Кариес

Тісжегі. Кариес

Кариес  – тіс тіндерінде дефектілер пайда болумен және оның уақыт өте келе бұзылуымен жүретін ауру. Инфекциялық (тіске патогенді микроағзалар әсерінен) және дистрофиялық (тістердегі зат алмасу бұзылуынан) пайда болады.

Тісжегінің таралуы

Тіс жегі кең тараған аурулардың бірі. Зерттеушілердің айтуы бойынша әрбір адам өмірінде тіс жегі бойынша стоматологқа бір рет қаралады. Бала жасында тіс жегі созылмалы аурулардың ішінде таралуы бойынша бірінші орын алады.

Статистика (healthypeople.gov бойынша):

  • 80% – 90% сүт тістері бар балаларда тіс жегі болады
  • 80% – жасөспірімдер арасында таралған
  • 98% ересек адамдарда тіс жегі бойынша, тіс пломбасы болады

Тітің гистологиялық құрылымы (тіс құрамының гистологиясы)

  • Эмаль–тіс коронкасын сыртынан қаптап тұратын тін.  Адам денесінде мықты тіндердің бірі, себебі 97% минеральды заттардан тұрады. Эмаль қалыңдығы әр жерде әртүрлі болады 0,01 ден 1,5 мм дейін. Максималды түрде коронканың шайнау беткейінде болады.
  • Цемент – құрылымы бойынша эмальға ұқсас тін.Ол тіс түбін жауып тұрады. Цемент және эмаль тіс мойынында контактта болады. Олар бір – бірімен қатар немесе бірінің үстінде бірі орналасуы мүмкін. Олар кейде бір біріне жетпейді, ол кезде олардың арасында бос кеңістік қалады.
  • Дентин – адам тістері негізделген басты тін. Дентин 28% органикалық заттардан тұрады және 72% бейорганикалық заттардан тұрады. Дентинде сыртқы және ішкі қабатты бөледі. Оның құрамына кіретін тіндер тангенциальды және радиальды бағытта өтеді және өзара айқасады. Ол тіске қосымша мықтылық қасиет береді. Дентин ішкі қабатында кеңістік болады, ол тіс түбі ішінде тібірлік каналдарға өтеді.
  • Пульпа– тіс аумағы ішінде және түбірлік канал ішінде орналасқан жұмсақ тіндердің қосындасы. Пульпада тіс тамырлары мен нервтері өтеді. Тістің жоғары бөлігінде тесік болады, сол арқылы пульпа тіндерге өтеді (периодонт тіндері).
  • Периодонт – тіс альвеоласының айналасынан өтетін тін. Ол тіс түбін орнында ұстап тұрады және шайнау кезінде күштемені амортизациялайды, тістің қоректенуі мен қалыпты өсуін қамтамасыз етеді.

Жоғары және төменгі қатарда орналасқан тістер жақ сүйегін құрайды.

Тістің қызметі:

  • Шайнау– тағамды ұсату қызметі
  • Тістеу қатты тағам үшін
  • Қармау және ұстап тұру
  • Артикуляция– қалыпты сөйлеу үшін қатысады

Тіс жегі себептері

Тіс жегі туындауына әкелетін себептердің ішінде екі себепті бөліп қарастырады: тіс тіндеріне көмірсу ыдырауының әсері және патогенды микроорганизм әсері.

Көмірсу ферменттелуінің өнімдері

Тағам арқылы қолданылатын қант ауыз қуысында сілекей арқылы ферменттеледі, нәтижесінде пропионды, майлы, құмырсқа қышқылы түзіледі. Олар эмальға кейін дентинге әсер етеді, нәтижесінде дефект түзіледі.

Тіс жегі пайда болуына әсер ететін қанттың әр түрлері:

  • сахарозажоғары дәрежеде ашуға бейім, сондықтан оның әсерінен көп көлемде қышқылдар түзіледі де, ауыз қуысындағы  pH өзгертеді және тіс жегі пайда болуына әкеледі.
  • глюкоза және фруктозаинтенсивті ферменттеледі, бірақ сонда да тістерге қауіп береді.
  • ксилит, маннит және сорбиттөмен белсенділікті ферментпен фруктозаға айналады, сондықтан бұл қант түрі тіс жегі дамуына әкелмейді.
  • крахмал – молекуланың ірі көлемді полимеры болып табылады, ол тіс құрамына енбейді және тіс жегі түзілуіне әкелмейді.

Ауру тудырғыш микроорганизмдер.

Адамның ауыз қуысында белгілі микрофлора болады. Тіс жегі тудыратын белсенді екі микроорганизм түрі бар:

  • қышқыл түзуші стрептококк, анаэробты ашуды шақырады (оттегісіз жағдайда)
  • лактобактерия– лактоза және басқа қанттарды сүт қышқылына айналдыратын микроорганизмдер

Бұл микроорганизмдер өмір сүру барысында тіс тінін бұзуға қабілетті қышқыл өнімдер тудырады. Олардың көбеюі үшін қажет басты субстрат тағам құрамында болатын көмірсу.

 Тіс жегі түзілуіне әсер ететін факторлар:

  • Тіс құрылымының анатомиялық ерекшелігі. Тіс арасында кеңістік болады, онда тағам қалдықтарының өнімдері жинақталады. Ол ашып, ауру тудырушы бактериялар үшін, қоректік орта болып табылады.
  • Тіс эмалы құрамында фтордың болуы. Тағамдарда фтордың болуына байланысты. Бұл минерал тұз – апатит түзеді, олар тіс тіндерін қышқыл ортаға төзімді етеді.
  • Ауыз қуысының гигиенасы. Тіс өңезі тісте үнемі пайда болып тұрады. Сондықтан күнделікті таңертең және кешке тісті тазалау тіс жегінің алдын алудың басты шарты. Егер бұл жағдай орындалмаса, ауру туындауы жоғарылайды.
  • Тағам түрі. Тіс жегі туындауына жұмсақ тағам, көмірсуға бай тағам әсер етеді.
  • Тамақтану саны. Көмірсуға бай тағамдармен жиі тамақтану, тіс жегі туындауына әсер етеді.
  • Тамақ құрамы. Тағам құрамындағы витамин мен минералды заттардың төмен деңгейі тіс эмалының әлсіреуіне әкеледі.
  • Сілекей көлемі. Сұйық көп көлемде сілекейдің болуы тіс беткейінен ауру тудырушы микроорганизмдердің жойылуына әкеледі. Егер сілекей аз болса және ол қою болса тістің сыртқы қабатына ауру тудырушы бактериялардың орналасуы жоғарылайды.
  • Сілекей құрамы. Сілекейдің қассиеті – сілті мен қышқылды нейтрализдеу қабілеті. Олардың әлсіреуі тіс жегі туындауына әкеледі. Қалыпты жағдайда сілекейде антиденелер болады, олар ауру тудырушы микроорганизмдерді жояды. Олардың төмендеуі патогенді микрофлора туындауына әкеледі.
  • Генетикалық тұқымқуалаушылық. Егер ата – анасы тіс ауруларымен жиі ауырса, онда баласының да қауіп қатер тобы жоғарылайды.
  • Ағзаның жағдайы. Ауыр инфекция, аштық, жарақат, иммунитет төмендеуі, қабынудың созылмалы ошақтары, жиі стресс ағзаны әлсірететін факторлар және ауру туындауына әкелетін жағдайлар.
  • Сүт тістерінің жағдайы. Сүт тістерінің тіс жегісін емдеудің қажеті жоқ, себебі ол тістер түсіп қалады деген тұжырым дұрыс емес. Егер сүт тістерінде тіс жегі болса, ол кейінгі тұрақты тістерінде де дамуы мүмкін.

Процесс таралуына байланысты тісжегі түрлері:

Асқынбаған тісжегі

  1. Дақ пайда болуы сатысы. Эмальдың беткей зақымдалуын көрсетеді. Бұл сатыда тісжегімен күресу оңай. Тіс эмалында дақ пайда болады. Бұл кезде тіс эмалы енді зақымдала бастайды және оның беткейі тегіс және жазық болады. Дақтың пайда болуы эмаль арқылы минералды тұздарды жоғалтумен байланысты болады.
  2. Беткей тісжегі. Эмальдың айқын зақымдалуы байқалады. Дақ аймағында ол кедір – бұдыр бола бастайды. Тісжегі әлі де эмаль мен дентин шекарасына жетпейді.
  3. Орташа тісжегі. Тісжегі эмаль мен дентинге таралады. Тісжегі аумағы туындайды.
  4. Терең тісжегі. Патологиялық процесс пульпаға дейін жетеді.

Асқынған тісжегі

  • Пульпит. Тістің жұмсақ тіндерінің пульпаның қабынуы. Жедел процесс сияқты дамиды, ауырынумен жүреді және көрші тістерге таралады.
  • Периодонтит. Пульпиттың үдеуінің нәтижесі болып табылады. Тіндердің қабынуы арқылы көрініс береді.

Патологиялық процесс дамуының уақытына байланысты жіктелуі:

  • Біріншілік тіс жегі сау тісте пайда болады.
  • Екінішілік бұрын емделген, пломба астында туындайды.

Кариес симптомдары

Дақ сатысындағы симптомдар:

Симптомсыз, ауырсыну болмайды, науқас ешқандай шағым білдірмейді. Қарау кезінде дақ көрінбейді. Кей кезде химиялық заттарға жоғары сезімталдық байқалады – қышқыл, тұзды және басқа заттарға. Дақ қоңыр түске ауысқан кезде көзге көрінетін бола бастайды.

Беткей тісжегі симптомдары

  • Ауырсыну зақымдалған тіске қышқыл қоздырғыштармен әсер еткен кезде байқалады: қышқыл, тәтті, тұзды. Ол қысқа уақытқа созылады және қоздырғышты аластатқан соң басылады.
  • Механикалық әсер кезіндегі ауырсыну (басу, тығыз тағаммен әсер ету) тісжегі аумағы тіс мойны аумағында орналасқан кезде пайда болады.
  • Температуралық әсер (суық және ыстық )ауырсыну сезімін тудырмайды.
  • Тіс жегі аумағы егер эмаль беткейінде болса, стоматологиялық қарау кезінде жақсы көрінеді.

Ортаңғы тісжегі симптомдары

  • Ауырсыну. Тіске химиялық және температуралық қоздырғыштар әсер еткен кезде пайда болады. Науқас ауырсыну суық немесе ыстық тағам қабылдаумен байланыстырады немесе қыста жылы үйден шыққанда байқалады. Ауырсыну сезімі бұрынғыдай қысқа уақыттық болады және тез басылады.
  • Кейде орташа қызылжегі толықтай ауырсыну сезмінсіз өтеді. Ол тістің ең сезімтал аймағы, эмаль мен дентин шекарасы арасының жойылуымен байланысты.
  • Тіжегі аумағы ортаңғы тісжегісінде пайда болса, стоматологиялық қарау кезінде анық байқалады.
  • Ауыздан жағымсыз иістің шығуы. Сирек кездеседі, көп тістердің тісжегісі дамыған кезде байқалуы мүмкін.

Терең тісжегі симптомдары.

  • Ауырсыну. Барлық қоздырғыш әсерінен туындайды. Ауырсыну синдромы қышқыл, тәтті, тұзды және ыстық тағам қабылдаумен байланысты болады. Тісжегі аумағына түскен тағам қалдықтары оны қоздырады. Қоздырғышты жойған соң, ауырсыну басылады.
  • Тісжегілік аумақтың болуы. Қара дақ ретінде көрінеді және тістің эмалы беткейінен анық көрінеді.
  • Ауыздан жағымсыз иістің шығуы. Көп тістердің тісжегісі дамыған кезде байқалуы мүмкін.

кариес қазақша тісжегі

Емі:

Дақ сатысындағы тісжегіні емдеу

Реминерализация процедурасы арқылы толықтай бұл формалы тісжегіні емдеуге болады. Тіс өңезін алады, кейін зақымдалған тістерге реминерализирлеуші дәрілік заттар жағылады.
Реминерализдеуші дәрілік заттар:

  • кальций глюконат ерітіндісі (10%)
  • «Ремодент» ерітіндісі (1 – 3%)
  • натрий фторид еретіндісі (2 – 4%)

Реминерализдеуші ерітіндіні тіс беткейіне апликация немесе электрофорез арқылы жағады.

Беткей, терең, орташа тісжегіні емдеу

Беткей, орташа, терең тісжегіні емдеу кезінде арнайы  бор-машина көмегімен зақымдалған тіндерді алады, кейін пломбирлейді.

Беткей, орташа, терең тісжегіні емдеу сатылары:

  • Жергілікті анестезия(міндетті емес). Анестетиктер аэрозоль, инъекция, жалпы наркоз ретінде қолданылады.
  • Тіс өңезінен бүкіл тісті тазарту
  • Бор – машина арқылы тісжегіден тазарту. Стоматолог тісжегі аумағын тазартып пломбаны жақсы ұстайтындай аймақ жасайды. Терең тіс жегі кезінде ұқыптылық қажет: бор-машина көмегімен дәрігер тісжегі аумағын зақымдап пульпаға өтіп кетуі мүмін. Сондықтан тісжегі аумағының түбін қолмен арнайы стоматологиялық «экскаватор» арқылы тазалайды.
  • Тісжегі аумағын залалсыздандыру– антисептикалық ерітіндімен тазалау. 2% хлоргексидин ерітіндісімен немесе арнайы гель арқылы залалсыздандырады.
  • Тісжегі аумағы түбіне арнайы төсеме жастау. Егер тісжегі аумағы үлкен тереңдікте болса жасалады.
  • Тісжегі қабырғаларын адгезивпен өңдеу–тіс тіндері мен пломба материалын жақсы қатынасына әсер ететін зат.
  • Тісжегі аймағын пломбирлеу.Пломбаның үш түрі болады: металлокомпозиция, композиторлы материал, керамика. Керамика және композиторлы материал  тіс эмалы түсіне сәйкес келеді.
  • Тегістеу. Помба қатқан соң дәрігер оны қалыпты шайнау үшін бөгет болмайтындай етіп тегістейді.
  • Тіс пульпасын нервпен бірге алып тастау– депульпация. Сирек жағдайда терең тісжегі кезінде жасалады.

Балалар тісжегісінің ерекшеліктері

Себептері:

Тіс тіндері мен эмаль жағынан болатын туа пайда болған зақымдалулар:

  • тұқымқуалаушылық және жүктілік кезінде анасы басынан өткізген ауруларға байланысты болады.
  • Жүктілік кезіндегі анасының токсикозы
  • Инфекция және басқа ауыр аурулар баланың алғаш күндерінде бастан өткерген
  • Тәтті қоспалармен жасанды тамақтандыру
  • Минералды заттар және витаминдер жеткіліксіздігі жүктілік кезінде және бала туған соң

Балалар тісжегісінің спецификалық ерекшелігі– бөтелкелік тісжегі.

Негігі себептері:

  • Түнге қарай баланы тәтті қоспалармен тамақтандыру
  • Бала жақсы тамақтануы үшін сосканы тәтті сироптарға малып беру
  • Тамақтандыру алдында ата – анасының сосканы сорып беруі: соска бетінде ересектер ауызында болатын микробтар қалады

Негізі  тісжегі балада үш жасында пайда болады. Бірақ кей кезде ертерек те дамиды.

Балалар тісжегісін емдеу ерекшеліктері:

  • Психологиялық фактордың үлкен маңызы. Дәрігер баламен дұрыс қарым – қатыныс орналастыру қажет, себебі стоматологияық кабинет көбінде қорқыныш сезімін туындатады.
  • Бала жасында жалпы стоматологиялық кабинетта стомалогпен емдеу 30 минутан аспау қажет.
  • Барлық процедуралар максималды ауырсынусыз өткізілуі қажет. Егер дәрігер иньекциялы анестезия жасайтын болса, укол орнын аэрозоль немесе апликация арқылы өңдеп алу қажет.
  • Егер бала мазасыз және контактыға келмесе, кей жағдайда жалпы анастезия қолданылады. Ол қатаң көрсеткіш бойынша қолданылады.
  • Сүт тістерін емдеу ерекшелігі тұрақты тістер еміндегідей болады. Тісжегі аумағын бор – машина арқылы тазалайды, кейін пломбирлейді.

Кариесті алдын алу

Тісжегінің алдын алудың басты шаралары ауыз қуысының негізігі гигиена шараларын орындау және стоматологқа үнемі қаралып отыру қажет.

Ауыз қуысының гигиенасы  

Гигиеналық шаралар жасалады:

  • Тіс щеткасы
  • Тіс жіптері
  • Тіс пастасы
  • Ауыз қуысын шайқау үшін ерітінділер
  • Сағыз
  • Тілге скребка

Ауыз қуысы гигиенасын орындау үшін қажетті заттарды таңдау.

 Тіс щеткасын дұрыс таңдау?

  • Щеткадағы қылтан (пучки) саны. Жақсы тіс щеткасында қылтан щетка басын толықтай жауып тұру қажет және жеке қылтандарға жиналып, ұшы домалақ формалы болуы тиіс. Тіс щеткасындағы қылтан санын бала жасына сай таңдайды: бала үшін – 23 қылтан, жасөспірім – 39 қылтан, ересектер үшін – 47 – 55 қылтан. Қылтанның үлкен өлшемі ауыз қуысындағы қиын қол жетімді жерлерді тазалауға мүмкіндік бермейді.
  • Щетка басының өлшемі. Бала тіс щеткасының өлшемі 18 ден 25 см дейін болады. Ересектерде – 3 см дейін болады. Бас ұзындығы үш тіс еніне сай болуы қажет.
  • Қылтан жасалған материал. Жасанды материалдан жасалған қылтан жақсы. Барлық табиғи материалдар суды жақсы сіңіреді, сондықтан олар ауру тудырушы ағзалардың көбею орны.
  • Тіс щеткасының қаламы.Резенкелі болуы қажет, қолдың сырғуын болдырмайды.
  • Қалам мен щетка басының қосылуы.Иілмелі болуы қажет: щетканың тістерге басу күшін регуляциялайды.
  • Қылтан қаттылығы.Щетканы қатты, жұмсақ және өте жұмсақ қылтанды деп бөледі. Өте қатты қылтанды щетканы тіс өңезі туындауына бейім адамдарға қолдану қажет. Жұмсақ қылтанды щетка барлық адамдарға жарайды. Жұмсақ щетканы пародонт аурулары кезінде қолданады. Егер щетка өте қатты болса, ол қызыл иек зақымдалуына әкеледі, ал тым жұмсақ щетка тістерді толықтай тазарта алмайды және тіс өңезі тез пайда болады.
  • Электрлік тіс щеткасытіс өңезінен эффективті тазартады, бірақ оларды аптасына 1 – 2 рет қана қолдану қажет. Қызыл иек және пародонт ауруы бар адамдарға бұндай тіс щеткасы қарсы көрсетілген.

Тіс пастасын қалай дұрыс таңдау қажет?

  • құрамы. Тісжегіден жақсы қорғайтын тіс пастасының құрамына: натрий фторид, монофторфосфат натрий, аминофторид, ксилитол, глицерофосфат кальций кіреді.
  • 24 сағат бойы қорғаныш. Бұндай тіс пастасы құрамына триклозан – антисептик кіреді, ол ауыз қуысында ұзақ сақталады. Бұндай тіс пасталарын ұзақ уақыт қолдану ауыз қуысы дисбактериозын тудырады.
  • ағартқыш тіс пасталары. Егер бұндай тіс пастасы құрамына фермент кірсе, ағартқыш әсері жұмсақ болады. Құрамында абразивты заттар және сутегі тотығы болса, тек дәрігер бақылауымен қолдану қажет.
  • Дәмі. Тіс пастасы дәмі арнайы дәмдеуіштер арқылы болады. Олар тіс тазартуға ешқандай әсер етпейді.

Тісжегіге қауіп жоғары болған кезде ауыз қуысын шайқау үшін қандай ерітінді қолдану қажет?
Тісжегіге жоғары қауіп болған кезде арнайы құрамында фторы бар ерітінділер қолданылады. Бұндай ерітінділерді үнемі қолдану ауру қаупін төмендетеді.

Тіс жегі қауіпін сағыз кетіреді ме?
Сағыз шайнаған кезде көп сілекей бөлінеді. Ол тісті эффективті тазартуға және патогенді ағзалардың ауыз қуысынан шығарылуына әсер етеді.

Тісті қалай дұрыс тазалау қажет?

Тісті тазалау күніне екі рет болуы қажет: таңертең және кешке. Кешкі процедура тамақтан соң жасалуы тиіс.

Тістерді дұрыс тазалау реттілігі:

  • Тісті тазалар алдында тіс щеткасын жуу. Оны ыстық суға малып алған дұрыс, себебі патогенды ағзалардан тазартылады.
  • Тіс щеткасына аздаған мөлшерде тіс пастасын салады – орташа 0,5 см балалар үшін және 1 см ересектер үшін.
  • Алдыңғы, шайнау, артқы тіс беткейін тазартады. Тіс арасындағы кеңістікті тазартуға арнайы тіс жіптерін қолдануға болады.
  • Тісті ысып болған соң, қызыл иекке массаж жасайды.
  • Тісжегі шақыратын ағзалар тек тісте емес, тілде де орналасады, оны тазалау үшін арнайы скребка қолданылады.
  • Тісті тазалап болған соң, щетканы тағы бір жуып, стаканға салу қажет. Щеткада патогенді ағзалар болмас үшін арнайы футлярда сақтау қажет.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Тісті ағарту жолдары

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!