Иерсиниоз

Қоздырғышы – иерсиния (Yersinia enterokolitica) сыртқы ортаға берік, химиялық (дезинфекция жасайтын заттар) және физикалық (күн көзі, қайнату) факторлар әсеріне сезімтал болып келетін грам теріс таяқша. Эпидемиологиясы. Инфекция ошағы – адам және жануарлар (әсіресе кемірушілер). Таралу жолы: тағамдық, су арқылы, қатынастық.

    Патогенезі. Қоздырғыш инфекцияланған тағаммен немесе сумен ішек-қарынға түседі де, аш ішекте орналасады. Эпителиальдық жамылғы арқылы ретикулоэндотелиальды тінге және мезентериальды лимфатикалық түйіндерге енеді. Инфекцияның жайылмалы түрінде бауыр, талақ, өкпе, сүйек зақымдалады. Қоздырғыш лимфа түйіндерінде, макрофагатрда персистенуі мүмкін.

   Жіктелісі.

  • Түрі бойынша: ішектік, сарғыш, псевдоаппендикулярлы, буындық, экзантемалы, септикалық.
  • Ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа ауыр дәрежесі, ауыр.
  • Ағымы бойынша: жедел, қайталамалы (рецедивті).
  • Асқынулары: гепатит, түйіндік эритема, аппендицит, миокардит.

    Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі орта есеппен 7-10 күн құрайды. Дерт жедел басталады: жалпы интоксикация белгілері жиі субфибрилді қызба, абдоминальды аурулар, илеоцекальды аймақты пальпациялағанда ауырсыну және қорылдау. Экзантема көбіне нүкте тәріздес немесе ұсақ дақты қолтық астында, кеудесінде, иық, шынтақ, тізе буындарында бозғылт немесе әлсіз білінетін сарғыштық фонында білінеді. 2-3 күннен кейін бөртпелер орнында кебек тәрізді түлеу байқалады. Жиі лимфоаденопатия, сирек лимфадениттер байқалады. Гепатомегелия ауыр басталғаннан кейін екі апта бойына, спленомегалия сиректеу анықталады. Аурудың бірінші аптасында науқаста гастроэнтерит, энтерит (нәжіс тәулігіне 3-6 рет) көрінісі байқалады. Фалангааралық, қол басы, тізе, аяқ басы буындары зақымдалады. Артралгия және артриттер екі апта бойына байқалуы мүмкін. Сарғыш түрі токсикалық гепатиттің көрінісі болып келеді. Септикалық түрі сирек кездеседі.

   Диагностикасы. Қан анализі: лейкоцитоз, таяқшатәрізді нейтрофильді ығысу, эозинофилия, ЭТЖ ұлғаюы байқалады.  Копрограмма: лейкоциттер, клегей, бейтарап май, майлы қышқылдар. Бактериологиялық әдіс: нәжісті, зәрді, ауыз қуысынан клегейді себу. Серологиялық әдіс: иерсиноз антигенімен РНГА (диагностикалық титрі 1:100-1:200).

   Емі. Аурудың орташа дәрежелі және ауыр түрлерімен ауырған балалар ауруханаға жатқызылады. Этиотроптық ем: амоксислав, цефалоспориндердің ІІ және ІІІ ұрпағы. Тиімсіз болған жағдайда левомицитин. Қажет болса дезинтокискалық және регидратацилық шаралар жүргізіледі. Эпидемияға қарсы шаралар. Клиникалық сауығу (үш апта бойына) және нәжісті иерсинозға себудің теріс нәтижесін алғанша науқасты оқшаулау. Арнайы алдын-алу шаралары жоқ. Аурудың асқынулары байқалатын науқастар бақылауға алынады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!