Эфир наркозының кезеңдері, олардың клиникалық белгілері

 

 Клиникасы 4-еу:

1.анальгезия-ауру есінен біртіндеп, тек кезеңнің аяғында ғана айрылады, негізінен тежелген жағдайда болады. Бұл кезеңде беткі ауру сезімі толық жойылады, бірақ тактильдік және термиялық сезім сақталады. Бұл кезеңде кішігірім операциялар жасауға болады, рауш наркоз ретінде қолдануға болады. Кезеңнің ұзақтығы 3-4 минут шамасында. Эфирді беру жалғастырылса 2-ші кезең басталады.

2.Қозу кезеңі-бұл кезеңде ауру есінен толық айрылады. Наркоздық заттардың әсерінен ми қыртысының орталықтары тежеліп, қыртыс астындағы орталықтарда қозу басым болады. Соған байланысты ауру еттері жиырылып, қимылы артады. Науқас сөзшеңдігі артып, операция үстелінде ретсіз қимылдап жатады. Терісі, әсіресе беті қызарып, мойын тамырлары шодыраяды. Тынысы жиілеп, АҚҚ артады, пульсі жиілейді. Кейде жөтел п.б., қақырық шығуы мүмкін. Құсу,нәжіс,зәр шығуы мүмкін. Көз қарашығы үлкейеді, бірақ жарыққа реакциясы сақталады. Бұл кезеңде операция жасау мүмкін емес, сол себепті осы кезеңнен тез өтуге тырысу керек. Орташа бұл кезең 7-15 минут шамасында болады.

3.Хирургиялық ұйқы кезеңі: бұл кезеңге өткенде ауру тынышталады. Осы кезеңде негізгі операциялық ем жүргізіледі.

4 деңгейден тұрады:

1.Көз алмасының қозғалысы деңгейі. Көз қарашығы кіщірейген, жарыққа реакциясы сақталынған. Көз алмасы ретсіз қозғалыста, синхрондылығы жойылады. Ет тонусы к.ж. сақталынған, босамаған, сондықтан іш құрылысына үлкен операция жасауға кедергі болады.

     2.Қасаң қабық реакциясының жоғалу деңгейі. Бұл деңгейде көз алмасының қозғалуы тоқталады, екі көз де синхронды, орталық жағдайда болады. Тынысы, пульсі, АҚҚ қалыпты болады, көз қарашығының жарыққа реакциясы сақталынған. Қасаң қабық реакциясы тежеледі, яғни ешқандай ауру сезімі болмайды. Еттер де толық босайды, міне осы кезде үлкен ішкі операциялар жасауға болады.

      3.Көз қарашығының үлкею деңгейі. Бұл кезең терең деңгейлі наркоз б.т. Наркоздағы аурудың көз қарашығы үлкейе бастайды, жарыққа реакциясы төмен немесе жоқ. Аурудың ерні,мұрны, қол аяқтары суық, көгере бастауы мүмкін. Пульсі жиілеп, АҚҚ төмендейді. Скелеттік еттер толық босайдв, жағы ашылып, тілі босап, көмейін жауып қалу қаупі артады, яғни асфексияға әкет соғуы мүмкін. Ол жағдайдың алдын алу үшін төменггі жақты алға жылжытып, тұрақты ұстап тұру қажет, тілді арнайы қысқыш арқылы сыртқа немесе алға жылжытады. Наркоздың бұл деңгейі уланудың басы деп қаралып, дереу түзету шаралары жүргізілуі қажет. Бұл кезеңде операция жасау науқас өміріне қауіптіі.

 

 

     4.Диафрагмальды тыныс алу деңгейі. Бұл кезде көз қарашығы толық кеңейіп, жарыққа реакциясы болмайды. Қасаң қабық құрғақтанып, мөлдірлігінен айрылады.Қабырға аралық тыныс еттері толық босағандықтан дем алуы тек диафрагмалық көкет арқылы ғана жүреді. Пульсі өте жиі, АҚҚ төмен. Бұл кезде операция тоқтатылады, реанимациялық шаралар жасалынуы қажет. Науқаста қатты улану болады.

    5.Ояну– операрация бітер шақта анестезиолог наркоздфқ затты беруді азайта бастап, біткен кезде толық доғарады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!