Лапароцентез

Лапароцентез жасау техникасы

Лапароцентез — құрсақ қуысындағы патологиялық құрылымдар: қан, өт, экссудат, және басқа сұйықтықтар мен бос ауаны анықтау және шығару үшін құрсақ қабырғасын тесу процедурасы.

  • Науқастың қолы мен арқасына тіреу болу үшін орындыққа отырғызамыз.
  • Алдынғы іш перде қабырғасын 1 % йодонат ерітіндісімен және 96 % спиртпен 2 рет өңдейміз.
  • 0,5 % – 10 мл новокайн  ерітіндісімен жергілікті инфилтрациялы жансыздандырамыз.
  • Кіндіктен 2 см төмен іштің ақ сызығы бойымен 1 см теріні кесеміз.
  • Жара үстіне № 8 жібек лигатурасын саламыз.

лапарацентез қазақша

  • Ұстағыш лигатураны қолданып іш пердесінің қабырғасын көтереміз және жара арқылы айналмалы қозғалыспен трокарды жоғары және солға іш пердесіне жібереміз. Троакардың гильзасын сол қолдың саусағымен бекітеді, оң қолмен стилетті бөліп алады.
  • Науқаста коллаптоидты жағдай болмас үшін асцит кезінде сұйықтық құрсақ қуысынан баяу алынады.
    Троакар арқылы патологиялық сұйықтықтың ағуы тоқтағанда гильза арқылы соңғысында бүйір саңылаулары бар катетер енгізеді.
  • Катетерді тексерілетін құрсақ қуысына бағыттап 20-30 мл новокаин немесе физиологиялық ерітінді енгізеді, содан кейін оны аспирациялайды және перфузаттың микроскопиялық тексерілуін өткізеді.
  • Процедураны аяқтаған соң троакардың гильзасын жояды. Теріге 1-2 түйінді барқытты тігіс салады.
    Жара маңындағы теріні 1% йодонат ертіндісімен өңдейді, асептикалық таңу салынады.

Лапарацентезге қарсы көрсеткіштер:

  • айқын метиоризм;
  • құрсақ қуысының жабысқақ ауруы (спа­ечная болезнь брюшной полости)
  • операциядан кейінгі вентралды жарық— ішек қабырғасын зақымдау қауіптілігінен;

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!