Қатерлі ісіктерді емдеудің жалпы принциптері

Жай ісікті операция жолымен сыртындағы қабын яғни капсуласын бұзбай сылып алып тастайды.Операция жасауға асыкпауғада болады.Бірақ ол ісік басып қалған мүшенің қызметі бұзылғанда не жай ісік қатерлі ісікке айналадау деген күдік туған кезде операция жасамай болмайды.Қатерлі ісікпен ауырған наукасты емдеудің 4 түрі болады:

1.Операция

2.Рентген және радио сәулелер

3.Горманальді ем

4.Химиялық заттармен емдеу

Хирургиялық жолмен емдегенде жасалатын операция әр түрлі. Олар:

1.  Радикальді операция-бұл кезде мүшенің қатерлі ісігі бар жерді алып тастайды.М-лы: асқазанның 2/1 не 3/2 бөлігін алып тастағанда.Ісікпен қоса оның маңында жатқан асқазан тіндеріде алынады.

2. Өте радикальді операция-ісікке ұшыраған мүшемен қатар оның маңындағы тканьдер,басқа қатарлас жатқан мүшені түгелдей алып тастайды.М-лы: қатерлі ісікке ұшыраған әйел адамның жатыры,қуығы,шелмайы барлығын алады.

3. Кеңейтілген операция-қатерлі ісікке ұшыраған мүшемен бірге оның маңындағы лимфалық бездерде алынып тасталады.

4.Жалпылама операция/комбинированный/ -ісікке ұшыраған мүшемен бірге қатарлас жатқан ағза жартылай немесе толығымен алынып тасталады.

Хирургиялық жолмен қатерлі ісікті емдегенде негізгі 2 онкологиялық принципті сактау керек:

    1. Абластика-операция кезінде қатерлі ісікке шалынған тканьдерді алып тастау және шалынбаған тіндерді алу кезіндегі қағидаларды айтады.

2. Антибластика-операция кезінде катерлі ісік клеткалары жан жакка тарап жайылып кетпеуі үшін қолданылатын шараларды айтады. Ондай шараларға шараларға

3. Ісіктен шыққан қан куре тамырын ісікті жоймай турып байлап тастау.

4. Қуысты мүшені /асқазан,ішек/ ісік үсти- астынан байлап тастағаннан кейін операцияны жасау

5. Операция кезінде хирургтық резеңке қолғап,саймандарды жиі-жиі ауыстырып отыру

6.   Ісік төнірегін оперция кезінде таза салфеткалармен айнала қоршап отыру жатады.

Соңғы жылдары антибластика шаралары бойынша электр пышағы, криохирургия ,лазер қандауырымен операция жасау тәжірибеге айналды.

1.Паллиативтік операция-ісікті алып тастағанмен,метастаздары қалып қояды.

2.Симптоматикалық операциялар жасалған кезде қатерлі ісіктің  өзін алып тастамас бұрын аурудың пайда болған себебін жою мақсат.Мысалы:көтен ішек қатерлі ісікке ұшырағанда іш жүрмей қалады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!