Стоматологиядағы микробқа қарсы препараттар

Стоматологиядағы микробқа қарсы дәрілер

Стоматологиялық тәжірибеде келесі микробтарға қарсы заттарды қолданады:

  • Антисептиктер
  • Антибиотиктер және сульфаниламидті препараттар
  • Саңырауқұлақтарға қарсы заттар
  • Вирустарға қарсы заттар

Әр түрлі химиялық топтардағы антисептиктер  таңдамалы әсері жоқ және  стоматологиялық тәжірибеде дезинфекциялық және дезодорирлеуші зат  ретінде стоматит, гингивит, пульпиттерді емдеу үшін, тіс жегі кезінде тіс тінін сұртұ үшін, инфекциялық жараларды өңдеу  кезінде  кеңінен қолданылады:

Йодинол

  • сангвиритрин
  • хлорофиллипт

Мирамистин: хлоргексидин

Йодинол: микробқа қарсы әсер ету механизмі, йодинолдың құ-рамындағы босатылатын галоген, ақұыздарды денатурацияға ұшыратады. Йодинол құрамында поливинил спиртінде  бел-сенді молекулярлы йод бар, ол йодтың босаңсуын үстап тұра-ды және тіндермен байланысуын ұзартады. Йодинолдың спиртті ерітіндісінің артықшылығы, ол суда жақсы ериді жә-не аллергиялық үрдісті тудырмайды.

йодинол

Мирамистин: антисептикалық және жараны жазатын зат, жергілікті спецификалық емес иммунды жауапты белсенді-реді. Көрсеткіштері: тіс жегі, стоматит. Қолданылуы және мөлшерленуі:0,01 % ерітіндімен ауыз қуысының зақымдалған жерін, кілегейлі қабықшасын өңдейді.

Антибиотиктер стоматологияда созылмалы іріңді қабыну-ларды емдеуге қолданылады. Бет – жақ аймағындағы қабынулар  периостит, остеомиелит, абсцесс, флегмона, одонтогенді сеп-сис, ауыз қуысының ауыр асқынуларын емдеуге қолданылады. Ин-фекциялық асқынуларды алдын-алу үшін стоматологиялық опе-рация алдында анамнезінде эндокардит, қант диабеті, гломеру-лонефрит аурулары бар, қауып тобындағы науқастарға анти-биотиктер тағайындалады.

антибиотиктер стоматология

Амоксацилин – кең спектрлі әсер ететін жартылай синтетика-лық  пенициллин болып табылады. Ол бензилпенициллинге қара-ғанда гидрофилді, сондықтан теріден оңай өтеді, грам оң теріс микробактерияларға белсенділігі жоғары. Амоксацилин пени-цилиназа түзетін микроорганизімдерге әсер етпейді.

Ампициллинге өте ұқсас,  бірақ ерекшеліктері бар:

  • тағаммен әсерлеспейді
  • биотөзімділігі жоғары
  • диареяны аз тудырады
  • қанда жоғары  концентрацияланады
  • H. influensae-ға  қатысты, белсенділігі төмен

Аугментин (амоксациллин  +  клавулон қышқылы) жартылай синтетикалық, әсер ету спектрі кең пенициллин болып табы-лады. Ол грам оң және грам теріс бактерияларға, бета-лакта-маза түзетін штамдарға  белсенді болып  келеді. Бактерицид-тік әсер көрсетеді. Препараттың құрамына кіретін клавулон қышқылы амоксациллинді бета-лактамазаның әсеріне тұрақты ете отырып, әсер ету спектрін кеңейтеді.

тіс дәрігерінің антибиотиктері

Стоматологиядағы саңырауқұлаққа қарсы дәрілер

Ауыз қүысының шырышты қабатының кандидозы, глюкокорти-коидтардан кейінгі дисбактериоз,  антибиотиктер немесе ци-тостатиктер қабылдағаннан кейін пайда болады. Итраконазол триазол туындысы болып табылады. Әсер ету механизмі:   ит-раконазол С-14 альфа диметилаза Р450 цитохромына әсер етіп, нәтижесінде саңырауқұлақтардың мембранасының негізгі сте-роиді болып табылатын ланостеролдың эргостеролға диметил-денуін тежейді.

Бұл саңырауқұлақтардың мембранасының қызметін бұзады және олардың өткізгіштігін жоғарлатады. Итраконазолдың саңырауқұлақтарға қарсы белсенділік спектрі кең: асперогиллез, кандидоз, коксидоидомикоз,  дерматофиттер.

Флуконазол (дифлюкан) триазол туындысы болып табылады, итраконазолға қарағанда ОЖЖ-ге жақсы енеді. Әсер ету меха-низмі итраконазолға ұқсас болып келеді. Флюконазолды әр түрлі беткейлі және жүйелі микоз түрлерінде, энтералды және парен-тералды қолданылады. Бүйрек үсті безіндегі стеройдтардың синтезін тежемейді және гепатотоксикалық әсері жоқ.

Клотримазол имидазол тобындағы саңырауқұлақтарға қарсы препарат болып табылады. Саңырауқұлақты жойғыш әсері са-ңырауқұлақтардың торша мембранасындағы эрготеролдың жо-йылуымен байланысты. Дерматофиттер ашытқы саңырауқұ-лақтарына бактериоцидттік және трихомонадциттік әсер көрсетеді. Тек жергілікті қолданғанда әсері тиімді. Көрсеткіш-тері: кандидоздар, стоматиттер. Кері әсерлері: жергілікті ал-лергиялық үрдістер дамуы мүмкін.

Вирустарға қарсы дәрілік заттар

Вирустарға қарсы дәрілік заттарды герпесте, жедел және со-зылмалы афтозды стоматиттерде, некрозды ойық-жаралы гин-гивиттерде қолданады. Бонафтон –  вирусқа қарсы препарат бо-лып табылады. Көрсеткіштері:  белдемелі герпес және қарапа-йым вирустардан пайда болған жақ – бет аймағының аурулары. Кері әсерлерлері:  бас ауру, диспепсиялық бұзылыстар.

  • Теброфен – вирусқа қарсы препарат болып табылады. Көрсет-кіштері:   белдемелі герпес және қарапайым вирустардан пайда болған жақ – бет аймағының аурулары.
  • Флореналь – ауыз қуысының шырышты қабатының және тері жамылғысының вирусты зақымдалуы.
  • Хелепин-  герпестің дезоксирибонуклеин қышқылы құрамдас, вирустарға қарсы белсенді қасиеті бар зат.

требизил қазақша

Микробтарға қарсы химиотерапевтік дәрілік заттаржұқпалы аурулар кезіндеэтиотропты емдеу үшін және жұқпаны алдын-алу үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиопрепа-раттарды организм ішіне енгізетіндіктен, олар адам және жануарларға уыттылығы жоқ және жұқпа қоздырғыштарына жоюшы әсер ететін, яғни таңдамалы әсері болуы керек.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!