Полиомиелит

         Қоздырғышы – Picornaviridae отбасы, Enterovirus ұрпағы РНК-поливирусы: қоршаған ортаға беріктік білдіреді, қайнатқанда, ультракүлгін сәулелер әсерінен және хлорлы дезинфекция заттары әсерінен өледі.

Эпидемиологиясы. Инфекция ошағы: ауру (инкубациялық кезеңнің соңғы 3-5 күні бойына және ауру басталғаннан кейіңгі 3-5 күн бойына ерекше қауіпті) және вирусты тасымалдаушы. Науқас нәжіспен бірге бірнеше апта немесе ай бойы вирус шығаруы мүмкін. Таралу жолы: фекальды-оральды, ауа-тамшылы. Қатынастық индексі, әсіресе 3 жасқа дейінгі балаларда жоғары. Негізінен 7 жасқа дейінгі балалар ауырады. Иммунитет тұрақты, типарнамалы.

       Патогенезі. Инфекция қақпасы – мұрынжұтқыншақ, ішек-қарын және тыныс жолдары. Вирус ішекте және региональды лимфатикалық түйіндерде (энтреальды) өседі. Содан соң қанға түседі де (гематогенді фазасы-вирусемия), гемматогенді жолмен жұлынның алдыңғы мүйізіне және ОНЖ-ның басқа бөліктеріне жетеді. Аурудың гуморальды және клеткалық иммунитет жағдайымен анықталады.

Жіктелісі.

  • Түрі бойынша: типті емес – ОНЖ зақымдалуысыз (вирустасымалдаушы, кіші ауру) және типті – ОНЖ зақымдалуымен (салданусыз түрі және салданулы түрі).
  • Ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа ауыр дәрежесі, ауыр түрі.
  • Ағымы бойынша: тегіс (асқынбаған) және екіншілік бактериальды инфекциямен асқынған.

Клиникалық көрінісі. Шамамен 90-95% жағдайда полимиелиттің белгісіз ағымы байқалады. Аурудың типті түрінде инкубациялық кезең 2 күннен 21 күнге дейін (әдетте 5- 14 күн), паралич алдындағы кезең (1 ден 6 күнге дейін), паралитикалық, қалыптасу кезеңі, қалдықты көрініс кезеңдері болып бөлінеді. Клиникалық көрінісі келесі синдромдармен білінеді . Жалпы интоксикация синдромында температура қисығының екі фазалы сипаты тән (бірінші көтерілуі паралич алды кезеңінде, екіншісі-паралитикалық кезеңде). Катаральды синдром ринитпен, трахеитпен, бронхитпен білінеді. Диспепсиялық синдром құсу, сұйық нәжіс, іштің ауруымен өтетін іш қату түрінде білінеді. Неврологиялық бұзылыстар синдромы адинамиямен, тері гиперстезиясымен, менигиальды белгілермен, шеткі парездер мен параличтермен, тремормен, нистагмен, құрысумен , бульбарлық бұзылыстармен, мимканың бұзылуымен білінеді. Полиомиелитке қарсы егілген балаларда полимиелит толық сауығып кетумен аяқталатын жеңіл парездер түрінде білінеді. Дегенмен, кейбір балаларда ОНЖ айтарлықтай резидуальды-органикалық өзгерістер сақталып қалады. Сэбин тірі вакцинасымен жасалған вакцинациядан кейін енжар паралич байқалуы мүмкін. Оларды полимиелит вирусының вакцинальдық штаанмын анықтағанда және оған қарсы арнай антидененің титрі 4 есе арытқанда вакцина ассоцияланған полимиелит ретенде қарастырады. Полимиелиттің бұл түрінің ағымы жағымды, толық сауғып кетумен аяқталады.

Лабораториялық диагностика. Вирусологиялық зерттеу: 2-3 апта сайын анықталған қан сарысуындағы полимиелит вирусына антидененің титрінің 4 артуының анықталуы. Жалпы клиникалық қан анализі: орташа нейтрофильді лейкоцитоз. Жұлын пункциясы: ликворда серозды сипатты өзгерістер. Полимиелиттің ажырату диагнозы жедел инфекциялық (полимиелиттік емес) полинейропатиялармен немесе ошақты нейропатиялармен, инфекциялық емес нейропатиялармен (жарақаттық және екіншілік ишемиялық, В1 дәрумендерінің терең жетіспеушілігі, дәнекер тіндерінің диффуздық аруларындағы нейропатиялар және басқалар) ажыратуды қажет етеді. Ажырату диагнозын жүргізу үшін анамнезіндегі және клинкалық мәліметтер (от басы шешіресі, парездердің пайда болу қарқыны, параличтердің симмитриялық сипаты, жалпы инфекциялық синдромның болуы) ұқыпты түрде талқылану керек. Полимиелиттік енжар параличтер мен парездерге бұлшық ет тонусының төмендеуінің тарамыстар рефлекстерінің әсіреуі, интоксикация қосарланады.

      Емі белгілеріне сәйкес және синдромальды түрде 3-4 апта бойына жүргізіледі. Аурудың қалыптасу кезеңіне ауысу критериялары болып интоксикацияның, түбіршектік ауырсыну белгілерінің жойылуы, ликвордың қалыптасуы келеді. Полимиелитке күмән туған барлық науқастар ауруханаға жатқызылып, бокстік режимде емделулері керек. Диспансерлік бақылау. Қалыптасу кезеңінде тұрақты жүргізіледі (6-12 ай бойына). Бала неврологпен, ортопедпен, арнайы санотория жағдайында ЕДШ дәрігерлерімен бақыланады. Оталау-ортопедиялық қалыптастыру полимиелитпен аурып шыққаннан кейін 3 жылдан соң жүргізіледі. Эпидемияға қарсы шаралар. Науқасты ауыр басталғаннан бастап 40 күнге оңашалайды. Алдын ала егілмеген қатынаста болған балаларға бір рет тірі әлсідендірілген поливалентті Сэбин вакцинациясымен иммунизация жасайды. Егер вакцинация жасауға қарсы көрсеткіш-тері болса донорлық иммуноглобуллин енгізеді. Вакцинация жасалмаған баларды 21 күн оқшаулап, термометрия жүргізіп, клиникалық бақылау жасайды. Құрамында хлор бар заттармен қортынды және күнделікті дезинфекция жасайды. Ыдыстар, күту заттары, ойыншықтар, төсек-орын, жеке киімдер қайнатып өңделеді. Вакцинация. 3 айдан 14-15 жасқа дейін алдын ала егу күнтізбегіне сәйкес тірі әлсіздендірілген поливалентті Сэбин вакцинасымен жүргізіледі.Вакцинация жасалғаннан кейін тыныс жолдарымен 1-2 апта бойына, нәжіспен бірнеше апта шығады (экскреци

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!