Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы

 

  • Паспорттық бөлім

Аты-жөні: Амангельдиев Асхат Манарбекович

 Жасы: 70 жас

 Тұрғылықты жері: Семей қ. Городская көш.57а

 Жұмыс орны: зейнеткер

 

Клиникалық диагноз:

Негізгі ауру: простата безінің қатерсіз гиперплазиясы (N 40), субкомпенсация

Асқынуы: зәрдің созылмалы тоқтауы (хроническая задержка мочи)

Қосалқы аурулары: гипертониялық ауру, II саты.

 Операция 20.09.14ж. – аденоэктомия, Лопаткин бойынша тігіспен. (одномоментная аденомэктомия с ушиванием ложа по Лопаткину)

 

            Шағымы

Науқас зәр шығарудың жиілеуіне (түнде 5 ретке дейін), сонымен қатар зәрдің шығуының қиындауына (әсіресе таңғы уақытта) шағымданады. Аз мөлшердегі зәр, ауырсынумен шығады. Зәр шығару уақыты созылған. Науқас сонымен қатар құрсақтың төменгі бөлігінде ауырлық сезіміне, қуықтың босаған сезімінің болмауына шағымданады.

 

Anamnesis morbi.

Өзін 3 жыл бойы науқаспын деп санайды. Ауру баяу басталды, симптомдары күшейе берді. Амбулаторлы емделді, бірақ еш нәтижесіз. Науқас жағдайын бақылап, зерттеулер жүргізіп, оперативті ем жайлы ауруханаға жатқызылды.

 

Anamnesis vitae

1) Жанұялық анамнез. Дүниеге келуі қалыпты өткен. Жұмысшы жанұясының соңғы 2-ші баласы. Ата-анасы сау. Анасында жүктілік еш ауытқусыз өткен. Дамуы кезінде өз құрдастарынан қалыспаған. Мектепке 7 жасынан барған. 10 жылдық мектеп бітіріп, профессионалді училищеге түсіп, слесарь мамандығын алған. Соңғы 5 жыл бойы зейнеткер. ЖИА, гипертониялық ауру бойынша тұқым қуалаушылық жоқ.

2) Диеталық анамнез. Анасының емшек сүтімен қоректенген. Өмір бойы тамақтануы қанағаттанарлық, қажетті мөлшерде болған. Тамаққа аса құштарлығы жоқ. Шылым шекпейді, алкогольді ішімдіктерді қабылдамайды.

3) Өткерген аурулар, операциялар. Бала кезіндегі инфекциялық ауруларды айта алмайды (есінде жоқ). Периодты түрде (жылына 1-2 рет) ЖРВИ ауырып тұрады. Травмалар болған жоқ. В 1982 асқазан рагі T2N0M0 бойынша асқазанға резекция жасалған. Соңғы 15 жыл бойы гипертоиялық аурумен ауырады.  Туберкулез, венерологиялық ауру, тұқым қуалау аурулары жоқ.

4) Аллергиялық анамнез. Новокаин және йодқа аллергиялық реакциясы бар.

5) Санитарлы-эпидемиологиялық анамнез. Семей қаласындағы жер үйде тұрады. Экологиялық жағынан қолайлы ауданда тұрады. Жеке бас гигиенасын сақтайды. Соңы жылдары облыс аумағынан ешқайда бармаған. Инфекциялық аурулармен қарым қатынаста болмаған.

 

Status praesens

  1. Жалпы қарау

Жағдайы қанағаттанарлық. Есі айқын. Қозғалысы белсенді. Жүрісі өзгермеген. Дене бетімі –нормостеник. Басы мезоцефаликалық формада, қалыпты жағдайда. Бет пішінінде алаңдау, ауырсыну белгілері жоқ.

Көз алмасы, конъюнтивалар, қөз қарашығы, қабақ, орбитамаңы клетчаткасы өзгеріссіз.

Тері жабындары қалыпты түсте, таза, шамалы ылғалды, эластикалық, тургор сақталған.

Теріасты май клетчаткасы жақсы дамыған, бірқалыпты орналасқан. Теріасты май қабаты кіндік маңында шамамен-2 см. Перифериялық лимфа түйіндері анықталмайды. Көрінерлік ісіну белгілері жоқ.

Бұлшықеттері жетерліктей дамыған. Ауырсынусыз, бұлшықет күші жақсы, тонусы сақталған. Сүйек жүйесі деформациясыз. Буындары қалыпты конфигурацияда, өзгеріссіз.

Педикулезке тексерілді-теріс.

Антропометриялық өлшеу. Бойы 168 см, масса 70 кг. Температура 36,7 ОС.

 

  1. Жүйе бойынша тексеру.

 

Тыныс алу жүйесі

а) Мұрын қалыпты формада. Мұрын арқылы тыныс алу бұзылмаған, қалыпты. Дауысы айқын шығады. Көмейде деформация белгілері жоқ.

Кеуде клеткасы –нормостеникалық формада. Екі бөлігі де симметриялы, тыныс алуға қатысады. Тыныс алуы аралас типті. ТАЖ -16 рет минутына. Кеуде клеткасы өлшемі 94 см.

б) пальпация (palpatio)

Кеуде клеткасы ауырсынусыз.

в) перкуссия (percussio)

Салыстырмалы перкуссияда кеуде клеткасының симметриялы аумақтарында айқын өкпелік дыбыс естіледі.

Топографиялық перкуссия. Кренинг кеңістігінің өлшемі 5 см (оң және сол жағынан).

Өкпенің төменгі шекарасы:

 Оң жақСол жақ
Lin. parasternalis5 қаб. Төменгі шетіАнықтау жүргізілмеді
Lin. mediaclavicularis6 қаб.төменгі шеті 
Lin. axilaris anterior7 қаб.төменгі шетінижний край 7 ребра
Lin. axilaris media8 қаб.төменгі шетінижний край 8 ребра
Lin. axilaris posterior9 қаб.төменгі шетінижний край 9 ребра
Lin. scapularis10 қаб.төменгі шетінижний край 10 ребра
Lin. paravertebralisОмыртқа аумағында ThXIОмыртқа аумағында ThXI

 

г) аускультация (auscultatio)

Өкпенің барлық аумағында везикулярлы тыныс естіледі. Қосымша дыбыстар (шуыл, крепетация) жоқ.

 

Жүрек қантамыр жүйесі

а) Жүрек аумағында көрінерлік деформация жоқ.Жүрек түрткісі визуальді түрде айқындалмайды. Мойын, жүрек аумағын, эпигастральді аумақты қаруда паталогиялық пульсация табылмады.

б) пальпация (palpatio)

Жүрек түрткісі пальпацияланбайды. Пульс  біркелкі, екі қолында да 68            соққы/мин.

в) перкуссия (percussio)

Жүрек салыстырмалы тұйықтық аумағы:

Оң жақ4 қаб.аралықта, төстің оң жағынан 1 см сыртқа.
Сол жақ5 қаб.аралық бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке қарай.
Жоғарғы3қаб. Төменгі шетімен

Тамыр шоғыры ені – 5 см.

г) аускультация (auscultatio)

Жүрек тондары қалпыты. Айқын, ритімді. 2 тон шулары жоқ. АҚ-150/90, пульс 60.

 Асқорту жүйесі

а) Ауыз шырышты қабаты, жұтқыншақ, жұмсақ және қатты таңдай қызғылтым түсті (розовая). Тілі дымқыл. Қызылиегі қанамайды. Кариозды тістер жоқ. Жұтыну бұзылмаған. Өңешпен тамақ өті бұзылмаған.

Іш овальді формада. Симметриялы, алдыңғы құрсақ қуысы тыныс алуға қатысады. Жоғары ортаңғы лапаротомиядан кейінгі іздері қалған.

б) пальпация (palpatio)

Беткей пальапацияда бұлшықет тонусы төмендеген, ауырсыну жоқ. Іштің тік бұлшықетінің айырылуы (расхождение), жарықтардың көріністері жоқ. Терең пальпацияда құрсақ органдары қалыпты локализацияда, өзгеріссіз. Өтқабы аумағында ауырсыну анықталмайды..

в) перкуссия (percussio)

Симметриялық аумақтардан салыстырмалы перкуссияда әртүрлі күштегі тимпаникалық дыбыс естіледі. Курлов бойынша бауыр өлшемі: 10х9х8 см, көкбауыр өлшемі 6*4 см.

г) аускультация (auscultatio)

Перстальтикалық шулар естіледі. Ішастар үйкелу дыбысы және басқа да паталогиялық дыбыстар естілмейді.

 Зәр шығару жүйесі

Бел аумағы өзгермеген. Тері және жұмсақ тіндер өзгеріссіз. Бүйректер пальпацияланбайды. Несепағар нүктелері ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы теріс.

 Эндокринді жүйесі

Қалқанша безі үлкеймеген. Гипер-, Гипотиреоз белгілері жоқ. Екіншілік жыныстық белгілер жынысына және жасына сай жетілген.

 Психоневрологиялық статус

Кеңістікте, уақытта, жеке ақпараттардан жақсы айқындалады. Көңіл-күйі бірқалпты, қарым қатынасқа жеңіл түседі. Есі айқын. Есте сақтау, санасында бұзылыстар байқалмады. не выявлено.

Көз қарашықтарында D=S, жарыққа реакциясы қалыпты. Көз алмасының козғалысы толық көлемде. Бет аумағындағы сезімталдылық өзгермеген. Мимика толық көлемде.

Паталогиялық рефлекстер анықталмаған.

 Status localis.

Per rectum. Простата безі тығыз-эластикалық консистенцияда, 2-2,5 есе үлкейген. Ауырсынусыз, контурлары тегіс емес.

 

Болжамды диагноз: қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы.

қосымша: гипертониялық ауру

 

Қосымша зерттеулер:

1) ЖҚА

      КөрсеткіштерНауқастаНорма
Эритроцит (*1012/л)4,34-5,1
Гемоглобин (г/л)140130-160
Түсті көрсеткіш0,970,86-1,05
Лейкоцит (*109/л)5,64,0-8,8
ЭТЖ (мм/ч)51-10
Лейкоцитарлы формула (%)  
Эозинофилдар10-5
Базофил0-1
Таяқшатәрізді11-6
Сегментядролы6245-70
Лимфоцит2918-40
Моноцит72-9

Қорытынды: көрсеткіштер норма деңгейінде.

 

  • Зәрдің жалпы анализі
КөрсеткіштернауқастаНорма
ТүсіСабан сарыСары түсте
Мөлдірлігімөлдірмөлдір
Тығыздығы10171008-1026
Белок (г/л)0,033<=0,033
рНбейтарап4,5-8,0
Өт пигменттері
Уробилин
Эпителиалды клеткалар0-10-1
Лейкоцит2-30-3
ЭритроцитК.а.0-1
Тұздар 

Қорытынды: көрсеткіштер қалыпты

 

  • Қан биохимиялық анализі

 

КөрсеткішНауқастанормаӨлешм бір.
Жалпы билирубин138-20,5мкМ/л
Жалпы белок7560-85г/л
Глюкоза5,43,5-6,1мМ/л
Креатинин9144-120мкМ/л

Қорытынды: Қалпыты жағдайда

 

4) RWтеріс.

 5) ЭКГ.  Синустық тахикардия. 100 рет/мин. Жиі кездесетін жүрекшелік экстрасистолия. Сол жақ қарынша гипертрфиясы. Алдыңғы бөлімнің сол жақ қарыншасындағы миокард гипоксиясы.

 6) Бүйрек УДЗ

Оң жақ: қалыпты орында. Контуры біркелкі, тегіс, айқын. Өлшемдері (10,2х5,0), паренхима қалыңдығы 1,85 мм.

Сол жақ: қалыпты орында. Контуры біркелкі, тегіс, айқын. Өлшемдері (10,2х5,6), паренхима қалыңдығы 1,85 мм

Көлімді түзілістер анықталмады. Қуық әлсіз толған. Қуықасты безі үлкейген  6,7х5,0х5,6 см. V=98,1 см3. Контуры айқын емес, дұрыс емес пішінде. 1,5 см ге қуық өтіміне (просвет) шығып тұр. Паренхимасы біркелкі емес, Дисплазия аумағы 0,98 см диаметрде.

 7) Урофлоометрия

Зәр шығару уақыты – 44,3 сек., шығарылған зәр көлемі – 101 мл, max жылдамдығы – 3,4 мл/сек. Орташа жылдамдық – 2,3 мл/сек.

 Клиникалық диагноз:

Негізгі ауру: Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы. (N 40),  субкомпенсация

Негізгі аурумен асқыну: созылмалы зәр тоқтауы (хроническая задержка мочи)

Қосымша ауру: гипертониялық ауру, II саты.

 Диагнозы негіздеу

Диагноз келесі ақпараттардан негізделіп қойылды:

  • Түнгі уақытта жиілеген зәр шығару. Аз мөлшердегі порцияда зәрдің шығаруы және ауырсынуы. Сонымен қатар іштің төменгі бөлімінде ауырлық сезімі. Қуықтың толық босауының сезімі.
  • Анамнез ақпараттары – Аурудың баяу дамуы. Жасының 70 кел келуі. Анамнезде уретра және зәршығару жолдарының ауырсынуының және травмаларың болмауы.
  • Объективті тексеру – пальпаторлы түрде простата гиперплазиясы анықталады. per rectum.
  • Қосымша зерттеу ақпараттары – УДЗ бойынша простата гиперплазиясы, бүйрек зақымдалуының белгілерінсіз. урофлоометрия бойынша инфравезикальді обструкция.

 

 Емі

Консервативті ем-бұл науқастағы простатаның гиперпалзиясың қазіргі сатысында консервативті ем әсері әлсіз болады. Негізгі көрсеткіш оперативні ем.

 Науқастағы операцияға көрсеткіш болып табылады:

1) Зәрдің созылмалы тоқауымен көрінген, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы

2) консервативті емнің нәтиже бермеу

   Жүргізілген операция: Ашық простатэктомия, қуық арқылы енумен Фрейд бойынша (череспузырный доступ). Бұл операция үлкен көлемді аденомалар, зәр жолдарындағы тастар, және ісіктер кезінде қолданылады. Радикальді операция түрі болып табылады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!