Псевдотуберкулез

     Қоздырғышы иерсиния (Yersinia pseudotuberculosis), овал түрлі грам теріс таяқша, спор құрамайды, капсуласы бар, шамалы қозғалады, сыртқы ортаға беріктік білдіреді, физикалық химиялық әсерлерге беріктігі шамалы.

      Эпидемиялогиясы. Инфекция ошағы: жабайы және үй жануарлары, негізінен өздерінің бөліністерімен суды, көкөністерді, жемісжидекті және тағамды инфекциялайтын, тышқан тәріздес кемірушілер.

Тарау жолы: су арқылы, тағамдық (тағамды қызулық өңдеуден өткізбей қолдану). Қабылдау мүмкіндігі жоғары. Иммунитет тип арнаулы, қайталап ауру болуы мүмкін.

 

    Патогенезі. Қоздырғыш ішек-қарын жодары арқылы ашы ішекке жетеді де, энтероциттерге және жасушааралыққа жазықтыққа енеді және энтериттің пайда болуына әкеледі. Инфекцияның одан әрі таралуына шажырқай лимфатүйіндері кедергі болады. Аймақтық лимфаденит дамиды. Одан әрі қоздырғыш және оның токсиндері қанға түседі де, бактериемия және токсемия дамиды. Қандағы қоздырғыштар әртүрлі мүшелердің ретикулоэндотелиальды жүйелеріне жабысады, бірақ негізінен бауырда, талақта, орналасады да, гепатолиенальды синдром дамиды. Инфекцияның қайталап жайылуы мүмкін.

Жіктелісі.

  • Түрі бойынша: абдоминальды, сарғыш түрі, артралгиялық, экзантемалы (жәншау тәрізді), катаральды, аралас, жайылған.
  • Ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа ауыр дәрежелі, ауыр.
  • Ағымы бойынша: тегіс, толқын тәріздес өршулермен, қайталамалы, асқынулармен (аппендицит, миокардит, интерстициальды нефрит, пиелонефрит, гломерулонефрит).

     Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 3 күннен 18 күнге дейін созылады. Ауру жалпы интоксикация белгілерінен, қызбамен (дене қызуы 38-40оС) жедел басталады. Клиникалық көрінісі полиморфты сипатты болады және бірнеше синдромдармен білінеді. Тері-эпителиальды синдром: беттің, алақанның, аяқ басының ісінуі және гиперемиясы («тұмақ» және «көзілдірік»), кеуде де, шынтақ қыртыстарында, қолтық астында, шап аймағында, іш бетінде, дененің қапталында және аяқ-қолдарында ұсақ дақты бөртпе байқалады. Бөртпелер семгеннен кейін ұсақ кебек немесе пластинка тәріздес түлеу, конъктива гиперемиясы, склера тамырларының инъекциясы (қызаруы), мұрын бітуі, жұтқыншақтың артқы бетінің қызаруы. Диспепсиялық синдром: жүрек айну, құсу, илеоцекальлды аймақта қорылдау және ауырсыну, 3-4 күн бойына тәулігіне 3-5 рет сұйық нәжіс. Гепатолиенальды синдром. Артралгиялық синдром: артралгиялар немесе артриттер (негізінен қол басы, шынтақ, фалангааралық буындар). Полилимоадения. Гепатит дамуы мүмкін: оң жақ қабырға астының ауруы, тері мен кілегей қабатының сарғаюы, бауырдың ұлғаюы, гипербилирубинемия, қан сарысуындағы трансаминаза деңгейінің артуы.

 Диагностикасы. Шеткі қан анализіндегі өзгерістер: лейкоцитоз, таяқшаядролы ығысулы нейтрофилез, эозинофилия, ЭТЖ артуы. Зәр анализіндегі өзгерістер: альбумнурия, микрогематурия, цилиндрурия. Серологиялық әдіс: псевдотуберкулез антигенімен РНГА (диагностикалық титр 1:100 және одан жоғары). 843 Иммуноферментті анализ: Аурудың жедел фазасында арнайы IgM анықтау. Имунофлюоресценция әдісі. Ажырату диагнозын жайылған түрінде сүзек тәріздес аурулармен, сепсиспен, абдоминальды түрінде сальмонеллезбен, дизентериямен, жедел аппендецитпен, энтеровирусты аурулармен, сарғайған түрінде вирусты гепатитпен, лептопирозбен; артралгиялық түрінде ревматизмен; экзантемалы түрінде жәншаумен; катарльды түрінде жедел респираторлы аурулармен жүргізіледі.

   Емі. Аурудың ауыр түрлері байқалатын, әлеуметтік және эпидемиялық көрстекіштері бар науқастар аурухунуда емделеді. Этиотропиялық емді амоксиклавпен, цефалоспориндердің ІІ-ІІІ ұрпақтарымен, левомицитинмен жүргізеді. Десесибилизациялық ем, эубиотиктер тағайындау керек. Эпидемияға қарсы шаралар. Тағамдық өнімдерді сақтауды дұрыс ұйымдастрыу. Температурамен өңдеусіз қолданылатын өнімдірді бактериялық бақылау. Дератизация. Арнайы алдын-алу шаралары жасалмаған. Ауруханадан науқас аурудың басталуынан 20 күн өткесін, клиникалық сауығудан кейін, бақылау қан анализдерінен және нәжісті иерсинияға себуден кейін шығарылады. Инфекцияның жайылған түрімен ауырған, асқынулар байқалған, қайталама ағымды, баяу ағымды түрлері байқалатын науқастар бақылауға алынады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!