Жүкті әйелдер тұңғыш рет кеңес орнына келген мезетте, оларға арнайы № 111 формалы карта толтырыладьг. Бүл картаға әйедден алынған барлық мәліметтер (тұрғын орны, түрмыс, еңбек, етеккір, бүрынғы жүкгілікгің ағымына мінездеме) жазылады. Сонымен қатар, жүкті әйелдің бойы, салмағы, жамбас өлшемдері, қан қысымы, қынаптық зерттеу мәліметтері түгел түсіріледі. Әрбір жүкті әйел екі рет (жүктіліктің бірінші және екінші жартысында) терапевт. тіс. қүлақ дәрігерлерінің тексеруінен өтуі қажет.
Бірінші рет кеңеске келген жүкгі әйеддің жатыр мойнын арнайы айнамен мұқият қарайды, жүктіліктің мезгілін есептсйді. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысыңда қан мен зәр құрамын, қанның тобын, резусын, Вассерман реакциясын анықтайды.
Кеңес орнына келген сайын, әрбір жүкті әйеддің дене салмағын, жатыр деңгейін, қан қысымын, қан және зәр қүрамын қайталап бақылап отырады.
Жүктілік ағымы асқынусыз өткен жағдайда, әйелдер кеңес орнына жүктіліктің бірінші жартысыңда айына I рет, келесі жартысында 2 рет, ал 30-32 аптадан кейін 3-4 рет келуі қажет. Орташа есеппен алғанда екіқабат әйел кеңес орнына 14-15 рет келіп тексеріледі. Егер жүктілік кезінде асқыну болса, ананың кеңес орнына келуі жиілейді
Әрбір жүкті әйелдің қолына №113 алмасу картасы толтырылып беріледі. Бұл картада екі қабат әйеддің барлық денсаулық мәліметтері жазылады; перзентханаға толғақпен немесе алдын ала түскенде, әйел алмасу картасымен түседі. Психопрофилактикалық дайындық
Әйелдер кеңес орнының негізгі мақсаттарының бірі: жүктілер арасында, бірінші есепке алынған күннен бастап психопрофилактикалық дайындық жүргізу. Бүл дайындықтың негізгі мақсаты – босану алдындағы қорқынышты бәсендету және босану кезіндегі ауру сезімін жеңілдету. Осы максатпен 32-35 апта жұма аралығында дәрігер жүктілермен кеңес ретінде 5-6 сабақ жүргізеді.
1-сабақтың мақсаты – босанар алдындағы қорқыныштың алдын алу, ол үшін жүктілік пен босанудың физиоло- гиялық құбылыс екенін, жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістерге тоқтай отырып, босану кезеңінің өзгешеліктерін жете түсіндіру.
2-сабақта — жыныс мүшелерінің анатомиясы мен жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістермен таныстыру.
3-сабақта — толғақ басталганнан кейін босанудьщ бірініш кезеңінің тәртібіне үйретеді. Ол үшін:
1) тыныш жату;
2) толғак кезінде бірқалыпты және терең дем алу;
3) дем алу және дем шығару әрекеттерін жатырдың төменгі жағын сипалаумен сәйкестендіру;
4) сегізкөз, бел аймағын дем алумен сәйкестендіріп сипалау;
5) үлкен саусақтардың ұшымен мықьш сүйекгің алдыңғы жоғарғы осіңділерін басу, сегізкөз ромбысына екі жүдырыкты қою;
6) толғақты бақылау.
4-сабақта — босанудың екінші және үшінші кезеңдеріңдегі ерекшеліктерімен таныстырады. Әйедді екінші кезеңнің күшену ережелеріне, толғақ арасьгнда дұрыс дем алу тәртібіне үйретеді.
5-сабақ — “Ана қуанышына” арналады, аналарға көмек туралы зандармен таныстырады.
6-сабақта — толғақтың алғашқы белгілерімен, перзентханаға алдын ала жату қажетгілікгерімен және тазалык ережелерімен таныстырады.
Босанган әйелдерді бақылау. Әйелдер кеңес орнының дәрігерлері – босанған ананы үй жағдайыңда бақылайды. Дәрігер үй жағдайында сәбиге және анасына дәрігерлік комек көрсетуді үйымдастырады. Әсіресе жас босанған, жүрек, бүйрек, қан тамыры ауруларымен ауыратын әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Босанғаннан кейін ана 10-12-күндері және 6-8 жүмадан соң; содан кейін үш ай сайын, жылына бір рет дәрігерге қаралуға тиіс.
Дәрігер босанған ананы бірінші рет қабылдаған кезде, оның 113-алмасу картасы арқылы босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ағысымен танысады. Әйеддің шағымьш тыңдай отырьш, оның қан қысььмын, дене қызуын, салмағьш анықтайды. Емшек бездерінің, жьшыс мүшелерінен бөлінетін сүйықтықтың сипатына көңіл бөледі; әйелге гигиеналық ережелерді қатаң сақтау керек екенін ескертеді.