Жамбас куысында ішкі жыныс мүшелерін қалыпты жағдайда ұстайтын байламдары бар ма?

 

Жатыр мен жатыр түтікшелерін жамбас қабырғасымен байланыстыратын жұп байламдар:

  1. Жатырдың жалпақ байламы — іш перденің көлденең қатпары, жатыр денесін және түтікшелерін жабады. Сонымен катар, жатыр түтігінің шажырқанын құрайды. Жатырдың жалпақ байламы жамбастың бүйір қабырғасынан іш пердесінің париеталды бөлігіне дейін созылады. Оның арткы қабыргасының екі жағына аналық без срналасқан.
  2. Аналық бездің қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін байлам — жатырдың жалпақ байламының сыртқы бөлігі (жатыр түбінің артынан басталып аналық безге қосылады).
  3. Аналык безінің негізгі байламы аналық безден басталып жатырдың жалпақ байламынын арасымен жатыр қабырғасына жетеді.
  4. Жатырдың жұмыр байламы ұзындығы 10—15 см, диаметрі 3—5 мм. Жатырдың жұмыр байламы жатыр түтікшесінің аддыңғы төменгі бұрышынан, жатырдың жалпақ байламының алдыңғы жағымен шап каналы арқылы үлкен жыныс ернеулерінің арасына орнығады. Бұл байлам жатырдың алға еңкеюін қамтамасыз стеді.

 

Жатырды қалыпты жағдайда ұстайтын байламдар:

  1. Жатырдың көлденең байламы, жатыр мойнының ішкі өзек тұсында қоршайды.
  2. Қасаға – куық байламдары, жатырдьщ алдыңғы төменгі бөлігінен куық пен қасағаға дейін созылады.
  3. Сегізкөз — жатыр байламдары- жатыр мойнының артқы жағынан, ішкі өзегінен төменірек жерден басталып, тік ішекті екіжағынан айналдыра сегізкөздің алдыңғы жағына жалғанады (бұл байламдар жатыр мойнын артқа ұстайды).

Сонымен қатар, ішкіжыныс мүшелерін калыпты жағлайда үстайтын бұлшық еттер.

Жамбас қуысының түбі. Жамбас қуысының шығаберісі төменгі жағынан шандырлы бұлшық етпен жабылған, мұны жамбас қуысының түбі деп атайды. Жамбас түбі өте берік үш қабатты бұлшық еттен тұрады.

Жамбас түбінің бұлшық еттері:

1- шонданай-қуыс бүлшық еті; 2- буылтық-қуыс бұлшық еті; 3 – аралықтың орта сіңірі; 4 – аралықтың сыртқы көлденең бұлшық еті; 5 – несеп-жыныс диафрагмасы: б – тік ішектің сыртқы сфинктері; 7 – Бартолин безі; 8-10 – жамбас түбінің диафрагмасы

Шонданай — қуыс бүлшық еті  — шонданай бұдыршағынан басталып, шүртіге бекиді. Бұтаралық сыртқы көлденең бұлшық еті— шонданай сүйегенің төменгі бұтағынан басталып, орталық сіңірге барып жалғасады.

Тік ішектің сыртқы сфинктері- қүйымшақтан басталып, тік ішекті айналып, орталық сіңірге бекінеді де, оның шығаберіс ернеуінің жабылуын қамтамасыз етеді.

Ортаңғы қабат — зәр-жыныс диафрагмасы — жамбас куысы шығаберісінің алдыңгы бөлігін алып жатады. Осы үш бүрышты жалпақ етті- шандырлы қабат, шат сүйегінің астыңғы бұрыштарында орналасқан. Бұдан несепағар мен қынап өтеді.

Жоғарғы (ішкі) қабат — жамбас диафрагмасы — ішкі шеңбер еттері. Бұл еттер тік ішекті көтеретін қос бұлшық еттен тұрады. Бұл еттердің бір шеті тік ішектен басталып, екінші шеті жамбастың ішкі бетіне бекиді. Жоғарыда аталған бұлшық еттердің негізгі қызметтері:

  1. Жамбас түбі ішкі жыныс мүшелеріне тірек болады. Олардың қалыпты жағдайын сақтайды, жамбас түбі бұлшық еттерінің жарақаттануы жыныс мүшелерінің төмен түсуіне әсер етеді.
  2. Жамбас түбі құрсақ қуысына тірек. Оның бұлшық еттері іш перде қысымын қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі.
  3. Босану кезінде жамбас қуысы түбіндегі үш қабат бұлшық еттің бәрі созылып, қынап нәресте шығатың кең түтікке айналады, сөйтіп бұл еттер нәресте шығатын жолдың жалғасын құрайды. Босанғаннан кейін олар жиырылып, алғашқы қалпына келеді.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!