Босанғаннан кейінгі кезең екіге бөлінеді – ерте жәнс кеш. Ерте кезең екі сағатқа созылады, осы кезендегі қан шығынының себептері:
1. Жатыр қуысында бала жолдасы, боліктерінің іркіліп қалуы;
2. Жатырдың жиырылуының төмендеуі мен жоқтығы (гипо-атония);
3. Қан ұюының бұзылуы;
4. Босану жолдарының жарақаттануы.
5. Жатыр қуысында бала жолдасының бөлікгері іркіліп қалған жағдайда, жатырдың жиырылу қабілеті төмендеп, қан шығыны артады. Бірден әйелге наркоз беріп, жатыр қуысын қолмен тексерігі, іркіліп қалған плапента беліктерін алып тастайды.
6. Жатырдыңжиырылу қабілетінің төмендеуінен немесе жоқтығынан пайда болатын патологиялық қан шығынын гипо-атониялық қан шығыны дейді. Гипотония – жатырдың жиырылу қабілетініңтөмендеуі; атония – жатырдьщжиырылу қабілетінің жоқтығы.
Себептері: жатырдың қабыну ауралары, өзіндік және жасаңды түсіктер, қағанақ суының кептігі, егіз жүктілік, гестоздар, тар жамбас, ірі салмақтьі нәресте, жатырдың ісік ауруы, босанудың ауьггқулары; сонымен қатар кесар тілігінен кейін жатырды жөнсіз қолмен уқалап, дәрі-дәрмектерді орынсыз қодцанса немесе плацента бөліктері жатыр қуысында қалса, гипоатониялық қан шығыны байкалалы.
Клиникалық белгілері. Бұл асқынуда патологиялық қан шығыны үшінші кезенде немесе әйел босанысымен бірден басталады. Гипотониялық қан шығынында – қан шамалы, ұзақ ағады; жатырдың жиырылу қасиеті төмендейді (жиырылу сирек және қысқа). Қолмен жатырды уқалағанда ол әдет- тегідей қатгы, ‘іығыз болмай жұмсақ болады; жатыр қуысында қан ұйып жинала бастайды, жатыр көлемі үлкейіп, кіндік түбінен жоғары тұрады. Дәрі-дәрмекгер қолданған кезде, жатырдың жиырылу қабілеті жоғарылай бастайды. Ал атониялық қан шығынында, жатырдың жиырылу қабілеті жоққа тән, дәрі-дәрмектер ешкандай нәтиже бермей, шамалы уақыттың ішінде әйелден көп қан кетеді.
Жатырдың жиырылу қабілеті бүзылғаңда тез арада қаңды тоқтату үшін қолданатын шаралар:
1. Жұмсақ түтікшемен қуықтан зәрді шығарады.
2. Жатырды сыргынан қолыен уқалап, мұз немесе мұздай су құйылған грелканы жатырға қояды.
3. Жатырдың жиырылу қа- білетін жоғарлату үшін, жиы- рылтқыш дәрілерді қолданады (метилэргометрин, окситоцин, питуитрин т.б.)
4. Қан шығыны тоқтамай 300- 400 мг жеткен жагдайда, жатыр қуысын қолмен тексеріп, онын қуысындағы (қағанақ қабақ- шаларын, қанды) алыптастағаннан кейін, жатырға сыртқы-ішкі массажжасавды. Бір мезгілде венаға (8ЕО+250 5% глюкоза ерітіндісін) простагландинмен енгізеді.
5. Қан шығыны артып, (800- 100 мл.) жетсе әйелге бірден ампутация немесе экстирпация операциясын жасайды. Операцияға дайындық алдында төмеңцегі шараларды қолдшғады: алдыңғы ішперде тұсында қолқаны омыртқаға қарай басады; Бакшеевтьщ әдісімен жатыр мойнына уақьпша клеммалар салады (жатырдың жиырылу қасиеті ұлғаяды).
6. Қан ұю жүйесі бұзылса (ДВС – синдром дамыса). ішкі жамбас артериясын байлайды.
Қан шығынын тоқгату үшін қолданғаң барлық шаралар бір мезгілде инфузионда-трансфузионда терапиямен жүргізілді. Перзснтханаларда жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезендердегі асқынудың ауыр түрлерінде жедел көмек көрсететін арнағіы тәжірибелі дәрігерлер тобы, сонымен қатар қан, қажетті дәрі-дәрмектер дайын болуы керек.
Босанғаннан кейінгі кезсңде қан шығыны артуының тағы бір себебі — қан үю жуйесінің бұзылуы. Бұл әйел өмірі үшін өте қауіпті жағдай, көбіне жүктілік гестозының ауыр түрінде нәресте жатырда шетінегенде; гипо-атониялық кан шығынында; кесар тілігінде және плацентанын жатыр қабырғасынан бөлінуінің ауыткуында (плацентанын мезгілсіз бөлінуі, төмен орнығуы, берік жапсырылуында) кездеседі.
Бұл жағдайда жатырдың жиырылу қабілеті бұзылмайды, бірақ жатырдан тоқтаусыз қан ағадм және қан ұйымайды; жатырдан басқа кез-келген: тігіс салған, мұрыннан, дәрі еккен жердің бәрінен қан кетеді. Лабораториялык зертгеу жасағанда, қан ұю уақыты ұзарады, қанда фибриноген өте төмендейді. Жүкті әйедде фибриногеннің қандағы мөлшері 400 мг%. Фибриногеннің қанда төмендеп, жойылуы қан шығынын күшейтеді, гипо және афибриногендік қан кету байқалады (ДВС синдром дамиды).
ДВС-тің пайда болу себебі, ананың қан құрамына жатыр қуысынан, қан тамырларының ішкі қабынан, қанның ұю қабілетің бүзатын тромбопластиндік әртүрлі субстратгардың түсуі.
Осы жағдайда қанның фибриногені көп жұмсалып, қан қоюланып, қан іріктері пайда болдаы, сөйтіп бүкіл қан тамырларын бітейді. Осыған байланысты қан ағымы бәсеңдейді, әсіресе капилляр жүйесінде, бүкіл әйел организміндегі мүшелердің қанайналымы бұзылады.
Гипо және афибриногендік қан кетуді анықтау үшін: дені сау әйелдің венасынан 2 мл қан алғанда, ол 2-3 минутга ұйыйды, ал патологиялық қан шығыны болған әйелдің қаны ұйымайды; осы екі қанды коскан кезде дені сау әйелдің қаны еріп кетеді.
Емдеу жолдары:
1. Біріншіден ДВС-тің пайда болуына себепкер болған жүктілік пен босанудың асқынуларын мезгілінде емдеу.
2. Организмнің гемодинамикалық және қан ұю өзгерістерін қалпына келтіру.
3. Жатырдан аққан қан тоқтамай, қан шығыны ұлғайса, бірден жатыр экстирпациясын жасайды; ішкі жамбас артериясын байлайды.
Қан ұю жүйесінің бұзылуының (коагулопатия) және ДВС синдромының диагнозы, емі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінің асқынуларында толық жазылған.