зақымдалу кезінде жасалады. Жүрек қақпақшаларын протездеу механикалық (жасанды) немесе биологиялық (тіндік) протездер арқылы жасалады. Биопротез немесе биологиялық жасанды қақпақшалар биологиялық тіннен тұрады. Механикалық қақпақшалар металлдан немесе синтетикалық материалдан жасалады.

Экстракорпоралды гемокоррекция (эфферентті әдістер)

Экстракорпоралды гемокоррекция (ЭГ) – науқас қанының жасушалық және жасушадан тыс қан құрамы субстратын өзгертуге негізделген, соның ішінде ақуызды, метаболикалық, су-электролиттік немесе газды құрамын әртүрлі технология арқылы (аферезды, мембранды немесе сорбционды) өзгертетін перфузионды операция. ЭГ барлық әдістері заманауи нано және биотехнологияға негізделген қанды тазартудың  жоғары технологиялық әдісі болып табылады. ЭГ өзгеше қасиеті ағзадан патологиялық субстратты эллиминациялаудың эффективтілігі мен жылдамдығы болып табылады. Ағзадан алынатын субстанцияларға байланысты ЭГ әдістері селективті, селективті емес және жартылай селективті болып бөлінеді.

Селективті емес ЭГ әдісі.

Гемосорбция –сорбент арқылы экстракорпоральды перфузия жолымен науқас қанынан эндогенді және экзогенді токсикалық заттарды шығаруға негізделген  ЭГ әдісі.

Плазмаферез – науқас қаны плазмасының компонеттерін қан препараттары және қан ауыстырғыштармен ауыстыратын, эфферентті терапия әдісі.

Жартылай селективті әдіс.

Криопреципитация – плазмаферездің селективтілігін жоғарылататын ЭГ әдісі. Криопреципитация  фибронектин плазма ақуызының  полимерлену қасиетіне негізделген, гепарин әсерінен суықта  преципитат түзеді, оның құрамына иммунды комплекстер Ig М, A, G, криоглобулин, фибриноген, перекисті -модифицирленген липопротеиндер, Виллебранд факторы кіреді. Осындай тазалау нәтижесінде  плазма 30 дан 50% дейінгі заттардан тазартылады, 80% криоглобулин, 90% фибронектин.  Криопреципитация иммунды жүйені қалпына келтіретін және коррекциялайтын қассиетке ие. Интенсивті плазмофорезге альтернатива ретінде кең қолданысқа ие.

Термопреципитация —  плазмаферездің селективтілігін жоғарылатын экстракорпоралды гемокоррекция әдісі. Термолабилды ақуыздардың  56 °С дейін қайнатқан кезде ерімейтін күйге ауысуымен байланысты.  Термопреципитация кезінде плазмадан толықтай фибриноген, пироглобулин жойылады, Виллебранд факторының белсендігі төмендейді. Әдіс нәтижесінде кинематикалық созылғыштығының екі есе төмендеуіне, тромбоцит және эритроциттердің индуцирленген агрегациясының төмендеуіне, қанның фибринолитикалық белсендігінің жоғарылауына әкеледі. Бұл кезде орташа молекулярлы пептид, альбумин, глюкоза, билирубин, холестерин, триглицеридтердің орташа концентрациясы өзгермейді.  Термопреципитация әдісі реокорригирлеуші қассиетке ие және гиперкоагуляциялық және  гиперагрегациялық синдромның алдын алуда қолданылады.

кардиологиядағы емдеу тәсілдері
Заманауи кардиология

Селективті әдістер.

Каскадты плазмофильтрация –  арнайы микроскопиялық фильтр арқылы қан плазмасын қайталама фильтрациялау, төмен молекулярлы ақуыздар  (альбумин) өтеді, ал ірі молекулалы соның ішінде атерогенді липопротеидтер өтпей ұсталып қалады. Каскадты плазмаферез негізінде әртүрлі өткізгіштігі бар мембранды плазмофильтрларда плазманы сүзу. Олардың бірінде плазма және эритроцитарлы массаның бөлінуі, екіншісінде молекулярлы массасы жоғары  заттарды  бөлектеу жүреді. Реофильтр арқылы өткен құрамында IgG, жоғары тығыздықты липопротеидтер және төмен молекулярлы массасы бар компонеттермен плазмофильтрат эритроцитарлы массамен бірге науқас қанына қайта қайтарылады.  Каскадты плазмаферезды қолданудың басты мақсаты атеросклерозбен күрес болып табылады. Каскадты плазмафильтрация арқылы емдеудің кейбір спецификалық әдістері жүргізіледі, соның ішінде  фильтрациялық технологияны қолданып, LDL-аферез немесе төмен тығыздықты  липопротеидтерден тазарту жүргізіледі. Бұл кезде, фильтрация арқылы алынған плазманы екінші сатысында сорбенті бар колонкалардан өткізеді.

Иммуносорбция – қанның патогенді компонентінің  антиген /антидене принципі бойынша аффинды сорбентпен әсерлесуіне негізделген. Бүгінгі таңда  иммуносорбция  ЭГ әдістерінің эффективті және қолайлы әдісі болып табылады. Науқас ағзасына әсер етуіне қарай иммуносорбция қатаң спецификалық болып табылады, сондықтан қан құрамына әсер етуіне қарай кері әсері аз. Иммуносорбция процедураларын жүргізу кезінде бір «бағытты» компонент қана жойылады. Қанның басқа компонеттері – жасушалар, фермент, ақуыз және басқа заттар өзгермейді. Емдеудің осы ерекшелігіне байланысты иммуносорбцияны ұзақ уақыт қолдануға болады (жылдар бойы).

Кардиологиядағы иммуносорбция әдісін жүргізуге көрсеткіштер:

  • Төмен тығыздықты липопротеидтерді селективті жою
  • Липопротеидтерді (а) селективті жою
  • Делатациялық кардиомиопатия

HELP әдісі (Heparin-induced extracorporal LDL precipitation).

HELP әдісін қолдану кезінде науқас қаны фильтр арқылы өтеді, ол LDL-холестерин, фибриноген және липопротеин (а) ұстап қалады.

HELP әдісін қолдануға көрсеткіштер:

  • гомозиготалы тұқым қуалаушы гиперхолестеринемиясы бар науқастар
  • статин препараттары қарсы көрсетілген, жүрек ишемиялық ауруы бар науқастар
  • липопротеин (а) деңгейі жоғары ишемиялық ауруы бар науқастар

DALI әдістемесі (Direct Adsorption of Lipoproteins).

DALI әдістемесі гемоперфузия кезінде липопротеиндердің тікелей адсорбциясы.  Бұл әдіс кезінде төмен тығыздықты липопротеиндер төмендейді, ал жоғары тығыздықты липопротеиндер мен фибриноген қалыпты деңгейде сақталады.

DALI әдістемесін қолдануға көрсеткіштер:

  • Төмен тығыздықты липопротеиндерді селективті жою
  • Лп (а) селективті жою

Электроимпульсты терапия

Электрлік кардиоверсия –жүрек проекциясына үнемі синхронизирленген  тоқ разрядын жіберу болып табылады, ал дефибрилляция деп -синхронизирленбеген разрядты енгізу болып табылады. Бұл екі әдісте трансторокальді разряд жіберудегі  трансторокальді деполяризация әдісі -электроимпульсті терапия деп аталады.

ЭИТ әдістері:

Сырттық (трансторакалды) ЭИТ — басты әдіс. Екі электрод жүрек конденсатор разрядының электрлік тоғымен  қамтамасыз етілетіндей қылып, кеуде торына салынады. Ересектер үшін разряд көлемі—  50 ден 360 Дж (4–7кВ). Балаларда разряд  2 Дж/кг дене салмағы есебі бойынша жасалады.

Ішкі ЭИТ — электродтар жүрекке салынады. Бұл кезде азырақ разряд көлемі қажет (ересектер үшін — 500 В немесе 12,5–25 Дж).

Өңеш арқылы ЭИТ —  электродтардың бірін өңеш арқылы жүрекше деңгейіне дейін енгізеді, екіншісін прекардиальды аймаққа орналастырады.  Разряд энергиясы  — 12–25 Дж.  Бұл әдіс ауыр өтетін қарынша үстілік тахиаритмия, ауыр қарыншалық тахиаритмия кезінде қолданылады.

Трансвенозды жүрекше ішілік ЭИТ оң жақ қарыншаға орнатылатын, көп полюсты электрод арқылы рецидивирлеуші қарыншалық тахикардия кезінде интенсивті палаталарда қолданылады. Разряд энергиясы  2,5 тен 40 Дж дейін жетеді.

Жүрекше фибрилляциясын тоқтату үшін жүрекше ішілік ЭИТ қолданылады, ол екі түрлі болады: жоғары және төменгі энергиялы. Жоғары энергиялы түрін қолданған кезде (200–400 Дж) бір электрод оң жақ жүрекшеге орнатылады, ал екіншісі дене бетіне орнатылады. Эффективтілігі 100%. Төмен энергиялы түрін қолданған кезде 2–4,5Дж  бір электрод оң жақ жүрекшеге орнатылады, екіншісі коронарлы синуста орнатылады.

Имплантацияланатын  кардиовертер-дефибриллятор төмен энергиялы  кардиоверсия-дефибрилляцияны қолданады; оларды пароксизмалды қарыншалық тахикардия және рецидивирлеуші қарыншалық фибрилляция, пароксизмалды жүрекше фибрилляциясы емінде қолданылады.

Кардиоверсия және дефибрилляция:

Кардиоверсия –  QRS комплексімен синхронизирленген, үнемі токтың әсері. Әртүрлі тахиаритмия кезінде  (қарынша фибрилляциясынан басқа) үнемі берілетін токтың әсері QRS комплексімен синхронды болуы қажет, себебі Т тісшесінің шыңы алдында әсер етсе, қарынша фибрилляциясы дамиды.

Дефибрилляция –  QRS комплексімен синхронизациясыз тікелей токтың әсері. Дефибрилляция қарынша фибрилляциясы кезінде, үнемі әсер ететін тоқтың синхронизациясына қажеттілік жоқ кезде жүргізіледі.

Кардиоверсия-дефибрилляция жүргізілуіне көрсеткіштер:

  1. Қарыншаның жыбыры,тыпыры. Бұндай науқастарда электрлік дефибрилляция әдісін қолданады.
  2. Тұрақты қарыншалық тахикардия. Гемодинамика бұзылысы болған жағдайда (Морганьи—Адамс—Стокс ұстамасында, артериальді гипотензия немесе жедел жүрек жетіспеушілігі дамығанда) дефибрилляцияны жедел жасайды.
  3. Суправентрикулярлы тахикардияда – электрлік кардиоверсияны өмірлік көрсеткіштері бойынша жүргізеді. Оларға: прогрессирленген гемодинамика бұзылысы немесе жоспарлы түрде, медикаметозды, антиаритмиялық препараттардан әсер болмаған жағдайда жасалады.
  4. Жүрекшенің жыбырымен тыпырында – суправетрикулярлы тахикардиядағы сиақты көрсеткіштер кезінде жасалады.

ЭИТ жүргізуге қарсы көрсеткіштер:

  • Жүрек гликозидтерімен интоксикация
  • МА тұрақты түрі (2-жыл бойы)
  • Қарыншалардың дилятациясы және дистрофиялық өзгерістері кезінде дамитын аритмиялар
  • Қақпақшалық кемістігі бар науқастарда операция алды және операциядан соң дамитын жүрекше жыбыры
  • Гормональды деңгейді қалпына келтіргенше дамитын тиреотоксикозды қарынша үстілік тахиаритмия
  • Синус түйіні әлсіздігі немесе АВ – өткізгіш бұзылысы бар қарынша үстілік тахиаритмиясы бар науқастар
  • Трансторакалды немесе өңеш арқылы Эхо-КГ кезінде жүрек аймағында тромб анықталған кезде
  • Гиперкалиемия

Кардиоверсия-дефибрилляциядан асқынулар:

  • Постконверсионды аритмия және ең алдымен қарынша фибрилляциясы. Қарынша фибрилляциясы жүрек циклының жарақаттық фазасында дамиды.  Ол кезде тез арада қайталама энергиялы разряд 200Дж берілу қажет.
  • Басқа постконверсионды аритмиялар
  • Тромбоэмболия
  • Тыныс бұзылысы.
  • Тері күйігі.
  • Артериальды гипотензия.
  • Өкпе ісігі.
  • ЭКГ –да реполяризация өзгерістері.
  • Қанның биохимиялық құрамының өзгерістері. ( АСТ, ЛДГ, КФК )

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Кардиологиядағы микробиологиялық зерттеулер
  2. Кардиологиядағы жүктемелік және функциялық сынамалар
  3. Атриовентрикулярлы кедергі
  4. Тредмил тест
  5. Жүрек кардиостимуляторы
  6. Жүрек тоқтағанда дефебрилляция жасау әдісі
  7. Жүрек абляциясы
  8. Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары, шулары
  9. Жүрек перкуссиясы. Жүрек пішінін анықтау
  10. Жүрек қантамыр жүйе ауруларын қарап тексеру. Жүрек түрткісін анықтау
  11. Жүрек трансплантациясы
  12. Жүрек автоматизімі
  13. Қан тамырлар жүйесі. Жүрек құрылысы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!