Жаңа ингаляциялық анестетиктер
Заманауи ингаляциялық анестетиктер — ингаляциялы анестезия үшін арналған галагенқұрамды препараттар. Оларға:
- севофлуран (севоран, sevoflurane),
- десфлуран (супран, desflurane)
- изофлуран (форан, isoflurane).
Бұл топтағы анестетиктерді барлығы жоғары эффективтілікпен, басқарылу және жоғары қауіпсіздікпен ерекшеленеді. Сонымен қатар, заманауи анестетиктер органопртекторлы қасиетке ие.
Бұл препараттар кіріспе наркоз үшін (севофлуран), сонымен қатар оперцаия кезіндегі анестезияны ұстап тұруға (севофлуран, десфлуран, изофлуран), сонымен қатар арнайы ингаляциялық құралдармен седация үшін де қолданылады. (изофлуран и севофлуран).
Ксенон және азот тотығы да ингаляциялық анестетиктерге жатады, бірақ заманауи және жиі қолданылатын деп айтуға келмейді. Себебі азот тотығы кардиодепресивті және нейротоксикалық әсері бар (Atlee J.L. 2007). Сонымен қатар зерттеулер кезінде оның ең қорқынышты қасиеттерінің бірі шықты, ол әйел адамдардың репродуктивті жүйесіне кері әсерін тигізуі.
Ал ксенон болса – инертті газ. Салмағы жағынан эфирден 3 есе ауыр. Ксенон ингаляциялық анестетиктердің ішінен ең ауыры. Наркотикалық, миорелаксациялық, аналгетикалық қасиеті жағынан азот тотығынан 1,5 есе күшті. Бірақ соған қарамастан ксенонды қолдану күмәнді болып келеді. Гипоксия дамымау үшін ксенон концентрациясын 60-70% асыруға болмайды. Ксеноннан кейінгі ояну өте жылдам 2-3 минутта келеді. Ксенонды заманауи анестетиктер севофуран, изофлюран, фентанилмен бірге қолдануға рұқсат етілген. Ксенонның ең жетіспейтін жағы ол оның бағасы. Тіпті рециклинг арқылы пайдаланылған ксенонды қайта қолдануға жаратса да бір саған ксенонмен наркоз бағасы шамамен 100 евродан асып кетеді.
Заманауи ингаляциялық анестетиктер вена ішілік анестезиялаушы заттар мен бұрынғы топтағы ингаляциялық анестетиктерден (фторотан, этран) айқын басымдылыққа ие. Олардың фармакокинетикасы препарат концентрациясына, таза ауа ағымына, альвеолярлы вентиляция және жүрек лақтырысына байланысты. Және ингаляциялық анестетиктер концентрациясын әрдайым бақылып, өлшеп отыруға болады. Ал вена ішілік анестетиктерді тек шприц ішінде ғана бақылай аламыз. Ингаляциялық анестетиктер бағасы вена ішіліктен қарағанда төмендеу.
Севофлуран— заманауи үшінші ұрпақтық ингаляциялық анестетик.
- Севоран минимальды альвеолярлы концентрациясы (МАК) 2,01%
- Севоранмен кіріспе анестезия жоғары тыныс жолдарының минималды қозуы және тітіркенуімен өтеді.
- Севофлуран шамалы ғана миокардтың депрессиясын, артериялық қан қысымының және ОПСС төмендеуін және тыныс алудың тежелуі мен баяулауын шақырады.
- Севофлуран дірілі (судорог) шақырмайды, миға қан келдуі күшейтеді, поляризациялық емес релаксанттардың әсерін күшейтеді.
Ингаляциялық индукция үшін жарайды. Адам үшін жағымды иісі бар және дұрыс пайдаланған жағдайда бірден естің жоғалтуын шақырады, себебі қанда еру қасиеті төмен. Галотан және изфлюранмен салыстырғанда кардиостабильді. Терең анестезия кезінде балаларға интубация жасауға жетерліктей миорелаксация жасайды. Севофлюран метаболизімі кезінде фторид түзіледі, ол шарты түрде нефротксикалық әсер береді.
Десфлуран— үшінші топтағы заманауи ингаляциялық анестетик. Минимальды альвеолярлы концентрациясы (МАК) 6,0 об%. Десфлуран анестетикалық күші басқа галоген құрамды анестетиктерден 4 есе аз, бірақ азот тотығынан 17 есе жоғары.
- Десфлуран жоғары қысымдағы буы шығу үшін арнайы термокомпенсациясы бар буландырғыш құралды қажет етеді.
- Десфлуранның басқа севофлуран және изофлураннан айырмашылығы – ояну кезеңінің ең қысқа болуы.
- Десфуран кіріспе анестезия үшін қолданылмайды, себебі оның тыныс жолдарына тітіркендіргіш қасиеті бар.
Изофлуран— екінші топтағы ингаляциялық анестетик. Анестетикалық күші жағынан севофлураннан басым келеді. Изофлуран айқын түрде тыныс алуды тежейді, шамалы тахикардия, артериалды гипотония шақыруы мүмкін. (Жалпы перефериялық тамырлық қарсыласуды азайтады.)
- Изофлуранполяризациялық емес релаксанттарға оң әсер береді. Гепатотоксикалық және нефротоксикалық әсері жоқ.
- Минимальды альвеолярлы концентрациясы 1,15%.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Жалпы жансыздандыру (наркоз)
- Анестезиология ғылымы және наркоз даму тарихы
- Наркоз үшін қолданылатын препараттар