Жүрек жарақаты. Жүрек тампонадасы

Жүректің ашық жарақаты

Қазіргі таңда жүрек жарақаты барлық кеуде жарақаттарының 5-7% құрайды.

Ол келесідей жіктеледі:

Перикардтың жекелеген жарақаттары және жүрекпен қосақталған жарақаттарын ажыратады. Соңғысы жекелеген және біріккен болып екіге бөлінеді.

Жүректің жекелелен жарақаттары:

  1. Өтпелі емес:
  2. а) жалғыз; б) көптеген.
  3. а) гемоперикардпен; б) гемоторакспен; в) гемопневмоторакспен;
  4. коронарлы тамырлар зақымдалуымен;
  5. сыртқы және ішкі қан кетумен.

ІІ. Өтпелі:

  1. а) жалғыз; б) көптеген;
  2. а) гемоперикардпен; б) гемоторакспен; в) гемопневмоторакспен; г) аралық гематомасымен;
  3. а) сыртқы қан кетумен; б) ішкі қан кетумен;
  4. а) коронарлы тамырлар зақымдалуымен; б) жүрек жарғақшаларының зақымдалуымен; в) өтпелі жүйе зақымдалуымен; г)  клапанды аппарат зақымдалуымен.

Енбеген-эндокард зақымдануынсыз:

  • Миокардтың оқшауланған жарақаты
  • Коронарлы қантамырларының зақымдануы
  • Аралас, яғни миокард және коронарлы қантамырларының зақымдануы

Енген –эндокардтың зақымдануымен

  • жүрекше мен құлақшаның қабырғасының зақымдануы
  • Тереңде жатқан құрылымдардың зақымдануларымен жүретін жарақаттар

Жүректің біріккен зақымдалуыларына жатады:

  1. өтпелі;
  2. өтпелі емес;
  3. келесі зақымдалуылармен біріккен:
  • кеуде қуысының өзге мүшелерінің (өкпе, бронхтар, трахея, ірі тамырлар, өңеш, диафрагма);
  • құрсақ қуысы ағзалары (паренхиматозды мүшелер, қуысты мүшелер, ірі тамырлар);
  • басқа локализациядағы ағзалар (бассүйек, ми, сүйек пен тамырлар, тамырлар).

Жүрек зақымдалуларының клиникалық формалары

  • Кардиогенді шок басымдылығымен;
  • Гиповолемиялық шок басымдылығымен;
  • Кардиогенді шок және гиповолемиялық шок қосарлануымен.

Жүрек зақымдалуы кезіндегі патологиялық жағдай патогенезі. Негізгі патофизиологиялық механизм – қан кету және перикардиальді тампонада (жүректің жұқа қабырғалы қантамырларының жаншылуы).

Зақым алғандардың негізгі үш тобын ажыратады:

  1. Клиникалық өлім жағдайындағы науқастар.
  2. Қан кету және үдемелі тампонада нәтижесіндегі шок жағдайындағы науқастар.
  3. Стабильді тампонада жағдайындағы науқастар.

Жүрек зақымдалуына тән симптомдар триадасы:

  • Жүрек проекциясында жарақат орнының болуы;
  • Жедел қан кету белгілері;
  • Жүректің жедел тампонада белгілері.

Диагнозды симптомдар триадасы және науқастың ауыр жағдайына сүйеніп қояды.

Қан кету белгілері. Артериалды қан кету. Пульстік қатты ағынмен қанның ағуы. Ең ауыр жарақат болып саналады. Оттегі жетіспеушілігі және жүрек тоқтауы нәтижесінде өлім жағдайы туылуы мүмкін.

Венозды қан кету. Шок белгілері.

Жүрек тампонадасы

Перикард қуысына қанның үдемелі толуы, перикард ішілік қысымның артуы, қарыншалардың диастолалық толуы бұзылып, жүректің қан айдау күшінің төмендеуі.

жүрек тампонадасы
Жүрек тампонадасының сыртқы көрінісі

Белгілері:

  • Кеудедегі дискомфорт
  • Үдемелі ентікпе
  • Кенет әлсіздік,өлім қорқынышы
  • Тері бозарып, көп тері бөлінуі
  • Артериалық қан қысымының төмендеуі
  • Венозды гипертензия
  • Жүрек қозғалысының едәуір шектелуі, тұйықталған жүрек тондары.

Жүрек жарақаттануының диагностикасы

Визуальді қараған кезде кеуденің басқа құрылымдарының жарақатынан ажырату үшін Грековтың шектелу заңдылығы қолданылады:

  • Жоғарыдан – екінші қабырға;
  • Төменнен – сол жақ қабырға доғасының төменгі шетіне дейін;
  • Сол жақтан – ортаңғы қолтықасты сызығы;
  • Оң жақтан – парастернальді сызық.

Жүрек жарақатының диагностикасы үшін рентгенология және қосымша әдістерді қолданады – УДЗ, перикардиоцентез, перикардиотомию. Егер науқастың жағдайы бірқалыпты болатын болса рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі. Рентгенограммада перикард қуысындағы сұйықтық көлемі 30 – 85 мл аралығында болса анықталмайды; 100 мл болатын болса – пульс әлсіреуі; 150 мл артатын болса «доңалардың» жазылуымен жүрек шекарасының ұлғаюы.

Нақты және жылдам инвазивті емес зерттеу: эхокардиография. Перикард жапырақшаларының ажырауы (4 мм), эхонегативті құрылымдар (ұйыған қан), миокардтың жиырылу мүмкіндігінің төмендеуі.

Аз инвазивті әдіс торакоскопия. Классикалық торакотомия жасау және эхокардиография кезінде диагностика мүмкін болмаса орындалады.

Емі. Жүрек немесе перикардтың жарақаттары кезінде плевра қуысын ашқаннан соң перикард қабырғасы арқылы қанның шығу жағдайын көруге болады. Хирург перикардқа екі жіп-ұстағыштарын орнатып, диафрагма нервінің алдынан параллельді түрде ашады. Ассистент ұстағыштар арқылы перикард жарасын кеңейтііп ашып, қуысты қан және ұйындылардан босатады. Хирург болса, қанның шыққан көзіне ориентация жасап жүрек жарасын тампонадалайды.

Жара аумағы кең болатын болса уақытша гемостаз үшін Фолей катетері қолданылады. Катетерді жүрек камерасына енгізіп, баллонды үрлеу арқылы қанды уақытша тоқтатуға болады.

Егер жарақат коронарлы артерияларға жақын орналасқан болса П-тәрізді тігіссалынады. Қарынша қабырғасы кең П тәрізді тігіспен, жүрекшелер қабырғасы тү»інді П тәрізді тігістермен тігіледі.

Операция кезінде жүрек тоқтап немесе фибрилляция болатын болса жүрекке тура массаж жасап немесе жүрек ішіне 0,1 мл адреналин енгізіп  дефибрилляцию жүргізеді.

Аураханаға дейінгі кезеңде айқын тампонада бар және стационарда уыр агональды жағдай болған науқастарда жедел торакотомия мүмкіндігі болмайтын болса УДЗ және ЭКГ бақылауымен орындалатын перикард пункциясымен шектеледі. Осы кезде ЭКГда экстрасистолия немесе ритм бұзылысы болса жарақаттың миокардпен байланысты, ал қарынша комплекстерінің вольтажы жоғарыласа жүрек декомпрессиясының эффективтілігін көрсетеді.

Хирургиялық тактика:

  • Көктамырға сұйықтық және қан компоненттерін құю
  • Перикардтың пункциясы
  • Торакотомия

Жүрек жарақаттарын диагностикалау жеңіл көрінгенімен, салдарымен күресу өте қиын. Жедел жағдайларға дайындық, ауыр салдардың алдын алары сөзсіз.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!