Тыныс жетіспеушілігі

Тыныс жетіспеушілік анықтамасы

Тыныс – организмде тотығу-тотықсыздану метоболизмнің, яғни оттегінің организмге сырттан түсуінен бастап тіндерде пайдалануын, соның нәтижесінде көмір қышкыл газының бөлінуін, оның сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін күрделі процесс.

Тыныс процесі төрт тізбектен тұрады:

  • Сыртқы тыныс жүйесі – атмосфералық ауа мен қан арасында газ алмасуын, яғни вентиляцияны қамтамассыз етеді.
  • Қан – оттегіні өкпеден тіндерге және көмір қышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдайтын.
  • Қан айналым жүйесі – газ  тасымалдауын және организмде қанның тимді таралуын қамтамасыз етеді.
  • Тінішілік тыныс жүйесі – тотықтандырғыш ферметтер жүйсі және көмір қышқыл газының тіндік тасымалдаушылар. Осылардың қызметін оттегі пайдаланады, көмір қышқыл газы бөлінеді.

Тыныс шамасыздығы – артериялық қанның газдық құрамының жеткілікті қамтамасыз етілмеуі немесе оның сырттық тыныс жүйесі функциясының артуымен қамтамасыз етілуі.

Этиологиясы

тыныс жетіспеушілік

тыныс шамасыздығы

Патогенезі бойынша жіктелу:

  • Газ алмасуы. Гипоксемиялық (ТЖ I типі). Паренхиматозды/ өкпелік
  • Желдетілуі. Гиперкапниялық (ТЖ II типі). Желдеткіш/насостық

Өрістеуі бойынша:

  • Жедел. Минут. Сағат. Күн. 7,35<pH>7,45. HCO3¯ -қалыпты
  • Ай. Жыл. pH-қалыпты. HCO3¯-↑

Ауырлығы бойынша:

Қалыпты жағдайда PaO2>80  SaO2>95

  • 1 сатысы 60-79      90-94
  • 2 сатысы 40-59      70-89
  • 3 сатысы <40         <75

Тыныс жетіспеушілігінің клиникалық көріністері

  • Ентігумен
  • Көгеруімен
  • Демалудың жиіленуі
  • Ал ақырғы кезінде, жүрек жетіспеушілігі қосылғанда, ісінулер көрінеді.

Клиникалық функцияларына қарай Тыныс шамазыдығының түрі

  • Обструкциялық
  • Дестрикциялық
  • Диффуздық
  • Аралас

Обструктивті – бронхит, бронхоспазм, кеңірдек және ірі бронхтардың тарылуы жатады. Спирография арқылы тексергенде өкпенің минуттық желдетуінің және өкпенің жылдамдаған өмірлік сиымдылығының айқын төмендеуін көреміз.

Шектелген – пневмосклероз, гидро-, пневмоторокс, кифосколиоз т.б нәтижесінде өкпенің кеңею қабілетінің шектелуі байқалады.

Аралас – екі түрдің белгілері қосылады, кейде бір түрдің белгілері асып тұрады. Бұл созылмалы өкпе және жүрек аурулары кезінде кездеседі.

Объективті қарауда анықталады:

  • Дененің мәжбүрлі қалпы
  • Тынысқа қосымша бұлшықеттердің қатысуы
  • Орталық (диффузды) цианоз
  • Тахипноэ
  • Тахикардия
  • Негізгі аурулардың көріністері

Обструкциялық тыныс шамасыздығына әкелетін себептер:

  • Бронхоспазм;
  • Тыныс жолдарының өзегін тарылтатын бронхтар қабырғасының қабыну және склероздық процестері;
  • Бронхтардың өзегінде қақырық, кілегейдің жиналуы;
  • Ұсақ бронхтардың сырттан бачылуынан коллапсы;
  • Трахея мен ірі бронхтардың эксперациялық коллапсы- трахея мен ірі бронхтардың гипотониялық дискенезисынан мембраналық бөлігінің ішіне қайырылуы.

Рестрикциялық тыныс шамасыздығы өкпенің тыныс бетінің азаюынан, керілуінің шектелуінен болады.

Негізгі себептері:

  • Өкпе тінінің инфильтрациясы;
  • Өкпе тінінің деструкциясы;
  • Өкпе тінінің дистрофиясы;
  • Пневмосклероз;
  • Пульмоноэктомия, Лобэктомия;
  • Өкпенің дамуының кемістіктері;
  • Өкпенің басылуы, ателектазасы және т.б.

Диффузиялық тыныс шамасыздығы альвеола – капиллярлық мембрананың физикалық және химиялық қасиеттерінің бұзылысынан болады.

Негізгі себептері:

  • Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқалардың түрлі себептерден ісінуі (қабынудан, удың әсерінен, қанның іркілісінен);
  • Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқандардың фиброзы;
  • Вентилияция мен перфузия арақатынасының сәйкес болмауы;
  • Кіші шеңберде қан айналамының бұзылысы (васкулиттер, өкпе артериясы тармақтарының тромбоэмболиясы).

тыныс жетіспеушілігінің түрлері

Созылмалы тыныс шамасыздығының клиникалық көрінісі:

  1. Тыныс шамасыздығына әкелетін негізгі аурудың көріністері;
  2. Тныс қызметінің күшеюімен жүретін ентікпе;
  3. Организмде оттегінің жетіспеуінің белгілері;
  4. Организмде көмірқышқыл газының жетіспеу немесе көбею көріністері.

Созылмалы тыныс шамасыздығындағы организмдегі оттегі жетіспеу белгілері:

  1. Орталық нерв жүйесі функциясының бұзылыстары: ұйқының нашарлауы, эмоциялық белсенділіктің жоғарлауы, психикалық бұзылыстар.
  2. Жүрек- тамыр жүйесі функциясының бұзылыстары: тахикардия, жүрек шығару көлемінің ұлғаюы, шеттік тамыллардың кеңеюі, өкпе гипертезиясы; науқастардың бір қатарында жүйелі артериялық гипертензия пайда болады.
  3. Тыныс жүйесінің бұзылыстары: ентікпе, вентиляцияның күшеюі, негізгі алмасудың жоғарлауы, осыдан науқастардың бір қатары арықтайды.
  4. Қанның өзгерістері: полицитемия, гемотокриттің және қан тұтқырлығының жоғарлауы, плазма көлемінің ұлғаюы, гиертромбоцитоз, ЭТЖ төмендеу.
  5. Паренхималық ағзалардың дистрофиясы: бауырдың, бүйректің т.б. Фиброзы және амилоидозы.

Созылмалы тыныс шамасыздығының ауырлық дәрежесіне қарай жіктемесі

  • І дәрежесі- қанның газдық құрамы бұзылмайды. Науқас күнделікті тіршілігіне қажетті үйреншікті дене қызметімен айналыса алады
  • І дәрежесі- қанның газдық құрамы бұзылмайды. Науқас күнделікті тіршілігіне қажетті үйреншікті дене қызметімен айналыса алады
  • ІІІ дәрежесі- организмде оттегінің жетіспеу белгілерімен бірге көмірқышқыл газының жиналу көріністері пайда болады. Ауыр ентігуден дене қимылы шектеледі, науқастар өз- өздерін шаққа күтеді немесе күтінуге шамасы келмейді.

тыныс жетіспеушілік ауруы

Тыныс жетіспеушілігінің асқынулары

  • Жедел  тыныс жетіспеушілігі кезінде уақытылы реанимациялық шаралар көрсетілмеуі науқас өліміне әкелуі мүмкін.
  • Ұзақ уақытқа созылған тыныс жетіспеушілігі оң қарынша жетіспеушілігі дамуына  алып келеді, нәтижесінде жүрек бұлшықеттерінің оттегімен қанығу төмендеп үнемі жүктемесіне алып келеді.
  • Альвеоларлы гипоксия және өкпе вентиляциясының адекватсыз болуы тыныс жетіспеушілігі мен өкпе гипертензиясының дамуына алып келеді. Оң қарынша гипертрофиясы және оның ұзақ уақыт жиырылу функциясының  төмендеуі өкпетекті жүрек дамуына сонымен қатар үлкен қан айналым шеңберіндегі қанның іркілуіне алып келеді.

Тыныс жетіспеушілігінің диагностикасы

  • Ауру анамнезіне және өмір анамнезіне сүйене отырып себебін анықтаймыз. Науқасты қарап тексергенде денесіндегі көгерулерге мән береміз. Тыныс алу жиілігін және өкпенің тыныс алуын байқаймыз.
  • Функцияналдық сынамалар жүргіземіз және көкірек қуысының ренгенографиясы.
  • Қанның газдық құрамы мен қышқылды- сілтілі жағдайын зерттеу.

Жалпы анализдердегі көріністер:

  • полицитемия
  • гематокриттің жоғарылауы
  • қан тұтқырлығының жоғарлауы
  • плазма көлемінің ұлғаюы
  • гипетромбоцитоз
  • ЭТЖ төмендеуі

Спирография.

  • Спиография көмегімен форсирленген өкпенің  өмірлік сиымдылығын (ФӨӨС) және  алғашқы секундтағы форсирленген тыныс шығарудың көлемі (ФТК1) анықталады. ФӨӨС – бұл ауа көлемі, максимальді тез  тыныс шығару кезінде, форсирленген тыныс шығару. Сау адамдарда ФӨӨС ӨӨС 75% жоғарлайды.
  • ФТК1 ӨӨС индекс Тиффноға  байланысты пайызбен есептейміз. Нормада 75-83%.ТЖ кезінде  Тиффно индексі төмендейді.

Пикфлоуметрия. Пикфлоуметриямен тыныс шығарудың шың жылдамдығын анықтаймыз (ТШШЖ), яғни максимальді жылдамдық, максимальді толық тыныс алуда  форсирленген  тыныс шығару кезінде тыныс жолдарынан  ауа шығуы мүмкін. ТЖ кезінде ТШШЖ нормадан төмен болады.

Созылмалы тынс шамасыздығын емдеу

  • Негізгі кеселді емдеу;
  • Инфекциямен күресу;
  • Өкпенің желденуін жақсарту (бронхолитиктер, кортикостероидтар, мукалитиктер, дене қалпымен дренаж, бронхоскопиялық санация)
  • Оксигенотерапия
  • Өкпенің жасанды вентиляциясы
  • Өкпедегі жүрек синдромын емдеу
  • Хирургиялық ем (өкпенің немесе өкпе- жүрек комплексінің трансплантация)

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!