Көз жарақаттары

Көру ағзасының жарақаты

Көз ұяның зақымдалуы

Көз ұяның жарақаты кезінде сүйек кұрылымы мен жұмсақ тіндердің зақымдануы мүмкін. Өте жиі үйлескен бет-жақтық және бас сүйекішілік жарақаттар кездеседі. Көз ұялық зақымдануы бар науқасты караған кезде беттің ассиметриясының бар-жоғына аса көңіл бөлу қажет. Науқастың ес-түсі өзгерсе, сонымен қатар мұрыннан мөлдір сұйықтық ақса, онда тез арада нейрохирургиялық маманның кеңесі керек.

Көз ұяның зақымдануы кезінде энофтальм (көз ұясы қабырғаларының сынықтарының ажырауы нәтижесінде) немесе экзофтальм (көз ұяның ішіне сүйек сынықтарының енуінен, сонымен қатар ретробульбарлык гематома немесе көз ұя тінінің эмфиземасы кезінде) дамиды.

Көз ұяның жарақаттарында көру нервінің зақымдануы сирек емес, тіпті зақымдалған жақтан толық соқырлыққа әкелетін көру нервінің жұлынып кетуі де кездеседі. Ретробульбарлық гематоманың түзілуі немесе сүйек сынықтарының ауытқуы нәтижесінде «жоғарғы көз саңылауы» синдромы (пиоз, офтальмоплегия, мидриаз, аккомодацияның салдануы, экзофтальм және нерв бойымен сезімталдылықтың төмендеуі) дамуы мүмкін.

Диагностикасы. Көз ұясын қарау және оның тіндерінің пальпациясын жүргізу, сонымен қатар, бас сүйектің іргелес аймақтарымен бірге көз ұясын ультрадыбыстық, рентгенографиялық зерттеулерден өткізу.

Алғашқы дәрігерлік көмек: науқасқа сіреспеге қарсы сарысуды егеді (1500—3000 бірлік), асептикалык таңғыш салып, кең спектрлі антибиотикті бұлшықет ішілік егеді. Кейін науқасты жедел түрде
жоғары мамандандырылған көмек көрсететін көпбейінді стационарға жатқызады.

Көздің тұйық жарақаттары

  • Ақ қабықтың контузиялық жыртылуы. Көздің тұйық жарақаты кезінде лимб маңы аймағында немесе дәл лимбтің өзінде ақ қабықтың жыртылуы мүмкін, өйткені лимб аймағында ақ қабық жіңішке болып келеді. Көз ішілік қысымның жоғарылауымен болатын көздің деформациясы нәтижесінде ақ қабықтың зақымдалғанда, өте жиі жараға көз алмасының құрамдас бөліктері түседі: тамырлы қабаттың, шыны тәрізді дененің және кейде көз бұршақтың элементтері.
  • Касаң қабықтың контузиялық ісінуі сыртқы эпителий мен боумен қабықшасының немесе ішкі эпителий мен десцемет қабықшасының зақымдануымен негізделген, алайда, көздің реактивтік гипертензиясы нәтижесінде болуы мүмкін.
  • Алдыңғы камераның контузиядан кейінгі өзгерістері. Көз алманың гипотониясы мен алдыңғы камераның тереңдеуі — көз қабықшаларының жыртылу симптомы, жиі тура қарауға берілмейтін зонада орналасады. Қалыпты немесе жоғарылаған көз ішілік қысым кезінде алдыңғы камераның тереңдеуі, әдетте, көз бұршақтың шыны тәрізді денеге тайып шығуын сипаттайды. Контузиядан кейінгі факотопиялық глаукомаға терендігі саяз және біркелкі емес алдыңғы камера тән; сол кезде көзді сипап қарағанда тығыз болып келеді және қасаң қабықтың мөлдірлігі төмендейді. Контузия кезінде алдыңғы ка- мера жартылай немесе толығымен қанға толып кетеді (гифема). Қанның азғантай мөлшері (гифеманың биіктігі 2-3 мм) бірнеше күнде жақсы ыдырайды.
  • Нұрлы қабықтың контузиялық зақымдануы.
  • контузиялық мидриаз аккомодация салдануының қосылуы салдарынан көргіштіктің төмендеуімен үйлеседі. Сфинктердің тұрақты салдануы сақталған кезде оны хирургиялық жолмен алып тастайды (қарашықты кисетті тігіс салу арқылы қалпына келтіреді);
  • қарашық жиектерінің контузиялық жыртығы қарашық пішінінің өзгеруіне әкеледі;
  • иридодиализ — нұрлы қабықтың түбірлік аймағының толық емес жұлынып кетуі, кейде монокулярлық диплопия қабаттасады және әдетте хирургиялық түзетуді қажет етеді. Нұрлы қабықтың түбірлік аймағының толықжұлынып кетуі көздің басқа зақымдануларымен жүреді. Осындай патологиясы бар науқастарға жасанды нұрлы қабықты енгізуге болады немесе нұрлы қабық-көз бұршақ блогын жасайды;
  • контузиядан кейінгі миоз, әдетте, нұрлы қабық сфинктерінің жарақаттық спазмын дәлелдейді және оған жиі аккомодация спазмы қосылады.
  • Көз бұришқтың зақымдануы катарактаның дамуына және көз бұршақ қалпының өзгеруіне әкеледі (толық немесе толық емес шығып кетуі). Жарақаттық катаракта, көз бұршақтың тайып шығуы және дәрімен бақыланбайтын гипертензиялық жағдайлар хирургиялық емді қажет етеді.
  • Контузиялық гемофталъм. Хориодея мен тор қабық тамырларынан шыны тәрізді денеге қан кұйьшуы нәтижесінде көру жітілігі жарық сезгіштікке дейін бірден төмендейді. Гемофтальм тор қабықтың және цилиарлық дененің токсикалық зақымдануына, сонымен қатар шыны тәрізді дененің бүртиюіне, тор қабықтың тракциясына әкеледі. Науқас ыдыраушы терапияны жүргізу үшін жедел түрде госпитализацияланады, ал егер үлкен көлемді қан кұйылулар болса, онда витрэктомия жасайды.
  • Тор қабықтың контузиялық бұлыңғырлануы көру жітілігінің төмендеуіне әкеледі. Көздің жарақаттануынан кейін бірнеше сағаттан соң офтальмоскопия жасаған кезде тор қабықтың түрлі аймағында ақшылдау немесе сұр түсті ошақтар пайда болады, науқасқа көктамыр ішілік 10% натрий хлоридінің ерітіндісін, этамзилат және аскору- тик белгілейді. Конъюнктивалык қапшыққа диклофенак натрий ерітіндісін күніне 4—6 рет тамызады.

Қабақтар мен конъюнктиваның жарақаты

Қабақтардың жарақаты

Қабақтардың жарақаты беткейлік (теріні ғана немесе бұлшықеттік қабатпен бірге теріні зақымдайды) және терең (қабақтың барлық қабатынан тесіп өтетін жарақат) болып бөлінеді. Сонымен қатар, қабақтардың жарақаты кезінде көз жас каналының бүтіндігі бұзылып, тұрақты көз жасы ағуына әкелуі мүмкін.

Кабақтардын қанмен қамтамасыз етілуі жақсы болғандықтан, олардың жаралануы мен тұйық жарақаттары кезінде гематомалар түзіледі, мұрын сүйектерінің және оның қосалқы қойнауларының бүтіндігі бұзылған жағдайда тері асты эмфизема пайда болады.

Алғашқы медициналық көмек. Жараны антисептикпен зарарсыз тампонмен тазалап, жаранын жиектерін 1 % бриллиантты жасыл спирт ерітіндісімен зарарсыздандырады, кейін көзге асептикалық танғыш салынады. Кен спектрлі антибиотиктерді бұлшықет ішілік егеді, сонымен қатар Безредко әдісі бойынша сіреспеге карсы сарысуды егеді (1500-3000 бірлік). Жедел түрде стационарға госпитализаци- яланады.

Біріншілік хирургиялық өңдеу. Қабақ жарасының жиектерін 4-0—5-0 синтетикалык жіппен түйінді тігіс арқылы бір-біріне сәйкестендіреді. Көз жасы каналы зақымдалған жағдайда закымдалған қабақтын көз жасы нүктесі арқылы 5-0 жіпті өткізеді, кейін көз жасы қапшығы арқылы екінші қабақтың көз жасы каналынан көз жасы нүктесіне қарай сыртқа шығарады, жіптің ұштарын бір-біріне байлайды. Бұл каналдың закымдалған аймақтарын калпына келтіру үшін жасалады және жазылғанға дейін калады.

Қабақ зақымдалуы
Төменгі қабақтың жарақаты

Конъюнктиваның зақымдануы

  • Конъюнктивада бөгде заттың болуы. Наукас жарыққа карай алмауына және көзді ашып жұмғанда айқын ауырсыну сезіміне шағымданады. Тезірек бөгде затты алып тастау қажет, өйткені қабақтарды жыпылықтатқан сайын бөгде зат қасаң қабықтың эпителийін зақымдай береді, нәтижесінде кератит дамуы мүмкін. Көзге түскен қоқым анестезиясыз зарарсыз ылғал тампонмен оңай алынады. Бұл әрекеттен кейін наукастың көзіне антибактериалдық тамшыларды (0,25% хлорамфеникол ерітіндісін немесе 0,3% гентамицин ерітіндісін) тамызу кажет.
  • Конъюнктиваның жаралануы оқшау түрде немесе ақ қабықтың жарақатымен бірге кездесуі мүмкін. Науқас ауырсыну сезіміне, көзінен жас ағуына, жарыққа карай алмауына, кейде азғантай қан кетуіне шағымданады. Қараған кезде конъюнктиваның жарасынын мөлшері әр түрлі болуы мүмкін және үлкен мөлшерде болғанмен үңіреймейді. Жараның үңіреуі тенон капсуласының зақымдануын сипаттайды. Конъюнктива жаракатының мөлшері мен сыртқы көрінісі тереңірек орналасқан тіндердін закымдану дәрежесіне сай келмейді, сондықтан мұкият карау қажет. Конъюнктиваның үлкен емес жарасы, әрі жараның жиектері жабылған жағдайында антибактериалдық тамшылар мен жакпа майды колданумен шектелуге болады, кейін асептикалық таңғыш салынады. Басқа жағдайларда біріншілікті хирургиялык өңдеу кажет.

Көз алманың жарақаты

Көз алманына енбей және еніп өтетін (егер жаракаттық канал фиброзды қабаттан толығымен өтсе), сонымен қатар тесіп өтетін (ол кезде жарақаттық каналдың кіретін және шығатын орны бар) жарақаттары кездеседі. Орналасуына байланысты: касаң қабықтың, ақ қабықтың және корнеосклералық жарақаттарды бөледі.

Енбей өткен жарақат (непроникающий)

Енбей өткен жаракатқа касаң кабыктың эрозиясы мен қасаң қабықта бөгде заттын болуы жатады. Жаракаттың терендігі мен жайылуын биомикроскопия көмегімен, сонымен қатар жарақаттық каналды флуоресцеин натрий ерітіндісімен бояу аркылы бағалайды. Бояғыштармен жүргізілетін сынама жарақаттық тесік арқылы сұйықтық ылғалынын аққанын анық сипаттайды. Үлкен емес сызықтық жарақаттарға тігіс салудың кажеті жоқ, алайда, көлемі ауқымды жараның жиектерін сәйкестендіру үшін, жиектеріне 0]0 жібек жіптерімен түйінді тігіс салады.

Қасаң қабықта бөгде заттың тұрып қалуы. Айқын қасан қабықтық синдром (көзде ауырсыну сезімі, жарыкка қарай алмау, блефароспазм, көзде бөгде зат тұрғандай сезіну) дамиды. Қасаң қабықта бөгде зат болған кезде эпителий бүтіндігі бұзылады және стромасы бұлыңғырланады. Қасаң кабыктан бөгде затты амбулаторлык жағдайда алып тастайды. Беткей орналасқан бөгде заттар зарарсыз ылғал тампонмен алынады.

Қасан қабық тінінің ішінде тұрып қалған бөгде затты биомикроскоп аркылы инъекциялык иненің ұшымен алады. Қасаң кабықтың көптеген бөгде заттары кезінде, ең алдымен, беткейінен алады, кейінгі күндері қалған бөгде заттарды біртіндеп алып тастайды.

Екіншілікті инфекцияның косылуын алдын алу үшін наукастың көзіне антибактериалдык тамшыларды тәулігіне 3—4 рет 7 күн бойы тамызамыз. Касаң кабыктың эпителизаңиясын жылдамдату үшін 20%-дық солкосерил немесе актовегин гелін тәулігіне 2 рет 7 күн бойы колданады.

Қасаң қабық жарақаты
Қасаң қабық жарақаты

Еніп өтетін жарақаттар (проникающие)

Еніп өтетін жарақаттар орналасуы мен көлеміне байланыссыз ауыр және аса ауыр дәрежелі ауруға жатады. Мұқият караған кезде еніп өтетін жаранын абсолютті (анық) және салыстырмалы (ықтимал) белгілерін анықтауға болады.

  • Абсолютті белгілеріне жатады:
  • көздің фиброзды қабыкшасынын тесіп өткен жарасы;
  • жараның ішіне нұрлы қабықтын, цилиарлык дененің, хориоидеяның, тор кабыктың, шыны тәрізді дененің бөліктері енуі
  • көз алма куысындағы бөгде зат;
  • нұрлы қабықта тесік пайда болады;
  • көз бұршақта жарақаттык канал байкалады.
  • Салыстырмалы белгілері:
  • саяз алдыңғы камера (сұйыктык ылғалы шыға бергеннен);
  • терен алдыңғы камера (ак кабықтың жарақаты кезінде және шыны тәрізді дененің түсіп калуы, көз бұршактың шыны тәрізді денеге тайып шығуы);
  • нұрлы кабықтын карашықтық жиегінін жыртылуы;
  • гифема немесе гемофтальм (алдыңғы камера немесе шыны тәрізді денедегі кан);
  • көз бұршақтың бұлынғырлануы;
  • көздің гипотониясы.

Клиникалык көрінісіне қарай еніп өтетін жарақаттар карапайым (көздің ішкі кұрылымы закымданбайды не түсіп кетпейді) және күрделі (көз алманын ішкі кұрылымдары закымданады немесе түсіп калады) болып бөлінеді. Сонымен катар еніп өтетін жарақаттардың мынадай асқынулары кездеседі: көз ішілік жарақаттық инфекция, жаракаттык катаракта екіншілікті жарақаттан кейінгі глаукома, металлоздар (көздегі бөгде зат металл болған жағдайда), тор кабықтын ажырауы, симпатикалық қабыну, көз алманың субатрофиясы.

Еніп өтетін жарақаттан кейінгі көздің жағдайы соқырлыққа, тіпті көзді жоғалтып алатын дәрежеге әкелетін асқынулардың дамуына байланысты.

Алғашқы медициналық көмек. Конъюнктивалық қапшыққа антибактериалдық тамшыларды тамызу қажет (жақпа майларды қолдану қарсы көрсетілген), кейін бинокулярлық асептикалық таңғыш салынады. Сіреспеге қарсы сарысуды (1500-3000 бірлік) егіп, бұлшықет ішілік кең спектрлі антибиотиктер қолданылады. Еніп өтетін жарақаты бар науқастар міндетті түрде шұғыл ауруханаға жатқызылады. Кейбір жағдайларда (көз алмасының мыжылуы, көз ұяның қан тамырларынан массивті қан кету) біріншілікті хирургиялық өңдеу көз алманың алынып тастауына (энуклеация), кейін көз ұяның тампонадасына ұласып кетеді.

Көз ішілік бөгде заттар

Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша, көз алманың еніп өтетін жарақаты 15—60% жағдайда бөгде заттардың енуімен асқынады. Көп жагдайда көз ішілік бөгде заттар металдық магниттік (80—90% жағдайда) және амагниттік жарықшақтар енеді, сирек жағдайда көз алманың ішіне өсімдік текті, әйнектердің, пластиктердің жарықшақтары және т.б. түседі.

Комберг-Балтин бойынша рентген локализациясы, Көз ішілік бөгде заттардың диагностикасында келесі әдістерді қолданады: биомикроскопия, көз ұяның рентгенографиясы

Комберг—Балтин әдісі — бөгде заттардың орналасуын дәл анықтай алатын негізгі әдіс.Фогт бойынша рентгенография, ультрадыбыстық АВ-сканерлеу, трансиллюминация, ал кейбір жағдайларда феррозондты диагно- стика мен электрондық локацияны жүргізеді. Комберг-Балтин және Фогт бойынша рентгенографиясы көз ішілік бөгде заттардың қайда орналасқанын анық көрсетеді.

Көз ұяның рентгенографиясын Комберг—Балтин протезін (бұл алюминийден жасалған сақина, 3, 6, 9 және 12 сағатқа сәйкес рентгенконтрасты қорғасындық нүктелері бар) қолданып, алдыңғы тура және бүйірлік проекциясында түсіреді. Кейін шығарылған суретінен Балтин сызба-өлшеуіші арқылы жарықшақтың орнала- суын анықтайды.

Фогт бойынша рентгенография қарапайым рентгенограммада көрінбейтін көз ішілік бөгде заттың клиникалық көрінісі бар жағдайда қолданылады. Бұл әдісте конъюнктивалық қапшыққа пленка орнатады, ал рентген сәулесін көздің сыртқы бұрышына бағыттайды. Шығарылған суретінде қабақтардың контуры мен өте ұсақ (0,5 мм-ден кіші) және аз контрасты бөгде заттар көрінеді.

Металл бөгде заттарды мүмкіндігінше уақытты созбай тез арада алып тастау қажет. Металл мен көз алманың ішкі сұйық орталары өзара әрекеттесуі салдарынан алғашқы 2 аптаның ішінде металлоз дамиды. Магнитгік жарықшақтарды тұрақты немесе электрлік магнит көмегімен алып тастайды. Магниттік емес заттарды арнайы пинцет көмегімен алады. Келесі операциялық әрекеттері.

  • Жаралық каналда бөгде дене қысылып қалған жағдайда жара арқылы тікелей алып тастайды.
  • Көз алманың алдыңғы бөлімінде орналасқан бөгде заттарды алу үшін қасаң қабықтың перифериясынан тілік жасау арқылы алдыңғы жағынан алып тастайды.
  • Диасклералдық кіру. Цилиарлық денеде жарықшақтардың орналасуы кезінде және қабырғалық орналасқан витреалдық бөгде заттарды алу үшін қолданылады. Бөгде заттың проекциясында ақ қабықтан тілік жасау арқылы алып тастайды.
  • Трансвитреалдық кіру (шыны тәрізді дене арқылы) көздің артқы бөлімінде орналасқан бөгде заттарды алу үшін қолданылады, өйткені жоғарыда аталған операциялық шаралар көмегімен алуға мүмкін емес. Егер де бөгде зат трансвитреалдық жолмен алынбай қалған жағдайында бөгде заттың айналасынан тығыз капсула түзілу мақсатында перифокалдық лазерлік коагуляция жасайды.

Еніп өтетін жараның асқынулары

Еніп өтетін жараның асқынулары: көз ішілік жарақаттық инфекция (иридоциклит және эндофтальмит), жарақаттық катаракта, екіншілікті жаракаттан кейінгі глаукома, металлоздар (көздегі бөгде зат металл болған жағдайда), тор кабықтың ажырауы, симпатикалық қабыну, көз алманың субатрофиясы.

Эндофтальмит — шыны тәрізді денеде абсцестің түзілуімен жүретін хориоидея мен тор қабықтың іріңді қабынуы. Әдетте, ауру көздің еніп өткен жарақатынан 2-3 күннен кейін дамиды. Науқастың шағымдары: көзде ауырсыну сезімі болады, жарықка карай алмайды, көзі қызарып кетеді, көру өткірлігі бірден нашарлап кетеді, тіпті соқырлыққа дейін төмендейді. Қараған кезде хемоз, қасаң кабықтың ісінуі, алдыңғы камера ылғалының опалесценциясы, көз түбінен сарғыштау рефлексі (шыны тәрізді дененің іріңді инфильтрациясы нәтижесінде) көрінеді. Көз ұясында көздің қалыпты орналасу жағдайы мен қозғалысы сақталған.

Емді жергілікті (тамшы тамызу немесе субконъюнтивалық инъекция түрінде) және жүйелік (бұлшықет ішілік) түрде кең спектрлі антибиотиктерді қолданудан бастайды. Алдын ала 0,2 мл шыны тәрізді дененің аспирациясынан кейін дексаметазон мен антибактериалдық препараттардан (гентамицин, клиндамицин, фторхинолон несес пенициллин тобының препараттары) дайындалған қоспаны интравитреалды егеді. Эндофтальмиттің белгілері үдеген жағдайда витрэктомия жасайды және антибиотикті интравитреалды салады.

Тор қабықтың ажырауы көптеген жағдайда тұтасып кеткен аймақта витреоретиналдық пролиферация мен тор қабықтың тракциясы нәтижесінде болады (тор қабықтың тракциялық ажырауы). Сонымен қатар, көздің контузиясы кезінде тісті сызықтан тор қабық жұлынып кетуі (тор қабықтың регматогендік ажырауы) немесе тікелей еніп өтетін жарақат алған кезінде тор қабық жыртылуы мүмкін.

Еніп өтетін көз жарақаты
Еніп өтетін корнеосклералдық жарақат. Қабықшалары түсіп қалған

Тор қабық ажырауының себебі мен клиникалық көрінісіне байланысты емінде қолданылады: витреалдық қуыстан патологиялық субстратты алып тастау, тор қабықтың жыртылуын орнықтыру, тор қабықты сұйық перфторорганикалық қосылыстарды енгізу арқылы тегістейді, айналмалы экстрасклералық пломба салу, эндолазер көмегімен тор қабықты фиксациялау, релаксаниялық ретинотомия жүргізу.

Металлоздар деп көз ішілік металл бөгде заттардың токсикалық әсерімен байланысты көру мүшесінің ауруларын атайды. Осы аурулардын ішінде көзге әсер ететін қауіпті түрлеріне жатады: халькозды тудыратын мыс бөлшектері мен сидерозды тудыратын көз ішілік темір жарықшақтар.

Халъкоз. Көздің ішіне түскен мыс жарыкшақтары ыдырай бастайды да, көз тініне мыс тұздары жиналады. Осы тұздардың токсикалық әсерінен мыс жарықшақтары айналасында тез арада асептикалық ірінді ошақ пайда болады, ол өте айқын қабынулық көрініспен суреттеледі. Халькоз кезінде көздің барлық тіндерінде (қасаң қабықта, нұрлы қабықта, сұйықтық ылғалында, шыны тәрізді де- неде, тор қабықта) көгілдір немесе жасылдау түсті мыс тұздарының жиналуынан нәруыздың токсикалық коагуляциясы басталады. Көз бұршақтың алдыңғы капсуласының астынан сақина түрінде жиналған шөгінділерді және одан тараған радиалдық бұлыңғырлану тәждерін көруге болады («күнбағыс гүлі»), Шыны тәрізді денеде ақ түсті жіпшелер мен жасылдау немесе сарғыш-қызғылт түсті мас- садан құралған пленкалар түзіледі. Аурудың кеш кезеңінде бөгде заттың орналасқан жерінде шыны тәрізді дене қызыл кірпіш реңіне ие болады. Мыс қосындыларының токсикалық әсері әсіресе, тор қабыққа тиеді. Үдеріс үдеген сайын көру жітілігі төмендеп, көру алаңы қысқарады.

Халькозды алдын алу және емдеу үшін көзден мыстан тұратын бөгде заттарды алып тастау қажет. 5% натрий тиосульфат ерітіндісін тамшы түрінде (1—2 тамшыдан күніне 4 рет) қолданады, 5—10% унитол ерітіндісін көзге 1—2 тамшыдан күніне 4 рет тамызады немесе 2% унитол ерітіндісімен электрофорез жүргізеді.

Аурудың болжамы көздің ішінде бөгде заттың орналасу уақыты мен мүмкін болатын асқынулардың ауырлығына байланысты.

Сидероз. Халькозбен салыстырғанда сидероз жеңілдеу өтеді. Көздің ішінде 2 апта бойы жатқан темір құрамдас жарықшақтар біртіндеп ыдырай бастайды да, көздің тіндері темірдің органикалық және органикалық емес тұздарын сіңдіріп алады. Бұл тұздар кейін нәруызы бар қүрылымдармен өзара әсерлеседі.

Сидероздың тікелей (темір қоспасы жарықшақтың айналасында жиналады) және тікелей емес (жарықшақтан алыс ерітілмеген түрінде жиналады) түрлерін ажыратады. Сонымен қатар, ксеногендік сидероз көз ішілік темірден түратын жарықшақтан пайда болады, ал гематогендік — қан құйылулар кезінде қан элементтерінен дамиды.

Қасаң қабықта жарықшақтықтың айналасында қоңыр түсті пигментацияны байқауға болады, стромада майда дәнге ұқсас сарғыш-қоңыр пигмент пайда болады, ал ішкі эпителийде шаң қоқыс түрінде жинала- ды. Нұрлы қабықтың беткейінде немесе стромада пигменттің шөгуіне байланысты, нұрлы қабық тот басқандай немесе сарғыш-қоңыр реңге ие болады. Көз бұршақтың алдыңғы капсуласы астынан өте майда қоңыр түсті пигмент жиналады. Шыны тәрізді денеде айқын деструкция, бұлыңғырлану пайда болады және тәждер түзіле береді. Тор қабықта пигменттік ошақтар түрінде өзгерістер болады. Ауыр жағдайда көру нервінің атрофиясы дамуы мүмкін.

Сидерозды алдын алу және емдеу үшін көзден темір бөгде заттарды алып тастау қажет. 15 күн бойы 5% унитол ерітіндісін субконъюнктивалық инъекция түрінде немесе бұлшықет ішілік егеді. Конъюнктивалық қапшыққа 5% натрий тиосульфат ерітіндісін күніне 5—6 рет тамызады. Аурудың болжамы темірден қүралған бөгде затты алған сәттегі үдерістің жағдайына байланысты. Ұзақ уақытқа созылған сидероз кезінде кейде көру жітілігінің бірден төмендеуіне әкелетін иридоциклит, катаракта, тор кабықтың ажырауы дамиды.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!