Инфекциялық-токсикалық шок (ИТШ)

  Инфекциялық-токсикалық шок (ИТШ) – тіндік перфузияның жедел үдемелі кемуі, осыда оттегімен қамтамасыз ету азайып, түрлі мүшелерде заттек алмасу бұзылуы. ИТШ микроциркуляторлық бұзылыстан басталады. Грам теріс бактериялардың эндожәне экзотоксиндері көп мөлшерде ИЛ-1,6, ісік некрозы факторларын түзеп, қантамыр эндотелийін зақымдайды, гликоизді белсендіреді, лактат-ацидоз дамиды.

Токсикалық шок эндотелийдің лейкоциттер мен тромбоциттердің адгезиялық рецепторларын белсендіреді, бұған прокоагулянттар мен комплемент жүйесі де қосылады. Нейтофильдер мен тромбоциттердің белсенуі қан «ағымымдылығын» азайтады, жалпылама тамырішілік шашырап ұюдың (ТІШҰ) пайда болуына ықпал етеді. Кейін қан айналысы орталықтандырылады (гипердинамикалық қарсы реттеу), ол симпатикалық-адренальдық жүйе, қалқанша безі және бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің белсенуі арқылы іске асады.

ИТШ-ты сатымен дамиды деп есептейді:

І саты – гипердинамикалық («жылы шок», «жылы гипотензия»): оттегі құрамының артериялық-веналық айырмашылығы азаяды, аздап диастолалық қысым төмендеуі мен пульстік қысымның жоғарлауы, тахикардия, метаболикалық лактат-ацидоз, ентгіу, жоғары гипертермия, науқастың эмоциялық және қозғалыстық мазасыздануы (ауық-ауық тежелуіде мүмкін).

ІІ саты – аралық («суық гипотензия»): терінің аса бозаруы, толымы аз пульс, АҚҚ төмендеу, акроцианоз, үдемелі ентігу мен тахикардия, суб- және компенсациялы ТІШҰ синдромы, көрінісі, олигоурия, тежелу, науқастың енжарлығы, дененің шеткі бөліктерінде қызудың төмендеуі.

ІІІ саты – полимүшелік жетіспеушілік – қайтымсыз шокқа ауысу: кома, диастолалық қысым аса төмен, АҚҚ қалыптыдан 60%-ға төмен, тахикардия қалыптыдан 150%-ға артық, «шоктық өкпе», патологиялық тыныс түрлері, декомпенсацияланған ТІШҰ синдромы, қанаққыштық, эктим, анурия, бауыр-бүйрек жетіспеушілігі, айналыстағы қан көлемінің азаюы, тіндердің ісінуі, дәрінің әсеріне жауаптың құбылмалылығы. Одан әрі агональдық кезеңге ауысады. Үлкендердің (ересектердің) респираторлық дистресс синдромы (ҮРДС) – кардиогенді емес өкпе ісінуі, тығыз өкпе, үлкендердің респираторлық дистресссиндромы: рефрактерлік (көнбейтін) гипоксемия (гипероксиялық сынықта жойылмайды), рентгенде интерстициялық және альвеолярлық өкпе ісінуі белгілері.

Клиникасында тері бозғылдығы мраморлық суретпен, бозғылттық жер түстес, жайылмалы цианоз, аса қатты ентігу, беткейлі ыңқылдап тыныс алу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы, тахикардия, бауыр көлемінің ұлғаюы, прекома, кома, құрысу синдромы, шеткі қанайналысының жетіспеушілігі, геморрагиялық синдром, полимүшелік жетіспеушілік, олиго-анурия, АҚҚ жоғары немесе төменде болуы мүмкін, қызыну немесе гипертермия, ТТ-ІІІ, сирек ТТ-ІІ. ҮРДС-те терең морфопатологиялық бұзылыстар терминалдық респираторлық құрылымдар бірлігін жойып, сурфактантты істен шығарады – сыртқы тыныстың рестриктивтік бұзылысынан гипоксемия туындайды. Іріндік асқынулар.

Бұлардың бөлінуі:

І. Өкпеішілік:

1) іріңдіктер (дренажданатын, дренажданбайтын, “гигантты”-ілініп тұратын);

2) буллалар.

ІІ. Өкпе сыртындағы:

1) үдемелі медиастинальдық эмфизема;

2) өкпе-плевралық асқынулар (пиоторакс, пневмоторакс – кернеусіз, кернеулі). Пневмонияның іріндік асқынулары 3 жасқа дейінгі балаларда жиірек кездеседі.

Деструкциялық асқынулар қаупіне лобарлық (бөліктік) инфильтрат, әсіресе солжақтық (ателектаз белгісінсіз), лейкоцитоз (20х109 /л-ден жоғары); ЭТЖ жоғарлауы, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы жатады. Клиникалық ерекшеліктеріне токсикоздын айқын сипаттары, лабораториялық көрсеткіштер ерекшелігіне А және G иммундық глобулиндер деңгейінің айқын төмендеуі, Т-лимфоидтық жүйе тежелісінін белгісі жатады. Әдетте, өкпенің іріндік асқынуларында пневмония қоздырғышы стафилококк (сирек пневмококк) болады, бірақ қазіргі кезде жасыл ірін таяқшасы, клебсиелла, стрептококктердін себепкерлік мәні жиілеуде

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!