Жедел ішек инфекциялары

Жедел ішек инфекциясы – көбіне қатынастық-отбасылық, сумен немесе тағамдық жолмен жұғатын, әртүрлі микроорганизммен шақырылатын, интоксикация белгілері байқалатын гастроэнтероколит синдромымен білінетін, тағам қорытылуының жедел бұзылыстары. Күні кеше ғана бұл аурулар балалар өліміне әкелетін негізгі себептердің бірі болып есептелетін.

Этиологиясы. Ерте жастағы балалардың ішек инфекциясының қоздырғыштары: вирустар: (Human rotavirus, Parvo-like virues (Norwalk), Calci virus, Astrovirus, Adenovirus); бактериялар: (Shigella, Campilobacter jejuni, Salmonella, Staphilococcus aureus, Staphilococcus epidermidis, Esherichia (E) coli, E. enterotoxigenic, E. enteroinvasive, E. enteroadherent, Yersinia enterocolitica, Vibrio cholerae); Қарапайымдылар (Giardia lamblia, Entamoeba histolitica, Criptosporidium, Dianamoeba fragilis). Шартты-патогенді микроорганизмдер (стафилококк, клебсиеллдер, протейлер және басқалар) диареяның қоздырғышы ретінде 3 айға дейінгі балаларда ғана маңызды болып келеді және одан үлкен балалар диареясының себебі ретінде сирек кездеседі. 1 жасқа дейінгі балаларда жедел ішек ауруларының қоздырғыштары ретінде жиірек 849 ротавирусты инфекция, эшерихиоздар, содан соң сальмонеллездар қарастырылады.

Жедел ішек инфекцияларыЖедел ішек инфекциялары

Бір жастан асқан балаларда жедел ішек инфекциясының кең тараған себебі болып рота-, адено- және энтеровирусты инфекциялар, содан кейін дизентерия және эшерихиоздар, сальмонеллездар, иерсиноздар есептеледі. Ерте жастағы балаларда ротавирусты инфекцияның жиі кездесу себебі олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ротавирустар рецептор ретінде, 1 жасқа дейінгі балаларда, ересектермен салыстырғанда өкілділігі аш ішек кілегей қабатында 10 есе артық болып келетін, лактаза ферменттін пайдаланады. Лямблиялар және басқа қарапайымдылар, сонымен қатар цитомегаловирустар көбіне иммундық жетіспеушілік жағдай байқалатын балаларда диспепсия себебі ретінде қарастырылады.

     Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – ару адам, бактерио- және вирус тасымалдаушылар. Кейбір ішек инфекцияларында (сальмонеллез, кампилобактериоз) инфекция ошағы ауылшаруашылық жануарлар және құстар, сонымен қатар кемірушілер (иерсиноз) болуы мүмкін. Инфекцияның негізгі берілу (таралу) жолы фекальды-оральды: тағам, су, ойыншықтар, күтім құралдары арқылы болады. Кей жағдайда ауру эпидемиялық сипат алуы мүмкін. Сиректеу инфекция ауа- шаң жолымен тарауы мүмкін. Қабылдауы, әсіресе ерте жастағы сәбилерде, жоғары.

       Патогенезі. Балаларда жедел ішек инфекциясын қабылдауы жоғары болуы олардың организмінің келесі ерекшеліктеріне байланысты:

— анасына алған (трансплацентарлы) иммуноглобулиндер ішінде ішек инфекциялары қоздырғыштарына қарсы антиденелер жоқтың қасы;

— өзінің А және М иммуноглобулиндер түзу қабылеті текбастапқы қалыптасу сатысында ғана болады, ал клегей қабатының секреторлы иммунитетті қалыптастыруы өте баяу жүреді. Асқазан мен ішек сөліністердің бактриоцидтік қасиеті төмен, ішектің клегей түзу қабылеті төмен болады; — ішек биоценозы тұрақсыз және ана сүті құрамындағы иммуноглобуллиндер, лизоцим және басқа қорғаныс факторларының көмегімен ғана қалыптасады.

Емшекпен тамақтандырмау ішек-қарын жолдарын ішек инфекцияларымен жиі ауруға бейімдейтін негізгі факторлардың бірі болып келеді; — жедел ішек инфекциясымен аурғаннан кейінгі иммунитет типті арнамалы, тұрақсыз, сондықтан ішек инфекциясымен қайталап ауру қаупі жоғары болып келеді. Қоздырғыштардың және олардың токсиндерінің әсерінен клегей қабатының бүрлері деструкциясы, критптілерінің гипертрофиясы, ферменттер активтілігінің төмендеуі, қабынулық және деструктивті өзгерістер (жара пайда болуы, некроз ошақтары) пайда болады. Микробтар токсиндері әсерінен, ішектің негізгі функциясын реттейтін, оның кейбір гастроинтестинальды гормондарының (вазактивті интестинальды пептид, нейротензин, мотилин, серотонин) түзілуі бұзылады. Олар моториканың және сорылудың, секреция мен жергілікті және жалпы тамырлық реакцияның бұзылуына әкеледі. Диарея әртүрлі механизмдер әсерінен пайда болуы мүмкін.

   Осматикалық диарея  .Кейбір инфекцияларда (энтеропатогенді вирустар-ротавирустар, реовирустар және басқалар) осмотикалық активті дисахаридтердің жинақталуына байланысты, дисахаридозаның аткивтілігінің және натрийдің транспортировкасының төмендеуі нәтижесінде ішектің дистальды бөлігіндегі сұйықтықтың осмолярлығы арытады. Осының салдары ішек саңалауында сұйықтықтың жиналуына әкеледі. Нәжісте натрий мөлшері, әдетте қалыпты; сусыздану түрі сужетіспеушілік, гипернатриемиялық.

Жедел ішек инфекциялары

Секреторлық диарея. Кейбір қоздырғыштар (тырысқақ (холера) вибрионы, энтеротоксигенді эшерихиялар, ботулизм) нартий хлоридтің абсорбциясын бұзып, ішек қабырғаларында аденилатциклазаның активтілігін көтеріп, Na+ , K + , NC03 және судың (10 мг/кг-нан артық) секрециясын жоғарлатады. Нәжісте натрий мөлшері қалыпты көрсеткіштен 2-3 есе (10-50 ммоль/л) арытады, сусызданудың гипонатриемиялық түрі дамиды. 850 Инвазивті диарея. Кейбір қоздырғыштар (шигелдер, сальмонеллдер, энтеропатогенді эешрхиялар, клостридиилер) бір уақытта асқорытуды, сорылуды және ішек клегей қабатының басқа функцияларын бұзады, ішектен электролиттер мен судың түзілуін артырады және оның абсорбциясын тежейді. Изотониялық сусыздану дамиды. «Құрғақ диарея» (ішектік қызба).

Иерсинилер, кампилобакторлар, сальмонеллдердің, шигеллдердің кейбір штаммдары бұзылмаған клегей қабатының энтероцитарлыаралық құрылымы арқылы қанға енедіде инфекциялық токсикоз пйда болады. Жеделдетілген транзитке (ығысуға) байланысты диарея. Бұндай механизм алиментарлық диспепсия, тиреотоксикозда, қант диабетінде, қысқарған ішек синдромында байқалады. Ерте жастағы балалар жедел ішек инфекциясының негізгі ерекшелігі сусызданудың және «екіншілік токсикоздың» тез дамуы болып келеді. Бұл кейбір жағдайларға байланысты:

  • ерте жастағы балалардың, заттек алмасу процессінің жоғары қарқынды болуына байланысты сұйықтыққа мұқтаждығының жоғары болуы. Емшек жасындағы балаларда күнделікті жауша сырты сұйықтығының 50% алмасып отырады, ересектерде бұл көрсеткіш 14% — ғана тең.
  • организмде сұйықтықтың бөлінуінің жасына сәйкес ерекшеліктері. Ерте жастағы балалар организмінде шартты түрде сұйықтық көп болады, бірақ бұл көбіне заттек алмасу процесстеріне қатынасатын, жасуша сырты (интерстециальды плазма) сұйықтыққа қатынасты.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 3 недели

AdminNaz

0
Комментарии: 0Публикации: 106Регистрация: 14-11-2018
0 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 5 (0 оценок, среднее: 0,00 тен 5)
Загрузка...